«Егемен-ақпарат».
Зомбылықсыз
бақытты балалық шақ
Қазақ хандығының бірнеше ғасырлық
тарихында мемлекеттің тұрақ тылығы мен
тұтастығын сақтауда ұлт батырларының ор-
ны ерекше бол ғандығы белгілі. Олар дың елін
қорғаудағы жеке ерліктері мен сарбаздарды
бастаған қолбасшылық ерендігі халықтық
жыр-дастандар арқылы ұрпақ жадында жат-
талып қалды. Сонымен бірге, халқымыздың
жатжұрттық жаулаушыларға қарсы күресі,
ондағы батырлардың алған орнын айқындауға
арналған əр кезеңдердегі көптеген шетелдік
жəне отандық тарихи жазбалар мен ғылыми
зерттеулер де баршылық.
Қазақ хандығының қалыптасып, ныға-
юы дəуірінде өзіндік орын алатын ХVІІ ға-
сырдың бірінші жартысында туған елін
басқыншылардан қорғап, жерін сақтап қалған
осындай батырлардың қатарына Қарасай
Алтынайұлы жатады.
Ол ХVІ ғасырдың соңында қазіргі Алматы
облысы Жамбыл ауданындағы Суықтөбе
тауының баурайындағы Қарасаз деген жер-
де өмірге келген. Аталған рудың тарихи
орналасқан жерлері туралы Ш.Уəлиханов
«Дулаттар мен албандардың кейбір ұрпақтары
жəне ша пыраштылардың біраз бөлігі Іленің оң
жағалауында да көшіп жүреді», деген дерек бе-
реді. Белгілі қазақ тарихшысы М.Тыныш баевқа
жүгінсек: «... Ру атауы Шапырашты, ұра ны
Қара сай., тамғасының атауы Ай, Тұмар».
Қарасай батыр аса күрделі əрі қат-қабат
қарама-қайшылыққа толы ХVІІ ғасырдағы
Қазақ хандығының Орталық Азиядағы
мемлекеттер мен халықтар арасындағы
саяси-əскери, т.б. бағыттардағы қарым-
қатынасындағы ор нын айқындауға өлшеусіз
үлес қосқан толағай тұлға. Сол мерзімдегі та-
рихи деректерден белгілі болғанындай, ХVІІ
ғасырдың бірінші ширегінен-ақ жаугершіл
Жоңғар хандығының тарих сахнасына
шығуына байланысты Орталық Азиядағы са-
яси жағдай барынша шиеленісе түсті. «Хал-
кастық Жасақту хан иеліктерінің шы ғысынан
батысына қарай қырғыз-қайсақ даласына,
оңтүстігінде Кіші Бұхара мен Турфанға,
солтүстігінде Сібірдегі Олот монғолдары
мекендеген жерлерге дейінгі кең аймақта
көп санды, іскер жəне жауынгер, өздерінің
тайшыларының билігіне бағынған, Шыңғыс
əулетінің негізінде ХV ғасырда құрылған
мықты жəне айтарлықтай белгілі Жоңғар
немесе Зюнгар мемлекеті бар», – деп жаза-
ды «Сибирский вестник» журналы. Білікті
тарихшы Н.Масановтың айтуына жүгінсек,
«Есім ханның кезінде ХVІІ ғасырдың ортасы-
на қарай өздерінің жайылымдықтарын Ертіс
жəне Іле өзендерінің жоғары аңғарларынан
Орталық Ертіске (қазіргі Павлодардан төмен
қарай), Есіл, Терісаққан, Камышлова мен
Обьтың (Тары қаласы) жоғарғы ағысына дейін
неғұрлым солтүстікке қарай жылжытқан жəне
бұл жерлерде осы жүзжылдықтың соңына
дейін Көшімнің Сібір хандығының құрамына
енген түркітілдес рулар мен тайпалардың
үлкен топтарымен түйіскен батыс монғол,
немесе ойрат тайпаларының одағымен қазақ-
тардың қарым-қатынасы едəуір тұрғыда шие-
ленісе түсті.
ХVІІ ғасырдың 20-жылдарының бірінші
жартысында бұрынға ойрат одағы тарады:
Хошоут тайпасы Тибетке қоныс аударды, ал
Хо-Урлюк тайшы бастаған 1 миллионға жуық
торғауыттар ойраттардың негізгі топтарынан
ажырап кетті жəне Солтүстік Қазақстан ар-
қылы Еділдің төменгі аңғарына, Каспий да-
лаларына көшіп, өздерінің этникалық мекенін
тапты жəне қалмақтар деп атала бастады.
Оңтүстік Сібірдің кең аумағы мен Ал-
тайдың етегінде көшіп жүрген қалған торғауыт
тайпалары, чоростар мен дүрбеттер чорос
князьдарының басшылығымен бірігіп, 1635
жылы Жоғарғы Ертіс жағалауында Жоңғар
хандығы деп аталған дербес жаңа бірлестікті
негіздеді. Жаңа көшпелі хандықтың басына
жігерлі жəне жауынгер билеуші Ердене Батыр
қоңтайшы отырды (1634-1653). Ургада бірінші
жоңғар ханының таққа отыруына жəне де
оның оңтүстік пен солтүстік батыс бағыттағы
белсенді сыртқы саясатының басталуына
байланысты Жоңғарияның шекаралық жер
иеліктерінің шеті ХVІІ ғасырдың ортасында
Ертіс арқылы төмен құлдилай отырып оңтүстік
жағында қазақтардың, барабы татарларының
жəне тағы да басқа Алтай халықтарының
жайылымдықтары жатқан Жəміш көліне
тірелді».
Ал осы тұстағы қытай дерек терінде бұл
мем лекет туралы: «Жоңғарлар олоттардың
ұрпағы. Олот (Елёт) Қалмақ Ордасының ата-
уы. Батысында Баркөлден қырғыз-қайсақ ше-
карасына дейін орналасқан. Жоңғарлар Іле
өзені бойында көшіп жүрген Орданың (Қалмақ
Ордасының, – Ғ.Қ.) бір бөлегі. ...Олар егін
егеді, малды кəсіп етеді ... Жоң ғарлар ашушаң
жəне əдепсіз, арсыз жəне əрекеттерін ақылға
жеңдіре алмайды. Тонаушылықты батырлық
деп есептейді. ...Жоңғарлар қиындыққа
үйренген, соғысқа бейім, мылтық пен найза-
ны шебер меңгерген. Кіші Бұхара ...оларға
бағынышты болды. Олар миллионнан артық
əскер шығара алады. ...Өздерінің күшіне сен-
ген олар Ресей, Үндістан, Кашмир, Тибет жəне
Персия шекараларына шабуыл жасайды», де-
ген анықтама берілген.
Көшпелі моңғол тайпаларының басым
бөлігін өзіне бағындыра бастаған Жоңғар
хандығының билеушісі Болат қоңтайшы
жаңа мемлекеттің шекарасын ұлғайтуға, тың
жайылымдықтарға ие болуға ұмтылды. Сол
мақсатпен оның назары өзіне көрші жатқан
құнарлы қазақ жерлеріне ауды.
Жоңғар билеушісінің сұ-
ғынуына қарсы «Қазақ ханы
Есім ойраттармен екі жақ алма-
кезек табысқа жетіп отырған
бірнеше шайқас жүргізді.
Алайда, Түркістанның құ-
нарлы жайылымдықтары
жəне көршілес көшпелі қос
халыққа өмірлік қажетті сауда-
қолөнерлік һəм егіншілік
аумақтары үшін күрестері соңы
қазақтар үшін сəтсіз болған
ұзақ жəне шығынды соғыстарға
ұласты» дейді дерек көздер.
Осындай жағдайдағы Ба тыр қоңтайшы мен
оның бірінші ізбасары Сенгенің кезінде, яғни
1635 жылдан 1671 жылға дейінгі кезеңде
«Ойрат феодалдық мемлекетінің ішкі бірігуі
мен сыртқы қарым-қатынастарының нығаюы
іске асырылды» деп көрсетеді И.Злат кин.
Қазақ хандығы мен Жоңғар мемлекеті
арасындағы қатынас, əсіресе, ХVІІ ға-
сыр дың 30-жылдарынан бастап барынша
қиын дай түсті. Өзінің əскери күшіне сен-
ген Батыр қоңтайшы бастаған Жоң ғар
хандығы қазақ жерін иелену ниетімен ашық
соғыс қимылдарына көшті. Қалың қолын
қаптатқан бұл басқыншылық жорыққа Ресей
патшалығымен жəне Қытаймен арадағы
қатынас тарды өз мүддесіне сай икемдеуі
де əсерін тигізді. «Жоңғар хандығының
би леушісі, – деп жазады И.Златкин, –
Мəскеумен толық қатынас орнатуға үлкен
маңыз берді жəне осы жолдағы кедергілерді
жоюға құлшыныс білдірді. ...Батыр қоңтай-
шының биліктегі кезеңі орыс өкіметі мен
Жоңғар хандығы арасында елшіліктер
алмасудың белсенділігімен ерекшеленеді.
Дерекнамаларда Батырдан жіберілген 33
жəне оның өзіне келген 19 ел шілік туралы
анықтамалар сақталған. Олар бұдан да көп
болды деп айтуға негіз бар».
Аталған уақытта барша монғол қоғамын
жоңғар билігіне жүгіндіруге əрекет еткен
Батыр өзінің мақсатына жете алды да. 1640
жылдың күзінде Тарбағатай өңірінде өткен
монғол хандары мен бектерінің жиынында
ол негізгі монғол руларына өзінің өктемдігін
орнатып үлгерді. «Монғол-ойрат» заңы
(Цааджин Бичиг) қабылданды. Сөйтіп, белгілі
уақытқа дейін жоңғарлардың ішіндегі өзара
талас-тартыс пен алауыздық тоқтатылды.
Батыр қоңтайшы мемлекеттің шаруашы-
лық тұрғысынан дамуына да назар аударған
екен. Атап айтқанда, осы мерзімде «феодалдық
қатынастар нығайып, қалалар қатарындағы
отырықшы елді мекендер салына бастайды.
Егін шаруашылығы дамиды» деп көрсетеді
Ислам Қабышұлы. Яғни Жоңғар мемлекеті
басшысының ішкі-сыртқы саясатының түпкі
мақсаты хандықтың қуатын арттырып, оны
жаңа жерлер басып алу арқылы кеңейту бол-
ды.
Көптеген тарихи деректер көлемді қазақ-
жоңғар қарулы қақтығыстары ХVІІ ғасырдың
басынан-ақ орын алғандығын баяндайды.
«Бұхар хандығын жаулап алу туралы ойынан
қайтқан Есім хан, – деп жазады М.Тынышбаев,
– енді өзінің назарын келесі, неғұрлым қауіпті
көршісі – қалмақтарға аударды. Есімнің
қал мақтарға жасалған жоғарыдағы аталған
жорығы бірінші болмаған шығар, өз кезегінде
қалмақтар да өзінің уақытында қазақтарға бір-
неше рет шабуыл жасауы мүмкін».
М.Ж.Көпейұлының айқындауынша:
«Есім хан заманында Сарыарқада қалмақтың
қоныстана бастаған уақыты, əсіресе, Балқашқа
қа рай ғы атырапта. Бұл əңгімеге арқау болған
ке зек ті бір соғыс болса керек (шамасы 1625
жж.)».
Осындай жағдайда ХVІІ ғасырдың бірін-
ші ширегінен бастау алған қазақ-жоңғар
соғыстарында елін қорғау жолында атқа
қонған ұлт батырларының қатарында
Қарасай Алтын ай ұлы да болды. Ол шешуші
шайқастарда қазақ қолына бас бола біл ді. «17
жасында жауға қар сы шығып, – деп жазады
К.Мамырұлы, – содан кейінгі елу жыл бойы
үстінен сауыты, қолынан найзасы түспей,
бел шешпей елін қорғаумен болған. Алғашқы
шайқастарда ерен ерлік көр сеткен бозба-
ла Қарасайға қазақтың атақты хандарының
бірі Ер Есім «батыр» атағын беріп, бас
қолбасшылыққа тағайындаған. Осы Қарасай
Еміл-Жанай батырдан туды қабылдап алып,
ант берген. Қазақтың Қарасай батыры 1627
жылғы шайқаста ойраттардың қасарысқан қас
баһадүрлерімен жекпе-жекке шығып, олардың
он бірінің басын алған екен. Бұ-
лар дың арасында ойраттардың
атақты баһадүрлері ағайынды
Манжи мен Танжи де болған.
Қ а р а с а й д ы ң б ұ л ж о л ғ ы
жүрек жұтқан батырлығы
мен ересен намысқойлығы
ойрат тардың төбесінде жай
оғындай жарқылдаған. Осының
нəтижесінде бұл жолғы болған
ұлы ұрыстың барысында Ақ-
жайықтың бойын жайлаған
қазақ рулары Еділ өзенінің сол
жақ жағалауындағы атырап-
аумаққа өздері қайта ие болып,
сол көп-көрім жердің қожасы атанды».
Осындай тегеурінді тойтарыс алғанымен,
жоңғарлар қазақ жеріне деген ұмтылыстарын
тоқтатпады. Екі хандықтың əскерлерінің
та рихта қалған келесі ірі қақтығысында,
А.И.Левшиннің баяндауынша: «...Батыр Есім-
мен 1635 жылы соғысып, қырғыз-қазақ əс-
керлерін басқарған Жəңгірді олар тұтқынға
алған». Осындай қиын шақта «барлық
билік Қарасай батырдың қолына көшіп,
енді оның басты міндеті – ханзаданы ойрат-
тардан қалайда қайтару болады. Бастарын
бəйгеге тіккен қос баһадүр: Қарасай батыр
мен арғын Ағынтай батыр тəуекелге бел
буып, дұшпан шебін тас-талқан етіп бұзып-
жарып, қоңтайшының шатырында қолға түсіп
отырған Жəңгір ханды босатып алады» деп
айқындайды деректер.
Бұл шайқастың одан арғы жалғасын
тағы бір тарихи дерек: «Сөйтіп, қалмаққа
тұтқиылдан тиісіп, Арқас аңқайына дейін
қуып, қалмақтарды қатты қырғынға ұшы-
ратты. Үрейлене қашқан торғауыттар Аңқай-
дан өтіп қашты. Қазаққа пəле əкелген,
қалмаққа жол берген Аңқай ауызы енді қазақ
қолында болды. Арқарлыдан Аңқайға дейін
жауды қууы Қарасайға өшпес даңқ əкелді»
деген сипаттамамен жеткізеді.
Осы оқиға туралы Т.Сұлтанов тың жазу-
ынша: «...Сəті түсіп қорлықты тұтқыннан
босанып шыққан Жəңгір ойраттардың өмір-
лік жауына айналды жəне де оларды өзінің
жиі шапқындарымен мазалауды тоқтатпады.
Қалмақтармен күресінде хан Қашғар моғол-
дарының қолдауына сүйенген болуы мүмкін.
Атап айтқанда, Жəңгір мен моғол ханы
Абдаллах өзара достық қатынас орнатты жəне
елшіліктер алмасты».
Бұл жеңіліс те жоңғар билеушісінің түпкі
жоспарына деген ұмтылысына тоқтау сала
алмады. Батыр қоңтайшы жаңа соғысқа
дайындалды. И.Е.Фишерге жүгінер болсақ,
ХVІІІ ғасырдағы белгілі неміс ғалымы Батыр
қоңтайшы 1643 жылы одақтастарының көме-
гімен елу мың əскер жинады, жəне де ал-
дымен он мыңға дейінгі Алат жəне Тоқман
қырғыздары мекендейтін екі провинция-
ны бағындырды. Оқиға суыт болғандықтан
Жəңгір сұлтан алты жүзден астам ғана сарбаз
жинақтап үлгерді, алайда, оларды қолайлы ор-
наластыруды білді; бір жартысын таулардың
арасындағы шатқалға жерді қаза отыра
орналастырды, ал өзі келесі жартысымен
қалмақтар тар шатқалға шабуыл жасап, одан
өте алмай жатқанда таудың келесі жағына жа-
сырынды. Барлығы оның ойластырғанындай
болды: Қоңтайшы батылдықпен қорғана
білген шатқалдағыларға шабуыл жасады; ал
осы кезде Жəңгір сұлтан жауына ту сыртынан
шабуылдап, мылтықтан оқ жаудырып, жау
жағы сол жерде он мыңға жуық адамы нан
айырылды Осы кезде Самарқаннан Жалаң-
төс баһадүр Жəңгір сұлтанға жиырма мың
адам мен көмекке келіп жетті. Мұның өзі
Қоңтайшыны шегінуге мəжбүр етті. Бұған
қарамастан ол осы соғыста қолға түскен тұт-
қындарды ұстап қа лып, оларды өз жеріне
алып кетеді.
Келесі тарихи жазбалардан белгілі бол-
ғанындай, Батыр қоңтайшының 50000 əс-
керінің құрамына негізінен түрлі топтардағы
жоңғарлар жəне олардың одақтастары –
Орталық Азияның монғол текті халықтары
кірді. 1643 жылы Батыр Тянь-Шаньның оң-
түстік сілемдеріндегі жерлердің бір бөлігін ба-
сып алды, бірнеше мың қазақтар мен қырғыз-
дарды тұтқынға түсірді.
Сонда Жəңгір Бұхар хандығының ықпалды
төресі, əйгілі əмір Жалаңтөстен көмек сұрады.
Тянь-Шань қырғыздарының əміршілерімен
де уағдаластыққа қол жеткізілді. Олар көмек
көрсетуге уəде берді.
Жағдай жедел қимылдауды талап етті. Жи-
налған жасақпен Жəңгір Жоңғар Ала тауына,
Орбұлақ деген жерге жетті. Қазақ ханы сол
жерде жоңғарлардың беталысын бақылап
жатты. Жəңгір сұлтанда небəрі 600 қаруланған
атты əскер бар еді. Бұлар таңдаулы жасақтар
болатын. Олардың арасында шапырашты
Қарасай, арғын Ағынтай, алшын Жиембет,
қаңлы Сарпық, найман Көксерек, дулат
Жақсығұл, суан Елтінді батырлар болды.
Нақты мағлұматтардан айғақ болғанын-
дай, батырлары бастаған саны аз қазақ
жауын герлері тапқырлық пен ерліктің үлгісін
көрсетті. Осы күш тең емес шайқаста «Жəңгір
Қарасай мен Ағынтай екеуінің қолын оқпанаға
орналастырды. Батыр қолының дайын жатқан,
оқпанадағы жайын білмеген олар қатты
қырғынға ұшырады» деп куəландырады
Қазыбек би Тауасарұлы. Орбұлақтағы жеке
қаһармандығы жəне əскери жеңісі үшін...
қазақтар Жəңгірге «Салқам» деген қошемет,
қосымша ат қосады. Міне, осылай, өзінен
саны жүз есеге жуық қарсыласына ойсырата
соққы берген қазақтардың жоңғарларға қарсы
тарихи деректерде дəлелденген бұл шайқасы
сол заманда өте сирек кездесетін əскери
қолбасшылық пен көзсіз ерліктің үлгісі болды.
Батырлары бас болған қазақ əскерлерінің
бұл жеңісі Жоңғар мемлекетін толығымен
күйрете алмады. Осы ауыр шайқастан кейін
Батыр қоңтайшы келесі соғысқа дайындалды.
Мысалы: «1652 жылы Батыр қоңтайшы тағы
да Тянь-Шань қырғыздары мен қазақтарға
қарсы соғыс жүргізді, ал олар – қазақтар
Же тісудың алыс аудандарына, қырғыздар
Ыстықкөлдің, Таластың биік таулы аудан-
дарына кетіп қалуға мəжбүр болды, олардың
бір бөлігі Памир-Алайға ығысты. Келесі
жылы қазақтар мен қырғыздардың біріккен
күштері ойраттарға қарсы ойдағыдай күрес
жүргізе бастады да, 1655 жылға қарай-ақ
Жетісудың шығыс бөлігі ойраттардан азат
етілді» дейді тарих. Осы қақтығыс туралы
«Көптен бері қазақтармен одақта болып кел-
ген қырғыздарға ойраттар, торғауыттар шабу-
ыл жасап, оған болысуға Қарасай бастаған бес
мың шапырашты қолы қатысты. ...Кескілескен
додада Қарасай батыр Батырдың оң қолын
шауып түсірді. Ол жара қағынып кетіп,
қоңтайшы келесі жылы о дүниеге аттанды.
...Бірақ осы ұрыстың аяғы келесі жылға со-
зылып, Жəңгірдің жекпе-жекке шығуына
тура келді. Сесеннің ұлы Қалдан Жəңгірді
атап шақырды. Қарасай мен Ағынтайға қара
қазақ деп қарады. Оған өзі сияқты хан тұқымы
керек-ті. Жəңгір шықты. Ұзаққа созылған
ұрысқа, сəскеден үлкен бесінге дейін Жəңгір
онжеті жасар қалмаққа шыдап бере алмады.
Ақыры, ханды Қалдан сайып түсірді. Енді
қазақ намысқа шапты. Қатты кескілес болды.
Жеке ғəлəбқа жеткенімен, олар біразға дейін
бас көтермес болып жеңілді. Жəңгірдің сүйегі
өзі алғаш қаздырған оқпаннан ат шаптырым
Сарыбелге қойылды» – деп жазған Қазыбек
би Тауасарұлының суреттеуінен шайқастың
барысын, қорытындысын білуге болады.
ХVІІ ғасырдың өне бойындағы елін жау-
дан қорғау жолындағы шешуші соғыстардың
ортасында болған Қарасай батыр жұртының
бейбіт өмірі мен қонысының тұтастығы үшін
дипломатиялық қызметпен де айналысқаны
жайлы əңгімелер айтылады. Соның ішінде
билер құрамында Ресейге елшілікке барғаны
əлі де болса зерттей түсуді қажет етеді.
Нақтылай келгенде, Жоңғарияны Орта-
лық Азиядағы өз саясатында пайдалану-
ды ниет еткен Ресей мемлекетінің Қазақ
хан ды ғымен осы мерзімдегі қатынасында
өзін дік ерекшелік пайда болды. Екі мемле-
кет арасындағы өзара байланыстың мəнін
айқындай келе В.Я.Басин оған: «...Ресей мен
Қазақ хандығының арасында ХVІІ ғасырда
сауда, саяси жəне дипломатиялық қатынастар
орын алды. (Алайда,-Ғ.Қ.) ...Жоңғарияда
жаңа қоңтайшының таққа отыруы оның
қазақ билеушілерімен қақтығыстарына
əкеліп соқты, ал мұның өзі орыс-қазақ дипло-
матиялық қатынасын қиындатты» деген баға
береді.
Қазақ хандығының қалыптасып, өркен-
деуіндегі сын кезең болып табылатын ХVІІ
ғасырда Есім хан, одан əрі Жəңгір хан бас
болып, Қарасайдай батырлары қолдаған
қазақ қауымының жерімізге баса-көктеп ен-
телей ұмтылған жоңғарларға лайықты соққы
берулерінің маңызы зор. Егер де тура осы
кезеңде ұйымдасқан қазақ əскерлерінен
бірнеше рет жойқын жеңіліс тауып, тұмсығына
соққы тимегенде Батыр қоңтайшы билік етіп,
маңайына шапқыншылығымен белгілі болған
Жоңғар хандығының қазақ жерін басып
алу қаупі туар еді. Ал бұдан халқымыздың
күйзеліске ұшырап, жерінің тұтастығынан айы-
рылуы əбден мүмкін еді. Өйткені, осы уақытта
өздерімен қолайлы қатынас орната білген
Жоңғар хандығының қазақ же рін басып алу
əрекетіне Ресей мен Қытай мем лекеттері үнсіз
қалып, тіпті, құптағандай сыңай білдірген-ді.
Алайда, Қарасай батыр бастаған қазақ
сарбаздарының майдан даласындағы шешуші
сəттердегі жеңістері Батыр қоңтайшы əскер-
лерінің бірнеше рет үлкен шығынмен
той та рыс алуына əкелді. Жоңғарлар бір-
лесіп қимылдап, ұйымдаса білгенде қазақ-
тардың жауынгер халық екендігін ұқты.
Осыдан барып бұл хандықтың одан кейін-
гі жаңа шапқыншылықтары қазақ қоға-
мындағы жікке бөлінуге апарған қара-
ма-қай шы лықтар кездерінде орын алып
отырғандығы да кездейсоқ болмаған. ХVІІІ
ға сырдың басындағы қазақ еліндегі осындай
бөлшектенуді жедел пайдалануға асыққан
көп санды жоңғар əскерлерінің алғашқы шап-
қыншылығын батыл қарсы алған қазақ сар-
баздарына Қарасай, т.б. батыр бабаларының
қаһар мандықтары үлгі болып, одан күш ала
білді.
Ел басына күн туған осы қиын сəтте ұлт
батырлары елін біріктірудің ұйытқысына ай-
налып, қазақ жерінің тұтастығын, жұртының
амандығын сақтап қалды. ХVІІ ғасырдағы
Қарасай желбіреткен азаттық пен ерліктің
туын Абылайдың айналасына біріккен
Қабанбай, Бөгенбай, Наурызбай, т.б. батыр-
лар одан əрі тұғырында берік ұстай алды.
Қорыта айтқанда, халқының тағдыры
шешілер кезеңдерде басқын шыларға қарсы
атқа мінген, қол бастап елін қорғаған Қарасай
батырдың жауынгерлік қызметі бүгінде ұр-
пағының құрметіне бөленіп, мақтанына айна-
лып отыр.
Қазақ хандығы һәм
Қарасай батыр
Ғани ҚАРАСАЕВ,
Мемлекет тарихы инс титутының
Отан тарихы жəне деректану
бөлімінің басшысы – бас ғылыми
қызметкер, тарих ғылымдарының
докторы, профессор.
«Қарасай батыр», А.ДҮЗЕЛХАНОВ.
4 ақпан 2016 жыл
www.egemen.kz
10
Астана қ., 010005, Орынбор көшесі, 20/1-үй (2015 жылғы 8
қаңтардағы Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы куəлігі,
БСН 150140003166) мекенжайы бойынша тіркелген осы ҚР Əділет
министрлігінің «Жылжымайтын мүлік орталығы» шаруашылық
жүргізу құқығындағы РМК-ның «Азаматтарға арналған үкімет»
мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік
қоғамына қосылу жолымен қайта ұйымдастырылуын хабарлайды.
ҚР Əділет министрлігінің «Жылжымайтын мүлік орталығы»
шаруашылық жүргізу құқығындағы РМК-ның Табыстама актісіне
сəйкес болуы үшін барлық құқықтар мен міндеттер «Азаматтарға
арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес
акционерлік қоғамына ауысады.
ҚР Əділет министрлігінің «Жылжымайтын мүлік орталығы»
шаруашылық жүргізу құқығындағы РМК-ның кредиторларынан
түскен шағымдар хабарландыру шығу мерзімінен бастап екі ай уақыт
аралығында осы мекенжай бойынша қабылданады: Астана қаласы,
010005, Есіл ауданы, Орынбор көшесі, 20/1-үй.
Настоящим РГП на ПХВ «Центр по недвижимости» Министерства
юстиции Республики Казахстан, зарегистрированное по адресу:
г. Астана, 010005, улица Орынбор, дом 20/1 (Справка о государ-
ственной регистрации юридического лица от 08 января 2015 года,
БИН 150140003166), уведомляет о реорганизации путем слияния в
Некоммерческое акционерное общество «Государственная корпора-
ция «Правительство для граждан».
Все права и обязанности РГП на ПХВ «Центр по недвижимос-
ти» Министерства юстиции Республики Казахстан переходят к
Некоммерческому акционерному обществу «Государственная корпо-
рация «Правительство для граждан»» в соответствии с Передаточным
актом.
Претензии кредиторов РГП на ПХВ «Центр по недвижимости»
Министерства юстиции Республики Казахстан принимаются в тече-
ние двух месяцев с даты опубликования настоящего объявления по
адресу: г. Астана, 010005, район Есиль, улица Орынбор, дом 20/1.
Достарыңызбен бөлісу: |