§ Орхон-Енисей ескерткіштерінің тілі – қазақтың ауызша және жазба әдеби тілдерінің бір арнасы



Дата16.11.2022
өлшемі16,37 Kb.
#50632
Байланысты:
Документ Microsoft Word


§ 3. Орхон-Енисей ескерткіштерінің тілі – қазақтың 
ауызша және жазба әдеби тілдерінің бір арнасы
Көне түркі дәуірінен, оның ішінде V-X ғасырлардан, бізге 
мынадай жәдігерліктер жеткені мәлім:
1. V ғасырға жататын руна (сына) жазулы Талас-Енисей 
ескерткіштері: құлпытастардағы эпитафиялар, олар – 1-2 сөй- 
лемнен 5-6 сөйлем көлемінде айтылған тарих;
2. VIII ғасырға жататын руна жазулы Орхон ескерткіш- 
тері: құлпытасқа қашалып сызылған (жазылған) түркі тайпа- 
ларының сол дәуірдегі атақты қағандары мен батырлары: Білге 
қаған, Елтеріс қаған, Күлтегін, Тонықұқтар туралы тарихи 
шежірелер;
3. VIII-X ғасырлардағы ұйғыр жазулы жору, аян айту, діни 
аңыз түріндегі ескерткіштер (жазбалар).
Зерттеушілердің көбі қазақ халқының өзге түркі халық- 
тарымен ортақ тарихының басы VI-IX ғасырларда өмір сүрген 
Түрік қағанаты дәуірінен, яғни VI ғасырдың ортасында гун 
державасының қираған жұртында қалған ру-тайпалардың дер-
бес мемлекет құрған кезеңінен басталады деп санайды. Ал 
Түрік қағанатында, жоғарыда көрсетілгендей, жазба әдебиет, 
поэтикалық сөз үлгісі, яғни әдеби тілі болған. Зерттеуші 
Қ.Өмірәлиев өте дұрыс танығандай, түркілердің V-VIII ғасыр- 
лардағы көркемсөз үлгісі – түркі поэзиясының, әдеби тілінің 
туу басы емес, тарихи белгілі кезеңінің ғана басы, яғни 
түркілердің ауызша поэзиясы: тұрмыс-салт жырлары, жоқтау 
өлең айту салты, дидактикалық, шешендік толғаулар, мақал-
мәтелдер өте арғы дәуірлерде жасалған

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет