Бала құқықтары туралы Конвенция балаларға арналған нұсқа
UNICEF/Kaliyev
Қол жетімді:
русский
Қазақша
English
туралы Біріккен Ұлттар Ұйымының бала құқығы туралы конвенциясы - балалардың құқықтарын қорғауға өзіне міндеттеме алған елдерде ратификацияланған маңызды келісім. Бала құқығы туралы конвенцияда балалардың кім екендігі түсіндіріледі, сондай-ақ олардың барлық құқықтары мен үкіметтің міндеттемелері тізіліп көрсетіледі. Барлық құқықтар өзара байланысты, олардың барлығы да бірдей маңызды және де оларды балалардан бөлек қарастыру мүмкін емес. 1. Бала жайлы анықтама Өз елінің заңына сай 18 жасқа толмаған әрбір адам бала болып табылады, және ол осы Конвенцияда бекітілген құқықтарға ие.