Ү. Субханбердина, С. Дәуітов



Pdf көрінісі
бет1/22
Дата06.03.2017
өлшемі28,49 Mb.
#7831
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22
7831


 
1
 
____________
|
 
~
5
*
1
-
,
*
Т
'
п
---------------------.----------------.
-----------
н%г
м
I
•V
^
Г
^
Т
Ю
И
Ц
К
Ъ
___________ ____
?   тмоографія  . . Э н г р г Т я '
•"**  ІЯІ 
<г~
•  -   1 1 1 1 1 1 1 Ы І І К !  І Ш
І Ш
і О І К Ш
а Ш
П І ^
* * * * * * * * * * * * * * *
•-4  > 13  .  ІВ Л Л   кі.-
* * * * * * * * *

ъ
« А Й Қ А П »
А.
V
■АЙ-КАПЪ
>   * 
• о ,
ҚҮРАСТЫРУШЫЛАР:
Ү. Субханбердина,  С.Дәуітов
т
е
 
і

-
 
ч
*
 
V
*
с
і
 
V
/

 
%
е

 
1
 
*
і

>
 
Ь
.
й
 
з
С
-
.
1
,
»
V
-
^
 
і
V
.
 
*
*
 
л
 
І
*
Н
ч
*
%
*

 
V
V
<
і
у
к
-
 
>
V
Щ
щ
 
к
4
Л
Я
г
*
*
¥
*
/
4^5
Профессор Бейсенбай Кенжебаев рухына бағышталады!
~ Т о р с * . * + с } ^ о £
/
€  к £ Г 7 і  к . 
і- 
А
и *  (С & і 7 ~ * и

ш
с л і у - е з   А гіШ .
еЛ
П
Қазақ  энциклопедиясы  Бас  редакциясы
Алматы,  1995

Ьас  редактор  Р.  Н.  НҮРҒАЛИЕВ
БАС  РЕДАКЦИЯ  МҮШЕЛЕРІ:
А.  А.  Абдулин,  Ж .  М.  Әбділдин,  М.  Ә.  Әлиев,  В.  М.  Әмірбаев,  Т.  Ә. 
Әшімбаев,  М.  Т.  Баймаханов,  И.  О.  Байтөлин,  Е.  Е.  Ерғожин,  Б.  А. 
Ж үбанов,  С.  3.  Зиманов,  Н.  К.  Көбенқүлов  (жауапты  хатшы),  3.  Қ. 
Қабдолов,  Ә.  Т.  Қайдаров,  М.  Қ.  Қозыбаев,  А.  Қ.  Қошанов,  3.  М. 
Молдахметов,  Шерхан  Мүртаза,  С.  Қ.  Нүрмағамбетов,  В.  Н.  Околович, 
Е.  Рахмадиев,  А.  Сәрсенбаев,  Р.  Н.  Сейтіметов,  Е.  Б.  Серкебаев,  О.  О. 
Сүлейменов,  Ж .  Сыдықов,  Қ.  Т.  Телжанов,  Б.  А.  Төлепбаев,  И.  X. 
Хасенов  (бас  редактордың орынбасары).
ӨҢДІРІСКЕ  ӘЗІРЛЕНГЕН  РЕДАКЦИЯ  МЕН  БӨЛІМДЕР:
Редакция  меңгерушісі  О.Жирениіил.
Аға  ғылыми  редактор  М.Н.Камалова.
Бас  суретші  М.М.Қисамединов.
Қөркемдеуші  редактор Л.И.Тетенко.
Бас  редактордың өндіріс  және  экономика 
жөніндегі  орынбасары  Г.Н.Григорьева.
Техникалық  редактор Д.Омарғалиева.
А  31  Энциклопедия  „Айқап"  /Б ас  редактор  Р.  Нұрғалиев,  Алматы:
„Қазақ энциклопедиясы"  Бас  редакциясы,  1995.
1917  жылға дейін  қазақ жерінде бірнеш е  газет-журналдарды  шыққаны 
мәлім.  Солардың  бірі  қазақ  елінің  экономикасы  мен  саяси  жағдайы, 
тарихы,  мәдениеті  мен  оқу-ағарту  ісі,  тілі  мен  әдебиеті  хақында  келелі 
сөз  қозғаған,  шығармаларының  денін  ғылыми  әрі  көркем  туынды 
түрінде  жарияланған  „Айқап"  журналы  еді.
Қазақ энциклопедиясының  Бас редакциясы,  ғалымдар  Ү.  Субханбердина 
мен  С.  Дәуітовтың  қүрастыруымен  осы  „Айқап"  журналындағы  мате- 
риалдарды  өз  алдына  кітап  етіп  шығарып  отыр.  Ерте туып  кеш  қалған, 
қап  әттеген-ай,  „әй,  қап!“  ("Айқап”)  деп  сан  соққан  заманда,  хат  білген 
қазақ  атаулының  сырласы,  ақылшысы  болған  „Айқап"  бетінде  жария- 
ланған,  кейін  ұмытылып,  енді  ғана 
өз  жұртымен  қайта  қауышқан
А.  Байтүрсынов,  М. Жүмабаев,  М. Дулатовпшц алғашқы  шығармалары да 
осында.  Бір ерекшелігі мүнда басқа да көптеген танымдық материалдар- 
мен  қоса  қазақ шежіресі,  яғни  қазатың шыққан тегі  жайындағы дерек- 
тер  де  жарық  көрген  болатын.
1 911-15  жылдар  аралығында  88  саны  ғана  жарық  көрген  „Айқаптың"
бетінен  көне  жыр-дастандар  мен  ертегі,  жүмбақтарды,  қазақ  хандары-
ның өмірі туралы деректі мақалаларды, халықтың әдет-ғүрпын баяндай-
тын небір  қызықты мағлүматтарды білгіңіз  келсе,  „Айқап” атты кітапты 
жаздырып  алыҢыздар.
Басылым  жөніндегі  толық  малідетгіі-Қазақ 
энцикаонрднягкт
  Бас  редак-
циясынан  алуға  болады. 
і 
С.Тооайғыоса 
і 

ИБ  94
ІЗВ ^  5-89800-051-8
этындзғы  Г
іКШІӨМИК
ББК  92  я  2
атьждағы
! Т Л   П V
5 0 0 1 0 0 0 0 0 0 -0 0 4  
г \ і   і 
і  і /\;-чГ.- л 
А ------:--------------------- 95  НЭТҚа іақ^этрпедөпедимііі"  1995
4 0 6 (0 5 )-9 5

ҚАЗАҚ БАСПАСӨЗІ ТАРИХЫНАН
Кез 
келген  әдебиет  бір  күннің 
төңірегінде  өрбитін  немесе  белгілі 
бір  тарихи  кезеңнің оқиғасын  баян- 
дайтын  /Фар  үғымды  дүние  емес. 
Мәдениеті  бай  елдердің  әдебиеті  де 
қаз 
түрып, 
қалыптасқанша 
қоғамның 
дамуы 
секілді 
толып 
жатқан  өзгерістерді  қорытындылай 
келіп,  алдымен  өз  халқының,  кейін 
жалпы  адамзаттың  ортақ  игілігіне 
айналады.  Бүл  заңды  қүбылыс. 
Тамырын тереңнен тартқан  тарихы- 
мен қоса мәдениеті өркендеген қазақ 
халқы 
басында 
өткерген 
үлы 
оқиғалар  мен  әлеуметтік  жолдарын 
ауыз  әдебиеті  эпостық  жырлар,  та- 
рихи 
аңыз-әңгімелер 
арқылы 
үрпақтан-үрпаққа  жеткізді.  Алғаш- 
қы 
газет-журналдарда 
басылды. 
Кейінірек осының барлығы кітап бо- 
лып  жарық көрді.
Тарихи-мәдени,  әдеби  дүниелерін 
кезінде  қағаз  бетіне  түсіріп  отыр- 
маған  қазак,  халқының  тасқа  басы- 
лып,  хатқа  түскен  ескерткіпггерінің 
ішіндегі  революциядан  бүрынғы  га- 
зет-журналдарда  басылған  нүсқала- 
рының  алар  орны  ерекше.  Олардан 
рухани 
•  мүрамыздың 
бай
көріністерімен 
қатар 
туған 
әдебиетіміздің  тарихын  жете  білуте 
және  оны Халық тарихымен  біртүтас 
зерттеуімізге де  мүмкіндік  береді. 
Октябрь  революциясынан  бүрын  әр 
жылдары  шығып  түрған  газет-жур- 
налдарда 
сол 
кездердегі
Қазақстанның  саяси,  шаруашылық, 
мәдени  түрмысы  жасандылығы  жоқ 
дәйектерменен  жан-жақты  баяндал- 
ды.  Қазақ  газетгері  сол  кездегі  тап 
күресінің  пісіп=жетілуіне,  револю- 
циялық 
қозғалыстың 
қалай 
өрістегеніне 
тиісті 
баға 
беріп,
оқырмандарды  жаңалықтармен  та- 
ныстырып  отырды.  қазір  біз  газет- 
журналдарды  ақтарып  отырып,  сол 
тарихи  кезеңнен  мол  мағлүмат  ала- 
мыз.
Рев олюциядан  бүрынғы 
баспасөз 
бетінде 
басылған 
мәліметтерді 
ғылыми  маңыздылығы  жағынан  ар- 
хив 
қазынасымен 
бір 
дәрежеге 
қоюға болады.  Әрине, осы газет-жур- 
налдарда  басылған  шығармалардың 
кез-келгенін пайдаланарда  оған  сын 
көзімен қараған дүрыс.  Себебі адам- 
дардың 
сана-сезімінің 
өсуін, 
қоғамның 
қарыпггап 
алға 
басқанына  байланысты  бүрынғы  іс- 
әрекеттің  көпшілігіне  басқаша  баға 
беретініміз  рас.
Қазақстан  жерінде  шыққан  газет- 
журналдардың 
басым 
көпшілігі 
орыс  тілінде  басылғанымен  қазақ 
тіліндегілер де  аз  болған  жоқ.  Солай 
дегенмен  де  орыс  тіліндегі  газет- 
журналдардың  көпшілігі  реттеліп, 
библиографиясы  жасалып,  матери- 
алдары 
ғылыми 
айналымға 
түскенімен  қазақ  тіліндегі  мерзімді 
баспасөздер  күні  бүгінге  дейін  ре- 
ттелмеді,  олардың толық  библиогра- 
фиялық  көрсеткіпггері  жоқ.  Осыдан 
барып  көптеген  ғалымдарға,  әсіресе 
шығьіс 
халықтарының 
әдеби, 
мәдени  мүраларын,  тарихын,  эконо- 
микасын, 
тілін 
зерттейтін 
ғалымдарға  осы  бай  мүра  бүтіндей 
белгісіз  болып  келді.  Ал,  бүл  газет 
журналдарға  көз  жіберіп,  сырын 
ашып,  ақтарып  көретін  болсақ,  олар 
революцияға  дейінгі  Қазақстанның 
тарихынан,  әдебиетінен,  модение- 
тінен, шаруашылық жайларынан то- 
лып  жатқан  соны  деректер  беретіні 
даусыз.

Тағы 
бір 
айта 
кететін 
жаи 
Қазақстанныд  тарихын,  экономика- 
сын, әдебиетін, мәдениетін зерттейтін 
ғалымдар  қазақ  тілінде  ертеректе 
шыққан  газет-журналдарын  тауып 
пайдалану үшін көптеген уақытгарын 
жоғалтады. 
Оның 
қиындықпен 
түсетін  бір  себебі  мынада:  бүл  газет- 
журналдар  кітапхана  қоры  мен архи- 
втерде түгел  сақталмаған.
Патшалық  Россияның  қол  астын- 
дағы  улттар  тілінде  шыққан  газет- 
журналдарда  басылған  мақалалар- 
дың түгелге  жуығы  библиографияға 
түсірілмегенін 
ескерсек, 
қазақ 
тіліндегі библиография тіпті болмап- 
ты.  Бүл жүмыс тек кейінгі  кезде ғана 
қолға 
алынып, 
қазақ  халқының 
мәдени  өмірін,  тарихи  даму  жолын- 
дағы  өзгерістерді  талдап,  зерттеуде 
жүмыстар  атқарылып,  түрлі  энцик- 
лопедиялар  мен  библиографиялық 
жинақтар  шығарылды.
Атап  айтқанда  „Айқап"  журналы 
мен 
„Түркістан 
уалаяты*', 
„Дала 
уалаяты",  „Қазақстан"  газетгерінің 
беттерінде  басылған  материалдар- 
дың  мазмүндалған  библиографиясы 
1961, 
1963 
жылдары 
басылып 
шыққан  болатын.  Бірақ  өкінішке 
орай, 
ол 
көрсеткіштерде 
Ахмет 
Байтүрсынов,  Әлихан  Бөкейханов,
Міржақып Дулатов,  Ж үсіпбек Айма- 
уытов,  Мағжан  Ж үмабаев,  Шәкәрім 
Қүдайбердиев,  Ғүмар  Қарашев  т.  б. 
жазған 
ең 
қүнды 
мақалалары 
қысқартылып 
берілген 
еді. 
Ал, 
„Қазақ", 
„Алаш", 
„Сарыарқа", 
„Бірлік 
туы" 
газеттері 
„Қазіргі 
жағдайға  сай  келмейтін  жат идеялар 
таратқан, 
үлтшыл 
кертартпа 
көзқараста  болған"  деп  фактология- 
лық  түрғыдан  жеткілікті  талдалмай, 
біржақты  зерттеудің  салдарынан  ол 
басылымдардың  тігінділері  жойы- 
лып  жіберілген  еді.  Осы  бір  қиын- 
қыстау 
заманда 
қыруар
қиындықпен  революциядан  бүрын 
дүниеге  келген  газет-журналдардың
шығарушы  '  редакторларына 
ар-
налған  азды-көпті  ғылыми  еңбектер 
де жарық көріпті.  Олардың ішінде Б. 
Кенжебаевтың,  Қ.  Бейсембиевтің,  X. 
Бекхожиннің,  Ә.  Ж иренш иннің,  Т. 
Кәкішевтің,  3.  Түрарбековтың,  Б. 
Әбілқасымовтың,  С. Зимановтың,  К. 
Ыдырысовтың,  3.  Бисенғалиевтың 
зерттеулерін  ерекше  атаған  жөн. 
Қазақ  тілінде  шыққан  газеттердің 
екінші  тобы  1905-1907  ж.  Россияда
болған  революция дүмпуімен дүние- 
ге  келді  ('‘Серке"  —  1907,  „Қазақ 
газеті"  —  1907,  „Дала",  „Қазақстан"
—  1911-1913,  „Ешім  даласы"  — 
1913),  ал  одан  кейінгілері  Октябрь 
революциясының қарсаңындағы да- 
былдардан 
кейін  және  көтеріліс 
кезінде  шыға  бастады  ("Айқап"  —
1911-15  ж.,  „Қазақ1'  —  1 9 1 3 -1 8ж., 
„Алаш"  —  1916-17ж .,  „Бірлік  туы"
—  1917ж.,  „Сарыарқа"  —  1917- 
18ж.,  „Үран*’  —  1917ж.,  „Үш  жүз"  — 
1917ж .(  „Тіршілік"  —  1917).  Бүл  га- 
зеттердің  шығуына  үкімет  тарапы- 
нан  көмек  болған  жоқ.  Олардың 
жарық  көруіне  жеке  адамдар  тобы- 
ның  серіктесуі  ықпал  етті.  Алайда 
патша 
цензурасының 
қатаң 
бақылауына  үшыраған  бүл  газеттер 
үздіксіз  шыға  алмай,  көбінесе  айып 
төлеуге  мәжбүр  болды.  Кейде  жабы- 
лып  қалды,  ал  ең   соңында  мүлде 
жойылып  жіберілді.
Білімді  жан-жақты  насихаттаумен 
қатар  бүл  газет-журналдарда  оры- 
стың үлы классиктерінің (А. С.  Пуш- 
кин,  Л.  Н. Толстой,  В.  Г.  Короленко), 
шығысты  зерттеуші  ғалымдардың 
(В.  В.  Радлов,  Ш.  Ш.  Уәлиханов,  ЬІ. 
Алтынсарин,  Ш. Қүдайбердиев, Г.  Н. 
Потанин,  А.  А.  Диваев,  Ә.  Н.  Бөкей- 
ханов,  А.  Е.  Алекторов),  орыс саяхат- 
шыларының  (Н.  М.  Пржевальский,
В.  А.  Обручев)  шығармаларынан 
үзінділер  жарияланды.  Бүл  ретте ха- 
лық бүқарасының ой-санасын,  білім 
дәрежесін  көтеріп,  дүниетанымын 
кеңейтуде 
прогрестік-демократия- 
лықбағыттағы „Айқап",  „Қазақстан" 
секілді 
басылымдар 
үлкен 
роль 
атқарды.
Революциядан  бүрын  қазақ  тілінде 
шыққан 
газет-журналдар 
сан 
жағынан  көп  болмағанымен  (14-15), 
олардың  беттерінде  елдің  тарихы, 
шаруашылық  жағдайлары,  мәдени 
өмірі  мен  ғалымдар,  жазушылар  ту- 
ралы  көптеген  қүнды  мақалалар  ба- 
сылды.  Біз  сол  газет-журналдарда 
жарияланған  дүниелерге  талдау  жа- 
сай 
отырып 
оқушы 
қауымға 
үстанған  бағытын,  атқарған  істерін 
таныстыруды  жөн  көрдік.
„ТҮРКІСТАН  УАЛАЯТЫНЫҢ11 газеті
Халқымыздың 
саяси-әлеуметтік, 
әдеби,  мәдени  және  эстетикалық ой- 
пікірін 
оятып, 
қалыптастыруға
6

селтігін  тигізген  „Түркістан  уалая- 
тыьың  газеті"  қазақ  баспасөзінің 
көш  бастаушы  басылымы  болып 
саналады.
„Түркістан  уалаятының  газеті"  ең 
алғаш  „Туркестанские  ведомости" 
газетіне қосымша ретінде  1 870  жыл- 
дан  бастап  Ташкентте  шыға  бас- 
таған. 
Бүл 
жалпы 
Орта 
Азия 
халықтарының 
түңғыш 
газеті. 
Алғашында  ол  айына төрт  рет  оның 
екі  нөмірі  өзбекше  және  екі  нөмірі 
қазақша  шығатын  болды.  „Турке- 
станские 
ведомости" 
газетінен 
бөлініп  қазақша,  өзбекше  шыққан 
„Түркістан 
уалаяты 
газетінің" 
бетінде  қазақ  елінің түрмысы,  тари- 
хы  туралы  мағлүматтар  көп  ба- 
еылған, 
оның 
ішінде 
қазіргі 
Қызылорд<^ 
Шымкент, 
Жамбыл 
және 
Алматы 
облыстарын 
қонысганған  қазақтардың  сол  кез- 
дегі  тіршілігі  кеңірек  қамтылған.
Ш.  Уәлихановтың  көп  танысының 
бірі  газеттің  редакторы  —  Ш.  М. 
Ибрагимов  бүрын  Омбы  кадет  кор- 
пусында  оқып,  Көкшетау дуанының 
хатшысы  болған  кісі.  1865  жылы 
Оңтүстік  Қазақстан  мен  Орта  Азия 
Россияға  қосылғаннан  кейін  Ш.Иб- 
рагймов  пен  И.  Ибрагимовты  Таш- 
кентке генерал-губернатордың қара-
мағына  жібереді.  Ш.  Ибрагимов  бір
жағынан 
генерал-губернатордың 
тілмашы,  екінші  жағынан  өзбекше- 
қазақша шығатын  „Түркістан уалая- 
ты 
газетінің" 
редакторы 
болып 
жүмыс істеді.  Кейінірек X.  Чанышев 
газетке редактор  болып  бекітілді.  Га- 
зеттің  бас  редакторы  Н.  П.  Осгро- 
умов,  кейін  Н.  Г.  Малицкий  болды. 
Газеттің  шығуына  ішкі  істер  ми- 
нистрлігі  рүқсат  беріп,  оның  про- 
граммасын 
тек 
қана 
патіііа 
үкіметінің 
бүйрық-жарлықтарын. 
салтанатты  жиылыстарын  жария- 
лауға ғана лайықтап,  көбінесе ресми 
хабарларды басуды  үйғарған еді.  Ре- 
сми  хабарлардың  ішінде  Түркістан 
генерал-губернаторы  мен  әскери  гу- 
бернаторлардың 
жергілікті 
ха- 
лықтарға  қатысты  бүйрықтары,  сот 
орындарының  үкімдері,  Түркістан 
өлкесінде 
жарияланатын 
жалпы 
үкімет  бүйрықтсфы  болды.  Ғылым- 
білімнен  қосқаны  —  орыс  патшала-
і
Остроумов  Н.  П.  С и деи и я   о  Туркестанской  тузсмной 
статического  Комитета  в  І887-І888гг.  Ташкент,  »889.
7
рының 
өмірінен 
қысқаша 
әңгімелер.  Орыс  және  басқа  мемле- 
кеттердің 
өмірінде 
кездесетін 
жергілікті  халықты  қызықтыратын 
оқиғалар.  Өнеркәсіп  пен  ауыл  ша- 
руашылығына 
байланысты 
жер- 
гілікті 
хабарлар, 
әртүрлі
мәліметтер *.
„Түркістан уалаятының газеті" қазақ 
оқырмандарын  сол  кездегі  ғылым 
жаңалықтарымен, 
орыстың 
бай 
әдебиетімен,  өнердегі  ізденісімен та- 
ныстырған алғашқы басылым,  Орыс 
газетінде  басылған  „Біздің  орыс 
жүртының  өнерімен  адамдары"  де- 
ген мақалада  (1875,  N3),  1870-74  ж. 
орыс кемесінің жер шарын айналып 
шығуы  туралы  мақала  жариялаған. 
Осы газет бетінде Ж ер шары, ай мен 
күн,  жүлдыздар,  күн  мен  түн,  жыл- 
дың  төрт  мезгілі  жөнінде  ғылыми 
түсініктемелер  беріліпті.  „Түркістан 
уалаятының  газеті"  Түркістан  гене- 
рал-губернаторының  ресми  органы 
болғанына 
қарамастан 
қазақ 
халқының  қоғамдық-әлеуметгік  ой- 
пікірін  оятуға,  мәдени-әдеби  дүние- 
танымының  молаюына  әсер  етті. 
Оның  бетінде  саяси-экономикалық 
мәселелермен бірге оқу-ағарту ісінің 
жай-күйі,  өнер-білімнің  пайдасы, 
орыс 
мәдениетінің 
жетістіктері, 
қазақ әдебиеті туралы алғашқы  сын, 
зертгеу  мақалалар,  қазақтың  зиялы 
адамдары 
олардың 
өмірбаяны, 
ғылыми 
еңбектері 
жайынан 
алғашқы  мақала-хабарлар  жария- 
ланды.
Қазақ  халқының  атақты  ғалымы  — 
Ш. 
Ш. 
Уәлиханов 
туралы 
ана 
тіліміздегі  түңғыш  мақала  газеттің 
1870  жылғы  3-санында  және  1872 
жылғы  1-санында  басылды.
1870ж.  Түркістан  генерал-губерна-
торы 
жетісу 
өлкесіне 
келгенде
Шоқанның  қабырына  барып,  басы- 
на  қүлпытас  орнатуға  бүйрық  бер- 
генін  айта  келіп,  „Шоқан  Шыңғыс 
сүлтан  баласы  Уәлихановтың  мола- 
сына  барды...  Моласы  күйдірген 
кірпіштен  салыныпты.  Сөйтсе  де, 
жаман  екен,  бес-алты  жылда  бүзы- 
лып  қалатүғын.  Дүниеден  көшкен 
Уәлихановтың 
сүйегін 
қадірлеп, 
сыйламақ үшін және орыс-қазақтың 
есінен  шықпастығы  үшін  генерал-
газсте.  В.  кн.:  Труды  Сыр-Дарьинского  О&іастного
I

губернатор  генерал-адьютант  фон 
Кауфман 
қүлпытас 
даярламаққа 
бұйрық  қылды.  Ол таста  молаға  кім 
қойылғаны,  неге  мұнша  қадірлі, 
сыйлы  болғандығы  жазылады.  Ол 
тасты  Алматыдағы  асқан  ұстаға  тез 
уақытта  даяр  қылып  жеткізіп  бер- 
мекке  бұйрық  қылды'*  деп  жазды  га- 
зетге. 
Шоқанның 
ғалымдығын, 
өнерлі, 
еліне 
қадірлі, 
сыйлы 
екендігін 
атап 
көрсеткен 
бұл 
мақаланың авторы  газеттің редакто- 
ры  Ш.  М.  Ибрагимов  болуға  тиіс. 
Себебі 
мақалада 
автордың 
Шоқанмен  таныс  екендігі,  оның 
еңбектерін 
жақсы 
білетіндігі 
айтылған.
Оқу-ағарту  мәселесінде  газет  жас- 
тарды  орыс тілінде оқытудың пайда- 
сын  жазды.  „Көкшетау  қаласынан 
келген  хабар*'  деген  мақалада  (1876, 
N 20)  қазақ  арасындағы  оқу-ағарту 
ісі, 
Петербург 
қаласында 
оқып 
жүрген  қазақ  балалары  жайында 
айтылған.  „Оқу-жазу  ад&мға  көп 
пайдалы"  деген  мақаласында  Хаса- 
нов  (1876,  N 3)  оқудың өмірдегі  ала- 
тын орнына тоқтала келіп,  бастауыш 
мектепте ана тілінде,  ал ғылымға ден 
қойдыру 
үшін 
басқа 
тілдерде 
оқытудың 
пайдалы 
екендігіне 
тоқталады.  Оқыту  ісінде  орыс  мек- 
тептерінің  методикасын  пайдалну- 
дың  тиімді  жақтарын  таныстырған. 
Оқу-ағарту мәселесімен байланысты 
тәрбие  жүмысында  баланы  үрып- 
соғып тәрбиелеудің дүрыс еместігі де 
баса  көрсетілген  (1878,  N 6).  Бүл 
мақала  Орта  Азия  халықтарының 
тарихын 
зерттеген, 
түркі 
ха- 
лықтарының  тегі  туралы  еңбегі 
1852ж . 
орыс 
тіліне, 
тіпті 
шет 
тілдерге 
де 
аударылған 
Әбу-л- 
Ғазының 
(ІбОЗ-бЗж. 
шамасында 
өмір 
сүрген) 
еңбектеріне 
және 
Қазақстан  жайындағы  бағалы  тари- 
хи-географиялық 
жазбалармен 
қатар  Кіші  жүз  бен Орта жүздің Рос- 
сияға  қосылу  тарихын  баяндайтын 
П.  И.  Рычксгвтың  (1719-77)  дерек- 
теріне  сүйеніп  жазылған.  Мақалада 
15  ғасырдың  орта  кезінде  Алтынор- 
да қүлаған  соң қазақ руларының ба- 
сын 
құраған, 
оның 
алғашқы 
ханының  бірі  болған  Барақ  ханның 
баласы  Ж әнібек  (әз  Жөнібек)  пен 
1 5 1 1 -1 8ж. 
қазақ 
ханы 
болған
Ж әнібектің баласы  Қасым  хан тура- 
лы, 
сондай-ақ  шежірелерде 
көп 
айтылатын,  ескі  аңыздар  бойынша 
қазақтың  тегі,  үш  жүздің  арғы  түп 
атасы  саналатын  Алаш  туралы  де- 
ректер  берілген.  Қазақ  елінің  этно- 
генезі, 
тарихы 
жөніндегі 
осы 
ғылыми  деректер  мен  аңыздар  ана 
тілімізде  басылған  алғашқы  мәлімет 
екендігі  даусыз.  Сондықтан да  олар- 
дың  кейбіреулеріне  шолу  жасауды 
жөн  көрдік.  Газетпң  1876  жылғы  29 
санында 
жарияланған 
„Былтыр 
Қазан  қаласында...**  деген  кіріспе 
сөзбен  басталатын  сын  мақалада 
„Қисса  и  Қожа-Ғаффан  вә  һәм 
Сәғдуақас"  деген  кітап  қазақ тілінде 
басылып  шыққанын  хабарлайды, 
оны  Мүхаметжан  Мүфтахаддин  өз 
қаражатына  бастырып  шығарғанын 
айта  келіп,  „қазақ  тілінде  басылып 
шыққан 
болса  да, 
тілінің 
көбі 
ноғайша, 
кейбір 
ж ерінің  сөзіне 
түсініп 
болмайды... 
Қазақ 
тілін 
бұзып 
басып 
шығарыпты. 
Енді 
оқыған адам қазақ тілі  осы деп  ойла- 
са керек.  Қазақ тілі  қандай жарасып 
бір-біріне  жабысып  тұрғанын  білгі- 
ңіз  келсе,  біз  бір-екі  ауыз  сөз  жаза- 
лық"  деп  мысалға  Орынбай  ақын 
өлендерінен  екі  шумақ  келтіріледі. 
Мақалада  қазақ  тілінің  тазалығын 
сақтау,  түсініксіз  сөздермен  шұбар- 
ламау туралы  пікір айтылады.  Қазақ 
кітабына берілген  осындай алғашқы 
мақалалар  басылымда  сын  айтудың 
бастамасы 
болды. 
Бүл 
дастан 
кейінірек,  1880  ж.  қайта  басылып 
шықты.  Оны  қайта  жырлаған  ақын 
Әріп  Тәңірбергенов  туралы  мәлімет 
20 
ғ. 
басындағы 
қазақ 
ақындарының  шығармаларына  ар- 
налған  еңбекте  айтылады *.
Газет 
бетінде 
ауыз 
әдебиетінің 
нұсқалары,  олардың ішінде әр  түрлі 
мақал-мәтелдер  молынан  басылып 
турған. 
Ол 
мақал-мәтелдер 
ха- 
лықтың  ақыл-ойына  әсер  ететін, 
ғибраты  айқын,  насихаттары  мәнді, 
өнегесі  нүрлы  нұсқалар  екені  дау- 
сыз.  Мысалы  „Ашу  — дүшпан,  ақыл
—  дос",  „Көп  сөздің  азы  жақсы,  аз 
сөздің  өзі  жақсы",  „Ай  ортақ,  күн 
ортақ,  жақсы  ортақ",  „Жаманға  жа- 
лынғанша,  жатта жанынды  қарман" 
секілді дана сөздер халқымыздын ке- 
мелдігін  білдіреді.  300  шамалы  қа-
XX  ғжсыр  басындағы  кдзақ  ақындарының  шығармалары. 
Ллматы, 
1963,  341-6.
8

зак  мақалдарын  осы  газетпң  1876 
ж ь і у
  Ғ Ы  
28-33,  1877 жылғы  10-12 сан- 
дарьинда  жинап  бастырған  Бабажа- 
нов  туралы  мынадай  мәліметтер  бе- 
ріліпті.  „Ташкент қаласында  қызмет 
қылып турушы Қожа-салық Бабажа- 
нов  біздің  газетке  басып  шығаруға 
Орта жүздің Бөкей ордасында жиған 
қазақтың  мақал  сөздерін  берді"  де- 
ген  кіріспе  сөзбен  басталады.  Алғаш 
қазақ  мақал-мәтелдерін  жинап  бас- 
тырған Бабажанов. Осы этнография, 
археология  туралы  мақалаларында 
қазақ 
халқының 
діни 
нанымы, 
андпылық 
кәсібі, 
жылқы 
өсіру, 
қымыздың шипалық қасиеті жайын- 
да баяндайды.  Бабажанов әртүрлі эт- 
нографиялық  затгар  тауып  берумен 
қатар,  қа-  зақтың  мақал-мәтелдерін
зертгтеуде^^леулі  еңбек  сіңірген 
адам.  Қазақ-тың мақал-мәтелдерінің 
„Түркістан  уалаятының  газетінде“ 
жариялануына  қарай  бағалап,  осы 
саланы зерттеудің алғашқы бастама- 
сы  деп  қараймыз.  Себебі,  баспа 
бетіне 
түскен 
бүл 
нүсқалардың 
қазіргі  зертгеушілер  үшін  маңызы 
өте  зор.  Бабажановтың  прогресшіл 
ой-пікірдегі  адам  болға-ны,  оның 
ғылымға  сіңірген  еңбектері  туралы 
алғаш пікір айтқан қазақ совет этно- 
графы  Э.  А.  Масанов  болатын*. 
Айтыс  өиерінен  „Түркістан  уалаяты 
газетінде“  1878  жылғы  11-12  санда- 
рында  Әжнияз  ақын  мен  Меңеш 
қыздың  айтысы  басылған.  „Шым- 
кент  қаласынан  бір  адам  біздің  га- 
зетке  басып  шығармақ  үшін  өлең
жазып 
жіберген 
екен...
Қарақалпақтың 
қожасы 
Әжнияз 
ақын мен Торғай облысындағы  Кіші 
жүз  Тама  руының  Меңеш  атгы 
қыздың 
айтысқан 
өлеңі" 
деген 
кіріспе 
сөздермен 
басталады. 
Ескінің  бүлжымас  заңы  бойынша 
әйелден  еркек  артық  деген  үғымды 
пайдаланып,  Әжнияз  ақын  бірден 
Меңеш  қызды  „Байтал  шауып  бәйге 
алмас"  дегендей  кемітеді.  Алайда  өз 
басынан  мін  таба  алмаған  Әжнияз 
ақын  М еңештің  айттырып  қойған 
күйеуі өлген соң, оны әмеңгерлікпен 
жігіттің  60  жастағы  ағасы  Бөкешке 
қосқанын  бетіне  басып,  кемітіп,  ке- 
лемеж  етеді.  Әжнияз  Қосыбайүлы 
(1824-78)  Қарақалпақ  әдебиетінің
классигі.  Қазақ  жерінде  көп  болып, 
қазақ  өмірін  жырлаған  ақын.  Осы 
айтыстың 
қарақалпақ 
тіліндегі 
нүсқасы 
1960 
жылы 
Нүкіс 
қаласында 
Әжнияз 
ақынның 
„Таңдамалы  шығарма.\арында"  жа- 
рық  көрді.  1962  жылғы  Қарақалпақ 
экспедициясының 
материалдары- 
нан  алынып  қазақ тіліндегі  нүсқасы 
да  басылды  (Айтыс.  Алматы,  „Жазу- 
шы",  1965).  Осы  айтыстың тағы  бір 
нүсқасы 
ҚазССР 
ҒА-ның 
Орт. 
ғылыми  кітапханасында  сақтаулы.
„ДАЛА  УАЛАЯТЫНЫҢ11  газеті
1888  жылдан  1902  жылға дейін  Ом- 
быда  шығып  түрған  „Акмолинские 
областные 
ведомости*' 
газетіне 
қосымша  ретінде  орыс  және  қазақ 
тілдерінде жарық көрген „Дала уала- 
ятының 
газеті" 
халқымыздың 
әдебиеті  мен  мәдениетін,  түрмыс- 
тіршілігін қалың жүртқа танытудағы 
бірден-бір  басылым  болды.  Орыс 
тілінде  „Особое  прибавление  к  Ак- 
молинским  областным  ведомостям" 
деген  атпен  шыққан  осы  газет  1894 
жылдан  бастап  орыс  тілінде  „Кир- 
гизская  степная  газета";  ал  қазақ 
тіліндегі  „Дала  уалаятының  газеті" 
деген  атпен  жарық  көре  бастады. 
Жалпы  бүл газет  1888  жылдан  1902 
жылға  дейін 
аптасына 
бір 
рет 
шығып  түрды.  Газеттің  соңғы  саны 
1902  жылы  март  айында  басылып, 
содан  кейін  „Сельскохозяйственный 
листокке"  айналды.  Газетте  әр  жыл- 
дары редактор  болғандар:  И.  Козлов, 
К.  Михайлов,  Г.  Абаза,  А.  Попов,  Д. 
Лавров,  Газетті  қазақша шығару ісін 
басқарушылар:  Ешмүхамед  Аблай- 
ханов, 
Дінмүхамет 
(Дінше) 
Сүлтанғазин,  Рақымжан  Дүйсемба- 
ев. 
.
Ө зінің  программасына  сәйкес  газет 
ресми 
түрде 
патша 
үкіметінің 
бүйрық-жарлықтарын,  заң-законда- 
рын,  әкімшілік  басқару  істерін  жа- 
риялайтын  басылым  болды.  Сол 
кездегі  басқа  газеттер  сияқты  „Дала 
уалаятының  газеті"  де  ресми  және 
ресми 
емес 
бөлімдерден 
түрды. 
Соңғы  бөЛімде  көбінесе  көпшілікке 
пайдалы,  ғылымға  білімге  қатысты
іЙ чТ О ?*    Л*  ° ЧеркИ  ИСТ°Р ИИ  этнографического  иау  іения 
казахского 
народа,  В.  СССР.  Алма-Ата,  1%б.  стр.
9
*
 II

мақалалар  жариялады.  Бұл  газет 
үкімет тарапынан шыққан ресми ба- 
сылым  болғанымен,  бостандықты, 
тенАікті 
көксегені, 
прогресшіл 
көзқарастары  үш ін 
Сібірге  жер 
аударылып 
келген 
адамдардың 
ықпалымен халық газетіне үқсайтын 
еді.  Бүл  ретте  газетке  дүрыс  бағыт 
берген  Г.  Н.  Потаниннің,  Н.  М.  Яд- 
ринцевтің,  Л.  К.  Чермактың ролі  аса 
зор.
„Дала  уалаятының  газеті"  басқа 
жергілікті 
газеттерге 
қарағанда 
қазақ 
бүқарасының 
түрмысын, 
оның  шаруашылық  жағдайларын, 
мәдени 
тіршілігін 
толығырақ 
көрсетіп 
отырған 
газет 
болды. 
Бүрынғы Сібір әкімшілігіне қараған 
Семей, 
Ақмола, 
Тобыл, 
Ж етісу 
қазақтары 
өнер-білім 
жаңа- 
лықтарын  алғаш  рет  осы  газеттен 
оқу  мүмкіндігіне  ие  болды.  Газет 
қазақ 
жүртшылығын 
орыс 
халқының әдебиетімен таныстырды. 
Оның  бетінде  А.  С.  Пушкин,  Л.  Н. 
Толстой,  М.  Ю.  Лермонтов,  Д.  Н. 
Мамин-Сибиряк,  Г.  И.  Успенский 
шығармаларының,  И. А. Крыловтың 
мы салдар ының 
қазақ 
тіліндегі 
алғашқы 
аудармалары 
басылып 
түрды. 
Сондай-ақ 
газетте 
қазақ 
елінің 
түрмысын, 
әдебиетін, 
мәдениетін 
зертгеуші 
орыс 
ғалымдары  өздерінің  мақала-хабар- 
ларын  жиі  бастырды.  Г.  Потанин,  А. 
Алекторов, А.  Ивановский, А. Добро- 
смыслов,  В.  Обручев,  Н.  Пантусов,
Н.  Ильминский  т.  б.  қазақ  елінің 
тарихына,  этнографиясына  қатысты 
материалдармен 
қатар 
қазақ 
халқының 
ауыз 
әдебиеті
нүсқаларын  жинап  бастыруда  пай- 
далы  жүмыстар  істеді.
Газет  негізінде  жергілікті  отаршыл- 
дық-әкімшілік  орындардың  ресми 
органы  болғанымен,  халықты  отар- 
шылыққа,  өнер-білімге,  мәдениетке 
шақырып  тәрбиелеуде  едәуір  роль 
атқарды, 
қазақтың  жазба 
әдеби 
тілінің  дамуына  зор  ықпал  жасады. 
Оның  бетінде  қазақ  тілінде  бүрын 
болмаған 
қоғамдық-публицистика- 
лық,  ресми  іс  қағаздарын  жүргізу 
жөніндегі  мақалалар  жарияланды, 
ғылыми  стильдің  негізі  қаланды, 
аударма 
тәж ірибесінің 
алғашқы 
қадамы  жасалынды,  араб  графика- 
сына  негізделген  қазақ  жазбасында 
түңғыш 
рет 
тыныс 
белгілері 
қолданылды.
Үлттық баспасөзіміздің қарлығашта- 
рының  бірі  —  „Дала  уалаяты  га- 
зетінің" 
дүниеге 
келуі 
қазақ 
халқының  өткен  ғасырдағы  мәдени 
өміріндегі елеулі оқиға болды.  „Дала 
уалаятының 
газетінде1' 
басылған 
шығармаларда  қазақ  халқының  әр 
кезеңдеріндегі 
өмірі, 
түрмыс- 
тіршілігі,  күрделі  жағдайлар  мен 
оқиғалар 
толық, 
түтас
қамтылмағанымен, 
тарихымызда 
болған 
ұлй  
өзгерістер, 
халық 
өмірінің  жеке-жеке  суреттері  алғаш 
рет  осы  газет  бетінде  жарияланып,
ұлттық  әдебиет  пен 
мәдениетгің 
негізін  қалауға  көмектесті.
„Дала  уалаятының  газетінде,,  ба- 
сылған  көркем  шығармалардың  бір 
тобы қазақтың өз төл туындысы  бол- 
са,  енді  бір  тобы  орыс  тілінен  ауда- 
рылған  немесе  шығыс  әдебиетінен 
ауысқан  үлгілері  еді.  Бұлардың бәрі 
мазмұн,  көркемдік  жағынан  бір- 
біріне 
үқсамағанымен, 
жалпы 
қазақтың  жазба  әдебиетінің  дамуы- 
на  ықпал  етті.
Газет 
бетінде 
басылған 
көркем 
шығармалардың  көбі  халқымыздын, 
ертеректегі әдеби мүраларынан бізге 
жеткен 
азын-аулақ 
нұсқалары 
болғанымен,  олар жазба әдебиетіміз- 
дің  алғашқы  қарлығаштары  еді. 
Газет  қазақ  халқының  қоғамдық- 
әлеуметтік ои-пікірін оятуға, мәдени, 
әдеби 
дүниетанымыи
қалыптастыруға,  кеңейтуге  едәуір 
әсер 
етті. 
Саяси-экономикалық 
мәселелермен 
қатар 
оқу-ағарту 
ісін ің   жай  қүйі,  өнер  білімнің  пай- 
дасы, 
орыс 
мәдениетінің
жетістіктері,  қазақ  әдебиетінің  хал- 
қадірі, 
қазақ 
зиялылары 
мен 
ғалымдарының 
өмірі 
жайында 
бірқыдыру тарихи құнды мақалалар, 
хабарлар 
жариялады. 
Қазақтын 
тұңғыш  ғалымы  Ш.  Уәлихановтың, 
классик  ақын  Абай  Қүнанбаевтың, 
ағартушы  әр*  жазушы  Ыбырай  Ал- 
тынсариннің 
қоғамдық-саяси
көзқарастарының 
қалыптасуына 
XIX  ғасырдың  екінші  жартысын- 
дағы  Европа  әдебиеті  мен  мәдениеті 
ықпал  етті. 
і  Ш.  Уәлихановтың  туғанына  60  жыл 
толуына арналып  берілген  мақалада 
оның 
жан-жақты 
білімді, 
адам- 
гершілігі 
мол, 
ғылым 
жолына 
/ берілген  адам  болғандығы  былайша 
суреттеледі: 
Шоқан  Уәлиханов 
ғылым,  өнер  иесі,  халықтың  ғадет
10

закын  біліп,  Даңғыл,  биік  жолға 
ш щ с а   да  өзінің  туған  жайын  жа- 
тьірқамай  һәм  ұмытпады...  Тағы  да 
ғалым  өнерінің қымбат екенін  біліп, 
құрмет  тұтып  өзінің  халқын  бек 
жақсы  көрер  еді.  Ләйкін  Россия 
халқының 
қорғап, 
қоршап 
бо- 
лысқаныменен 
Азия 
халықтары 
ілгері  басып  һәм надандықтан құты- 
лар  ма  деп  ойлар  еді“  —  дейді  га- 
зетгің  1894  жылғы  18  санында 
жарияланған  мақалада.
Халық игілігі  үшін  аянбай  еңбек  ет  / 
кен 
дарындардың 
бірі 
—қазақ 
халқының түңғыш  ағартушысы,  жа-| 
зушысы,  жаңашыл  Ыбырай  Алтын* 
сарин туралы да газет бетінде мақала 
хабарлар  жарияланып,  оның  өзі 
жазған  өлеңдері  де  басылып  түрды. 
Ы.  Алтынсариннің  қайтыс  болғаны» 
туралы  хберілген  қаралы  хабарда/ 
„қырдың  кең  даласының  артықшаі 
туған  баласы"  Ыбырайдың  ерекше  ) 
дарындылығы, 
білімпаздығы, 
В. | 
Григорьев,  Н.  Ильминский  сияқты  I 
орыстың 
білімді 
адамдарының 
көмегімен  және  өздігінен  ізденіп 
білім  иесі  болғаны,  өзінің  туған 
халқына  пайдалы  аса  мол  мүра 
қалдырған  қайраткер екендігі  жазы- 
лады. 
Газет  бетінде  ЫбырайдыңІ 
„Киргизская 
хрестоматия**!
оқулығына  кірген  бірнеше  әңгіме, 
і 
өлеңі  жарияланған.  „Балғожа  бидің  | 
баласына  жазған  хаты“  деген  өлеңі  ! 
газетте „Нүржан бидің оқудағы бала-1 
сына  жазған  хаты"  деген  атпені 
Қылышбаев  Абдрахманның  қолы | 
қойылып  берілген,  „Ізбасты  би**,! 
„Сәтемір 
хан" 
сияқты 
а ң ы з! 
әңгімелер  газет бетінде  молынан  ба--/ 
сылған.
Газеттің  1889  жылғы  7-санында  ба- 
сылған  Абайдың  „Жазды  күн  шілде 
болғанда'' деп  басталатын  өлеңі  „Се- 
мей  оязы,  Шыңғыс  елінің  қазағы 
Ибраһим 
Қүнанбай 
аулының 
Бақанас  өзечінде  Көпбейіт  деген 
жерге қонып жа-пс,андағы түрі“ деген 
тақырыппен 
берілген. 
Соңынан: 
„Кісіден^  үй^еніп  жаздым,  Көпбай 
Жанатайүлы"  деп  қол  қойылған. 
Абай  бүл  өлеңін  1886  жылы  жазған 
болатын.  Абайдың  кейінірек  ба- 
сылған 
жинақтарында 
өлең 
Мүрсейіт  қолжазбасымен  1909  жы- 
лы жарық көрген негізінде берілген.
Абайдың  өз  нүсқасындағы  кедейдің 
ауыр  түрмысы  бейнеленетін  кейбір 
түстары 
газетге  біраз 
көтеріліп, 
кейбір  жерлері  қысқартылған  екен. 
Мәшһүр-Жүсіп  Көпеев  газеттің  сол 
жылғы  48-санында  жариялаған  бір 
мақаласында  бүл  өлеңде  „...  тек 
Қүнанбаевтардың  өмірі  мен  бай- 
лығын  суреттеуге арналған,  өлең ха- 
лықтың түрмысын  жақсарту  сияқты 
пайдалы  нәрсеге  шақырмайды"  деп 
сын  пікір  жазған.  Сондай-ақ  осы 
мақаласында  М.  Ж .  Көпеев  Абайды 
әкесі  Қүнанбай  өлгенде  ас  бермеді, 
қазақтың  бүрыннан  келе  жатқан 
әдет-ғүрпын,  дәстүрін  бүзды  деп 
кінәлайды.  Қүнанбай  асына  деп  ар- 
налған 
малдарын 
Абайдың 
сатқызып,  ақшасын  орыс  мектеп- 
терінде  оқитын  қазақ  балаларына 
бергізуді  Қүнанбайдың  басқа  бала- 
ларына да,  көршілес  елдерге де  үна- 
мағаны  С. 
Мүқановтың 
„Аққан 
жүлдыз“  кітабынан  белгілі1. 
Қазақтың  үлы  ақыны  Абай  өзінен 
бүрынғы  және  сол  дәуірдегі  ха- 
лықтың бай әдеби мүраларын,  соны- 
мен  бірге  шығыс елдерінен  ауысқан 
қисса-хикаяттарды 
немесе 
газет- 
журналдарда  басылған  шығар-ма- 
ларды жақсы білген,  кей сәтте өзінің 
творчествосында  пайдаланып  отыр- 
ған.  Мысалы,  Абай  „Дала  уалаяты 
газетінің1*  1895  жылғы  3-санында 
басылған  „Тәкаппар  әскер  басы  ту- 
расынан"  деген  аңыз  әңгіменің  сю- 
жетін  өзінің  „Ескендір"  поэмасына 
өзек  етіп,  одан  әрі  дамыта  баяндады 
дей  аламыз.
Македония  патшасы  Александр  Ма- 
кедонскийдің  (Ескендір  Зүлқарнай- 
ын)  шығыс  поэзиясында  мадақтап, 
қастерлеп жыр етсе,  газет бетінде ба- 
сылған  „Тәкаппар  әскер  басы  тура- 
сынан" 
деген 
әңгімеде 
оны 
дүниеқор,  мансапқор,  қанағатсыз, 
қанішер 
бейнесінде 
суреттеген. 
Әңгіме басталғаннан-ақ Ескендірдің 
кім  екені  белгілі  болып  қалады: 
„Бүрынғы  заманда  Македонияда  Ес- 
кендір  патша  болыпты.  Мәртебені 
бүл 
жақсы 
көреді 
екен, 
һәм 
қызғаншақ  екен“,  —  десе,  енді  бір 
жерінде  оның  жаугер  тәкаппар 
екенін:  „...Ескендірдің  көңілі  та- 
сып, 
тәкаппарлық 
кіріпті. 
Бүл 
соғысып  қаратқан  жайлары  тағы да
Мүқанов  С.  „Аққан  жулдыэа , 
Алматы, 
1967,  179-6
і

аз  болып  көрініп,  дүн и ен ің   барша- 
сын  қаратпаққа  ойланыпты"  — 
дейді.
М үнан  әр і  қарай  оқиға  дәлме-дәл 
Абай  жазған  „Ескендір"  поэмасын- 
дағыдай  өрбиді.  Бүл  екі  нүсқаның 
сюжеті  бір -бір ін е өте үқсас болумен 
қатар,  екеуіндегі  көптеген  сөздер 
тізбегі  да  қайталанып  отырады.
Шығыс  поэзиясында  Ескендір  пат- 
ша  білгіш тің  білгіші,  дананың  да- 
насы  ретінде  суреттеліп,  барша 
асыл  тас,  қымбат  мүліктен  титтей 
тастың  ауыр  болғанын,  бір  уыс  то- 
пырақты  үстіне  тастағанда  ғана 
ж еңілейіп, аспанға көтерілу себебін 
жүрттан 
бүрын 
білгендігін 
дәлелдей ді |
Ал  газет  бетіндегі  әңгімеде  шағын 
сүйектің 
жарықшағын 
таразыға 
салғанда  оны  толып  жатқан  қымбат 
дүние,  асыл тастар және Ескендірдің 
айбалтасы  да  баса  алмайды.  Сонда 
әскер  іш інен  бір  данышпан  жаңағы 
сүйектің  үстіне  бір  уыс  топырақ  са- 
лып  сүйек жағын  жоғары  шығарады 
да,  ол  сүйектің  көз  сүйегі  екенін, 
тіршілікте 
көздің 
тойымсыз* 
қанағатсыз  екендігін,  өлген  соң  бір 
уыс  топырақ  басқанда  бәрі  тәмам 
болатынына  философиялық  шешім 
айтады.  Абай поэмасын  білетіндерге 
мәлім, 
онда  да  Аристотель  осы 
шешімге  келіп,  Ескендірдің  көзін 
ашады. 
„Дала 
уалаятының 
га- 
зетінде“  басылған  „Тәкаппар  әскер 
басы"  турасынан  атты  аңыз  әңгіме 
сюжетінің осыған үқсас екендігі рас. 
Сюжетімен 
бірге 
тарихи 
адам 
жөнінде  жазылған  екі  шығарманың 
идеялық 
принциптерінің 
де 
үқсастығынан  еш бір  дау  жоқ.  Газет 
бүл аңыз әңгімені  1895  жылы жари- 
яласа,  „Ескендір"  поэмасын  Абай- 
дың  1900  жылы  жазғаны  туралы 
дерек  бар *.
Александр  Македонскийдің  дүни- 
ежүзін  жаулап  алуына  арналған, 
оның  шапқыншылық  мақсаттарын 
мадақтаған  дастандардың  ішіндегі 
көрнектілері  —  Азербайжан  халқы- 
ның  үлы  классигі  Низамидің  „Ис- 
кандринаме" 
'  поэмасы, 
өзбек 
классигі  Науаидің  „Садди  Исканд- 
рий"  поэмасы,  тәжіктің  үлы  ақыны
Фердоусидің  „Шаһнаме"  эпопеясы- 
ның бір  бөлімі.
Бүлар  туралы  М.  О.  Әуезов  „Бүлай 
бір 
тақырыптың 
әр 
ақында 
қайталануы  ешуақытта  аударма  деп 
танылуы  керек  емес.  Ол  өзінш е  бір 
қайта жырлау,  тыңнан толғау,  неме- 
се ақындық шабыт шалым сыналып, 
жырмен  жырлау  есепті  бір 
с а л т " ^  
деген  сөздерін  еске  ала  отырып, 
шығыс  әдебиетінен  алынған  бүл 
нүсқаларды гіемесе олардың вариан- 
ттары  ретінде  бағалауымыз  керек. 
Ескендірге арналған аңыз әңгім енің 
басқа  бір  нүсқасын  Д.  И.  Эварниц- 
кий  Сырдария  маңында  түратын 
Қолдарбай  деген  қазақтан  жазып 
алып,  газетгің  1895  жылғы  5-санын- 
да  жариялатады.
19  ғасырдың басынан татар баспаха- 
наларынан  шыққан  ислам  дінін 
уағыздаушы 
кітаптармен 
бірге 
шығыстың 
классик 
әдебиет 
нүсқалары  да  ел  іш іне  тдрай  бас- 
таған.
Бүл  шығармалардың  көпшілігшің 
сюжеті 
араб 
аңыздары 
негізіне 
қүрылғанымен  оларда  жалпы  адам- 
гершілік, сүйіспеншілік мәселелерін 
қазақ  топырағына  лайықтап,  жаңа 
арнамен  қайта жырлау тәсілі  көптеп 
қолданылады.
Шығыстың 
осы 
классикалық
| Н
әдебиетінен 
ауысқан 
аңыз- 
әңгімелерден  кейбір  үзінділер  мен 
халық 
арасына 
кең 
тараған 
нүсқалары  сол  кезде  шығып  түрған 
қазақ  газет-журналдарының  бетінде 
басылды.  „Мың бір  түн",  „Бозжігіт”, 
„Шаһнаме", „Фархат-Шырын" секіл- 
ді  көптеген  жыр,  әңгімелерді  газет 
бетінен  молынан  көреміз.
„Дала 
уалаяты 
газетінің" 
1895 
жылғы  4 1 -50-сандарында  „Мың  бір 
түннің  хикаясы"  атты  өлеңмен  ба- 
сылған  нүсқаның  орны  ерекше.  Бүл 
арабтың 
„Мың 
бір 
түн'1 
ер- 
тегілерінен 
келтірілген 
үзінді 
болғанымен  қазақ  халқының  ауыз 
әдебиеті 
нүсқаларымен 
орайлас, 
үйлесімді,  қиялшыл,  әсірелі  тамаша 
көркем  шығармалардың  бірі.
О  баста  Дешті  Қыпшақ  арасында 
кең  тараған,  кейін  қазақ,  башқүрт, 
татар,  өзбек  халықтарының  төл  ту-
Лбай 
Қ ұнанбаев. 
Шьіғармаларынын 
толық 
жинағы.  Ллматы,  1948,  457-6. 
Әуезов 
М.,  Әр  жылдар 
ойлары.  Алматы, 
1959,  150-6.
і
12

ындысындай  болып  кеткен  сюжеті 
шығыс  халықтарының  көбіне  ортақ 
„ Бозжігіт" дастанының бір нүсқасын 
ғалым А.  В.  Васильев  „Дала уалаяты- 
ның  газетінің"  1900  жылғы  26-30, 
3 7 -сандарында,  1901  жылғы  2-,  18-, 
20-,  24-26-сандарында  қазақ,  орыс 
тілдерінде  қатар  жарияланды.  Сол 
жылы ол Орынбор қаласында баспа- 
дан  жеке  кітап  болып  шыққан. 
Алғаш  рет  1870  жылы  Радлов  жи- 
нағында  басылған*  нүсқасынан  ба- 
стап,  „Бозжіпт" дастаны бүдан кейін 
Қазан  қаласында  жеке  кітап  болып 
шықты.  Сонымен  бірге  хнссашыл 
ақын 
Ақылбек 
Сабалүлы 
өңдеп 
қайта  жырлаған  нүсқасы  Қазан 
қаласында  1911  жылы  жарияланды. 
„Бозжігіт"  жырының  қай  нүсқасын 
алсақ та олардың сюжеті үқсас,  яғни 
Бозжігіт  пен  Қарашаштың  шынайы 
махаббаты  адамға  қатты  әсер  етеді, 
көбінесе  аянышты  болып  келеді. 
Әсіресе  Қарашаш  сүлудың  бейнесі 
өте  сәтті  шыққан.  Шығыс  дасганда- 
рының  көбіне  ортақ тәсіл — екі  жа- 
стың бірін-бірі түсінде көріп,  ғашық 
болуы,  оқиға  желісінде  өз  бақыты 
үш ін  күресулері,  сүйгені  үшін  бай- 
лықтан  да,  мансаптан  да  бас тартуы 
айна  қатесіз  қайталанады.  Бозжігіт 
қазаға  үшыраған  шақта  бойжеткен 
оның басына там түрғызып, ежелден 
келе  жатқан 
ғашықтар  дәстүрін 
бүзбай,  өзіне  қол  жүмсап  о  дүниеге 
сүйгенімен  бірге  қүшақтасып  атта-
нады.
Діни аңыздарда көп кездесетін Дәуіт 
патшаның  баласы,  біздің  эрамызға 
дейін  9 6 0 -9 3 5   жылдары  көне  еврей 
жүртының  патшасы  болған  Сүлей- 
меннің  (тауратша  Соломонның)  да- 
нышпандығын 
дәріптейтін 
аңыз 
әңгімелер  де  газетте  молынан  ба-
сылған.  Солардың бірі  „Дала уалая- 
тының 
газетінің" 
1888 
жылғы 
17-санында жарияланған сюжеті  ба- 
тыстық  болғанымен, 
шығыс  ел- 
деріне  кең  тараған  Соломонның 
кедей  қызы  Суламиске деген  махаб- 
баты,  Соломонмен  білім таластыруы 
суреттеледі.  Осы  аңыздың  сюжеті 
негізінде  А.  И.  Куприн  „Суламиф" 
әңгімесін жазған  болатын. Аңыздың 
сюжеті  неміс  жазушысы  Поль  Гей- 
зен ің  
кітабынан 
алынғандығы
жөнінде  газетге  сілтеме  бар.  Поль 
Гейзе  кім  десек,  ол  Хейзе  Пауль 
(1830-1914),  кейін  Нобель  сый- 
лығының  лауреаты  болған  драма- 
тург  жазушы.  Оның  осы  күні  де 
маңызын  жоймаған  көркем,  тарихи 
пьесалары  театр  репертуарларынан
түспей жүр.
1889  жылғы  N 4  әдеби  қосымшада 
басылған  „Соломон  патша"  деген 
аңыздың  сюжеті  „Мың  бір  түн"  ер- 
тегісінде 
де, 
Фердоусидің 
„Шаһнаме"  эпопеясында  да  кезде- 
седі.  Газетгің  сол  жылғы  N 3  әдеби 
қосымшасында  басылған  аңыз  ер- 
тегіде  әйелінің  сөзіне  ерген  Сүлей- 
мен 
патша 
дүниедегі 
барша 
қүстардың 
сүйегінен 
сарай 
соқтырмақшы  болғаны,  кішкене қүс 
байғыздың 
ақылы, 
парасаты 
арқасында  ол  ниетінен  тиылып,  өз 
қатесін 
мойындағаны 
айтылады. 
Бүлардан  басқа да  Сүлеймен патша- 
ның  атына  байланысты  аңыз  ер- 
тегілер  көп  кездеседі.  Шығыстың 
осындай  классикалық  әдебиетінен 
алынған 
аңыз 
әңгімелердің 
үзінділерін,  немесе  халық  арасына 
кең тараған  нүсқаларының әр  түрлі 
вариантгарын газет бетінен көп  кез- 
дестіреміз.
Қазақ ертегілерін  зертгеу  халықтың 
осы ауыз әдебиетін жинап,  жарияла- 
удан  басталады десек  қателеспейміз. 
Қазақ  тіліндегі  нүсқасымен  қатар, 
олардың  аудармасы  орыс  тілінде  де 
беріліп  отырды.  Бүл  ертектерді  жи- 
нап бастырған орыс ғалымдары А.  Е. 
Алекторов,  А.  А.  Ивановский,  М. 
Бельский,  М.  Миропиев  және  т.  б. 
қатар  сол  кездегі  қазақтың  зиялы 
азаматтары Бөкен Адықов,  Жағыпар 
Айманов,  М әшһүр-Ж үсіп  Көпеев, 
Қорабай Жапанов,  Бодаубек Райым- 
беков, 
Ташмүхамед 
Сейфуллин, 
Рақымжан  Дүйсембаев  т.  б.  еді. 
Бүлардың  кейбірі  халық  аузынан 
жазып  алған  ертегілердің  соңына 
жинап, 
бастырушы 
ретінде 
өз 
қолдарын  қойған  екен.  Ал  енді 
біреулері  кімнен  қай  жерде  жазып 
алғанын  көрсетпестен  шығарманы 
оған  халық ауыз  әдебиеті  деп  қарап 
өз атынан бастырыпты. Қалай деген- 
мен де  біз  оларды  ертегілерді  жина- 
ушы,  зертгеуші  деп  білеміз.  Алуан
і
Радло* 
В.  В.  Обрааиы  ндродиом литературы 
тюркских  племсн, 
жиаущих  Южиой  Сибири  и 
Джунгарской  степи, 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет