101
жакты бейнелеу. Топографиялық картада арнаулы шартты белгілермен
жердің барлық бөлшектерінің (бедері мен заттардың) орналасуы мен
өзара байланысы көрсетіледі. Топографиялық картаны командирлер
мен барлық дөрежедегі штабтар ұрысты дайындау, ұйымдастыру, әр
түрлі міндеттерді орындау барысында, сондай-ақ қарсыластар мен өз
әскерлері туралық, кабылданған шешімдер мен жауынгерлік
бүйрықтар туралы мөліметтер бейнеленген құжат ретінде кеңінен
қолданады. Карта бойынша жергілікті жерді бағалауға, қозғалыс
бағытын зерттеуге, қашықтықты, бұрышты, алаңдарды, биіктікті,
кеңістікті анықтауға байланысты міндеттер орындалады, ұрыстағы
нысаналар мен ракеталардың, артиллерияның, т.б. ұрыс тәртібі
анықталады. Топографиялық карталар жалпы мемлекеттің, елдің
қорғаныс қажеттілігін қамтамасыз ету үшін де, халық шаруашылығы
үшін де қажет.Топографиялық карта көмегімен орындалатын
міндеттердің сан алуандығы әр түрлі масштабтағы карталардың
болуын керек етеді.
Жалпы географиялық карта негізінде тақырыптық карталар
жасалады. Мысалы, климаттық белдеулер картасы, тектоникалық
карта және т.б. Тақырыптық карталардың мазмұны жалпыгеографиялық
карталарға қарағанда кеңірек, үлкен көлемді қамтып, әртүрлі
мәліметті береді. Кез келген тақырып картографиялық әдістердің
көмегімен толық ашыла алады.
Тақырыптық карталар – белгілі бір тақырыпқа байланысты
(тақырыпты, объектті, құбылыс, сала) немесе бірнеше тақырыптың
үйлесуін көрсететін карта. Тақырыптық карталар табиғи (физико-
географиялық) және қоғамдық (саяси-экономикалық) құбылыстарға,
сонымен қатар олардың әрекеттесуіне байланысты бөлінеді. Табиғи
және қоғамдық құбылыстар жөніндегі барлық мәліметтер оның
тақырыбына байланысты белгіленіп, оның арнайы мазмұнына ие
болады.
Тақырыптық карталар өзінің тақырыбының мөлшеріне байланысты
– жалпы (үлкен тақырыптарға байланысты) және жеке немесе салалық
(шағын ғана тақырыпқа байланысты) деп бөлінеді.
Карталар Жер туралы ғылым салаларындағы әр түрлі мәселелерді
шешу үшін арналған. Қазір картасыз ешқандай жұмыстар жүргізіле
алмайды.
Бұл карталарды екі топқа бөлуге болады: қоғамдық және табиғи
құбылыстар картасы.
Достарыңызбен бөлісу: