Қ. Т. Сапаров г.ғ. д., С. Торайғыров ат



Pdf көрінісі
бет113/151
Дата07.01.2022
өлшемі5,58 Mb.
#19097
1   ...   109   110   111   112   113   114   115   116   ...   151
Сапалық-фон тәсілі 
Бұл  әдіс  Жер  бетінде  тұтасып  тараған  (мыс,  ландшафт)  және 
айтарлықтай ауданды алып жатқан (мыс, топырақ жамылғысы) немесе 
жаппай  тараған  (мыс,  халық)  құбылыстардың  сапалық  сипатын 
бейнелеудің  картаға  түсіру  әдісі.  Картада  сапалық  фонды түрлі  түсті 
немесе  штрихты  сызықпен  бейнелейді.  Кей  жағдайларда  олардың 
екеуіде  бірге  қолданылады.  Картада  сапалық  фонды  қолдану  оңай 
болуы үшін оларды әдетте индекспен белгілеп көрсетеді. Ол картаның 
легендасында  жазылады.  Қолдану  аясы:  саяси,  экономикалық, 
геологиялық, тектоникалық, топырақтық т.б карталар. 
 
 
 
2-сурет. Сапалық фон 
 
Нүктелік тәсіл.  
Бұл  тәсілде  құбылыстың  жайғасуы  сандық  мәнімен  қоса 
сипатталады.  Жайғасу  жағдайы  нүктеленген  орынның  мөлшерлігіне 
сай келеді де, әрбір нүкте өзіне тән сандық мәнге – «салмаққа» ие. 
Мысалы, 
– ауыл  шаруашылығы  картасында  нүктеленетін  қара  малдың 
жайылымды жайғасуындағы әрбір нүкте – мол басының атаулы саны; 
– тұрғындар картасындағы әрбір нүкте – тұрғындардың саны.
 
Егер карта бетінде картографияланатын құбылыстың әр түрлерін 
бейнелеу  қажет  болса,  онда  түрлі-түсті  нүктелеулерді  қолданады. 
Мысалы, жер пайдалану картасындағы жеке дақылдар мен егістіктердің 
жайғастырылуы немесе тұрғындар картасындағы тұрғындар санының 
ұлттық нәсілі бойынша таралуы. 
Нүктелеулермен құбылыстың динамикасын да сипаттауға болады. 
Мысалы, егістік алаңдардың ұлғаюы, қара мал басының молаюы. 


 
107 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   109   110   111   112   113   114   115   116   ...   151




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет