Қ. Т. Сапаров г.ғ. д., С. Торайғыров ат


Топографиялық түсірілімге қамтылатын шаралар



Pdf көрінісі
бет51/151
Дата07.01.2022
өлшемі5,58 Mb.
#19097
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   151
Топографиялық түсірілімге қамтылатын шаралар:  
– түсіру торабын құру; 
– геодезиялық  пункттерден  және  түсіру  желісі  нүктелерінен 
жергілікті  жердегі  заттардың  орындарын  анықтау  және  оларды 
шартты  белгілермен  планшетке  түсіру  масштабына  сәйкес 
дәлдікпен және толықтығымен салу;  
– жергілікті жердің бедерін горизонтальдармен бейнелеу;  
– картада  көрсетілетін  жергілікті  жердегі  кейбір  нысандардың 
сипаттамаларын: құдықтар, ағаштар белгілеу 


 
44 
Топографиялық  түсіріс  аэрофототопографиялық,  мензулалық 
және  фототеодолиттік  түрлерге  бөлінеді.  Аэрофототопографиялық 
түсіріс кезінде аталған жұмыстардың біршамасы фотограмметриялық 
аспаптарда  камералық жағдайда  орындалады.  Топографиялық  түсіріс 
нәтижелерінің  планшеттері  түсіріс  масштабында  шығарылатын 
топографиялық  карталарды  жасаудың  түпнұсқасы  немесе  ұсақ 
масштабтағы  картаны  жасау  үшін  негізгі  материал  болады. 
Инженерлік  құрылыстар  үшін  орындалатын  тахеометриялық  және 
теодолиттік түсірістер инженерлік геодезия саласына жатады.  
Топографиялық  түсіру  (Топографическая  съемка)  –  жергілікті 
жердің  жоспары  мен  топографиялық  картасын  жасау  кезіндегі 
орындалатын жұмыс кешені. Түсіру желісінің дамуы (тірек нуктелерінің 
жоспарлы  және  биіктік  қалпын  анықтау);  егжей-тегжейлі  түсіру 
(жергілікті  жердің  элементтері  мен  объектілерінің  жоспарлы  қалпы 
мен  биіктігін  анықтау,  жергілікті  жер  объектілерінің  өз  атауларын, 
олардың  сандық  және  сапалық.  сипаттарын  белгілеу,  топографиялық 
шартты белгілермен түсіру немесе кұру түпнұскасын сызу.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   151




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет