Қ. Т. Сапаров г.ғ. д., С. Торайғыров ат



Pdf көрінісі
бет90/151
Дата07.01.2022
өлшемі5,58 Mb.
#19097
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   151
 
18.1 Цилиндрлік проекция 
Цилиндрлік  проекциялар  –  параллельдер  (альмукантараттар) 
параллель түзулер болып, ал меридиандар (вертикальдар) параллельдерге 
(альмукантараттар) перпендикуляр тең қашықтықтағы түзулер болып 
бейнеленетін  картографиялық  проекциялар.  Цилиндрлік  проекцияда 
параллельдер  мен  меридиандар  көп  жағзайда  бір-  біріне  тікбұрыш 
жасап орналасады. Цилиндрлік проекциялар дүниежүзілік карталардың 
барлық түрін жасауда кеңінен пайдаланылады. 


 
83 
1.  Тура  жанама  цилиндрдегі  квадраттық  цилиндрлік  проекция. 
Осы  проекция  перспективті  емес  проекция,  оны  құру  кезінде 
меридиан  бойындағы  масштабы  бас  масштабтардан  ерекшеленбеуі 
керек.  Бұл  жағдай  қиылысқан  кезде  дұрыс  және  шамасы  бірдей 
квадраттар  құрайтын  өзара  перпендикуляр  сызық  тура  тор  құру 
арқылы 
жүргізіледі. 
Алынған 
картографиялық 
тордың 
бұрмаланушылықтары  болуы  мүмкін.  Барлық  түрлерінің  нольдік 
бұрмалану сызығы – экватор; Сызықтардың бас масштабы сақталады. 
2.  Тура  қиып  өтетін  цилиндрдегі  тік  бұрышты  цилиндрлік 
проекция.  Бұл  проекцияның  алдынғысынан  ерекшелігі  бұның  бас 
масштабы  ендікті  қиып  өтетін  паралель  сақталады.  Осы  проекцияда 
құрылған  әлемдік  карта  квадраттық  проекцияға  қарағанда 
бұрмаланушылық  аз  болып  келеді.  Проекция  ежелгі  грек  философы 
Анаксимандр  мен жасалған.  Қазіргі  кезде  кейбір  әлемдік  карталарды 
жасауда қолданылады. 
3.  Жанама  цилиндрдегі  Меркатордың  қалыпты  тең  бұрышты 
цилиндрлік  проекциясы.  Оның  негізінде  тең  бұрыштылық  қасиет 
жатыр. Барлық басқа түрлерінің нольдік бұрмалану сызығы – экватор 
болып  келеді.  Экватордан  ұзарған  сайын  бұрмалану  көбейеді.Бұл 
перспективті  емес  проекцияны  1569  жылы  Герарк  Кремер  жасады. 
Бұл проекциялар теңіз карталарын жасау үшін кеңінен қолданылады. 
Өйткені  картографиялық  проекцияға  картографиялық  тор  кез-келген 
бағытта локсодромиялы тура сызық етіп көрсетеді. 
4.  Н.Н. Урмаевтің  қалыпты  еркін  цилиндрлік  проекциясы.  Бұл 
проекцияны  Урмаев  1949  жылы  жасады.  Онда  меридиан  паралель 
арасында  аралықтар  экватордан  бастап  өседі,  бірақ  Меркатор 
проекциясы  сияқты  созылмайды,  соның  арқасында  ауданы  аз 
бұрмаланады.  Қасиеттер  жиынтығы  бойынша  бұл  еркін  проекция 
жиынтығы  болып  келеді.  Осы  салынған  проекцияда  сызылған 
карталарда сағаттық белдеулер қолданылған. 
5.  М.Д. Соловьевтің  қисық  еркін  проекциясы.  Бұл  проекцияда 
картографиялық  тор  қисық  қиып  өтетін  цилиндрдегі  есептеулер 
арқылы  құрылады.  Қиып  өту  сызығы  немесе  шар  бетіндегі  кіші 
шеңбер  бойынша  100  градус  батыс  бойлық  қиылысу  нүктесінде  60 
градус солтүстік ендік паралель жанасады. Цилиндр осі глобус осімен 
15 градус бұрыш жасайды. 
Нүктелердегі  масштабтар  мен  бұрыштардың  бұрмаланулары  тек 
қана ендікке (зениттік кашықтыққа) байланысты, сондықтан олардың 
изоколдары параллельдермен сәйкес келетін түзулер түрінде болады. 
Цилиндрлік  проекциялар,  әдетте,  үлкен  шеңбер  доғасын  бойлай 
созылған аумақтардың карталары үшін қолданылады.  


 
84 
Жасаушыны  (түзу  немесе  қисық  сызықты)  тұрақты  осьтен 
айналдырғандағы  қозғалыс  траекториясынан  пайда  болатын  беттерді 
айналу  беттері  деп  атайды.  Жасаушының  әрбір  нүктесі  центрі  осьте 
болатын шеңбер сызады. Бұл шеңберлер параллелельдер деп аталады. 
Ең үлкен параллель экватор, ал ең  кіші параллель мойын Айналу осі 
арқылы  өтетін  жазықтықтың  айналу  бетімен  қиылысу  сызығы 
меридиан  болады.  Ось  арқылы  өткен  қиюшы  жазықтық  деңгейлік 
болғанда ,айналу бетімен қиылысуының проекциясы басты меридиан 
болып  шығады.  Айналу  беттері,  өздерін  құрайтын  геометриялық 
фигуралардың  проекцияларымен  бір  мәнді  анықталатындай  болу 
керек.  Сондықтан  көпшілік  жағдайда  айналу  денелерін  олардың 
осьтерінің  проекцияларымен  басты  меридианы,  ал  екіншісінде 
экваторы көрсетеді. 
 
 
2-сурет. Цилиндрлік проекцияның құрылуы 
 
Проекциялаушы түзулер айналу денесінің кенер сызығы арқылы 
өтіп,  денені  қаусыра  орап  өтетін  проекциялаушы  бет  құрайды.  Бұл 
проекциялаушы  беттің  проекция  жазықтығымен  қиылысуынан  әлпет 
шығатынын білетінбіз.  Осыдан әлпеттің  кенер сызығының проекциясы 
екенін  көреміз.  Дененің  фронталь  әлпеті  басты  меридианмен 
беттеседі,  ал  горизонталь  әлпеті  экватор  сызығының  горизонталь 
проекциясында жатады. 


 
85 
Цилиндр.  Жаушы  оське  параллель  түзу  болса,  онда  цилиндрлік 
бет шығады. Цилиндрлік бетті қиятын өзара параллель екі жазықтықтың 
арасындағы бөлігі цилиндр болады. Айналу осінің табан жазықтығына 
қарағанда  қалай  орналасқанына  байланысты  тік  немесе  көлбеу 
цилиндр деп бөлінеді. 
Табаны  дөңгелек  болатын  көлбеу  цилиндрдің  роекцияларын 
салайық. Н жазықтығында жататын табанының горизонталь проекциясы 
және  айналу  осі  мен  жоғары  табанының  центрі  берілген.  Табандары 
өзара тең дөңгелектер болғандықтан, жоғары табанының проекцияясы 
оңай  салынады.  Дөңгелектерге  жанама  болатын  түзулер  жүргіземіз. 
Бұл  цилиндрдің  бүйірбетіндегі  кенер  сызығының  проекциясы,  яғни 
проекциялаушы қаусырма беттің цилиндр бетімен жанасу сызығының 
горизонталь проекциясы (горизонталь әлпет). Проекциялық байланыс 
сызықтарын  жүргізіп,  табандарды фронталь  проекцияларын  саламыз. 
Енді  EF  және  CD  жасаушыларының  Е  ”  F”,C  ”  D”проекцияларымен 
кескіндесек  онда  цилиндрдің  сызбадағы  көрнекілігі  төмен  болар  еді. 
Сондықтан  цилиндрдің  фронталь  проекциясын  фронталь  әлпетімен 
кескіндеу тиімді.  
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   151




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет