32
Полигонометрия. Жер танабында сынық сызықты көпбұрыштар
(тұйықталған немесе тұйықталмаған) құрылып, оларда барлық жазық
бұрыштар мен қабырға ұзындықтары өлшенеді. Бұдан соң олар
геодезиялық полигон деп аталады. Бастапқы пункттің белгілі
координаталары мен байланыстырушы қабырғаның дирекциондық
бұрышы бойынша ТГЕ шығарылып басқа пункттердің X, Y
координаталары табылады.
Трилатерация. Бұнда да жер бетінде үшкілдер торы құрылып,
бұларда қабырғалардың ұзындықтары өте жоғары дәлдікті
дальномермен (алысты өлшеуіш) өлшенеді. Үшкілдердің ішкі жазық
бұрыштары тангенстер (немесе косинустар) жартылай бұрыштарының
теоремасымен есептеліп табылады. Тағы да ТГЕ шығарылуын
қолданып барлық пункттердің X, Y координаталары айқындалады.
Биіктік геодезиялық тор. Оның атқаратын міндеті топографиялық
түсірімдеулерді тіректік биіктіктермен негіздеу. Тордағы пункттер
3-5 км сайын жиілікпен жер қыртысында немесе тас бетон ғимараттың
қабырғасында реперлер және маркалармен бекем бекітіледі.
Мемлекеттік нивелирлеу жоғары дәлдікті аспаптармен орындалады
да, 4 класқа бөліктенеді. Бұларға тән сипаттама мынадай:
Басты көрсеткіштер
Триангуляция кластары
1
2
3
4
Нивелирлік
полигондардың өлшемі
(тұйықталған
полигондардың
периметрі), км
Жеке желілер
немесе
полигондар
500-600
150-200
150-200
Нивелирлеудің 1 км
желісіне тиісті қателігі,
мм
Кездейсоқ
≤+0,5 ≤+1
жүйелі
≤+0,03 ≤+0,2
Полигондардың немесе
тұйықталған желістердің
шекті үйлесімсіздіктері,
мм
-
5√L
км
10√L
км
20√L
км
L
км
– желістің ұзындығы, км
Достарыңызбен бөлісу: