Аэрофотосуреттерді өндеу кезіндегі колданылатын аспаптарға байланысты стереотопографиялық әдіс екі тәсілге:
әмбебап
дифференцияланған
Әмбебап тәсілде аэрофотосуреттерді пландарға түрлендірудің
барлық процестері, соның ішінде контурларды және бедерді түсіруді
бір аспаппен орындауға мүмкіндік беретін аспап типтері пайдаланылады.
Осындай аспаптар әмбебап деп аталады. Дифференцияланған тәсілде
бірнеше аспап пайдаланылады, олардың әрқайсысы қандай болса да
бір процесті ғана орындауға арналған: мысалы, тірек нүктелері
торабын жиілендіру үшін – стереокомпаратор, жер бедерін сызу үшін
стереометр, планшетке контурларды және жер бедерін көшіру үшін
проектор немесе трансформатор қолданылады. Стереотопографиялық
әдіс қазіргі уақытта топографиялық карталарды жасаудың негізгі әдісі
болып саналады.
Стереотопографиялық өдісті жергілікті жердің барлық элементтері
камералы фотограмметриялық аспаптарда құрылады. Аралас әдісте
картаның контурлы бөлімі аэрофототүсіру арқылы, ал жер бедері
мензулалы түсіру төсіддері арқылы құрылады. Аэрофототопографиялық
түсіру 1:10 000 - 1: 100 000 масштабтағы топографиялық карталар
жасау кезінде қолданылады.
Қазіргі таңда картографияда аэрокосмостық суретке түсіру кең
қолданысқа ие болды. Космостық түсірулердің жаңа әдістері жер
бедерінің жай-күйін, табиғи процестер мен құбылыстардың динамикасын,
табиғи ресурстардың орналасуы жайлы жан-жақты мәліметтерді
береді. Алынған мәліметтердің нақтылығы жоғары. Аэрофотосуреттер
сияқты космостық түсірулер жергілікті жердегі нысандар жайлы
жалпы және жеке мәліметтер береді.