69
болады. Бұл биіктіктегі айырмашылықты кішкентай шардың бетіне
бейнелеу мүмкін болмағандықтан, глобус бетінің тегіс болуы
айқындалған.
3. Егер бглобусты шар деп алсақ, оның осьтары барлық бағытта
бірдей болады, ал меридиандар мен параллельдер – шеңбер бойымен
сәйкес болады. Мұны оңай түсіндіруге болады: шар бетінің кез келген
бағыттағы жазықтықпен түйісу сызықтары – шар тәрізді. Егер түйісу
жазықтықтағы Жердің ортасы арқылы өтсе, үлкен шеңбер пайда
болады. Үлкен шеңберлер болып меридиан және экватор сызықтығы
алынған. Барлық меридиандардың радиусы бір-біріне тең болып
келеді.
Егер шарды бөлетін жазықтық Жердің ортасы арқылы өтпесе,
онда жазықтықпен түйіскен сызықтар кіші шеңбер құрайды. Экватордан
басқа параллельден – кіші шеңбер болады. Оның радиустары
экватордан полюске таман азая түседі.
4. Меридиан мен параллельдер арасындағы бұрыштар –
глобустың кез келген нүктесінде түзу болады, яғни жер бетінің
арасындағы бұрыштарына сәйкес болады.
5. Глобус масштабы кез келген нүктеде бірдей болады, сондықтан
меридиандар арасындағы параллельдердің қашықтығы және бір
параллельде орналасқан меридиандар бір-біріне тең. Глобустың
масштабтарының тұрақтылығы қателіктер, яғни бұрмаланулар
болмайтынын көрсетеді.
6. Бұрмалану жоқ болғандықтан, глобус бетінде кез келген
фигураны көрсете алады. Сол себепті глобуста объектілердің пішіндері,
бейнесі бұрмаланусыз беріледі – теңіз, материктер, мемлекеттер,
ормандар т.б.
7. Глобустағы кез келген нүктелердің сызықтарының ұзындығы
мен
бұрыштарының
бұрмалануы
болмағандықтан,
олардың
аудандарында да қателік болмайды.
Глобусты пайдалану бүкіл Жер бетін көруге ыңғайлы. Глобустан
көрінгендіктен материктер мен мұхиттардың байланысы, олардың
орналасуы, өлшемдерінің ұқсастығы, полюстер мен экватордан
қашықтығын есептеуге болады.
Достарыңызбен бөлісу: