85
Цилиндр. Жаушы оське параллель түзу болса, онда цилиндрлік
бет шығады. Цилиндрлік бетті қиятын өзара параллель екі жазықтықтың
арасындағы бөлігі цилиндр болады. Айналу осінің табан жазықтығына
қарағанда қалай орналасқанына байланысты тік немесе көлбеу
цилиндр деп бөлінеді.
Табаны дөңгелек болатын көлбеу цилиндрдің роекцияларын
салайық. Н жазықтығында жататын табанының горизонталь проекциясы
және айналу осі мен жоғары табанының центрі берілген. Табандары
өзара тең дөңгелектер болғандықтан, жоғары табанының проекцияясы
оңай салынады. Дөңгелектерге жанама болатын түзулер жүргіземіз.
Бұл цилиндрдің бүйірбетіндегі кенер сызығының проекциясы, яғни
проекциялаушы қаусырма беттің цилиндр бетімен жанасу сызығының
горизонталь проекциясы (горизонталь әлпет). Проекциялық байланыс
сызықтарын жүргізіп, табандарды фронталь проекцияларын саламыз.
Енді EF және CD жасаушыларының Е ” F”,C ” D”проекцияларымен
кескіндесек онда цилиндрдің сызбадағы көрнекілігі төмен болар еді.
Сондықтан цилиндрдің фронталь проекциясын фронталь әлпетімен
кескіндеу тиімді.
Достарыңызбен бөлісу: