• тапсырысты орындауға дайындалу



Дата22.06.2023
өлшемі18,13 Kb.
#102957
Байланысты:
17 билет


17. Автоматтандырылған ақпараттық жүйелер: Автоматтандырылған ақпараттық жүйелердің өмірлік циклі
Кез келген ақпараттық жүйенің тіршілігі мынандай негізгі кезеңдерден өтеді: жобалау, пайдалану, тозу (ескіру) жəне бөлшектеу. Осы факторлардың жиынтығы жүйенің өмір циклін құрады. Ақпараттық жүйелердің өмір циклі қазіргі уақытта ISO/ IEC 12207 сатандартында белгіленеді. Осы стандарт субъектілер жинағын – өмір циклінің əр кезеңіндегі қатысушыларды белгілейді. Стандартта өмір циклінің моделі жалпы түрде үш кезеңге бөлінеді: жүйені əзірлеу, пайдалану, бөлшектеу. Әр кезеңде белгілі бір элементтер ажыратылады
Жүйенің өмір циклі уақты ішінде өтетін бірқатар үдерістерді қамтиды. ISO 12207 стандартында мынандай үдерістер белгіленген: жүйеге тапсырыс беру, жүйені тұтынушыға жеткізу, жүйені əзірлеу, пайдалану үдерісі, соның ішінде жүйені сүйемелдеу. Жүйеге тапсырыс беру мынадай жұмыстарды орындауды көздейді:
тапсырысты орындауға дайындалу;
• мердігерлікке өтінімді дайындау;
• шартты дайынау жəне түзету;
• жеткізушіні бақылау;
• шарттарды қабылдау жəне жабу.
Бұл ретте тапсырыс беруші тəуекелді жəне құндық шығындарды есепке ала отырып, ең оңтайлы таңдау жасау мақсатында тапсырысты іске асыру нұсқаларын қарап шығу қажет екендігі белгіленеді. Мынандай нұсқаларды талдап шығу ұсынылады: белгілі бір талаптарға сəйкес келетін дайын жүйені сатып алу; жүйені өз күшімен əзірлеу; жүйені шарттық негізде əзірлеу; қолданыстағы жүйені жаңғырту. Дайын бағдарламалық өнімді сатып алған кезде мынандай шарттарға назар аудару қажет: жүйе қойылған талаптарға сай; тиісті құжаттамасы бар; меншік, пайдалану, лицензиялау жəне кепілдік беру құқықтары сақталған; жүйені кейіннен қолдау көзделген. Тапсырыс беруші тапсырыс жоспарын дайындауға, құжаттық рəсімдеуге жəне орындауға тиіс.
Жоспарда:
• жүйеге қойылатын талаптар;
• жүйенің жоспарланатын жүктемесі;
• іске асырылатын шарттың түрі;
• шартқа қатысатын ұйымдардың міндеттері;
• шартты іске асыру тəсілдемелерін қамтамасыз ету;
• ықтимал қатерлі оқиғаларды талдау, сондай-ақ осындай оқиғаларды басқару əдістері болуы тиіс. Тапсырыс беруші жүйеге қойылатын талаптарды құжаттық рəсімдеуге тиіс. Талаптар енгізілген құжаттама жүйеге қойылатын негізгі талаптарды қамтуы тиіс: жүйені қолдану саласының сипаттамасын; бағдарламалық өнімдер тізімін; тапсырысты іске асыру мерзімдері мен шарттарын; техникалық шектеулерді. Жүйені тұтынушыға жеткізу мынандай жұмыстарды орындауды көздейді: • жүйені əзірлеуге дайындалу; • шартты дайындау; • жұмыстарды жоспарлау; • орындау жəне бақылау; • тексеру жəне бақылау;

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет