0 " " сыныпқа арналған тәрбие жоспары


Күні Класс жетекші



бет5/25
Дата29.11.2022
өлшемі0,7 Mb.
#53565
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25
Байланысты:
5 сынып 22-23

Күні




Класс жетекші:




Класс:

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы: Эпиграфтар (тақырып мазмұнын ашатын)




Сабақтың мақсаты:

Оқушыларға Ұлыстың ұлы күні туралы және дүниежүзі халықтарының Наурыз мерекесін тойлауы туралы толық мағлұмат беру, халқымыздың салт – дәстүрін, әдет – ғұрпын үйрете отырып,



Құндылықтарды дарыту

Наурыз” қазақтың ұлттық мейрамы екенін ашып көрсету.

Ресімдеу

Слайд,презентация

Музыкалық және бейне көркемдеу

интерактивті тақта, слайд

Үлестірмелі материалдар

мақал – мәтелдер жазылған плакаттар, нақыл сөздер жазылған плакат, слайдтар, ұлттық киімдер, ұлттық тағамдар . нақыл сөздер жазылған плакат, слайдтар, ұлттық киімдер, ұлттық тағамдар .

Тақырыптық көрмелер мен ақпараттық стендтер

Презентация

Дайындыққа арналған әдебиет

Интернет материалдары



Сабақтың барысы




Сабақтың кезеңі/ уақыт

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Ресурстар
Сабақтың техникалық құрал-жабдықтары

Ұйымдастыру кезеңі (7 мин)



Наурыз тойы – береке,
Наурыз тойы – жыр, аңыз.
Қызық дулы мереке,
Қызық думан құрамы!
Күн әкелген жыл көрім,
Күллі дүние жайдары.
Желкілдеген гүлдерін,
Жер – анамыз жайнайды.
Құрметті, оқушылар! Бәріміздің көптен күткен Наурыз мерекеміз келіп қалды. Мерекелеріңіз құтты болсын! Наурыз «жаңа күн» деген сөз. Яғни бұл күн біздің ата-бабаларымыз, арғы тегіміз, мыңдаған жылдардан бері мерекелеп келе жатқан жыл басы, мерекесі. Наурыз тойы құтты болсын! Ұлыстың ұлы күні аталған Наурызда еңбектеріңіз өнімді болып, тілектеріңіз қабыл болсын!


 
 



Оқушылар мұғаліммен амандасады,түгенделеді, мектеп партасындағы қатарлары бойынша орындарына отырады.



(Шашу шашылады)
Хор: «Наурыз думан»



Компьютер


видеожазба

Сабақ басы (13 мин)



Тапсырмалар:
1. Дүниеде не тәтті, не жұмсақ, не жетім?
Ж: Ананың сүті тәтті.
Ананың қолы жұмсақ.
Жаңбыр жаумаса жер жетім,
Басшысы болмаса ел жетім.
 
2. Қандай ырым мен тыйым сөздер білесіңдер?
Ж: Малды теппе,
Аяқты төкпе.
 
Отты шашпа,
Күлді баспа.
 
Бүйіріңді таянба,
Жағыңды таянба.
 
Бос бесікті тербетпе,
Бесікті ашық қалдырма.





Оқушылар жауап береді



Суреттер

Ортасы (20 мин)



3. Жеті атаңды ата.
Ж: Әке, бала, немере, шөбере, шөпшек, немене, туажат.
4. Сүттен жасалатын тағамдарды ата.
Ж: Айран, сүт, ірімшік, құрт, қатық, шұбат, қымыз, қаймақ, май, т.б.
5. Наурыз көже қалай жасалады?
Ж: Наурыз көже жеті түрлі тағам қосу арқылы жасалады.
6. Ұлттық ойындарды ата.
Ж: Алтыбақан, аударыспақ, қыз қуу, көкпар тарту, ат жарыс, теңге алу, ақсүйек, тоғызқұмалақ, т.б.
7. Жеті қазынаны ата.
Ж: Ер жігіт, сұлу әйел, білім, жүйрік ат, алғыр тазы, қыран бүркіт, мылтық.
8. Үш алысты ата.
Ж: Кәрі мен жас, жақсы мен жаман, алыс пен жақын.





Оқушыларұлттық тағамдар жасап әкеліп таныстырады



Ұлттық тағамдар

Соңы





Күн мен айға әлемнің,
Бердің ыстық сәлемін.
Қарттарыма сүйеніп,
Сәлем бердік иіліп,
Орындалды ойларың,
Құтты болсын бүгінгі,
Наурыз атты тойларың,
-деп бүгінгі тойға үлкендерден бата сұрайық.
 



Қыдыр ата болып киінген оқушы
Бата береді
 



Ұлттық киімдер

Бекітілді ___________


Тәрбие сағаты бойынша қысқа мерзімді жоспар

Тәрбие сағаты

«Ана тіршілік бастауы»

Күні




Класс жетекші:




Класс:

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы: Эпиграфтар (тақырып мазмұнын ашатын)

«Ана тіршілік бастауы» ананы құрметтеуге баулу

Сабақтың мақсаты:

Оқушылардың ой-өрісін, тіл байлығын, ойлау қабілеттерін дамыту.Ана алдындағы парызы мен қарызы туралы білім беру.балаларды анаға деген сүйіспеншілікке баулу,ана еңбегін ардақтап, мейірімділікке, сый құрметке тәрбиелеу.

Құндылықтарды дарыту

Үлкенді сыйлауға тәрбиелеу

Ресімдеу

Слайд,презентация

Музыкалық және бейне көркемдеу

интерактивті тақта, слайд

Үлестірмелі материалдар

мақал – мәтелдер жазылған плакаттар

Тақырыптық көрмелер мен ақпараттық стендтер

Презентация

Дайындыққа арналған әдебиет

Интернет материалдары



Сабақтың барысы




Сабақтың кезеңі/ уақыт

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Ресурстар
Сабақтың техникалық құрал-жабдықтары

Ұйымдастыру кезеңі (7 мин)



Көңілдеріңізге көктем шуағындай сезім мен нұр құйып,тағы да 8-наурыз халықаралық әйелдер күні келді.Осынау көркем мерекенің қай кезде де орны бөлек.Олай болатыны,аналарға деген ыстық сезім,алғыс пен құрмет ешқашан сөнбек емес.Олар-өмірдің гүлі,көңілдің жыры,әр отбасының алтын діңгегі.Мынау тынымсыз тіршілік пен кең дүниенің өзі тек аналармен ажарлы. 

Оқушылар мұғаліммен амандасады,түгенделеді, мектеп партасындағы қатарлары бойынша орындарына отырады.



Компьютер



Сабақ басы (13 мин)



Ана адамзат мекен еткен жер шарының әр түп жерінде, әр үйде мейірім мен мерейдің достық пен туысқандықтың туын тіккен адам. Адамзат ең алдымен ана алдында қарыздар. Алақаныңа қуырдақ қуырып берсең де, ана борышын өтей алмайсың. Ана парызы алтынға бөлеуді, ақ орда салуды қаламайды, ана баласының ер жігіт, адам болуын қалайды. Анаға осыдан артық тарту таралғанның жоқ.





Оқушылардың алдын ала түсірілген аналарына деген видеоқұттықтауын тамашалау



бейнежазба

Ортасы (20 мин)



Әйелдер мерекесінің шығу тарихы


8 наурыз Халықаралық әйелдер күні мерекесі 1857 жылы Нью-Йорк қаласында болған көтеріліс пен байланысты. Бұл көтеріліске тігін шеберханаларымен аяқ киім фабрикасында еңбек ететін әйелдер шыққан болатын. Олардың қойған талаптары: 10-сағаттық жұмыс, жарық және құрғақ бөлмелерде жұмыс жасау, ер азаматтардың алатын жалақы мөлшерімен бірдей жалақы алу еді. Ол кезде әйелдер қауымы тәулігіне 16-сағат жұмыс жасап, еңбек ақыларына болмашы жалақы алатын болған. Ерлер өздерінің табандылықтарының арқасында жұмысуақытын 10-сағатқа түсірген болатын. АҚШ-тың көптеген мекемелерінде кәсіподақ ұйымдары құрыла бастады. 1857 жылдың 8-наурызынан кейін әйелдер қауымыныңда кәсіподақ ұйымы құрылды. Бұл ұйымның бірінші мүшелері болып әйелдер тіркелді. Дәл осы күні АҚШ-тың көптеген қаласында өздеріне дауыс беру құқығын беруді талап етіп жүздеген әйелдер көтеріліске шықты.





Оқушылар презентациямен түсіндіреді
«Анашым» хор

бейнежазба

Соңы



«Отбасы-шағын мемлекет» деген сөз бар. Ынтымағы келіскен, түтіні түзу ұшқан әрбір шаңырақ мемлекеттің құт берекесі. Әйел-ана отбасы жылуын сақтаушы, қоғамның ертеңі болашақ балаларды тәрбиелеуші. « Қарттар үйі» көріністі тамашалаңыздар .



Оқушылардың көрініс қояды



көрініс

Бекітілді ___________


Тәрбие сағаты бойынша қысқа мерзімді жоспар



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет