Ата – ана үшін айтарым: Әр баланың мінез –құлқы, іс - әрекеті, болмыс парасаты әр түрлі,сондықтан бала тәрбиесінде қателіктер жібермес үшін мына қағидаларды еске сақтаңыздар. Егер бала меншіл болса – жек көруді үйренеді; Егер бала алакөз ортада өссе – жауығуды үйренеді; Егербаланы мадақтай берсе – тұйық болып өседі; Егер баланы жазғыра берсе – жасқаншақ болып өседі; Егер бала кешірімшіл ортада өссе - өзгелерді түсінуді үйренеді; Егер баланы орайы келгенде көтермелей қойса - өз күшіне сеніп өседі; Егер бала адал ортада өссе - әділетті болуды үйренеді; Қазақ елінің болашағы, қазақтың өз төл таланттарының өсіп жетілуіне байланысты. Сондықтан ата – аналар ешкімге есесін бермейтін жаңа толқын тәрбиелеуге қажет.
Ата-аналарға қағидалар айтылады
слайд
Ортасы (20 мин)
1. Сенің өзіңнің жақын адал досың бар, бірақ онымен дос болуға ата - анаң қарсы. Сен не істейсің?
2. Көктем мезгілі. Жолдасың сабақ оқуын азайтып, сабақтан тыс нәрселерге көп көңіл бөлетіндіктен сабақ үлгерімі төмендеп кетті. Сен не істейсің?
3. Сенің сабақ үлгерімің орташа. Сыныптастарың сені білімің бойынша бағалап, адамгершілік қасиеттеріңді көре білмейді. Сен не істейсің?
4. Пән мұғалімдері сенің жауапкершілігіңді бағалап ертеңге бір жұмыс тапсырды. Белгілі себептермен сен ол жұмысты орындап бола алмадың, не істейсің?
1. атаның баласы болма,....................... ( халықтың баласы бол)
2. Ұяда не көрсең,..................................( ұшқанда соны ілерсің)
3. Балалы үй базар,.................................( баласыз үй қу мазар)
4. ата көрген оқ жонар,..........................( ана көрген тон пішер)
5. Ананың сүті – бал,..............................( баланың тілі – бал)
6. Туған үйдің түтіні жылы,...................( туған ананың күтімі жылы)
7. Анаңа ауыр сөз айтпа,........................( артыңа ауыр жүк артпа)
8............. – ананың бауыр еті, көз нұры. ( бала)
9. Әке – асқар тау,.............................( ана - шалқар көл)
слайд
Соңы
- Біз бүгін өзімізге ең жақын, ең қымбат анамыз, қамқор әкеміз, қайырымды ата - әжеміз, аға - әпкеміз, іні - қарындасымыз туралы айттық. Отбасы – ол ең жақын адамдардың ошағы. Әрқашан отбасы мүшелерін сыйлап, құрметтеу керек.
Білуі керек: Отбасы мүшелерін құрметтеп, сыйлай білуі керек.
Болуы керек: Отбасында әдепті, сыйлы болуы керек.
Жасай білуі: Берілген тапсырмаларды орындай білулері керек.