0 " " сыныпқа арналған тәрбие жоспары



бет10/31
Дата04.04.2023
өлшемі0,84 Mb.
#79223
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   31
Байланысты:
7 сынып 22-23 (2)

Тәрбие сағаты

»Тәрбие басы –тал бесік»

Күні




Сынып жетекші:




Сынып:

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы: Эпиграфтар (тақырып мазмұнын ашатын)

Бала тәрбиесінде ата-ана мен ұстаздың жауапкершілігін арттыру.

Сабақтың мақсаты:

Қоғамда қиын бала болдырмау үшін ата-ана мен мұғалім арасында үйлесімді жұмысты жолға қою.

Құндылықтарды дарыту

Ата – аналардың бала тәрбиесіндегі ролі және негізгі психологиялық себептері туралы түсініктерін кеңейту.



Ресімдеу

Слайд,презентация

Музыкалық және бейне көркемдеу

интерактивті тақта, слайд

Үлестірмелі материалдар

мақал – мәтелдер жазылған плакаттар

Тақырыптық көрмелер мен ақпараттық стендтер

Презентация

Дайындыққа арналған әдебиет

Интернет материалдары



Сабақтың барысы




Сабақтың кезеңі/ уақыт

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Ресурстар
Сабақтың техникалық құрал-жабдықтары

Ұйымдастыру кезеңі (7 мин)



Сәлеметсіздер ме, құрметті қонақтар, ұстаздар. Ата-ана тәрбиесі – қазақ халқы үшін таусылмайтын қазына. Расында да қазақта мынадай жақсы сөз бар. «Әке- асқар тау, ана- бауырындағы бұлақ, бала- жағасындағы құрақ» деген. Сәби үшін ең жылы ұя ата-ананың аялы алақаны, мейірімі, қайырымдылығы. - Бүгінгі бас қосуымыз ата – ана мен бала арасындағы сыйластықты нығайту. Баланы жастан бақпасаң,
Жамандықтан қақпасаң,
Қадірден жұрдай қасқа боп,
Кешкенің өмір босқа тек,- демекші баланың ыстық-суығына күймейтін, жақсылығына сүйсініп қуанбайтын ата-ана жоқ шығар. Отбасы – адамзаттың алтын ұясы. Бүгінгі ұл-ертеңгі әке, ол әкеге қарап өседі. Бүгінгі қыз – ертеңгі
ана, ол шешеге қарап өсіп бой түзейді. Балаға білім, тәрбие беруде басты тұлға ұстаз болса, оны жалғастырушы, демеуші - ата-ана

Оқушылар мұғаліммен амандасады,түгенделеді, мектеп партасындағы қатарлары бойынша орындарына отырады.




Компьютер


Сабақ басы (13 мин)



«Бала тәрбиесі» (Бейне ролик қарау, ой түю) Күн келген бейбіт көгінде, Ғажайып байтақ елімде. "Балалы үй - базар" тегінде Бақытың - бала - сенің де. Бақыты - бала - оның да, Бақытым - балам менің де.
Ой қозғау. «БАЛА КІМ? Осы сұраққа өз ойларыңыздан бірнеше жауаптар қайтару керек.

Жауап: (болашағым, бауыр етім, асыраушым, ізбасарым, қуанышым т.б.).

Компьютер

Ортасы (20 мин)



«Балаңызға деген сүйіспеншілік деген» ойыны өткізіледі.
Баланың жан дүниесі – Бұл толып тұрған ыдыс сияқты. Өз балаңыздың қандай болғанын қалайсыз? Қандай қабілеттері болғанын және сіз өзіңізден қандай қасиетті алғанын қалайсыз? Әрқайсыларыңыздың қолдарыңызда жүрек бар. Сол жүректің ішіне өздеріңіздің ойларыңызды жазып, тақтада ілінген жүрекшеге жабыстырып қойыңыздар және де жазған сөздеріңізді айтып шығуларыңыз керек. Қорыта айтқанда ата ананың махаббаты, сүйіспеншілігі бала үшін бақыт, Осы сезімдеріңіз арқылы баланың өз орнын таба білуге үйретесіздер.
Міне, баламыз қандай күйге түсті, құрметті ата-ана. Мұндай күйге түспес үшін баламызға неге болмайтынын, «өйткені» сөзін қолдана отырып түсіндіруіміз керек. Сонда ғана сіз бала тәрбиесінде мақсатыңызға жете аласыз.



Бір ата-ана ортаға шығады. Төмендегідей сұрақтар қойылады.
1. Сіз балаңызбен көл жағасына бардыңыз. Балаңыз суға қызыққаны соншалық суға қарай жүгіріп кетті. Сіз қалай тоқтатасыз? (аяғы байланады)
2. Қарасаңыз балаңыз адамдардың тастап кеткен темекінің тұқылын жинап алып, сонымен ойнап отыр. Сіздің әрекетіңіз? (қолы байланады)
3. Жұмыстан шаршап келсеңіз бала теледидардан атыс-шабыс, бір сөзбен айтқанда өз деңгейіне келмейтін кино көріп отыр. Сіздің әрекетіңіз? (көзі байланады)
4. Балаңыз сізге басқа ұлттың қызын ұнатты. Бірақ сіздің қалауыңыз ол емес еді. Сіздің әрекетіңіз? (кеудесі байланады)
5. Балаңыз досымен келіспей қалды да, жаман сөздермен сыбағасын берді. Сіздің айтар сөзіңіз? (аузы байланады)

Қағаз
жіп

Соңы



Қадірлі ата-ана «Отбасында берілген тәрбие жігеріңді құм қылып, жерге қаратпасын десең, балаға жастайынан түзу тәрбие бер » деп, ата-бабамыз айтқандай, бала тәрбиесіне уақытында көңіл бөліп, еліміздің инабатты, адамгершілігі мол, білімді, саналы ұрпағын тәрбиелейік. Егер ата-ана мен мектеп өзара тығыз байланыста болса, балаларға бірдей талап қойып отырса, тәуелсіз еліміздің ұл-қыздары жан-жақты дамыған азамат болып шығары сөзсіз.



Ата-аналар жауап береді



бейнежазба

Бекітілді ___________


Тәрбие сағаты бойынша қысқа мерзімді жоспар

Тәрбие сағаты

Ардақта... отбасының басты қазығы, алтын тіреу діңгегі – ата-ана



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет