0 сынып 10. В. Қазақстан Ұлы Отан соғысынан кейінгі жылдарда



бет12/33
Дата15.12.2023
өлшемі203,6 Kb.
#137997
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   33
Терминологиялық сөздік:

  1. Тың игеру, тың және тыңайған жерлерді игеру — КСРО-да (Қазақстан, Сібір, Орал, т.б.) 1954 – 1960 ж. жүргізілген науқан. КСРО бойынша жалпы 41,8 млн га жер жыртылса, соның 25,5 млн га-сы қазақ жері болды. Тың игеру нәтижесінде Қазақстан КСРО-дағы ең ірі астықты республикаларының біріне айналды.

  2. Аграрлық саясат - ауыл шаруашылығы мен бүкіл аграрлық-өнеркәсіпітк комплексті әлеуметтік экономикалық тұрғыда ұдайы дамытуды қамтамасыз ететін шаралар жиынтығы.Аграрлық саясаттың басты артықшылықтарынң бірі- әрбір одақтас республикалардың өндіргіш күштері дамуының ерекшеліктері мен өзгешеліктерін, олардың еліміздің халық шаруашылығының бірыңғай АӨК - тің құрамдас бөлігі ретінде қоғамдық еңбек бөлінісіндегі алатын орнын белгілеу.

  3. Жоспарлы Экономика– КСРО-да және басқа да “социалистік” деп аталған елдерде қолданылған экономика жүйені ұйымдастыру тәсілі, мұнда материалдық қорлармемлекет меншік болып есептеліп, барлық кәсіпорындардың экономика қызметі директивалық жоспарлау, басқару және бақылау арқылы бағытталып, үйлестіріліп отырды. 



Сұрақтар:

1.Тың игерудің салдары қандай болды?


2.Тың жерлер негізінен игерілген аймақтар?
3.Мемлекет тарапынан қай шаруашылық саласына салаға көп көңіл бөліне бастады.
4.Н.Хрущевтың аграрлық реформасы Қазақстанға қалайша әсер етті?


-Тақырып.Қазақстанның табиғи ресурстарын игеруде ұлттық мүдде қаншалықты ескерілді?

1962-1969 жж. Экономикаға реформа жасау саясаты 60-ж. Ортасында өзгеріс жасау қажеттігінің шегіне жеткенінің куәсі болды. Жүргізілген шаралар экономикаға қатысты ірі батыл қайта құрылыстар жасауды көздемеді. Пайда болған проблемалар негізінен ұйымдық қайта құрудың әсеріне есептелген субъективтік «жаттығулар» жолымен шешілді. Жеткілікті ойланылмай құрылған және бірін-бірі жиі ауыстырып отырған ұйымдар елеулі тұрақсыздық қаупін, тұрмыс дәрежесінің және әлеуметтік кепілдіктердің әлсіреуін туғызды. Коммунистік болашақ туралы ұрандар да жағдайды жеңілдетпеді.


Экономиканы реформалауға жасалған сәтсіз талпыныстар және оны милитарландыру, өндіріс күштерінің тиімсіз орналастырылуы, халық шаруашылығын басқару жүйесінің әртүсті де жиі қайта өзгертілуі республиканың экологиялық жағдайына теріс ықпалын тигізді. Қазақстанның барлық өнеркәсіпті қалаларында, әсіресе Өскеменде, Шымкентте, Жамбылда, Алматыда ауыр экологиялық жағдай қалыптасты. Қазақстанда ядролық қаруларды сынаудың аса ауыр зардабы болды. КСРО Министрлер Советінің қаулысы бойынша 1948ж. үш облыстың: Семей, Павлодар және Қарағанды облыстарының түйіскен жеріне орналасқан ядролық полигон салынды.
КСРО Қорғаныс Министрлігінің өз мәліметі бойынша 1949 жылдан 1963 жылға дейін полигонда қуаты бірнеше тоннадан 100 килотоннаға дейін 113 жарылыс ауада жасалған. 1989ж. Қыркүйектің 19-на дейін қуаты бірнеше тоннадан 150 килотоннаға дейінгі 343 сынақ жасалған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   33




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет