00. Жбп. 08.Қазақстан тарихы


IV . Сабақты қорытындылау Зерттеу және талдау



бет4/4
Дата12.08.2023
өлшемі0,5 Mb.
#105213
1   2   3   4
Байланысты:
15 сабақ

IV . Сабақты қорытындылау Зерттеу және талдау
Тапсырма №4. Жеке жұмыс «Бақылау сұрақтары» әдісі
1. «Ақ» атауы түркі тайпалары үшін нені білдірді?
2. Ақ Орданың өмір сүрген ғасыры?
3. Ақ Орданы құрған кім?
4. Ақ Орданың орталығы?
5. Ақ орданың территориясы?
6. Ақ Орданы не себептен алғашқы қазақ мемлкеті деп атайды?
Рефлексия «321» стратегиясы
Бүгінгі сабақта есте қалған 3 нәрсені жазыңыз
Сабақ барысында естіген 2 маңызды ұғым жазыңыз
Талқылау барысындағы туындаған 1 сұрақ жазыңыз
V.Студенттерді бағалау:
Журналға студенттердің бағаларын қою.
VI.Үйге тапсырма:
Сұрақтар дайындау

Студенттер ой талқы қорытындылау үшін зерттеу сұрақтарына жауап береді.
Студенттер өз ойларын ауызша бөліседі
Студенттерді бағалау критерийлерімен өз деңгейлерін бағалайды

Дәптерге жазу



Қазақстан тарихы оқулығы 10 сынып З. А Джандосова
Таратпа қағаз
А4 қағазы

Н.Ә: [1] 134-138 б.


Қ.Ә: [3]122-127 б.



МҰҒАЛІМГЕ АРНАЛҒАН НҰСҚАУЛЫҚ
1 МӘТІН
Ақ Орда Жошы ұлысының әскери сол қанатын құрайтын мемлекеттік дербес құрылым ретінде қалыптасып, 240 жылға жуық уақыт (1224-1465 жж.) салтанат құрды. Ақ Орданың мемлекеттік құрылым ретінде қалыптасу процесін төрт кезеңге бөліп қарадық.
1) Ақ орда алғаш шаңырақ көтеріп, Алтын Ордамен саяси қатынасы қалыптасқан жылдар (1224-1244-1245 жж.);
2) Орда Ежен ұрпақтарының Ақ Орданың дербестігі үшін жүргізген күрестері кезеңі (1250-1370 жж.);
3) Орыс хан және оның ұрпақтарының Темір шапқыншылығына қарсы күрестері (1368-1378 жж.);
4) Орыс хан ұрпақтарының Әбілқайыр билігіне қарсы жүргізген күрестері нәтижесінде Ақ Орда “Қазақ хандығы” атауымен қайта жаңғыруы (1428-1465/1466 жж.).
1.Ақ Орда ұлысы Жошыға тиген үлес ретінде Қыпшақ-қазақтың жер кіндігінде құрылды. Ақ Орданың соерхол (“сюргаль”) иелік жері Ертістен Сырдарияның құйғаны, Саураннан Аралға дейінгі, тіптен Муин ад-Дин Натанзидің (“Анонима Искандера”) қосымша хабары бойынша сәл-пәл толықтыра түсер болсақ, “Ұлытау өңірі, Сегіз-Ағаш, Қараталдан Төменге (Тюмень), Женд, Барчкентке дейінгі өлкені алып жатты. Бұл шамамен қазіргі Қазақстан жерінің 60-65 пайызын құрайды. Ұлыстың орталығы 1240-1243 жылдары Сығанаққа аударылғаннан соңғы ғасырларда Ақ Орданың территориясы кеңейіп, мемлекеттің шекара шебі белгілене бастады. Мұны біз Ақ Орда ханы Барақ қыжыраның 829 жылы Сығанаққа қайтып оралғасын “Сығанақ жайылымы әдеттегі заң ережелері бойынша маған тиесілі, атам Орыс хан Сығанақта орда тұрғызған, даласында құс шырқатқан, не жерімді қайтар немесе тұратын жеріңді айт” - деп Ұлықбекке қойған датынан көруге болады. Қазақ хандарының атасы Орыс хан-Барақ хан және оның ұрпақтары Қасым хан, Хақназар ханның тұсында Қазақ мемлекетінің қазіргі территориясы толығымен қалыптасты.
2.Қазақ хандары әулеті Ақ Ордадан басталады. Орда Еженнен Орыс ханға дейін жеті ұрпақ, Орыс ханнан Керей-Жәнібекке дейін үш ұрпақ, Керей-Жәнібектен қазақтың соңғы ханы Кенесарыға дейін 13 ұрпақ үзілмей жалғасады.
1361 жылы Ақ Орда билігіне Шымтайұлы Орыс ханның келуі Ақ Орданың дәуірлеу кезеңі болды. Орыс хан – Жошы ханның тұңғыш ұлы Орда Еженнің жетінші ұрпағы. Ш.Уәлиханов, Құрбанғали Халид, М.Тынышпаев, Хаммер және басқадай тарихшылар Орыс ханды қазақ хандарының атасы деп танып, қазақ хандары кестесін Орыс ханнан бастайды (Ш.Уәлиханов. Соч., Т.І, с.165). Ал Қазақ хандығын құрған Керей мен Жәнібек Орыс ханның шөберелері (Орыс хан-Құйыршық хан-Барақ хан-Барақ хан-Жәнібек хан; Орыс хан-Құйыршық хан – Әнікеболат-Керей). Осыны ескерген қазақ тарихшысы Қадырғали Жалайыр “Бу Яныбек хан атасының ұлысын (Ақ Орда,- авт.) өзі биледі” десе (Ш.ж-114-б), Б.Ахметов “Гирай и Джанибек унаследовали отцовскую (Барака) власть в Белой Орде” дейді (Г-во кочевых узбеков. М., 1965, с.62). Орыс тарихи әдебиетінде қазақ хандары ордасын “Урусов царев юрт”, “Бараков царев юрт” (Трепавлов и др.) деп атайды. Тарихшылардың арасында Ақ Орданың салтанат құрған уақытын билікке “Тоқтамыстың келуімен”, “Барақ ханның өлуімен” немесе Ақ Орданы Әбілқайырдың басып алуымен тәмамдайтын пікір қалыптасқан. Біздің бұл пікірге айтар уәжіміз бар. Әрине Барақ ханның өлімі Ақ Орданың саяси тағдырына үлкен соққы болғаны рас, бірақ онымен Ақ орданың әулеттік билігі үзілген емес, билікті оның ұлы Жәнібек аталасы Керей жалғастырды. Тоқтамысқа келсек ол да Ақ Ордаға жат емес. Жошы ханның қара шаңырағынан тараған ұрпақ.
Иә, Шайбанилік Әбілқайыр 1446 жылы Ақ Орданың астанасы Сығанақ және Ақ Орданың орталық қалаларын басып алғаны шындық. Бірақ Жәнібек, Керей, Бүрке сұлтан, Ибақ хан бастаған Ақ Орда мұрагерлері Әбілқайырдың билігін мойындаған емес, Әбілқайырдың бірде-бір жорығына қатыспады, оған қызмет көрсеткен оғлан, би, батыр, әмірлердің тізімінде олардың бірде-бірінің аты жоқ (Масуд Бек, Усман, Кухистан). Осыдан-ақ аты-атауы өзгергені болмаса Ақ Орда мен Қазақ хандығы арасында үзіліс болмағанын аңғаруға болады.
3.Қазақ даласындағы мемлекеттік үрдістің қазаққа тиесілі барлық нышандары Ақ орда кезеңінде жинақталып, Қазақ хандығы арқылы бізге жетті. Орыс ханның атасы Ерзен алғаш Сығанақты Ақ Орданың астанасы етті. Өзі сонда жерленді. Орыс хан және оның ұлдары Темір Құтылық, Темір Мәліктер ата ордасы Сығанақ үшін шайқасты. Құйыршық хан сарайда хан тағына отырысымен Сығанаққа оралып сонда дүние салды. Сығанақ арқылы қазақтардың астана құру, орталыққа бағыну салты қалыптасты. Орталық құру негізінде халықтың этникалық сұлбасы біртұтастанып, биліктің моңғолдық сипаты өзгеріп, Орыс ханнан бастау алатын Қазақ хандары династиясы қалыптасты. Орыс ханның аталары кезінен бастап Сығанақта ақша соғылды. Қазақтың қарулы қолы Алаш мыңы осында жасақталды. Ақ Ордаға қарасты тайпалар өз мыңдықтарын жасақтап ұлы қолға қосылды. Алаш мыңдарының ағасы тарақ тамғалы Жалайырлар болды (Қадырғали Жалайыр). Алаш (қазақ) мыңдықтары ақ қарала ту ұстап ел, жерін қорғады. Осылайша Алаштың (қазақтың) бірлік ұраны ел ұранына айналды. Оның басында Орда Еженнің жетінші ұрпағы Орыс хан, кейін оның ұрпақтары тұрды. Орыс ханның тұсында Ақ Орда жұрты “Алаш елі” атанды. Ғұлама ғалым Ш.Уәлиханов Алаш хан деп Орыс ханды меңзеп кетті. (Собр. соч. Т.2, сс.161-163).
4.Ақ Орда қазақ ұлты, қазақ халқының қалыптасуының саяси ұйытқысы болды. Қазақ ұлты Қазақ даласын мекендеген бірыңғай түрік тайпаларынан құралды. Ұлттық негізін Үйсін, Дулат, Қаңлы, Арғын, Алшын, Жеті ру (Чете) тайпалары құрады. ХІІ-ХІІІ ғасырларда оларға Моңғол үстіртінен ауып келген Керей, Найман, Қоңырат, Меркіт, Жалайыр, Уақ қатарлы түрік тайпалары және моңғол шапқыншылығы кезінде мұнда келіп, қазаққа айналып кеткен моңғол тектес басқадай тайпалар құрады. Ақ Орданың шаңырағы астында олардың басы қосылды. Темір шапқыншылығы салдарынан Алтын Орда ыдырағаннан кейін өлкеде Ақ Орданың жетекшілік рөлі арта түсті. Ақ Орда Едігенің тұсында Мәскеуге дейін билік жүргізді. “Қайта жинап ел қылып қалың қазақ қонысын” деген Едіге жырындағы қазақтың бірлік ұраны осы кезеңнің туындысы. Ақ Орда (Сығанақ, Сауран) Дешті-Қыпшақтың рухани орталығына айналды. Ақ Орданың ресми тілі қыпшақ тілі болды. Қыпшақ диалектісіне негізделген шығыс қыпшақ тілі қазақ тілі деп саналады. Мұны ана-мына дерек іздеп жатпай-ақ қазақ жырларының тілін бүгінгі қазақ тілімен салыстыру арқылы анықтауға болады. Бұл мәселелер біздің жоғарыда аталған монографияларымызда жан-жақты талданды.

5. Қорытынды. Темір шапқыншылығы салдарынан Алтын Орда ыдырағаннан кейін өлкеде Ақ Орданың жетекшілік рөлі арта түсті. Ақ Орда Едігенің тұсында Мәскеуге дейін билік жүргізді. “Қайта жинап ел қылып қалың қазақ қонысын” деген Едіге жырындағы қазақтың бірлік ұраны осы кезеңнің туындысы. Ақ Орда (Сығанақ, Сауран) Дешті-Қыпшақтың рухани орталығына айналды. Ақ Орданың ресми тілі қыпшақ тілі болды. Қыпшақ диалектісіне негізделген шығыс қыпшақ тілі қазақ тілі деп саналады. Мұны ана-мына дерек іздеп жатпай-ақ қазақ жырларының тілін бүгінгі қазақ тілімен салыстыру арқылы анықтауға болады. Бұл мәселелер біздің жоғарыда аталған монографияларымызда жан-жақты талданды.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет