ұсынылған тақырып бойынша өз білімдерін актуалдандыра алады;
бұрынғы білімді жаңа біліммен ұштастыра алады;
ұсынылған ақпаратты сыни тұрғыдан бағалай алады;
ақпаратпен жұмыс жасау барысында ықыласты болады;
ақпаратты өз бетінше түсіну процесін басқара алады ;
мәтінмен өз бетінше жұмыс жасау дағдысын дамытады ;
мәтінге және оқылған проблемаға сұрақ қояды, белгілейді, тұжырымдайды;
ақпаратты қысқа түрде жазбаша тұжырымдайды;
таным әрекеті процесінде қарым-қатынас шеберлігі
Жүзеге асыру қадамдары 1-қадам: сызбаны тақтаға және дәптерге сызып алу:
Білемін
Білгім келеді
Үйрендім
2-қадам: оқушылармен алғашқы екі бағанды толтырамыз: Сөз таптары туралы не білесіз? Не білгіңіз келеді? 3-қадам: оқушылармен мәтінді оқу, бұрыннан таныс және жаңадан танысқан түсінікті табу. 4- қадам:жаңадан алған білімдерімен сызбаның соңғы бағанын толтыру.
5-қадам: екінші баған бойынша қандай сұрақтарға жауап тапқандарын топта талқылау.
«Ротация» (ауыстыру) әдісі Күтілетін нәтиже: Оқушы орындай алады:
өз білімдерін ұсынылған тақырыпқа актуалдандырады;
проблемалық сұрақтар талдауға қатысады;
бір сұрақ және басқа сұрақ төңірегінде өз тобының бағыты мен өзге топтардың бағытын салыстырады;
өз бағытын қысқаша мазмұндау қабілетін дамытады;
ұсынылған проблема бойынша басқа топтардың бағытымен келісетінін немесе келіспейтінін дәлелдемелер арқылы білдіреді;