1) физикалық шама - көптеген физикалық объектілер сапасына қатысты ортақ, бірақ сандық мәнінде әрқайсына жеке қасиеті бар шама;
2) физикалық шама бірлігі - шарт бойынша 1-ге тең сандық мән берілген физикалық шаманы білдіреді;
3) физикалық шаманы өлшеу - ӨҚ көмегімен физикалық объекті сандық және сапалық бағалау;
Терминдер
4) өлшеу құралы - нормаланған метрологиялық сипаттамалары бар техникалық құрал;
4.1) өлшегіш аспап - өлшегіш ақпарат белгісін бақылаушымен тікелей қабылдауға қолайлы күйдегі өндіруші құрылғы;
4.2) мөлшер –берілген мөлшерлі физикалық шаманы қайталап жаңғыртуға арналған ӨҚ;
4.3) өлшегіш жүйе - бір немесе бірнеше функция атқаруға бір бірімен ақпарат беретін желілер арқылы байланысатын, ӨҚ жиынтығы;
Терминдер
5) өлшеу принципі - өлшеу негізделетін, физикалық құбылыстар жиынтығы
6) өлшеу әдісі - техникалық өлшеу құралдарын пайдалану тәсілдері мен принциптері жиынтығы;
7) өлшеу әдістемесі - метрологиялық ғылыми-зерттеу ұйымдарымен жасалған, заңнамамен бекітілген әдістер және ережелер жиынтығы;
Терминдер
8) өлшеу қателігі – физикалық шаманың шын мәні мен өлшеу нәтижесінде алынған мән арасындағы азғантай айырмашылық;
9) өлшеудің негізгі бірлігі – ресми түрде бекітілген эталоны бар өлшем бірлігі;
10) туынды бірлік – эталоны жоқ, негізгі өлшем бірліктерімен математикалық модель негізінде энергетикалық қатынас арқылы байланыста болатын өлшем бірлігі;
Терминдер
11) эталон - ерекше арнайыландыру бойынша орындалған және орнатылған тәртіпте ресми бекітілген, салыстырып тексеру сұлбасы бойынша төменде тұрған ӨҚ бірлік мөлшерін беру мақсатында оның қайталануы мен сақталуын қамтамасыз етуші өлшеу құралы.
11.1. алғашқы эталон – осы мемлекетте физикалық шаманың бірлігін, белгілі салада ғылыми-техниканың соңғы жетістіктерінің мүмкіндігі бойынша ең жоғарғы дәлдікпен қайталаған эталон.
11.2. салыстыру эталоны- мемлекеттік қызмет эталондарының байланыстарына арналған құрал.
Көшірме-эталон - бірлік размерлерін үлгі құралдарға беру үшін қолданылады;