МЕДИАТОРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ Медиатор бейтарап және тәуелсіз тұлға бола отырып:
Медиацияны жүргізу басталғанға дейін Медиация ерекшеліктерін түсіндіру, медиацияны жүргізу уақытын, орнын және тәртібін талқылау мақсатында Тараптармен кездесу;
Дау (жанжал) материалдарымен және Тараптар ұсынатын өзге де құжаттармен танысуға; Бұл ретте медиатор құжаттардың дұрыстығын тексеруге міндетті емес және тараптар ұсынған барлық құжаттардың жалған болып табылмайтындығы презумпциядан шығады;
Тараптарға қосымша құжаттарды әкелуді ұсыну;
Тараптарға талқыланатын мәселелер бойынша құжаттармен, мәліметтермен және хабарламалармен алмасуға жәрдемдесу.
Мамандардан қажетті кеңестер алу;
Әрбір Тараппен жеке әңгімелесу өткізуге бастамашылық жасау (кокус);
Тараптарға дауды реттеудің бірнеше нұсқаларын әзірлеуді және талқылауды ұсыну;
Дауды (дау-шарды) шешу перспективалары туралы қорытынды беру;
Медиатор міндетті:
«Медиация туралы» ҚР Заңына, осы Келісімге сәйкес, сондай-ақ медиатордың кәсіби этикасын басшылыққа ала отырып, медиацияны тиісті түрде жүргізу.
Мүдделер қақтығысын тудыруға немесе медиатордың бейтараптығы мен тәуелсіздігіне өзгеше әсер етуге қабілетті факторлар анықталған жағдайда (Тараптармен немесе медиацияның өзге де қатысушыларымен іскерлік немесе жеке қатынастардың болуы, жанжалдың нәтижесіне жеке мүдделілік және т.б.) бұл туралы тараптарға мәлімдеуге міндетті. Мұндай жағдайда медиатор өз функцияларын тек тараптардың келісімімен ғана орындай алады;
Медиативтік келісімді дайындау кезінде тараптардың өкілдері болмаған жағдайда, тараптарды медиативтік келісім заңнама талаптарына қайшы келмеуі және (немесе) үшінші тұлғалардың, оның ішінде медиацияға қатыспайтын құқықтарын бұзуы мүмкін еместігі туралы хабардар етеді.
Медиацияны келісілген мерзімде жүргізу мүмкін болмаған жағдайда медиацияны (медиативтік сессия) жүргізудің келісілген күніне дейін 24 сағаттан кешіктірмей Тараптарды бұл туралы хабардар етуге және медиация жүргізудің жаңа уақытын Тараптармен келісуге міндетті.
Медиатор тараптардың заңнама талаптарына қайшы келетін және (немесе) үшінші тұлғалардың, оның ішінде медиацияға қатыспайтын құқықтарын бұзатын медиативтік келісім жасасқаны үшін жауапты болмайды.
ҚҰПИЯ АҚПАРАТ Егер Тараптар өзгеше уағдаласпаса, медиация барысында медиацияға қатысушыларға белгілі болған кез келген ақпарат құпия болып табылады және мұндай ақпаратты берген Тараптың келісімінсіз екінші Тарапқа, үшінші тұлғаларға, сотқа, өзге органға немесе ұйымға жария етуге жатпайды. Аталған шектеу медиацияны қолдану туралы, медиацияны тоқтату туралы келісімдер жасасу туралы ақпаратқа, сондай-ақ кез келген жағдайда жария етілуі мүмкін өзге де ақпаратқа қолданылмайды.
Жеке әңгімелесу (кокос) кезінде медиаторға Тараптардың бірі берген ақпарат оны берген Тараптың келісімімен ғана екінші Тарапқа немесе үшінші Тарапқа берілуі мүмкін. Егер Тарап мұндай ақпаратты екінші Тарапқа немесе үшінші тұлғаларға беруге келіскен жағдайда, Медиатор тараппен жария етуге жататын ақпарат көлемін келісуге міндетті.
Қажет болған жағдайда Тараптар құпия ақпараттың нақты тізбесін, сондай-ақ оны пайдалану тәртібін және үшінші тұлғаларға жария ету шарттарын қамтитын құпиялылық туралы келісімге қол қоюға құқылы.