1 – тапсырма: «Қазақстанды индустрияландырудың жолдары мен әдістері»



бет2/2
Дата03.12.2023
өлшемі24,69 Kb.
#133557
1   2
Байланысты:
Кеңестік биліктің Қазақстанда жүргізген ^Gәлеуметтік-экономикалық және саяси өзгерістері^

2 – тапсырма: «Отан соғысы жылдарындағы Қазақстан»


Фашистік Германия басшылығы “Барбаросса” соғыс жоспарын жасағанда КСРО-ны көп ұлттың жасанды жəне тұрақсыз бірлестігі, ішкі бірліктен жұрдай этникалық конгломерат деп есептеді. КСРО аумағында рейхкоммиссариат құруды жоспарлады: Остланд-Беларусь пен Балтық жағалауы, Украина, Московия – Ресей, Кавказ, Еділ-Орал, Гросс Түркістан (Үлкен Түркістан). “Үлкен Түркістанға” Қазақстан, Орта Азия, Татарстан, Башқұртстан, Əзірбайжан, Солтүстік Кавказ, Қырым, Шыңжан, Ауғанстанның бір бөлігі енгізілді. Бұл өңірде ұлы Герман империясы үшін қуатты шикізат жəне азық-түлік базасын жасау белгіленді. Республикада 2 млн-нан астам адам әскери даярлықтан өтіп, әрбір бесінш іқазақстандық майданға аттанды. Соғыс жылдары майданға жақын өңірлерден көшіріліп əкелінген 27 əскери оқу орны 16 мың офицер даярлап шығарды.Майданға жақын өңірлерден 220 зауыт пен фабрика, цехтар мен артельдер Қазақстанға көшірілді. 20 шақтысы майдан қажетіне лайықталып қайта құрылды. Тамақ өнеркəсібінің 54 кəсіпорны, жеңіл жəне тоқыма өнеркəсібінің 53 кəсіпорны көшіріліп əкелінді. Көшіріліп əкелінген зауыттар мен фабрикалар негізінен Алматы, Орал, Шымкент, Семей, Қарағанды, Ақтөбе, Петропавлға орналастырылды.
Соғыс жылдары салынған құрылыстар: Қарағанды шахталары, Жезді, Шығыс Қоңырат, Мырғалымсай, Найзатас кеніштері, Ақтөбе ферроқорытпа зауыты, Текелі жəне Өскемен қорғасын-мырыш комбинаттары. Ақтөбе ферроқорытпа зауытының құрылысы Запорожье ферроқорытпа зауытының жабдықтарын алды. Алматы машина жөндеу зауытының құрылысы Луганск ауыр машина жасау зауытының цехтарын алды. Оңтүстіктегі тамақ өнеркəсібінің құрылысы Украинаның 14 қант зауытының жабдықтарын алды. Көшірілген кəсіпорындар негізінде білдек (станок) жасау, оқ-дəрі өндіру салалары пайда болды. 1942 жылы егіс көлемі 1941 жылмен салыстырғанда 842 мың гектарға көбейді. Жалпы КСРО бойынша егіс көлемінің 30%-ын құрады. Күздік дәнді дақылдар, тары, қызылша егісінің көлемі артты. Қазақстан КСРО-ның аса ірі мал шаруашылық базасына айналды. Соғыс жылдарындағы еңбек ерлері болған звено жетекшілері – Ким Ман Сам, Б.Сомжүрекова, С.Оңғарбаева, Ш.Берсиев, Ы.Жақаев, А.Дацкова. Соғыстың алғашқы кезеңінде 14 атқыштар жəне атты əскер дивизиясы, 6 бригада құрылып, майданға жіберілді. Брест қамалын қорғаушы қазақстандықтар: А.Наганов, В.Фурсов, Қ.Тұрдиев, К.Əбдірахманов, Қ.Иманқұлов, Ғ.Жұматов, Ш.Шолтыров. 1941 жылғы 20 қыркүйекте дивизия комиссары, Оңтүстік-батыс майдан Əскери Кеңесінің мүшесі Е.П.Рыков басқарған 800 жауынгер 3 тəулік бойы шайқасып, бəрі қаза тапты. Мəскеу шайқасында генерал-майор И.В.Панфилов қолбасшылық еткен 316- атқыштар дивизиясы ерлікпен шайқасты. 1941 жылғы 16 қарашада 1075-атқыштар полкінің танк жоюшылар тобы Дубосеково разъезінде өшпес ерлік жасады. Ротаның саяси жетекшісі В.Г.Клочковтың: “Ресей кең-байтақ, бірақ шегінерге жер жоқ, артымызда Мəскеу” деген жалынды сөзі ұранға айналды. И.В.Карпов қолбасшылық еткен атқыштар полкі мен аға лейтенант Б.Момышұлы басқарған батальон жауынгерлері ерекше табандылықпен қаһармандық көрсетті. 316-атқыштар дивизиясы Мəскеу шайқасындағы ерлігі үшін 8-гвардиялық дивизия болып қайта құрылып, Қызыл Ту орденімен марапатталды.
Мәскеу шайқасында Төлеген Тоқтаров Бородино селосында неміс бөлімінің штабына кіріп, 5 офицердің көзін жойды. Асқан батылдығы мен ерлігі үшін оған Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Ротаның саяси жетекшісі Мəлік Ғабдуллин басқарған автоматшылар тобы жау танкілерін жойып, бөлімшелерін жау қоршауынан алып шықты. Ерлігі үшін М.Ғабдуллинге Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Ұлы Отан соғысы жылдарында бірінші болып таран жасап, жанған ұшағын жау тобына бағыттап ерлік көрсеткендер – А.Маслов экипажы. Оның құрамында болған Бақытораз Бейсекбаевқа Ресейдің батыры, 1998 жылы Н.Назарбаевтың өкімімен Халық Қаһарманы атағы берілді. Қазақстанда құралған әскер бөлімшелерінің үштен бірі Ленинград түбінде соғысты. Балтық флотындағы “Киров” Қызыл Тулы крейсерінде 156 қазақстандық шайқасып, ерліктері үшін ордендер мен медальдармен марапатталды. Ленинград үшін шайқаста Сұлтан Баймағамбетов жаудың қорғаныс ұясының оқ жаудырып тұрған аузын кеудесімен жауып, қаза тапты. 48-атқыштар дивизиясының мергені Дүйсенбай Шыныбеков Ориенбаум алғы шебінде шайқасты. 1941 жылы қыркүйекте Жамбыл Жабаев “Ленинградтық өренім” жырын арнады. 1942 жылдың күзінде Сталинград түбіндегі кескілескен ұрыстар жүріп жатты. 1942 жылғы күзде Каспий өңіріне соғыс жағдайы енгізілді. Қазақстан Сталинград облысымен 500 шақырым бойына шекаралас жатты. Батыс қазақстандықтар Сайхын мен Ордада əскери əуежай құрылысын салуға қатысты. Ақтөбе облысының кейбір аудандарында қорғаныс құрылыстары салынды. 1942 жылғы 19 желтоқсанда қарағандылық ұшқыш Нүркен Əбдіров Боковская-Пономаревка ауданындағы əуе шайқасында ұшағын жау танкілері шоғырына құлатып, ерлікпен қаза тапты.Полковник Ғани Сафиуллин басқарған 73-гвардиялық дивизия жаудың 120 танкісі мен 800 автомашинасын жойып жіберді. 29 жəне 38-атқыштар дивизиясының жауынгерлері жауды Сталинградтың Киров ауданына енгізбей, танкі мен зеңбіректер жөндейтін зауыттың тоқтаусыз жұмыс істеуін қамтамасыз етті. 1943 жылғы 1 наурызда бұл дивизиялар 72 жəне 73-гвардиялық дивизияларға айналды. 73-гвардиялық дивизия “Сталинградтық” деген құрметті атақ алды. Оңтүстік Қазақстандық жауынгер Толыбай Мырзаев “Павлов үйін” қорғауда ерлік көрсетті. Минометші Қарсыбай Сыпатаев өшпес ерлік жасады. 11 жауынгер 300 фашистің тегеурініне төтеп берді. Ержүрек жауынгерлер қорғаған төбе “Шығыстың 11 батырының төбесі” деп аталды. Дон мен Еділ жағасында жау топтарын қоршауға алу жөніндегі операция кезінде қазақстандық подполковник Т.С.Позолотин басқарған 17-гвардиялық танк полкі ерекше көзге түсті.
Қазақстандықтар Украинаны, Беларусьты, Балтық бойы республикаларын, Молдованы азат етуге қатысты. Сталинград қорғанысының батыры, екі Даңқ орденінің иегері І.Айтықовқа жауынгерлік борышын үлгілі орындағаны үшін Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Қойгелді Аухадиев фашистердің 5 танкісін, өздігінен жүретін “Фердинанд” зеңбірегін, 3 автомашинасын жойғаны үшін Кеңес Одағының Батыры атанды. Қазақтар арасындағы ең жас батыр – Днепр шайқасында ерлік көрсеткен 18 жасар Жəнібек Елеусізов. Кеңестік Шығыс əйелдері арасынан алғашқы болып Кеңес Одағының Батыры атағына ие болған қазақ қыздары – 100-қазақ ұлттық атқыштар бригадасының пулеметшісі Мəншүк Мəметова мен 54-атқыштар бригадасының мергені Əлия Молдағұлова. Əрқайсысы 200-ден астам ұшу сапарына шығып, 10-нан астам жау ұшағын, көптеген соғыс техникасын, 100-деген фашистерді жойған шабуылдаушы ұшқыштар Талғат Бигелдинов, Леонид Беда, Иван Павлов, жеке өзі 37 ұшақты жəне топтасып 6 ұшақты атып түсірген Сергей Луганский екі мəрте Кеңес Одағының Батыры атағын алды.Қазақстандық партизандардың жалпы саны – 3,5 мың адам. Партизандар – Қ.Қайсенов (Халық Қаһарманы), Ж.Ағəділова, Е.Воробьева, П.Семенова ерліктерімен тарихта қалды. Кеңес Одағының Батырлары А.С.Егоров пен З.У.Құсайынов шетелдегі Қарсыласу қозғалысына қатысты. 1945 жылғы 16 сəуірде Берлин операциясы басталды. Берлинге шабуыл жасауға И.Я.Сьянов, Х.Қайдауов (Халық Қаһарманы), З.Тұрарбеков, Х.Көбеков, Т.Бигелдинов, А.Еремеев, Н.Щелихов қатысты. Кеңес Одағының Батыры Сағадат Нұрмағамбетов (Қ.Р.Қорғаныс министрі, Халық Қаһарманы) Берлинге жауынгерлерін бастап кірді. Офицер Рақымжан Қошқарбаев (Халық Қаһарманы) досы Г.Булатовпен бірге Рейхстагқа алғашқылардың бірі болып Жеңіс туын ілді. Оралдық офицерлер Қ.Мəденов пен Р.Қараманов 1008-атқыштар полкінің туын Берлин Ратушасының төбесіне тікті. Берлин шабуылына “Қазақстан комсомолы” танк тізбегінің 3 танкісі қатысты. Жапонияға қарсы Квантунь армиясымен соғысқан қазақстандықтар ерліктің үлгісін көрсетті. Ақтөбеде құрылған 292-атқыштар дивизиясының жауынгерлері Кеңес Қарулы Күштері дəстүрінің даңқын шығарды. Дивизия құрамындағы 129-миномет полкінің минометшілері ерліктері үшін 2027 жауынгерлік ордендері мен медальдармен марапатталды. Соның ішінде 14 адам “Кореяны азат еткені үшін”, 234 адам “Жапонияны жеңгені үшін” медальдарына ие болды. Ұлы Отан соғысындағы ерліктері үшін 500-ге жуық адам Кеңес Одағының Батыры атағын алды. Мəскеу шайқасы кезінде Шымкент теміржол торабының комсомолдары “Қазақстан комсомолы” танк колоннасына қаржы жинап, бастама көтерді. 1942 жылғы қыркүйекте “Қазақстан комсомолы” деген жазуы бар 45 жауынгерлік машина Сталинград майданына жіберілді. Қазақстан еңбеккерлері танк колонналары мен авиация эскадрильялары үшін 480 млн. сом тапсырды. 1943 жылғы қыркүйекте Оңтүстік Қазақстанның ауыл жастары “Қазақстан комсомолы” сүңгуір қайығын жасауға бастама көтерді. Бұл бастама қолдау тауып, “Қазақстан пионері” торпедалы катерін жасауға оқушылар қаржы жинады.1943 жылғы желтоқсанда Алматы жастары 400 мың сомнан астам ақша жинап, ұшқыш С.Луганскийге жаңа ұшақ табыс етті. Қазақстан жастары жинаған қаржыға И.Павлов, Н.Добровольский, Р.Бекетов есімдері жазылған ұшақтар, Қ.Сыпатаев атындағы сүңгуір қайық, бірнеше танк колонналары, эскадрильялар жасалды. Оқушылар егіс даласында жұмыс істеп, металл сынықтарын жинап, өздері тапқан 4 млн. сомнан астам ақшаны “Қазақстан пионері” қорына аударды. С.М.Киров атындағы ҚазМУ-дың студенттері “Кеңес студенті” атты танк колоннасын жасауға 600 мың сом аударды. Республика жастары “Қазақстан комсомолы” жойғыш ұшақ эскадрильясын жасақтауға 3 млн. сом қаржы жинады.Қазақстан комсомолы Сталинград трактор зауыты мен “Красный Октябрь” зауытын қамқорлыққа алды. 1943 жылы зауыттарды қалпына келтіру жұмыстарына республикадан 1439 комсомол жіберілді. Қазақстан еңбекшілері фашистік басқыншылықтан босатылған 12 қала, 45 ауданды қамқорлыққа алды. Қазақстандықтар Мәскеу маңының, Курск және Калинин облыстарының, Солтүстік Кавказдың, Украинаның, Белорусьтің, Молдованың, Балтық жағалауының еңбекшілеріне халық шаруашылығын қалпына келтіруге туысқандық көмек көрсетті. Тұрғындарды жаппай көшіру салдарынан шығыста тұтас өнеркәсіп державасы пайда болды. Республика 532 мың көшірілген адамдарды қабылдады. Ембі кəсіпшіліктерінде, Кенді Алтайда, Қоңырат, Текелі кеніштерінде жүздеген шешен мен ингуштар еңбек етті. Соғыс қарсаңында Қазақстанға 102 мың поляк айдап əкелінді.
Еділ бойындағы Неміс автономиялық республикасы өмір сүруін тоқтатып, 360 мыңнан астам неміс əкімшілік жолымен Қазақстанға көшірілді. Немістерді соғысушы армиядан шығару туралы бұйрық берілді. Соғыс жылдарында қалмақтар, қарашайлар, ингуштар, шешендер, балқарлар, Қырым татарлары, месхеті түріктері қудаланды. Большевиктік билік иелері соғыс кезінде жау жағына шығып кетеді деген күдікпен халықтарды зорлықпен жер аудартты. 1945 жылғы мәлімет бойынша зорлықпен жер аударылғандар – 2 млн 464 мыңға жуық адам.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет