1. №1.Иммундық жауап: жасушалық иммундық жауап кезінде жасушалардың
кооперациясы
Жауабы: 1.Иммундық жауап - бөтен антигендердің әрекетіне қарсы пайда
болады. Иммундық жүйе антигенмен қарым-қатынасқа түскенде әртүрлі иммундық жауап
бере алады: қанмен бірге айналатын ерекше
антиденелердің пайда болуы, осы антигенмен өзгеше байланысқа
түсетін Т-лимфоциттер санының көбеюі, ұзақ өмір сүретін Т және В
лимфоциттердің «иммундық есте сақталуының», иммундық
төзімділіктің, аллергияның пайда болуы. Организм антигенмен
алғаш және кейін кездесуіне сай біріншілік және екіншілік
иммундық жауап береді.
2.Жасушалық және гуморалдық иммунитет жүйелерi шектелiп емес, бiр- бiрiмен тығыз
байланыста жұмыс жасайды. Иммундық жауапта әдетте барлық иммундық жасушалар (Т-
лимфоциттер, В-лимфоциттер және антигенді таныстырушы жасушалар) қатысады және де
әрбiр жасуша өз қызметiн атқарады. Антигендi тану және жасушалық немесе гуморалдық
жүйенiң, жиi екеуiде бiрдей, iске қосылуы, аталған үш жасушалардың бiр-бiрiмен
әрекеттесуi арқылы жүзеге асады. Бұл үрдiстi иммунды хабарлы жасушалардың
кооперациясы деп атайды.
Гуморалды иммунитет жүйесінің негізгі жасаушалары антидене синтезіне жауапты В-
лимфоциттері болып табылады. Антидененің гуморалды иммундық жауапта қатысуы
еритін және корпускулалы антигендермен иммундық жауапта
қатысуы еритін және
корпускулалы антигендермен иммундық комплексі түзілуіне байланысты. Иммундық
комплекстің құрамында антигендер оқшауланады және немесе жойылады. Бұл негізгі үш
тәсілге байланысты: (нейтрализация), комплемент жүйесінің активтенуі және фагоцитоз.
Сонымен, антидене гуморалды иммунитет жүйесінің негізгі эффекторлы бөлігі
болып
табылады. Антидененің негізгі қызметі антиденді арнайы байланыстыру. Антиген мен
антидененің арнайы әсерлесуі олардың арасындағы комлементарлық пен кеңістіктік
сәйкестікке негізделген. Антигендермен әрекеттесу бойынша иммундық жауап екiге
бөлiнедi:
1. бiрiншiлiк иммундық жауап
2. екiншiлiк иммундық жауап
Бiрiншiлiк иммундық жауап 4-7 күндерi дамиды. Бiрiншiлiк гуморалдық иммундық
жауаптың негiзгi В-лимфоциттердiң белсендiрiлуi және олардың антидене түзетiн
плазмоциттерге айналуы болып табылады. Антиденелердiң басым көпшiлiгiн IgM
құрайды; жасушалық иммундық жауап – пiсiп-жетiлген эффекторлы Т-лимфоциттердiң
пайда болуымен белгiленедi. Антигенмен бiрiншi рет жанасқаннан кейiн зерде Т- және В-
жасушалары түзiледi.
Екiншiлiк иммундық жауап көптеген көрсеткiштерi бойынша бiрiншiлiк жауаптан
ерекшеленедi. Екiншiлiк иммундық жауап кезiндегi жасырын кезең өте қысқа, жылдам
дамиды және антиген аз мөлшерде болуын талап етедi, оның айқындалған пiсiп-жетiлу
белгiлерi бар, оның гуморалдық және жасушалық факторлар арнайылығы антигенге
қатысты жоғары болады. Екiншiлiк иммундық жауап бiрiншiлiк иммундық жауапқа
қарағанда, ағзаның тиiмдi қорғанысын қамтамасыз етедi. Антигенге қарсы бiрiншiлiк және
екiншiлiк серпiлiстерде IgM белсендiлiгi мен күштiлiгi бiрдей. IgG-дiң деңгейi бiріншiлiк
жауапқа қарағанда, екiншiлiк жауап кезiнде өте жоғары. Екiншiлiк иммундық жауап
жоғары деңгейде болу себебi, ағзада зерде жасушалардың болуына байланысты.