1.1 тақырып Тіл дыбыстарының жасалуы
Қазақ тіліне тəн дауысты дыбыстар жүйесі
Айтылу кезінде ауа өкпеден кедергісіз шығып, үннен ғана тұратын
дыбыстарды дауысты дыбыстар дейміз.
Дауысты дыбыстар сөйлеу мүшелерінің бір-біріне жанаспай жатуы
арқылы жасалынады. Олардың негізгі ерекшеліктері болып мыналар
табылады:
- дауыстылардың жасалатын орны - тамақ тұсы;
- дауыстыларды айтқанда, фонациялық ауа сыртқа - біркелкі, баяу
шығады;
- дауыстылардың ішкі сапасы - таза үннен тұрады;
- дауыстылардың үн сапасында - жаңғырық (резонация) мол болады;
- дауыстыларды жан-жақты құбылтуға болады;
- дауыстылар сөз ішінде буын жігін құрайды жəне дауыссыздармен
тіркесе алады.
Қазақ тіліне тəн дауысты дыбыстар жүйесін мына дыбыстар
құрайды: а, ə, о, ө, е, ұ, ү, ы, і.
Дауыстылар құрамына қарай жалаң (монофтонг) жəне құранды
(дифтонг) болып екіге бөлінеді.
Қазақ тіліне тəн дауыссыз дыбыстар жүйесі
Айтылу кезінде ауаның еркін шықпай, кедергіге ұшырап шығуынан
жасалған дыбыстарды дауыссыз дыбыстар дейміз.
Дауыссыз дыбыстар сөйлеу мүшелерінің бір-бірімен жанасуы немесе
толық қабысуы арқылы пайда болады. Дауыссыздардың басты ерекшеліктері:
- дауыссыздардың жасалатын орны – ауыз жəне көмей қуыстары;
- дауыссыз қатаңдарда мүлде үн болмаса, ұяңдарда – үннің қатысы
жартылай болады да, ал үнділерде - бəсең үн болады;
- дауыссыз қатаң жəне ұяңдардың ішкі сапасы – таза салдырдан
тұрады деуге болады ал, үнділерде сөйлеу мүшелерінің (тіл, ерін, жақ) бір-
біріне жуықтауы, түрленуі, көлемін өзгертуі көмей арқылы келген ауаға
пəлендей кедергі бола алмайды;
- дауыссыз қатаң жəне ұяңдарды - көтеруге, созуға, əуенін өзгертуге
мүлде болмаса, ал үнділерді керісінше – көтеруге, созуға, əуенін өзгертуге
болады;
- дауыссыздардың үн сапасында - жаңғырық болмайды;
- дауыссыздар сөз ішінде жалқы тұрып буын құрай алмайды.
Дауысты дыбыстардың жіктелуі
Дауысты дыбыстардың жасалуына белгілі сөйлеу мүшелерінің ерекше
қатысуына қарай қазақ тіліне тəн дауысты дыбыстар бірнеше топқа бөлінеді.
Олар, тілдің қатысу қалпына қарай: жуан жəне жіңішке; жақтың ашылу
қалпына қарай: ашық жəне қысаң; еріннің қатысу қалпына қарай еріндік жəне
езулік дауысты дыбыстар болып табылады.
1. Жуан дауыстылар
Тілдің ұшы кейін тартылып, үсті дөңестену арқылы жасалған дауысты
дыбыстарды жуан дауыстылар дейміз. Ооларды кейде тіл арты дауысты
дыбыстар деп те атайды.
Жуан дауысты дыбыстар мыналар: а, о, ұ, ы.
2. Жіңішке дауыстылар
Тілдің ұшы кейін тартылып, үсті дөңестену арқылы жасалған
дауысты дыбыстарды жіңішке дауыстылар дейміз. Оларды кейде тіл алды
дауысты дыбыстар деп те атайды.
Жіңішке дауысты дыбыстар мыналар: ə, е, ө, ү, і.
3. Ашық дауыстылар
Жақтың кең ашылуы арқылы жасалған дауысты дыбыстарды
ашық дауыстылар деп атаймыз.
Ашық дауыстылар мыналар: а, ə, о, ө.
4. Қысаң дауыстылар
Жақтың тар ашылуы арқылы жасалған дауысты дыбыстарды
қысаң дауыстылар деп атаймыз.
Қысаң дауыстылар мыналар: ұ, ү, ы, і.
5. Еріндік дауыстылар
Еріннің дөңгеленіп алға қарай созылуы арқылы жасалған
дауысты дыбыстарды еріндік дауыстылар деп атаймыз.
Еріндік дауыстылар мыналар: о, ө, ұ, ү.
6. Езулік дауыстылар
Езудің кейін тартылуы арқылы жасалған дауысты дыбыстарды
езулік дауыстылар деп атаймыз.
Езулік дауыстылар мыналар: а, ə, е, ы, і.
Кесте 1.
Дауысты дыбыстардың жіктелуі
Тілдің қатысына қарай
жуан
а, о, ұ, ы
жіңішке
ə, е, ө, ү, і
Жақтың қатысына қарай
ашық
а, ə, о, ө
қысаң
ұ, ү, ы, і
Еріннің қатысына қарай
еріндік
о, ө, ұ, ү
езулік
а, ə, е, ы, і
Дауыстыларды талдаудың үлгісі:
а - езулік, ашық, жуан дауысты;
ə - езулік, ашық, жіңішке дауысты;
е - езулік, ашық, жіңішке дауысты;
ы - езулік, қысаң, жуан дауысты;
і - езулік, қысаң, жіңішке дауысты;
о - еріндік, ашық, жуан дауысты;
ө - еріндік, ашық, жіңішке дауысты;
ұ - еріндік, қысаң, жуан дауысты;
ү - еріндік, қысаң, жіңішке дауысты.
Дауыссыз дыбыстардың жіктелуі
Қазақ тіліне тəн дауыссыз дыбыстар жүйесін мына дыбыстар
құрайды: б, г, ғ, д, ж, з, й, к, қ, л, м, н, ң, п, р, с, т, у, ш.
Дауыссыз дыбыстардың жіктелуі
Қазақ тіліне тəн дауыссыз дыбыстар дауыс қатысына жəне жасалуына
қарай өзара бірнеше топтарға бөлініп, жүйеленеді. Олар:
- үн мен салдырдың қатысына қарай: қатаң, ұяң жəне үнді дауыссыз
дыбыстары;
- айтылу жолына қарай: шұғыл, ызың жəне діріл дауыссыз дыбыстары;
- жасалу орнына қарай: ерін жəне тіл дауыссыз дыбыстары.
1. Қатаң дауыссыздар
Тек
салдырдан
жасалған
дауыссыз
дыбыстарды
қатаң
дауыссыздар деп атаймыз.
Қатаң дауыссыздарға мыналар жатады: к, қ, п, с, т, ш
2. Ұяң дауыссыздар
Үн мен салдырдың қатысы арқылы жасалған дауыссыз
дыбыстарды ұяң дауыссыздар деп атаймыз. Ұяң дауыссыздарда үннен гөрі
салдыры басым болады.
Ұяң дауыссыздарға мына дыбыстар жатады: б, г, ғ, д, ж, з.
3. Үнді дауыссыздар
Үн мен салдырдың қатысынан жасалып, бірақ салдырдан гөрі үн
басым болатын дыбыстарды үнді дыбыстар деп атаймыз.
Үнді дауыссыздар жұмсақ таңдайдың қалпына қарай екіге
бөлінеді:
- ауыз жолды: й, л, р, у;
- мұрын жолды: м, н, ң.
1.2 тақырып Буын, оның түрлері
1. Буыннның түрлері
2.Фразалық екпін
3. Логикалық екпін
4.Интонация
Сөз айтылғанда тұтас, бірден айтылмайды. Сөздердің айтылуында ауа
толқыны үзіліп-үзіліп шығады. Бір сөздің ішінде ауа толқынына негізделген
бірнеше бөлшек бола береді. Сөздегі бір дауыстының немесе дауысты мен
дауыссыздың бөлшектеніп айтылуын буын дейміз, өйткені ауа сөздің
құрамындағы дауыстыларды айтқанда еркін шығады да, дауыссыздарды
айтқанда кедергіге ұшырайды. Сонда буын өкпеден келе жатқан фонациялық
Ауамен тікелей байланысты болады. Сондықтан сөздің буынға бөлінуі
дауысты дыбысқа байланысты. Сөзде қанша дауысты дбыс болса, сонша
буын болады, өйткені тек дауысты дыбыс қана буын жасай алады. Дауыссыз
дыбыс буын жасай алмайды, ол дауысты дыбыспен бірге буын құрамына
кіреді. Мысалы: қа-ла, ө-нер, жас-тық, та-ма-ша,т.б
Буынға тəн негізгі белгілер: 1. буын болу үшін оның құрамында
дауысты дыбыс болу керек жəне оның саны бір буында біреуден артық
болмауы тиіс. 2. буында мағына болмайды. Кейбір сөздердің əрбір буыны
лексикалық немесе морфологиялық мағынасы бар бөлшектерге тура келіп
қалады. Мысалы: ат-ты-лар-ға деген төрт буынды сөздің бірінші буыны – ат
(түбір), екінші буыны – ты – сын есім тудыратын жұрнақ, үшінші буыны –
лар- көптік жалғау, төртінші буын – ға – септік жалғау. 3. қазақ тіліндегі
байырғы сөздер бірыңғай не жуан буынды, немесе жіңішке буынды болып
келеді. Қазақ тілінде жуан жəне жіңішке буынды (аралас буынды) орыс жəне
өзге тілдерден енген сөздер кездеседі. 4. қазақ тілінің байырғы сөздері,
буындары екі дауыссыздан басталмайды. 5. тіліміздің байырғы сөздерінің
соңында еліктеуіш сөздерден басқа екіден артық дауыссыз дыбыс келмейді.
Қазақ тіліндегі буынның дыбыстық құрамы төмендегідей болып келеді:
Бір дыбысты, екі дыбысты, үш дыбысты, төрт дыбысты. Ал орыс тілі
арқылы енген сөздерде буын бес, алты дыбысты бола береді. Мысалы: спорт,
пункт, спектр, спринт. Дыбысталу жағынан қарағанда сөйлеу жік – жігімен
айтылған дыбыс шумақтарының тізбегінен құралады. Дыбысталудың
шумағы өз ішінде кіші топтарға бөлшектенеді. Олар сөйлеудің фонетикалық
единицалары ретінде қаралады: 1) фраза, 2)такт, 3) буын, 4) дыбыс немесе
фонема.
Буын құрамының түрліше болуына байланысты буынның қазақ тілінде
үш түрі бар: ашық буын, тұйық буын, бітеу буын.
Жеке дауыстыдан болған немесе дауыстыдан басталып, дауыстыға
бітетін буын ашық буын деп аталады. М-ы: а-ға, ба-ла...
Дауыстыдан басталып, дауыссызға бітетін буын тұйық буын деп
аталады. М-ы: ат, ақ, ін...
Дауыссыздан
басталып,
дауыссызға
аяқталған,
екі
жағынан
дауыссызбен қоршалған дауыстысы бар буын бітеу буын деп аталады. М-ы:
жоқ, зор, бұлт..
Сөз құрамындағы буындардың барлығы бірдей айтылмай,біреуі
басқаларына қарағанда айқынырақ ажыратылып, көтеріңкі айтылады.Мұндай
қасиетке екпін түскен буын ие болады.Осыған орай бұл буын екпінді буын
деп аталады.
1.Буынның біруі басқа буындардан айрықша күшті айтылуы лебізді
немесе динамикалық екпін деп аталады. Динамикалық екпін фонациялық
ауаның қарқыны буынның күшімен байланысты болады.(славян,герман,түркі
т.б.тілдерге тəн)
2.Басқа буындардың ішінен бір буын айтылу тонының ырғағы арқылы
ерекшеленіп дауыс шымылдығының дірілінің жиіленуіне негізделеді.Екпінің
бұл
түрі
тоникалық
немесе
музыкальды
екпін
деп
аталады
(қытай,корей,жапон,литва).
3.Квантитативті екпін (количество). Басқа буынның ішінен бір буын
өзінің
құрамындағы
дауыстылардың
созылыңқы
айтылуы
арқылы
ажыратылады.
III бөлім Грамматика. Морфология
3.1 тақырып Сөз құрамы. Түбір жəне қосымша морфема, оның түрлері
ҚОСЫМШАЛАР
Жеке тұрғанда мағынасы жоқ, түбір сөзге жалғанып, сөздің
лексикалық мағынасын өзгертетін, сөздің грамматикалық мағынасын
түрлендіретін сөз бөлшегі қосымша деп аталады. Қосымшаларда,
біріншіден, лексикалық мағына болмайды, екіншіден, сөзден бөлек
қолданылмайды, үшіншіден, қосымшалардың дыбыстық варианттары болады.
Мысалы -лар, -лер, -дар, -дер, -тар, -тер.
Қосымшалардың көпшілігі дыбыстық жағына өзгергіш, түрленгіш
келеді, демек, қосылатын сөздердегі дауысты жəне дауыссыз дыбыстардың
əуеніне қарай үйлесіп үндесіп отырады.
Қосымшалар мағынасына жəне атқаратын қызметіне қарай жұрнақ
жəне жалғау болып екі топқа бөлінеді.
ЖҰРНАҚТАР
Жұрнақ дегеніміз — өзі жалғанған сөзге лексикалық немесе
грамматикалық мағына үстейтін қосымшалар. Мысалы: бүркіт жəне
бүркітші деген сөздер түбірлес сөздер болғандарымен, екеуінің лексикалық
мағынасы бір емес, екеуі — екі басқа сөз. Жұрнақтардың қызметтері де,
мағыналары да біркелкі емес, əр түрлі. Кейбір жүрнақтар түбір сөздің
мағынасын өзгерткенімен, сол сөзді басқа бір грамматикалық категорияға
ауыстырып жібермейді. Мысалы: мал мен малшы деген сөздер лексикалық
мағынасы жағынан басқа-басқа сөздер, бірақ белгілі грамматикалық
мағынасы жағынан зат есімге жатады. Кейбір жұрнақтар белгілі бір сөз
табына тəн сөздерді басқа бір сөз табына ауыстырады. Шеге, түз, аяк,
дегендер зат есімге тəн сөздер болса, оларды -ле(шегеле), -да(тұзда), -
та(аяқта) жұрнағы етістікке айналдырып тұр.
Сөйтіп, сөздің мағынасын өзгертіп, жаңа сөз тудыратын жұрнақты
— сөз тудырушы жұрнақ деп атайды. Мысалы: киім, өнім деген сөздер -
ім, жұрнағы арқылы ки, өн сөздерінен туған. Сондай-ақ aш, тол
сөздерінен -ық жұрнағы арқылы ашық, толық деген жаңа сөздер
жасалған. Сөз таптарының əрқайсысының өзіне тəн категориялары
тудыра тын мұндай жұрна қтардың лекс икалық қызметінен гөрі
грамматикалық
қызметтері
анағұрлым
басым
болады.
Мұндай
жұрнақтарды сөз түрлендіретін жүрнақтар деп атайды.
Жалаң жүрнақ деп мағына жағынан да, форма жағынан да
бөлшектенбейтін бір бүтін жұрнақты айтады. Мысалы: білім, кешкі, ойла,
кеспе, малшы, ұшқыш дегендердегі -кі, -ла, -ne, -шы, -қыш жұрнақтарының
əрқайсысы мағына жағынан, тұлға жағынан да біртұтас жұрнақ.
Мағына жағынан бір бүтін бола тұрса да, құрамы жағынан кемінде
екі я онан да көп жалаң жұрнақтардан құралып (бірігіп) жасалған жұрнақтар
күрделі (құранды) жұрнақтар деп аталады. Мысалы: Тұрғылықты, көтеріңкі,
ашпалы деген -легі -ғылықты, (ғы-лық-ты), -іңкі (ің-кі), -палы (па-лы) т.б.
ЖАЛҒАУЛАР
Жалғаулар түбірге жаңа мағына үстемдейді. Олар өздері жалғанған сөзді
сөйлемдегі басқа сөздермен жалғастырып, байланыстырады. Мысалы:
Шұғалар өлеңдерін тоқтатып, арқаннан mycmi –лар -дер көптік мағынаны, -i
меншіктілік мағынаны білдіретін жалғау, -н -нан объектіні білдіретін
жалғаулар, олар сөз бен сөзді байланыстырып тұр. Жалғаулар түбір сөзге де,
туынды сөзге де жалғана береді.
Казақ тілінде төрт түрлі жалғау бар. Олар: 1.Септік жалғау. 2.Көптік
жалғау. 3.Тəуелдік жалғау. 4. Жіктік жалғау.
Сөйтіп, сөзге грамматикалық мағына үстейтін. сөз бен сөзді
байланыстыратын қосымшаны жалғау дейміз.
Зат есімнің септік категориясы
СЕПТІК ЖАЛҒАУЛАР
Тілімізде 7 септік жалғау бар. Олар: атау септік, ілік септік, барыс
септік, табыс септік, жатыс септік, шығыс септік, көмектес септік.
Септік жалғаулары — зат есімдердің мағыналарын түрлендіріп, оларды
басқа сөздермен байланыстыратын қосымшалар. Мысалы: Абай Найманның
дауына билігін айтып қойған еді. (М.Ə.) Бұл сөйлемдегі Абай деген сөзді
атау септік баяндауышпен (айтып қойған еді), Найманның дегендегі ілік
септік ол сөзді тəуелдік жалғаулы сөзбен (дауын) байланыстырып, дауына
дегендегі барыс септік, билігін дегендегі табыс септік ол сөзді айтып
қойған еді деген етістікпен байланыстырып тұр.
Сөйтіп, септік жалғаулары сөздерді бір-бірімен байланыстыру
қызметін атқарады. Қазақ тіліндегі септіктің аттары, сұраулары жəне
жалғаулары мыналар:
Атау – кім? не?
Ілік – кімнің? ненің? –ның, -нің, -дың, -дің, -тың, -тің.
Барыс – кімге? неге? қайда? –ға, -ге, -қа, -ке.
Табыс – кімді? нені? -ны, -ні, -ды, -ді, -ты, -ті.
Жатыс – кімде? неде? қайда? –да, -де, -та, -те.
Шығыс – кімнен? неден? қайдан? –нан, -нен, -тан, -тен, -дан, -ден.
Көмектес – кіммен? немен? –мен, -бен, -пен.
ЖАЙ СЕПТЕУ MEH ТƏУЕЛДІК СЕПТЕУ
Жай септеу деп септік жалғауларының тікелей зат есімдердің жəне
басқа есім қызметін атқаратын сөздердің тура түрлеріне жалғануын,
септелуін айтсақ, ал, тəуелді септеу деп септік жалғауларының зат есім
немесе зат есім қызметін атқаратын басқа сөздердің тəуелді түрлеріне
жалғануын айтамыз.
Септіктер Сұраулары
Жай септіктің
сұраулары
Тəуелдік септіктің сұраулары
1. Атау
Кім? не?
кім? кімім? кімің кіміңіз? кім? нең? нем?
неңіз? несі?
2. Ілік
кімнің? ненің? кімімнің? кіміңнің? кіміңіздің?
кімінің? немнің? неңнің?
неңіздің? Несінің?
3. Барыс
кімге? Here?
кіміме? кіміне? кіміңізге?
(қайда?)
кіміне? неме? неңе? неңізге?
несіне?
4. Табыс
кімді? нені?
кімді? кіміңді? кіміңізді? кімін?
немді? неңді? неңізді? несін?
5. Жатыс кімде? неде?
кімімде? кіміңде? кіміңізде?
кіміңде? немде? неңде? неңізде?
несінде? (қайда)
б. Шығыс кімнен?
неден?
Кімімнен? кіміңнен? кіміңіздей?
кімнен? немнен? неңнен?
неңізден? несінен? (қайда?)
7.
Көмектес
кіммен?
немен?
кіміммен? кіміңнен? кіміңізбен?,
(қалай?)
Кіммен? неммен? неңмен?
неңізбен? Несінен? (қалай?)
Септік жалғауы үндестік заңына бағынып жалғанады. Сондықтан,
əрбір септік жалғаудың бірнеше дыбыстық варианттары бар.
Көмектес септік жалғауы буын үндесуіне бағынбай, жуан сөзге де,
жіңішке сөзге де тек жіңішке түрінде жалғанады. Мысалы: қала-мен, өлеңмен.
Орыс тілінен енген 6, в, г, д дыбыстарына аяқталатын сөздерге септік
жалғаулары қатаңнан басталып жалғанады.
2.5 Омонимдер. Синонимдер. Антонимдер
Мағыналары бір-біріне қарама-қарсы сөздер антонимдер деп аталады.
Мысалы,елгезек бала-тілазар бала, шабан ат-жүрдек ат, іскер адам-
олақ адам, жақсы мінез-жаман мінез, қисық ағаш-түзу ағаш, тату көрші-
араз көрші, т.б. Тілімізде антоним сөздер мақал-мəтелдерде, жұмбақтарда
көп
кездеседі.
Мысалы, Ащы мен тұщыны татқан
білер,
алыс пен жақынды жортқан білер. Аз сөз – алтын, көп сөз – көмір, т.б.
Осы мысалдардағы ащы-тұщы, алыс-жақын, аз-көп сөздері – мағыналары
бір-біріне қарама-қарсы айтылған антоним сөздер.
Омоним – сыртқы тұлғасы: айтылуы, естілуі, жазылуы бірдей,
мағыналары əр түрлі сөздер. Сыртқы тұлғасы жағынан омоним сөздер
мен көп мағыналысөздер ұқсас болып келеді. Омоним болудың негізгі
белгісі сөздердің арасындамағыналық байланыс болмайды, яғни омоним
сөздер əр түрлі мағынада қолданылады, ал көп мағыналы сөздердің
арасында мағыналық байланыс болады, көп мағыналы сөздер бір сөз
табынан болып, бір негізден тарайды. Мысалы, Басыңды жоғары
көтеріп, аяғыңды жылдам бас деген сөйлемдегібас сөзі омоним, себебі
бірінші бас сөзі адамның дене мүшесі – не? деген сұраққа жауап беретін,
заттық ұғым атауы болатын зат есім, екінші бас сөзі – не істе? деген сұраққа
жауап беретін қимыл-əрекет атауы болатын етістік. АлТалдың басына
қарлығаш
ұя
салыпты.
Жолаушылар
бұлақтың
басына
келіп
демалды деген сөйлемдердегі бас сөзі – көп мағыналы сөз, себебі 1) бір
нəрсенің бастау алатын жері деген бірдей мағынаға ие болып тұр; 2) екеуі де
бір сөз табынан зат есім болып тұр.
Айтылуы, естілуі, жазылуы əр алуан, мағыналары бір-біріне жақын,
жуық мəнді сөздер синонимдер деп аталады. Синонимге тəн негізгі
белгілер: 1) синоним сөздер əр түрлі дыбысталады; 2) синоним сөздердің
мағынасы бір-біріне жақын болып келеді; 3) синоним сөздер бір сөз
табынан болады. Мысалы,Апатты аймаққа көмекші, жəрдемші топ
келді деген сөйлемдегі көмекші, жəрдемші сөзі бірінің орнына бірін
ауыстырып қолдануға болатын, мағыналары бір-біріне жақын, бір сөз
табынан болған синоним сөздер. Тілімізде синоним сөздер зат есімдерден,
сын есімдерден, етістіктерден жəне үстеулерденкездеседі.
Зат есімнен
болған синонимдер
Сын
есімнен
болған
синонимдер
Етістіктен
болған
синонимдер
Үстеуден болған
синонимдер
Ел
Халық
Жұрт
Көпшілік
Жамағат
Сұлу
Əдемі
Келбетті
Ажарлы
Көрікті
Кездесу
Дидарласу
Ұшырасу
Жолығу
Алыс
Қашық
Шалғай
Қиян
Кейбір сөздердің синонимдері тұрақты тіркес түрінде де кездеседі.
Мысалы,сұлу, əдемі, көрікті сөзінің фразеологиялық синонимі үріп ауызға
салғандай, қыздың жиған жүгіндей болса, алыс, қашық сөзінің тұрақты
тіркес түріндегі синонимі ит арқасы қиянда, ит өлген жер.
Дауысты дыбыстар
Дауысты дыбыстар: жуан, жіңішке, ашық, қысаң; езулік дауыстылар,
емлесі
Тіл
дыбыстары екіге бөлінеді: 1)
дауысты дыбыстар; 2)
дауыссыз дыбыстар. Дауысты дыбыстар саны – 12. Олар: а, ə, о, ө, е, ы, і, ұ,
ү, и, э, (у). Дауысты дыбыстар өкпеден шыққан ауаның кедергіге
ұшырамауы арқылы үнненжасалады.
Дауысты
дыбыстар тілдің қатысына
қарай екіге бөлінеді:
1) жуан дауысты дыбыстар: а, о, ы, у. Жуан дауысты дыбыстарды
айтқанда тіл
кейін
шегініп,
тіл
үсті
дөңестенеді.
2) жіңішке дауысты дыбыстар: ə, ө, і, е, и, э, у. Жіңішке дауысты
дыбыстартілдің ілгері созылуы арқылы жасалады.
Қазақ
тілінде
сөздер
не
тек жуан дауысты
дыбыстардан,
не жіңішке дауысты
дыбыстардан
құралады.
Мысалы,
тек жуан
дауысты дыбыстардан құралған сөздер: арыстан, аққу, рақат, қараторғай,
дауылпаз, тасбақа т.б.
Тек жіңішке дауысты дыбыстардан құралған сөздер: өмір, көктем,
жүгері, мереке, күміс, ілгіш т.б.
Басқа тілден енген сөздер, қос сөздер мен біріккен сөздер жуан
дауысты мен жіңішке дауыстының араласып келуінен жасалады. Ондай
сөздер аралас дыбысты сөздер деп аталады. Мысалы, емтихан, синтаксис,
жөн-жосық, оқта-текте, азық-түлік, Темірқазық, Екібастұз, көзқарас т.б.
Дауысты
дыбыстар
жақтың
қатысына
қарай
ашық
жəне
қысаң болып екігебөлінеді:
1) ашық дауыстылар жақтың кең ашылуы арқылы жасалады. Олар: а,
ə, о, ө, е, э.
2) қысаң дауыстылыр: ы, і, и, ұ, ү, у. Қысаң дауыстылар жақтың тар
ашылуыарқылы
жасалады.
Тек ашық дауыстылар
арқылы
жасалған
сөздер: орман, өлең, əке, əдеп, бақыт, т.б.
Тек қысаң дауыстылар арқылы жасалған сөздер: қызықты, ыдыс,
ірімшік, ілгіш, киік, қырқу, т.б.
Дауысты дыбыстар ерін мен езудің қатысына қарай еріндік жəне
езулікболып екіге бөлінеді:
1) еріндік дауыстылар: о, ө, ұ, ү, у. Еріндік дауыстылар еріннің алға қарай
созылып, дөңгеленуінен жасалады.
2) езулік дауыстылар езудің кейін тартылуы арқылы жасалады.
Олар: а, ə, е, и, э, ы, і.
Тек еріндік дауысты дыбыстар қатысқан сөздер: қосу, өру, ұлу,
күлу т.б.
Тек езулік дауысты дыбыстар қатысқан сөздер: ақыл, əдемі, отырықшы,
егінші, еңбекшіл т.б.
Қазақ тілінде сөздің алғашқы буынындағы еріндік дауыстылар кейінгі
буындардағы езулік дауыстыларды айту кезінде өзіне ұқсатып, еріндік
дауыстыға айналдырып алады. Бұл ерін үндестігі немесе айтылуы мен
жазылуында айырмашылық бар сөздер деп айтылады.
ЖАЗЫЛУЫ
АЙТЫЛУЫ
Құрық
Жүгері
Жұмыс
Көңіл
Көркем
Өнер
Орын
Құрұқ
Жүгөрү
Жұмұс
Көңүл
Көркөм
Өнөр
Орұн
Қазақ тілінде дауысты дыбыстар буын талғамайтын жəне буын
талғайтын болып екіге бөлінеді.
Буын
талғамайтын
дауысты
дыбыстар: а,
е,
ы,
і.
Буын
талғамайтын дауысты дыбыстар сөздің барлық буынында жазыла береді.
Мысалы, балалық, қызықты, ынтымақ, береке, инелік, еңбекшіл,
ертегіші т.б.
Буын талғайтын дауысты дыбыстар: ə, о, ө, ұ, ү негізінен сөздің бірінші
буынында жазылады, тек
басқа
тілден
енген сөздерде, қос
сөздер менбіріккен
сөздерде,
адам
аттарында ғана
сөздің екінші, үшінші буындарында кездеседі.
БАСҚА ТІЛДЕН
ЕНГЕН СӨЗДЕР
ҚОС СӨЗДЕР
БІРІККЕН
СӨЗДЕР
Куə
Дүдəмал
Күмəн
Антоним
Лото
Мазмұн
Мағлұмат
Мəжбүр
Дəстүр
Əп-əдемі
Дəрі-дəрмек
Той-томалақ
Құл-құтан
Ат-көпір
Дүние-мүлік
Салт-дəстүр
Күндіз-түні
Күмбір-күмбір
Аягөз
Қараөткел
Орынбор
Көнетоз
Аққұтан
Айнагүл
Меңдіқұл
Жанбота
Келіссөз
Кейбір сөздерде сөздің соңында ə дыбысы айтылғанымен а дыбысы
жазылады.
АЙТЫЛУЫ
ЖАЗЫЛУЫ
Рəзинə
Жəмилə
Рəсуə
Жəйлəу
Шəй
Кітəп
Рəзина
Жəмила
Рəсуа
Жайлау
Шай
Кітап
Ы, і əріптеріне аяқталған сөздерге тұйық етістіктің у жұрнағы
жалғанғанда ы, іəріптері түсіп қалады. Мысалы, оқы+у=оқу, тоқы+у,
қобалжы+у=қобалжу, бекі+у=беку, жекі+у=жеку, ірі+у=іру, т.б.
Соңғы буынында ы, і əріптеріне бар сөздерге тəуелдік жалғауының ІІІ
жағының жалғауы жалғанғанда түбірдегі ы, і əріптері түсіп қалады.
Мысалы,халық+ы=халқы, бөрік+і=бөркі, көрік+і=көркі, т.б.
Й,
ы,
і əріптеріне
біткен
сөздерге
тұйық
етістіктің у жұрнағы
жалғанғанда ю əрпі
жазылады.
Мысалы, той+у=тою,
жай+у=жаю,
байы+у=баю, кейі+у=кею, т.б.
Я, ю əріптері й+а, й+о дыбыстарының қосындысы болып келеді, де қосарлы
дыбыстар деп аталады. Я, ю қатысқан сөздер айтылуы мен жазылуында
жəнедыбыс саны мен əріп санында өзгеріс бар сөздер болып табылады.
Мысалы,қоян
–
қойан,
аю
–
айу,
қою
–
қойу,
т.б.
Тек айуан, хайуан, кейуана, диуана, миуа, қиуаз сөздерінде ю əрпі
жазылмайды.
И қазақтың төл сөздерінде қосарлы ый жəне ій дыбыстарының қосындысы
болып айтылады, бірақ жазылғанда жалаң и түрінде жазылады.
АЙТЫЛУЫ
ЖАЗЫЛУЫ
Жыйын
Қыйын
Тыйын
Ыйық
Кійім
Кійіт
Ійне
Жиын
Қиын
Тиын
Иық
Киім
Киіт
Ине
Мұндай
сөздер əріп саны
мен дыбыс санында, айтылуы мен жазылуында
айырмашылық
бар
сөздер деп аталады.
Қосарлы ый əріптері
тек сый,
тый түбірінен
тараған
сөздерде
жазылады. Мысалы, сый, сыйлық, сыйлау, сыйластық, сыйымды,
сыйлы; тый, тыйым, тыйылу, тыю, тыяды, тыйдыр, тыйғызу, тыйыл,
т.б.
Йы,
йі əріптеріне
аяқталған
сөздерге
көсемшенің й жұрнағы
жалғанғанда,
соңғыый,
ій əріптерінің
орнына и жазылады.
Мысалы, байы+й+ды=байиды, кейі+й+ді=кейиді, ұйы+й+ды=ұйиды, т.б.
Дауыссыз дыбыстар
Дауыссыз дыбыстар: қатаң, ұяң, үнді дауыссыздар, емлесі
Өкпеден шыққан ауаның кедергіге ұшырауы арқылы жасалған
дыбыстардауыссыз
дыбыстар деп
аталады.
Дауыссыз
дыбыстар үн мен салдырдыңқатысына қарай үшке бөлінеді: Олар: 1) қатаң
дауыссыздар; 2) ұяң дауыссыздар; 3) үнді дауыссыдар.
1. Қатаң дауыссыз
дыбыстар салдырдан жасалады.
Қатаң
дауыссыз
дыбыстар:п, ф, к, қ, т, с, ш, щ, х, ц, ч, һ.
2. Ұяң дауыссыз дыбыстар: б, в, г, ғ, д, ж, з – салдыр мен үннің қатысы
арқылы
жасалады.
Ұяң
дауыссыз
дыбыстарда
үннен салдыр
басымырақ болады.
3. Үн мен салдырдың қатысынан жасалып, салдырдан үн басым болатын
дауыссыз дыбыстар үнді дауыссыз дыбыстар деп аталады. Олар: р, л, й, у,
м, н, ң.
Қатаң дауыссыз дыбыстар мен ұяң дауыссыз дыбыстар жұп құрайды.
Олар: п-б, ф-в, к-г, қ-ғ, т-д, с-з, ш-ж. Бұл дыбыстар жұп құрауға қабілетті
дауыссыз дыбыстар деп аталады.
Х, ц, щ, ч, һ дауыссыз дыбыстары жұп құрауға қабілетсіз дауыссыз
дыбыстарболып табылады.
Ң əрпі
ешқашан сөздің
басында жазылмайды.
Б,
г,
д əріптері
қазақтың
төл
сөздерінің соңында жазылмайды.
В, ц, ч дыбыстары орыс тілінен енген сөздерде жазылады. Мысалы, вагон,
циркуль, Чапаев, т.б.
Қазақтың
төл
сөздерінде л,
р дыбыстарының
алдынан ы,
і дыбыстарыайтылады, бірақ жазылмайды.
АЙТЫЛУЫ
ЖАЗЫЛУЫ
Ыриза
Ырақат
Ырас
Ірең
Ірет
Риза
Рақат
Рас
Рең
Рет
Іреніш
Ылайық
Ылақ
Ылажсыз
Ылаңкес
Ілебіз
Ілезде
Реніш
Лайық
Лақ
Лажсыз
Лаңкес
Лебіз
Лезде
Б, в, г, д ұяң дауыссыз дыбыстарына біткен басқа тілден енген
сөздергеқосымша қатаң
дауыссыздан басталып
жалғанады.
Мысалы, арабтар, архивтен, педагогпен, Ленинградтық, т.б.;
кт,
мб,
нг,
ск,
мп дауыссыздарына
біткен басқа
тілден
енген
сөздергеқосымша ы,
і дəнекер
дыбыстары
арқылы
жалғанады.
Мысалы, фактімен, ромбының, митингіге, киоскіден, штампылау, т.б.;
лл, мм, сс, тт, зд, ст, дауыссыз дыбыстар тізбегіне біткен басқа тілден енген
сөздерге қосымша
жалғанғанда соңғы
қосымша түсіп
қалады.
Мысалы,металл – металды, грамм – грамдап, класс – класы, киловатт –
киловатпен, подъезд – подъезде, машинист – машиниске, тракторист –
тракториске, т. б.;
щ əрпі қазақтың
байырғы
санаулы сөздерінде
ғана
жазылады.
Мысалы, ащы, тұщы, кеще;
х дыбысына біткен басқа тілден енген сөздерге қосымша жуан түрде
жалғанады. Мысалы, тарихты, цехта, т.б.
У дыбысы дауыссыз болады:
1) сөз соңында дауысты дыбыстан кейін келсе, тау, дау, бау, ақтау,
қолдау, дайындау, тербеу, т.б.
2) сөз басында дауысты дыбыстың алдында келсе, уақыт, уəде, уағыз,
уық, уəж, уəкіл, т.б.
3) екі дауысты дыбыстың ортасында келсе, дəуір, жауын, сəуір, бауыр,
тауық, тəуір, т.б.
Ь біткен
сөздерге
қосымша дауыссыз
дыбыстан басталып
жалғанса,
түбірдегіь сақталады. Мысалы, табельге, рояльмен, ал дауысты дыбыстан
басталған қосымша жалғанса, ь сақталмайды. Мысалы, табелі, роялім, т.б.
1.9 Буын түрлері
Буын түрлері: ашық буын, тұйық буын, бітеу буын. Тасымал
Сөз құрамындағы бір немесе бірнеше дыбыстар тобынан жасалған
фонетикалық бөлшек буын деп аталады.
Дауысты дыбыстар буын құрауға негіз болады. Дауыссыз дыбыстар буын
құрай
алмайды.
Сөздің
құрамында
қанша дауысты дыбыс
болса,
сонша буынболады.
Мысалы, қарлығаштардың деген
сөзде бес
дауысты дыбыс бар, яғни сөз бес буыннан құралған.
Қазақ тілінде буынның үш түрі бар: 1) ашық буын; 2) тұйық буын; 3) бітеу
буын.
Бір дауысты дыбыстан құралған жəне дауыссыз дыбыстан басталып,
дауысты дыбысқа аяқталған буын ашық буын деп аталады. Мысалы, а-на,
ба-ла, да-ла, бе-ре-ке, ə-ке, ша-ға-ла, же-ті, та-ға, т.б.
Бір ғана дауысты
дыбыстан құралған
буын жалаң
ашық буын
деп
аталады. Мысалы, ə-же, ұ-лы, ү-кі, а-та, т.б.
Тұйық буын дауысты дыбыстан басталып, дауыссыз дыбысқа аяқталады.
Мысалы, айт, өр, ант, əн, ұлт, аң, ұрт, үй, арс, ел, өрт, т.б.
Дауыссыз
дыбыстан басталып, дауыссыз
дыбысқа аяқталған,
яғни
ортасыдауысты
дыбыс екі
шеті дауыссыз
дыбыс болып
келген
буын бітеу буын деп аталады. Мысалы, Бұлт, жер, қант, той, құрт, тау,
жұрт, жез, төрт, дос, серт, гүл, мұрт, қол, бырт-бырт, сарт-сұрт, жарқ-
жұрқ, сөз, көз, май, дөң, дүлдүл, мазмұн, жолдастық, т.б.
Түбір мен қосымша. Қосымшаның түрлері Сөз тұлғасы. Туынды
сөз, жасалуы.
Морфология сөз жəне оның формаларын тексереді. Сөз формасына
сөздіңнегізгі жəне туынды түбірі, біріккен, қосарланған, қысқарған
сөздер, əр түрліқосымшалар: сөз тудыратын, сөзге қосымша мағына
беретін, сөз бен сөзді байланыстыратын түрлері енеді.
Морфология сөзді топтарға
бөліп,
олардың
əрқайсысына
тəн грамматикалық
формаларын анықтайды.
Əр сөз
табына тəн категориялардың ерекшелігінқарастырады.
Сөз түбір мен қосымша сияқты түрлі бөлшектерден тұрады. Сөздің
бастапқымағына
беретін
ең
түпкі бөлшегі түбір деп
аталады.
Мысалы, жақсы, ғылым, адам, дəптер, тау, өзен, тіле, көр, тап,
парасат,т.б.
Түбірге жалғанған бөлшек қосымша деп аталады. Мысалы, жақсы+лық,
ғылым+ды,
адам+дық, дəптер+ге,
тау+лар, өзен+де,
тілек+тес,
табыс+ты, парасат+ты+лық, адам+гершілік, ана+сы+мен. т.б.
Қосымша жалғанған сөз қосымшалы сөз деп аталады.
Қосымшаның екі түрі бар: 1) жұрнақ; 2) жалғау.
ҚосЖұрнақ өзі
жалғанған
сөздің мағынасын
өзгертіп,
жаңа
сөз тудырады жəне өзі жалғанған сөздің рең мəнін түрлендіреді.
Жұрнақ екіге бөлінеді:
1) сөз
тудырушы
жұрнақтар;
2) сөз
түрлендіруші жұрнақтар.
Сөз тудырушы жұрнақ өзі жалғанған сөздің мағынасын өзгертіп,
жаңа сөзтудырады. Мысалы, ақыл + ды + лық, көр + еген + ді + лік, əдіс
+ кер + лік,талғам + паз + дық, сүз + еген, шаш + ыра + ңқы, би
+ ші, қобыз + шы, құм +айт, шөл + ейт, т.б.
Сөз түрлендіруші жұрнақ өзі жалғанған сөздің рең мəнін ғана
түрлендіреді,негізгі мағынасын өзгертпейді,
жаңа сөз
тудырмайды. Мысалы, жапырақ +ша, көл + шік, қора + шық, апа + тай, ата
+ й, сар + ғыш, қыз + ғылтым, ағ(а) +еке, т.б.
Сөз тұлғасына қарай екіге бөлінеді: 1) негізгі сөз; 2) туынды сөз.
Негізгі сөз – ары қарай бөлшектеуге келмейтін түбір тұлғадағы сөз.
Мысалы, жұлдыз, жең, оқы, сегіз, шапшаң, бүгжең, құрау т.б.
Туынды сөз
Туынды
сөз – жұрнақ жалғану
арқылы
жасалған
сөз.
Мысалы, жұлдыз+шы, жеңіл+дік, оқы+мысты, бой+шаң, бүгжең+де,
құрау+ла, еңбек+тен, сабыр+лы, дін+дар, арба+кеш, кітап+хана+шы т. б.
Туынды сөз əр түрлі сөз табына сөз тудырушы жұрнақ жалғану
арқылы жасалады.
Зат
есімнен
жасалған
туынды
сөз
Сын
есімнен
жасалған
туынды
сөз
Сан
есімнен
жасалған
туынды
сөз
Етістіктен
жасалған
туынды
сөз
Үстеуден
жасалған
туынды
сөз
Еліктеу
сөзден
жасалған
туынды
сөз
Одағайдан
жасалған
туынды
сөз
Сапалы
Мейірім-
ді
Тазалық
Жақсы-
лық
Үштік
Ондық
Тапқыр
Сезгіш
Сонша-
ма
Осынша-
ма
Тарсыл
Гүрсіл
Ербеңде
Ойбайла
Шөреле
Тілімізде бір түбірден əр түрлі жұрнақ жалғану арқылы тараған сөздер де
кездеседі. Мысалы, өн өндір, өнгіш, өнім, өнгіз, өндіріс, т.б. Мұндай
сөздертүбірлес сөздер деп аталады.
Жалғау – өзі жалғанған сөзін екінші сөзбен қарым-қатынасқа түсіріп, сөз
бен сөзді байланыстырып, жалғастырып тұратын грамматикалық тұлға.
Қазақ
тілінде
жалғаудың төрт түрі
бар:
1) көптік жалғау;
2) тəуелдік жалғауы; 3) септікжалғауы; 4) жіктік жалғауы.
Сөздік құрамы
Сөз құрамы. Біріккен сөздер, түрлері, емлесі
Сөз құрамына қарай екіге бөлінеді: 1) дара сөз; 2) күрделі сөз.
Дара сөз негізгі жəне туынды тұлғадағы бір ғана сөзден тұрады.
Мысалы:киім, киімшең, еңбек, еңбекқор, қызмет, қызметкер, адам,
адамшылық, т.б.
Күрделі
сөздер екі
немесе одан
да
көп
түбірден
құралады.
Мысалы, ата-ана, ал қара көк, жиырма жеті, Ақшатау, түрегел, күздігүні,
т.б.
Күрделі
сөздер жасалу жолына
қарай төрт түрлі
болады: бірікен
сөздер, қос сөздер, қысқарған сөздер, тіркесті сөздер.
Біріккен сөздер екі не одан да көп түбірден бірігіп, тұтас бір ұғымды
білдіреді. Мысалы: көкжиек, ешқашан, қонақжай, Жетіқарақшы, сексен,
Екібастұз, қыстыгүні, т.б.
Біріккен сөз екі түрлі болады: 1) кіріккен сөздер; 2) біріккен сөздер.
Кіріккен
сөз
- сыңарлары дыбыстық
өзгеріске түсіп, біртұтас
лексикалық мағына беретін сөздер. Мысалы: қол + қап = қолғап,
ендігіден+əрі = ендігəрі, сегіз+он = сексен, бұл+жыл = биыл, алып +бар =
апар, тұрып+кел = түрегел, ащы тас = ашудас, жаздың күні = жаздыгүні,
Орнын басар = Орынбасар, Өмірі ұзақ = Өмірзақ, солай етіп =
сөйтіп, т.б.
Түбір тұлғасы дыбыстық өзгеріске ұшыраған біріккен сөздер дəстүр
бойыншабірге жазылады: күздігүні, қолғанат, бүгін, қонақасы, т.б.
Біріккен сөз – сыңарлары дыбыстық құрамын сақтай отырып, бір
мағынағаие болатын сөздер. Мысалы: аққұтан, Темірқазық, киікоты,
ханталапай,
т.б.Біріккен
сөздер
əрқашан бірге жазылады: кəсіпорын,
ақкөгершін, бұзаубас, т.б.
Сөз бен мағына. Сөздің тура жəне ауыспалы мағынасы
Лексика –
бір
тілдегі
сөздердің
жиынтығы.
Қазақ
тілінде
лексика сөздік құрамдеген ұғымды білдіреді. Тілдің лексикасын, сөздік
құрамды
тіл
білімініңлексикология ғылымы
зерттейді.
Лексикология семасиология,
этимология,
фразеология,
диалектология т.б. тарауларға бөлінеді. Лексикологияның ең басты зерттеу
нысаны – сөз. Сөз белгілі ұғым атауы болып, əр алуан мағынаны білдіреді.
Қазақ тілінде лексикалық мағынасы жоқ сөздер де кездеседі.
Мысалы, қаралы, сияқты, бірге, дейін, кейін, секілді, соң, таман, тарта,
үшін. Бұл сөздер жеке тұрғанда ешқандай мағынаға ие бола алмайды,
мағынасы бар сөздермен тіркесіп қолданылады. Мысалы, жүз қаралы,
батыр сияқты, анасымен бірге, мектепке дейін, дайындықтан кейін,
əкесі секілді, үйге таман, мыңға тарта, туған жер үшін.
Қазақ тілінде сөздер тура жəне ауыспалы мағынада қолданылады.
Тура мағына – сөздің бастапқы, негізгі мағынасы. Тура мағына заттың
немесе құбылыстың атын тура атап көрсетеді. Мысалы, адамның аяғы,
адамның қолы, адамның көзі, ыдыстың түбі, қыздың төркіні, қоянның
құлағы, суық жел, биік тау, жылы киім.т.б.
Ауыспалы мағына – сөздің тура мағынасының негізінде қалыптасқан,
ойды
көркемдеп
жеткізу
үшін
қолданылатын
келтірінді
мағына.
Мысалы, күннің көзі, жұмыстың аяғы, əңгіменің басы, сөздің төркіні,
қазанның құлағы, суық хабар, биік мақсат, жылы сөз.
Тұрақты сөз тіркестер
Тұрақты тіркестер. Мақал-мəтелдер
Екі немесе одан да көп сөздің тіркесуі арқылы жасалатын,
құрамындағы сөздердің орнын ауыстыруға келмейтін, бəрі тұтасып бір
мағынаға ие болатын, бір сөйлем мүшесінің қызметін атқаратын тіркестер –
тұрақты тіркестер – фразеологизм деп аталады. Мысалы, Екі иығына екі
кісі мінгендей деген тұрақты сөз тіркесі денелі, тұлғалы, иықты деген бір
ғана мағынаны білдірсе,Аяғы аяғына жұқпады тұрақты тіркесі шапшаң, тез
жүрді деген ұғымда қолданылып тұр. Тұрақты сөз тіркестері мен еркін сөз
тіркестерінің өзіне тəн айырмашылығы болады:
Бір-біріне антоним болатын тұрақты сөз тіркестер:
Бетінен оты шықты (ұялды) – Беті бүлк етпеді (ұялмады).
Зəресі ұшты (қорықты) – Қуанышы қойнына сыймады (қуанды)
Қолы қолына жұқпады (тез қимылдады) – Саусағының ұшын
қимылдатпады(қозғалмады, еш нəрсе істемеді)
Бір-біріне синоним болатын тұрақты сөз тіркестер:
Үріп ауызға салғандай; қыздың жиған жүгіндей – сұлу, əдемі,
көрікті, келбетті; əсем, т.б.
Ит өлген жер; ит арқасы қиянда – алыс, қашық, шалғай;
Ит терісін басына қаптады; жерден алып, жерге салды – ұрысты,
сөкті, балағаттады.
МАҚАЛ-МƏТЕЛДЕР
Мақал-мəтелдер де тұрақталған, қалыптасқан сөздер тобы болып
табылады. Мақал-мəтелдердегі сөздердің де орнын басқа сөздермен
алмастыруға келмейді. Бірге айтылғанымен мақал мен мəтелдің бір-бірінен
өзіндік ерекшелігі, айырмашылығы болады:
1. Мақалдың мазмұнында істің себебі мен салдары бірге айтылып,
шарты мен нəтижесі қатар беріледі. Мысалы, (Егер) ісім өнсін десең,
(онда) еңбек ет. Алмəтелде істің салдары айтылып, себебі айтылмайды.
Мысалы, Сабыр түбі – сары алтын.
2. Мақал құрылысы жағынан көбінесе құрмалас сөйлем болып келеді.
Мысалы,Еңбек етпесең, елге өкпелеме; егін екпесең, жерге өкпелеме. Ал
мəтел құрылысы жағынан көбінесе жай сөйлемге құрылады. Мысалы, Көп
түкірсе – көл. Басқа пəле тілден. т. б.
МАҚАЛ
МƏТЕЛ
Туған жердей жер болмас,
Туған елдей ел болмас.
Саяз су сарқырап ағады.
Бірлік болмай, тірлік болмас.
Жеңілтектік жарға жығар.
Ұсталы ел озар,
Ұстасыз ел тозар.
Қайтып кірер есікті қатты
жаппа.
Жақсыдан үйрен, жаманнан
жирен.
Тəуекел
кемесі
суға
батпайды.
Ұлдың ұяты – əкеге,
Қыздың ұяты – шешеге.
Сиырдың сүті тілінде.
Көнерген сөздер
Көнерген сөздер – тарихи шығармаларда ғана кездесетін, қолданыстан
шығып қалған, мағынасы көмескі сөздер. Көнерген сөздер екіге бөлінеді: 1)
тарихи сөздер; 2) архаизмдер.
Тарихи сөздер – ескі заманда қолданылған, дəуірі өткен тарихи сөздер
атауы. Тарихи сөздер бірнеше салаға бөлінеді:
– ел басқаруға байланысты атаулар: хан, патша, уəзір, би, аға сұлтан,
болыс, ауылнай, т.б.
– пайдаланудан шығып қалған қару-жарақ атаулары: садақ, жебе,
сауыт, айбалта, найза, адырна, т.б.
– кеңес дəуірі тұсында қолданылған əкімшілік сөздер: қызыл əскер,
қызыл отау, т.б.
Архаизмдер – халықтың тұрмыс-тіршілігіне, салт-санасына, əдет-
ғұрпына байланысты қолданылатын, əр дəуірде өзгеріп, басқа сөздермен
ауысып отыратын ескірген сөздер. Архаизмдерге мынандай сөздер жатады:
– мата атаулары: патсайы, торқа, биқасап, дүрия, т.б.
– əдет-ғұрып атаулары: бесік құда, сауын айту, ұрын бару, т.б.
– үй тұрмысына қатысты атаулар: жаппа, лашық, саптыаяқ,
кебеже, əбдіре, шидем, күпі, шекпен, сəукеле, т.б.
Тілімізде қайтадан жаңарған көнерген сөздер де кездеседі. Оларға:
– діни ұғым атаулары: жаназа, имам, мешіт, ораза, жайнамаз, т.б.
– жыл атаулары: барыс, ұлу, тышқан, т.б.
– ай атаулары: қаңтар, наурыз, маусым, т.б.
Жаңа сөздер (Неологизмдер)
Тілімізде жаңа ұғым аттарын білдіретін жаңа сөздер де бар. Олар
ғылыми тілде неологизм деп аталады. Жаңадан енген сөздер тілге сіңісіп,
халыққа танымал болған соң жаңа сөз болудан қалады да, орнын оның
баламасы ауыстырады.Мысалы, космос – ғарыш, космонавт – ғарышкер,
парк – саябақ, теплица – жылыжай, телеграмма – жеделхат, пенсия –
зейнетақы, спутник – жер серігі, класс – сынып, т.б.
Сөздердің тіркесуі арқылы да жаңа сөздер жасалады. Мысалы, жердің
жасанды серігі, ғарыш айлағы, жер серігі, халықаралық қауымдастық
т.б.
Қазақ тілінің мəртебесінің өсуіне орай соңғы жылдары тілімізге
көптеген жаңа сөздер – неологизмдер – енді. Мысалы, орамжапырақ,
қызанақ, жасуша, қожалық, жылыжай, т.б.
Күрделі сөздер (Қысқарған сөздер, тіркесті сөздер)
Күрделі атауларды шартты түрде белгілі тəсілдермен қысқарту
арқылы жасалған сөздер қысқарған сөздер деп аталады. Қысқарған
сөздерді тіл білімінде аббревиатура деп атайды. Күрделі сөздер əр
түрлі жолмен қысқарады:
1. Күрделі атаудың əр сөзінің бас əрпінен: ҚР, БҰҰ, ТМД, т. б.
2. Күрделі атаудың бірінші сөзінің алғашқы буыны жəне қалған
сөздің басқыəрпінен: ҚазҰУ, ҚарМУ, ҚазҰПУ, т. б.
3. Күрделі атаудың əр сөзінің алғашқы буынынан: ауатком, колхоз,
ұжымшар, т. б.
4. Күрделі атаудың алғашқы сөзінің бірінші буыны мен келесі
сөз түгелалынады: пединститут, медколледж, медбике, педпрактика, т.
б.
5. Техника
маркаларын
көрсету
үшін
алынған
шартты белгілер деқысқарған сөзге жатады: ТУ-104, ДТ- 54, ЯК-40 , т. б.
6. Əр түрлі өлшем бірліктері: м (метр), кг (килограмм), ц (центнер),
т. б.
Қысқарған ( пединститут, ауатком, ұжымшар, кеңшар медколледж,
сияқты сөздерден басқа) сөздерге қосымша дефис арқылы жалғанады.
Мысалы:ҚазҰУ-ды бітірген, ДТ-54-ті жүргізеді, БҰҰ-ға мүше, т. б.
Күрделі сөздің бірі тіркесті сөздің құрамындағы сөздер біртұтас
лексикалық мағына береді, бір ұғымның атауы болып келеді.
Тіркесті сөздер əр түрлі сөз табынан жасалады.
Зат есімнен жасалған тіркесті сөздер: бала бақша, нағашы ата,
ортан жілік, қайын ене, қазақ тілі, Республика алаңы, Оқушылар үйі,
Достық даңғылы, Абай даналығы, ауыл шаруашылығы – кім? не?
Сын есімнен жасалған тіркесті сөздер: сары ала, көк бурыл, күрең
төбел, ұзын бойлы, қою қаба сақалды, қызыл шырайлы – қандай?
Сан есімнен жасалған тіркесті сөздер: он үш, жиырма бес, тоғыз
жүз алпыс, екі мың елу жеті, алпыс үш, жетпіс тоғыз – қанша, неше?
Етістіктен жасалған тіркесті сөздер: келе жатыр, айтып болып еді,
құлап қала жаздап еді, күліп жібере жаздады – қайтты, не істеді?
Үстеуден жасалған тіркесті сөздер: қыс бойы, күні кеше, таң
атқаннан кеш батқанша, кеш батқаннан таң атқанға дейін – қашан?
Тіркесті сөздер əрқашан бір-бірінен бөлек жазылады.
Күрделі сөздердің түрлерін жинақтап кесте арқылы көрсеттік.
КҮРДЕЛІ СӨЗДЕР
Біріккен
сөздер
Қос сөздер
Қысқарған
сөздер
Тіркес сөздер
Саңырауқұлақ
Бəйшешек
Айдос
Ұлтабар
Алаөкпе
Ханталапай
Қосалқа
Өнеркəсіп
Жазғытұрым
Əлдеқалай
Үйір-үйір
Таудай-
таудай
Бетпе-бет
Жөнді-
жөнсіз
Ас-мас
Көйлек-
көншек
Сарт-сұрт
Жап-жасыл
Көкпеңбек
Аппақ
ХШЖК
ҚР
ҚазҰУ
ҚБТУ
Ауатком
Ұжымшар
Физмат
Ил-40
Ан-24
см
Ана тілі
Сөз тіркесі
Ал қара көк
Күрең қызыл
Жиырма үш
Оқушылар
сарайы
Ақ құба өңді
Қызыл
шырайлы
Қыс бойы
Кешке дейін
Тұрақты тіркестер. Мақал-мəтелдер
Екі немесе одан да көп сөздің тіркесуі арқылы жасалатын,
құрамындағы сөздердің орнын ауыстыруға келмейтін, бəрі тұтасып бір
мағынаға ие болатын, бір сөйлем мүшесінің қызметін атқаратын тіркестер –
тұрақты тіркестер – фразеологизм деп аталады. Мысалы, Екі иығына екі
кісі мінгендей деген тұрақты сөз тіркесі денелі, тұлғалы, иықты деген бір
ғана мағынаны білдірсе,Аяғы аяғына жұқпады тұрақты тіркесі шапшаң, тез
жүрді деген ұғымда қолданылып тұр. Тұрақты сөз тіркестері мен еркін сөз
тіркестерінің өзіне тəн айырмашылығы болады:
Бір-біріне антоним болатын тұрақты сөз тіркестер:
Бетінен оты шықты (ұялды) – Беті бүлк етпеді (ұялмады).
Зəресі ұшты (қорықты) – Қуанышы қойнына сыймады (қуанды)
Қолы қолына жұқпады (тез қимылдады) – Саусағының ұшын
қимылдатпады(қозғалмады, еш нəрсе істемеді)
Бір-біріне синоним болатын тұрақты сөз тіркестер:
Үріп ауызға салғандай; қыздың жиған жүгіндей – сұлу, əдемі,
көрікті, келбетті; əсем, т.б.
Ит өлген жер; ит арқасы қиянда – алыс, қашық, шалғай;
Ит терісін басына қаптады; жерден алып, жерге салды – ұрысты,
сөкті, балағаттады.
МАҚАЛ-МƏТЕЛДЕР
Мақал-мəтелдер де тұрақталған, қалыптасқан сөздер тобы болып
табылады. Мақал-мəтелдердегі сөздердің де орнын басқа сөздермен
алмастыруға келмейді. Бірге айтылғанымен мақал мен мəтелдің бір-бірінен
өзіндік ерекшелігі, айырмашылығы болады:
1. Мақалдың мазмұнында істің себебі мен салдары бірге айтылып,
шарты мен нəтижесі қатар беріледі. Мысалы, (Егер) ісім өнсін десең,
(онда) еңбек ет. Алмəтелде істің салдары айтылып, себебі айтылмайды.
Мысалы, Сабыр түбі – сары алтын.
2. Мақал құрылысы жағынан көбінесе құрмалас сөйлем болып келеді.
Мысалы,Еңбек етпесең, елге өкпелеме; егін екпесең, жерге өкпелеме. Ал
мəтел құрылысы жағынан көбінесе жай сөйлемге құрылады. Мысалы, Көп
түкірсе – көл. Басқа пəле тілден. т. б.
МАҚАЛ
МƏТЕЛ
Туған жердей жер болмас,
Туған елдей ел болмас.
Саяз су сарқырап ағады.
Бірлік болмай, тірлік болмас.
Жеңілтектік жарға жығар.
Ұсталы ел озар,
Ұстасыз ел тозар.
Қайтып кірер есікті қатты
жаппа.
Жақсыдан үйрен, жаманнан
жирен.
Тəуекел
кемесі
суға
батпайды.
Ұлдың ұяты – əкеге,
Қыздың ұяты – шешеге.
Сиырдың сүті тілінде.
Көнерген сөздер
Көнерген сөздер – тарихи шығармаларда ғана кездесетін, қолданыстан
шығып қалған, мағынасы көмескі сөздер. Көнерген сөздер екіге бөлінеді: 1)
тарихи сөздер; 2) архаизмдер.
Тарихи сөздер – ескі заманда қолданылған, дəуірі өткен тарихи сөздер
атауы. Тарихи сөздер бірнеше салаға бөлінеді:
– ел басқаруға байланысты атаулар: хан, патша, уəзір, би, аға сұлтан,
болыс, ауылнай, т.б.
– пайдаланудан шығып қалған қару-жарақ атаулары: садақ, жебе,
сауыт, айбалта, найза, адырна, т.б.
– кеңес дəуірі тұсында қолданылған əкімшілік сөздер: қызыл əскер,
қызыл отау, т.б.
Архаизмдер – халықтың тұрмыс-тіршілігіне, салт-санасына, əдет-
ғұрпына байланысты қолданылатын, əр дəуірде өзгеріп, басқа сөздермен
ауысып отыратын ескірген сөздер. Архаизмдерге мынандай сөздер жатады:
– мата атаулары: патсайы, торқа, биқасап, дүрия, т.б.
– əдет-ғұрып атаулары: бесік құда, сауын айту, ұрын бару, т.б.
– үй тұрмысына қатысты атаулар: жаппа, лашық, саптыаяқ,
кебеже, əбдіре, шидем, күпі, шекпен, сəукеле, т.б.
Тілімізде қайтадан жаңарған көнерген сөздер де кездеседі. Оларға:
– діни ұғым атаулары: жаназа, имам, мешіт, ораза, жайнамаз, т.б.
– жыл атаулары: барыс, ұлу, тышқан, т.б.
– ай атаулары: қаңтар, наурыз, маусым, т.б.
Неологизм
Тілімізде жаңа ұғым аттарын білдіретін жаңа сөздер де бар. Олар
ғылыми тілде неологизм деп аталады. Жаңадан енген сөздер тілге сіңісіп,
халыққа танымал болған соң жаңа сөз болудан қалады да, орнын оның
баламасы ауыстырады.Мысалы, космос – ғарыш, космонавт – ғарышкер,
парк – саябақ, теплица – жылыжай, телеграмма – жеделхат, пенсия –
зейнетақы, спутник – жер серігі, класс – сынып, т.б.
Сөздердің тіркесуі арқылы да жаңа сөздер жасалады. Мысалы, жердің
жасанды серігі, ғарыш айлағы, жер серігі, халықаралық қауымдастық
т.б.
Қазақ тілінің мəртебесінің өсуіне орай соңғы жылдары тілімізге
көптеген жаңа сөздер – неологизмдер – енді. Мысалы, орамжапырақ,
қызанақ, жасуша, қожалық, жылыжай, т.б.
Достарыңызбен бөлісу: |