Жанама кесімді еңбек ақы төлемі. Мұнда қосалқы және басқа да жұмысшылардың еңбек төлемі қызмет көрсететін учаскісінің, цехтың негізгі жұмысшылардың төлем ақысына шаққанда проценімен аңықталады.
Еңбек ақы төлемінің аккордтық жүйесі. Бұл жүйеде жұмысшылардың еңбек төлемін нормаланған тапсырманың немесе жұмыс көлемінің (уақытының, өндірім нормаларының) орындалуы және алдын ала кешендік бағасы бойынша аңықтайды.
Мерзімдік еңбекақыға жұмысшылар мен қызметкерлердің түнгі уақытта жұмыс істеген жұмысына есептелетін қосымша төлем, мерзімінен тыс уақытта істеген жұмысына есептелетін төлем, демалыс немесе қосымша мейрам күніне төленетін төлемдер, жұмыстың ауырлығы мен зияндығына төленетін қосымша төлем, өнім өндірудегі ақауға байланысты төлемдер, біреудің орнына жұмысты атқарғаны үшін төленетін төлемдер, тағы басқаларға және өзіне белгіленген жұмыс уақытында істегеніне есептелетін төлемдер жатқызылады.
Жұмысшылардың еңбегін олардың мамандануына қарай бөлу үшін тарифтік сетка қолданылады. Ол алты разрядтан және әрбір разрядқа бекітілген тарифтік коэффициенттер мен ставкалардан тұрады. Тарифтік ставка уақыт бірлігіне төленетін еңбек ақы сомасы болып табылады. Сағаттық, күндік және айлық тарифтік ставкалар болады.
Еңбек ақы негізгі және қосымша болып екі түрге бөлінеді.
Негізгі еңбек ақы нақты өтелген уақытқа, орындалған жұмыстың сапасы мен санына қарай төленеді. Негізгі еңбек ақыға мерзімдік, кесімді кесімді жұмысшыларға үдемелі баға бойынша төлемдер, жұмысшының кінәсінсіз жұмыстың тұрып қалуы мен болған ақаулар бойынша төлемдер, жұмыс уақытынан тыс уақытта және түнгі уақытта жұмыс істегені үшін төленетін төлемдер, бригадирлікке, шәкірттерді оқытқаны үшін, сонымен бірге, кластылыққа, демалыс және мейрам күндері жұмыс істегені үшін, басқа лауазымды орындағаны үшін төленетін төлемдер және т.б. жатады.
Қосымша еңбек ақы еңбек туралы заңнамалармен қарастырылған жұмысшылар мен қызметкерлердің өтелмеген жұмыс уақытына төленетін төлем болып табылады.Қосымша еңбек ақыға еңбек демалысы уақытына, мемлекеттік және қоғамдық міндеттерін орындаған уақытқа, оқу демалысы уақытына төленетін төлемдер, демалыс жәрдемақысын төлеу, жас сәбилі аналарға жұмыстағы үзіліс уақыттарына төленетін төлем, жасөспірімдерге жеңілдік сағаттарын төлеу, жұмыс өтілі үшін төленетін сыйақылар жатады. Негізгі және қосымша еңбек ақы еңбек ақы қорын құрайды. Сонымен бірге, еңбеккерлерге еңбек ақы қорына кірмейтін, бірақ олардың кірісін ұлғайтатын әр түрлі сыйақылар мен өзге де төлемдер төленеді. Мысалы: бір уақыттық ақшалай сыйақылар, жаңалық енгізгені үшін және тиімді ұсыныстары үшін төлемдер және де кәсіпорындардың оқушыларына төлейтін стипендиялары, зейнет ақылар, уақытша еңбекке жарамсыздық төлемдері жатады.
Еңбек ақыны дұрыс есептеу үшін ұйымдарда қалыпты жұмыс шартынан ауытқулар есепке алынуы тиіс. Олар қосыша еңбек шығынын тудырады және кесімді жұмысқа белгіленген баға үстіне қосымша төленеді. Қосымша төлем деп жұмыс кестесі және еңбек шартымен байланысты, өтем ақы түріндегі төлемдерді айтады. Қалыпты жұмыс шартынан ауытқитын жұмыс атқарылғанда, атап айтқанда: әр түрлі мамандық жұмыстарын атқарғанда, басқа кәсіпті өз кәсібімен білестіріп орындағанда, жұмыс уақытынан тыс уақытта, түнгі уақытта және мейрам және дмалыс күндері жұмыс орындағанда кәсіпорындар тиісті қосымша төлемдер жасауы тиіс. Қосымша төлем мөлшері мен оларды төлеу шарттарын кәсіпорындар мен ұйымдар, мекемелер өз бетінше бекітеді және олар ұжымдық келісім-шартта көрсетілуі керек. Бұл ретте өосымша төлемдер мөлшері заңмен белгіленген мөлшерден төмен болмауы керек.
Жеке құрамды есепке алу үшін, еңбек ақыны есептеу және оны беру үшін алғашқы құжаттардың бірегейленген нысандары қолданылады.
Еңбек ақыны есептеуге негіз болатын көрсеткіш-қызметкердің орташа еңбек ақысы.
Заң жүзінде орташа еңбекақы:
ұйымдар жойылған жағдайда жеке еңбек шарты бұзылғанда, сондай-ақ еңбеккерлердің штаты немесе саны қысқарған кезде, босанғандарға компенсация есептеу үшін;
- пайдаланбаған демалыс үшін өтем ақы немесе демалыс ақысын есептеу ушін;
- қызмет бабымен ic-сапарға барған уақытына төлем жасау ушін;
уақытша жұмыстың тоқтап қалу уақытына (яғни, еңбеккерлердің кінәсі емес) төлем жасау кезінде;
басқа да әлеуметтік төлем жасау үшін есептелінеді.
Орташа жалақы - бұл белгілі уақыт кезеңіне еңбеккерлердің еңбекақысынан алынған орташа еңбекақының деңгейі (сағатқа, күнге, айға, жылға) . Оны есептеу үшін он екі күнтізбелік айлар және сол айлардағы тиесілі төлемдер алынады. Бұл кезеңді есептік кезеңнің ұзақтығы деп те атайды. Сонымен бірге, орташа енбекақы белгілі бip құбылыстар мен байланысты жағдайларды есептеу үшін қажет, мысалға: ұйымдар жойылғанда, босанғандарға жәрдем ақы есептеу үшін, екіқабат және бала табуына байланысты жәрдемақыны есептеу үшін және тағы басқалар.
Қызметкерлердің еңбек ақысының төлемі бойынша есеп айырысу есебі 3350 “Қызметкерлердің еңбек ақысы бойынша есеп айырысу ” шотында жүргізіледі. Бұл пассивтік шот.
Еңбек ақыны есептегенде 3350 шоты кредиттеледі де, мына шоттар дебеттеледі:
2930-шоты “Аяқталмаған құрылыс” күрделі құрылыспен шұғылданатын және сонда жұмыс істейтін қызметкерлердің еңбек төлемінің сомасына;
7110-шоты “Тауарларды сату жөніндегі шығындар” өнім өткізумен, жұмыстар мен қызмет көрсетулерді жүзеге асырумен шұғылданатын қызметкерлерге есептелген еңбек төлемінің сомаларына;
7210-шоты “Жалпы және әкімшілік шығындар” жалпы шаруашылық және әкімшілік-басқармаршылық, қызметкерлеріне есептелген еңбек төлемінің, сомасы;
8110-шоты “Өндірістегі жұмысшылардың еңбек ақысы” негізгі өндірістегі жұмысшыларға есептелген еңбек төлемнің сомасы;
8310-шоты “Қызметкерлердің еңбекақысы” қосалқы өндірістердің есептелген еңбек төлемнің сомасы;
Еңбекақыны тарату 3350 шотының кредитімен мына шоттардың дебетіне жазылады: 2930, 7110, 8110, 8310, 8410. Сондай-ақ еңбекақы “Материалдар” шотына, “Алдағы кезең шығыстарына” жатқызылуы мүмкін, яғни аталған шоттар дебеттеледі де, 3350 шоты кредиттеледі.
Кәсіпорын бухгалтериясы еңбек ақыны есептеп қана қоймай, сонымен бірге еңбек ақыдан әр түрлі шегерімдер мен заңмен белгіленген ұсталымдар жасайды. Заңнамаларға сәйкес, жұмысшылар мен қызметкерлердің еңбек ақысынан келесі ұсталымдар жасалады:
- жеке табыс салығы – бұл салық салу объектісі еңбек ақы болып табылатын мемлекеттік салық түрі;
- жинақтық зейнетақы қорына аударымдар;
- бұрын берілген аванстарды өтеу сомасы, сонымен бірге дұрыс есептемеу салдарынан жұмысшыға артық төленген сомасын қайтару;
- қызметкердің субъектіге келтірген материалдық зиянды өтеуі;
- кейбір айыппұлдарды қстап қалу;
- атқарушылық құжаттар бойынша кәмелетке толмаған балаларын немесе еңбекке жарамсыз ата-аналарын асырауға алименттерді өндіріп алу төлеу;
- несиеге сатылған тауарлар үшін;
- өнімде айқындалған ақаулар үшін.
Аталған ұсталым сомалары тиісті бухгалтерлік есеп шоттарында кредиттелсе, еңбек ақы шоты дебеттеледі.
Бақылау сұрактары:
Еңбекақы бойынша қызметкерлермен есеп айырысу есебі.
Бюджетпен есеп айырысу.
ТМҚ жеткізуге немесе орындалған жұмыс пен көрсетілген қызметтер үшін субъектіден алынған аванстар бойынша есеп айырысудың есебі.
Ұзақ мерзімді несиелерді есепке алу.
Кейінге қалтырылған салықтарды есепке алу.
Еншілес (тәуелді) серіктестерге кредиторлық қарыздың есебі.
Дивидентер бойынша есеп айырысу есебі.
Болашақ кезеңнің табыстарының есебі.
Басқа да ұзақ мерзімді міндеттемелерді есепке алу.
Достарыңызбен бөлісу: |