Шаңырақ – қасиеттi, білім негізі осы шаңырақта (мектепте) қаланады. «Халық
пен халықты, адам мен адамды теңестіретін білім», - деп ұлы жазушы М. Әуезов
айтқандай, тәуелсіздік туын тіккен елімізді өркениетке бастар жолдың бастауы да –
мектеп.
Мектеп – жас ұрпақты біліммен қаруландыратын алтын шаңырақ.
№№1-12(58-69), қаңтар-желтоқсан, январь-декабрь, January-December, 2015 ISSN 2307-020X
Elorda ġylymi habaršysy – Naučnyj vestnik stolicy – Scientific messenger of the capital
______________________________________________________________
44
Қазақтың ырымында бақанды әйел адам ұстамайды. Бақан әлемдi тiреп тұрған
нәрсе. Сондықтан бақан – ер адамның белгісі.
Бұл – біздің мектебіміздің директоры Бурин Теміржан Ғаниұлы. Басшылық –
бұл да өнер. Ұжымдағы басқару ойдағыдай болса, көптеген жетістіктерге қол
жеткізуге болады.
Біздің мектеп қазіргі таңда спорт, өнер жағынан жетістіктерге қол жеткізіп
жүрген білім ордасы. Білім жағынан да айтарлықтай жетістіктер баршылық. Айтар
болсақ, халықаралық пәндік олимпиадалар, Республикалық, өңірлік, облыстық
семинарлар т.б. айтуға болады. Мұндай жетістіктерге қол жеткізу, әрине, мектеп
директорының қолдауының арқасында болатыны анық.
№№1-12(58-69), қаңтар-желтоқсан, январь-декабрь, January-December, 2015 ISSN 2307-020X
Elorda ġylymi habaršysy – Naučnyj vestnik stolicy – Scientific messenger of the capital
______________________________________________________________
45
Мектеп – білім тірегі, мұғалім – оның жүрегі. Ендеше мектептің басты тұлғасы
– мұғалім. Уық – бірлестік мүшелері, яғни мұғалімдер.
Бірлестікте 9 мұғалім (8-і – «Қазақ тілі» пәнінің және 1-еуі «Тарих» пәнінің
мұғалімі) жұмыс жасайды. Барлығы да жоғары білімді мамандар. 4 мұғалім жоғары
санатты, 3 мұғалім І санатты, 2 мұғалім ІІ санатты педагогтар.
Бірлестік мұғалімдерінің жетістіктері
№№1-12(58-69), қаңтар-желтоқсан, январь-декабрь, January-December, 2015 ISSN 2307-020X
Elorda ġylymi habaršysy – Naučnyj vestnik stolicy – Scientific messenger of the capital
______________________________________________________________
46
«Мектептің тірегі де, тілеуі де – оқыта білетін мұғалім», - деп А. Байтұрсынов
айтқандай, бірлестік мұғалімдерін ұрпақ тәрбиесіне зор үлес қосып жүрген, білімі
мен біліктілігі мол ұстаздар деп айтуға болады.
Бүгінгі таңда оқу-тәрбие үрдісінде қолданылып жүрген педагогикалық
технологияларды біздің мұғалімдеріміз өз сабақтарында үнемі қолданып,
айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізіп жүр.
Атап айтар болсақ, Б. Айтқалиева Ж. Қараевтың «Деңгейлеп саралап оқыту
технологиясы», Н. Оразахынованың «Сатылай кешенді талдау», Р. Қаплиева, Л.
Айтжанова мен Л. Қанатбаева М. Жанпейісованың «Модульдік оқыту» «Сын
тұрғысынан ойлау», С. Таласқалиева А. Бисалиеваның «Ақпараттық технология»
технологияларын тәжірибеде қолданып жүргендерін атап өтуге болады.
№№1-12(58-69), қаңтар-желтоқсан, январь-декабрь, January-December, 2015 ISSN 2307-020X
Elorda ġylymi habaršysy – Naučnyj vestnik stolicy – Scientific messenger of the capital
______________________________________________________________
47
Кереге – киіз үй сүйегінің қабырғалық бөлігі, талдан, жіңішке қайыңнан
жасалады. Қазақ тілінде бұл сөздің мағынасы – киіз үйдің ағаштан жасалған
қабырғасы екені белгілі. Яғни, қабырға – біздің сапалы білім, саналы тәрбие беріп
отырған оқушыларымыз. «Керегең кең болсын, екi босағаң тең болсын!» - дейді
халқымыз. Сондықтан да оқушыларымыз қазақ тілімен сусындап, сапалы білім,
саналы тәрбие алып, өмір атты белеске қанат қағып жатыр.
Бұл – мектеп ұжымының еселі еңбегінің нәтижесі. Керегенің кең болғаны,
босағаның тең болғаны осы емес пе?
Сықырлауық – киіз үй есігінің ағаштан жасалған маңдайша мен табалдырыққа
ергенек арқылы айналмалы жалғасатын, екі жарылып ашылатын есігі.
Бұл – біздің
жетістіктеріміз.
№№1-12(58-69), қаңтар-желтоқсан, январь-декабрь, January-December, 2015 ISSN 2307-020X
Elorda ġylymi habaršysy – Naučnyj vestnik stolicy – Scientific messenger of the capital
______________________________________________________________
48
Оқушыларға білімді терең игертудің тиімді әдіс-тәсілдерін іздестіріп,
шығармашылық жолында еңбек етіп жүрген ұстаздарымыз әртүрлі сайыстарда зор
жетістіктерге жетіп, мектебіміздің абыройын асқақтатып жүр.
№№1-12(58-69), қаңтар-желтоқсан, январь-декабрь, January-December, 2015 ISSN 2307-020X
Elorda ġylymi habaršysy – Naučnyj vestnik stolicy – Scientific messenger of the capital
______________________________________________________________
49
Атап айтар болсақ, «Қазақ тілі» пәнінің мұғалімдері Р. Қаплиева, А.
Нағашыбаева, Б. Айтқалиева және сурдопедагог Э. Қоблаштың көп жылғы
еңбектерінің нәтижесінде бірлесіп жазған 5 сыныпқа арналған «Тіл дамыту» оқу
құралы, Ә. Мусееваның, бастауыш сынып мұғалімдері Ф. Саликина, Ө. Турашова
және сурдопедагог Э. Қоблаштың бірлесіп жазған 1 сыныпқа арналған «Ана тілі»
оқу құралдарын ерекше атап өтуге болады.
Қазіргі таңда облыс көлемінде шыққан бұл оқулықтар іс-тәжірибеден өтті.
Сонымен қатар бірлестік мұғалімдерінің педагог қызметкерлердің біліктілігін
арттыру институты жанынан және облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығынан
шыққан бірнеше әдістемелік көмекші құралдары атап өтуге болады. А.
Нағашыбаеваның «Компьютерлік технология және әдебиетті оқыту», А.
Нағашыбаева және М. Шаукенованың бірлесіп жазған «Сабақта және сабақтан тыс
уақытта оқушылардың байланыстырып сөйлеу тілін дамыту», Р. Қаплиеваның
«Саңырау балалар мектебіндегі тіл дамыту мәселелері», «Тіл дамыту жұмыстарын
ұйымдастырудың тиімді тәсілдері» және естімейтін балалар мектебінің 5-7
сыныптарына арналған «Бейімделген бағдарлама», Б. Айтқалиеваның «Деңгейлік
тапсырмаларды оқыту үрдісінде пайдалану», Б. Айтқалиева және С.
Таласқалиеваның бірлесіп жазған 6 сыныпқа арналған «Қазақ тілінен жұмыс
дәптері», Ә. Мусееваның «Қазақ тілі сабағында оқу-тәрбие үрдісін жетілдіру», А.
Бисалиеваның 5 сыныпқа арналған «Диктанттар жинағы» және «Қазақ тілі
сабақтарында пайдаланатын дидактикалық материалдар» әдістемелік көмекші
құралын айтуға болады.
Өз істеріне үлкен жауапкершілікпен қарағандары және спорт пен қоғамдық
жұмыстарға белсене араласқандары, облыстық семинарлар мен ғылыми жобаларға
қатысып, жүлделі орындар алғандары үшін бірлестік мұғалімдерінің елеулі
еңбектері бағаланып, облыстық білім басқармасының және облыстық кәсіподақ
ұйымының «Құрмет грамоталарымен», «Алғыс хаттарымен», ІІ және ІІІ дәрежелі
дипломдармен марапатталды.
Сонымен қатар бірнеше мұғалімдеріміз 2010-2011 оқу жылдарында А.
Нағашыбаева, Р. Қаплиева, Б. Айтқалиева, Ә. Мусеева, Л. Айтжановалар облыс
бойынша өткізілген «Коррекциялық білім беру ұйымдарының үздік педагогы»
грантының иегері атанды.
Шәкірттеріне сапалы білім, саналы тәрбие беруде үнемі ізденіс арқылы жүзеге
асатынын ұран етіп ұстайтын бірлестік мұғалімдері өз жұмыстарын мектепішілік
өткізілген «Ең үздік бірлестік» байқауында дәлелдеп, І орынды жеңіп алды. Байқау
қорытындысы бойынша мектеп әкімшілігінің дайындаған бағалы сыйлықтарымен,
«Ең үздік бірлестік» мақтау қағазымен және бірлестік жетекшісі А.К. Нағашыбаева
«Ең үздік бірлестік жетекшісі» мақтау қағаздарымен марапатталды.
Сөз соңында М. Әуезовтың «Ұстаздық ету – уақыт ұту емес, өзгенің бақытын
аялау, өзінің уақытын аямау» деген ұлағатты сөзімен қорытындылай келе,
баршаңызға табыс пен сәттілік тілеймін!
Түйін. «Колледж оқытушыларның үздік әдістемелік жұмысы» атты
Республикалық конкурсқа Ақтөбе облыстық арнайы (түзетім) есту қабілеті бұзылған
балалар мектеп – интернат – колледжінің «Қазақ тілі және әдебиеті» пәні
бірлестігінің жетекшісі Айнагүл Кеңесбайқызы Нағашыбаева «Ізденіс алға
жетелейді» атты жұмысын слайд және компьютерге терілген электрондық нұсқасы
арқылы жіберіп отыр.
Бұл жұмыста бірлестіктің жетістіктері мен мұғалімдердің шығармашылық
жұмыстары қазақтың киіз үйі арқылы тереңінен сипатталады.
№№1-12(58-69), қаңтар-желтоқсан, январь-декабрь, January-December, 2015 ISSN 2307-020X
Elorda ġylymi habaršysy – Naučnyj vestnik stolicy – Scientific messenger of the capital
______________________________________________________________
50
Бірлестік жетекшісі А.К. Нағашыбаева «Сабақ сапасы – ізденісте» атты
облыстық семинарда сөз сөйлеу үстінде
Есту қабілеті бұзылған балаларды білімді етіп тәрбиелеу мақсатында бірлестік
мұғалімдері заман көшінен қалып қоймай, уақыт талабына сай үлкен
жауапкершілікпен еңбек етіп келеді. Осының айғағы ретінде ұстаздарымыз 2014-
2015 оқу жылында мектепішілік өткізілген «Ең үздік бірлестік» байқауының
жеңімпазы атанды. Алда Республикалық байқауға қатысып, оң нәтижеге сенім артып
отырмыз.
ШЫМЫРБЕКОВА Айгүл Манапқызы,
Қаратау гуманитарлық-техникалық колледжі
«Газ желілері және қондырғылар» пәнінің оқытушысы, Қаратау қаласы,
Талас ауданы, Жамбыл облысы, Қазақстан Республикасы
СҰЙЫТЫЛҒАН ГАЗ ТОЛТЫРУШЫ СТАНЦИЯНЫҢ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ
СҰЛБАСЫ, МАҚСАТЫ ЖӘНЕ ОРНАЛАСУЫ
Жоспар:
1. Газ толтырушы станцияның қуаттылығын анықтау. Станцияның негізгі
нысандары және олардың бас жобадағы орналасуы.
2. Аймақты жоспарлау. Ғимараттар мен нысандарға қойылатын талаптар. Газ
шығынына байланысты газ толтырушы станцияның түрлері.
3. Сұйытылған газдың кусталық базалары. Газды жер үсті және жер асты
сақтауға арналған резервуар. Әр түрлі сыйымдылығы бар резервуар.
Дәрістің мақсаты:
Білімділік: Газ толтырушы станцияның қуаттылығын анықтау, станцияның
негізгі нысандары және олардың бас жобадағы орналасуымен, газ шығынына
байланысты газ толтырушы станцияның түрлерімен, сұйытылған газдың кусталық
№№1-12(58-69), қаңтар-желтоқсан, январь-декабрь, January-December, 2015 ISSN 2307-020X
Elorda ġylymi habaršysy – Naučnyj vestnik stolicy – Scientific messenger of the capital
______________________________________________________________
51
базаларымен, газды жер үсті және жер асты сақтауға арналған резервуалармен, әр
түрлі сыйымдылығы бар резервуар түрлерімен танысу. Тақырыптың мәнін ашу.
Дамытушылық: Білімгерлердің ой-өрісін дамыту, есте сақтау, ойды жинақтау
қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Газ толтырушы станцияның нысандарымен жұмыс істеу барасында
жауапкершілікке, сапалы жұмыс істеуге тәрбиелеу.
Дәрістің типі: Жаңа дәрісті хабарлау.
Дәрістің түрі: Дәріс-сабақ.
Оқыту әдістері: Ойын түрі.
Негізгі ұғымдар: «Газ толтыру станциясы», «Кусталық база», «Резервуар»,
«Компрессор», «Эстокада».
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі (1 минут):
1) Білімгерлердің сабаққа қатысуын тексеру.
2) Аудиторияның сабаққа дайындығын тексеру.
3) Қажетті құрал-жабдықтардың дайындығын тексеру.
2. Үйге берілген тапсырманың орындалу сапасын тексеру (10 минут).
«Қоржын» ойыны арқылы үй тапсырмасын сұрау. Ойын арқылы топтың
белсенділігін арттыру. Топтағы әр білімгер қоржынындағы сұрақты таңдап алып,
сұраққа жауап береді. Қоржында жиырма сұрақ қарастырылған.
3. Оқуға белсенділікті арттыру (2 минут).
Сұйытылған газ дегеніміз не? Газ толтыру станциясын қалай түсінесіздер?
Сұйытылған газды қандай орындарда сақтайды?
4. Жаңа тақырыпты меңгеру (63 минут).
1) Газ толтырушы станцияның қуаттылығын анықтау. Станцияның негізгі
нысандары және олардың бас жобадағы орналасуы.
2) Аймақты жоспарлау. Ғимараттар мен нысандарға қойылатын талаптар. Газ
шығынына байланысты газ толтырушы станцияның түрлері.
3) Сұйытылған газдың кусталық базалары. Газды жер үсті және жер асты
сақтауға арналған резервуар. Әр түрлі сыймдылығы бар резервуар.
Газ толтырушы станцияның жылдық қуаттылығын бар тұтынушылар мен
жоспардағы тұтынушыларды қосу арқылы анықтайды.
?????? = ??????
1
??????
1
+ ??????
2
??????
2
+ ⋯ + ??????
??????
??????
??????
Мұнадағы: G – Аймақтағы жоспарланған тұтынушы, т;
??????
1
, ??????
2,……
??????
??????
– бір типтегі газ тұтынушылар,
??????
1
, ??????
2
, … , ??????
??????
– бір типтегі тұтынушының жылдық тұтыну нормасы.
Газ толтырушы станцияның қуаттылығы қойма резервуарларының көлеміне
байланысты анықталады. Резервуар паркінің көлемі газ толтырушы станцияның
тәуліктік өнімділігіне байланысты. Газдың есептік жеткізілуі мына теңдік бойынша
анықталады:
П
р
=
??????
??????
тр +П+П
э
Мұндағы:
L – Газ толтырушы станцияның тұтынушыға дейінгі ара қашықтық, км;
??????
тр−
– МПС-ке тасымалданатын жүктің нормативтік тәуліктік жылдамдығы,
км/тәу;
П – жүк жөнелту мен жүк тасымалдау уақыты;
П
3
– уақыт аралығындағы газ толтырушы станция пайдаланылатын газдың
мөлшері.
№№1-12(58-69), қаңтар-желтоқсан, январь-декабрь, January-December, 2015 ISSN 2307-020X
Elorda ġylymi habaršysy – Naučnyj vestnik stolicy – Scientific messenger of the capital
______________________________________________________________
52
Газ толтыру станциясына мына нысаналар кіреді: сұйытылған газды құю
эстакадасы, сақтау қоймасы, компрессор қондырғылары, құю бөлімшесі бар
сорғыштар, баллон қоймасы бар сұйытылған газды толтыру бөлімшесі, баллондарды
куәландыру бөлімшесі, буландыру қондырғылары.
Компрессор сұйытылған газды темір жол цистерналарынан және
автоцистерналардан сығып шығару әдісімен және сорғыш қалыпты жұмыс істеу
үшін арналған. Газ толтыру станциясында сұйытылған газды сақтау қоймасында
сақтау үшін арналған. Компрессордың сору құбырында конденсат жинағыштар
орналастырылады. Сұйытылған газды құю эстакадасы арқылы резервуарды
толтырады. Сұйытылған газдың орнын ауыстыру үшін сорғыштар қолданылады.
Компрессорлардың айдау құбырларында май айырғыштар орналастырылады.
Аймақты жоспарлау. Ғимараттар мен нысандарға қойылатын талаптар.
Газ шығынына байланысты газ толтырушы станцияның түрлері. Газ толтыру
станциясын тұрғын аймақтың сыртында, жиі жел тұратын алаңдарда орналастырады.
Газ толтыру станциясының алаңын ғимараттар мен үймерттерге дейінгі ара
қашықтығын сақтай отырып, сонымен қатар темір жол және автомобиль жолдары,
өрт сөндіру депосы бар аймақтарда жоспарланады. Станцияның алаңын өрт сөндіру
сызығынан немесе жер бедерінің жабынында өрт таралмайтын аймақтан бастап
жоспарлануы керек. Оның ені 10 м құрайды және ораман алқабына дейінгі
арақашықтығы: қылқанды жапырақты ормандар үшін – 50 м, жапырақты ормандар
үшін – 20 м, аралас ормандар үшін – 30 м құрайды. Газ толтырушы станция
жұмысшы және қосымша аймақтардан тұрады.
Қосымша аймақтағы ғимараттар мен үймереттерді, сонымен қатар өндірістік
емес бөлмелерді нормативтік құжаттарға сәйкес жобалануы керек.
Газ пайдалану шаруашылығының қызметін газ толтыру станциясының
қосымша аймақта жанасып орналасуына рұқсат етіледі. АГЗС-ті газ толтыру
станциясының сұйытылған газды сақтау қоймасы бөлігінде орналасуға болады. Газ
толтыру станциясында база алдындағы автомобиль тұрақтары және бөгде адамдарды
түсіру-жөнелту үшін алаңдар орналастырылады. Газ толтырушы станцияның
үймереттер мен ғимараттардың және сыртта орналасқан қондырғылардың өрт
қауіпті және жарылыс қауіптілгіне байланысты өрт қауіпсіздік талаптарына сәйкес
анықталады. Сұйытылған газ құбырын газ толтыру станциясында жер үсті
орналастырылады.
Газ толтырушы станция:
Жұмысшы аймақ – газ толтырушы станцияның резервуарда сақтау қоймасы,
сорғыш-компрессор бөлімі, буландырғыш бөлімі, баллондарды техникалық
куәландыру бөлімі, баллондарды бояу бөлімі, автоцистерналарды толтыру және
автоцистернадан құюып алу колонкалары, баллон қоймалары, автоцистерна
тұрақтары үшін алаңдар (5-тен кем емес).
Қосымша аймақ – әкімшілік-тұрмыстық корпус, механикалық шеберхана,
қазандық, трансформаторлық немесе дизельдік аралық станциясы, өрт сөндіруге
арналған резервуарлар, қойма, тазалау ғимараты, жуу үшін арналған гараж және
техникалық қызмет көрсету стациясы (СТО), дизельді электростанциясы.
АН категориялы қондырғылар ашық орналастырылады және бастырма астында
да орналастырылмайды.
А
категориялы
өндірістік
бөлмелер
бір
қабатты
ғимараттарда
орналастырылады. Бұл ғимараттарда шатыр мен жертөле қарастырылмайды, өртке
төзімділігі 2 дәрежеде болу керек және өрт қауіптілігі С0 класста болу керек.
А категориялы жабық бөлмелер бір қабатты ғимараттарда орналастырылады.
Бұл ғимараттарда шатыр мен жертөле қарастырылмайды, өртке төзімділігі 2
№№1-12(58-69), қаңтар-желтоқсан, январь-декабрь, January-December, 2015 ISSN 2307-020X
Elorda ġylymi habaršysy – Naučnyj vestnik stolicy – Scientific messenger of the capital
______________________________________________________________
53
дәрежеде болу керек және өрт қауіптілігі С0 класста болу керек. Сонымен қатар
жеке орналасу немесе ғимараттарға жанама орналастыруға болады.
Бұл бөлмелер ғимараттарға 2 дәрежелі өртке төзімді ғимараттарға жанамалай
орналастыруға болады және өрт қауіптілігі С0 класста қарастырылады. Ғимаратқа
жанасу 1 типтегі өртке қауіпсіз саңылаусыз қабырғаға орналастыруға болады.
А категориялы бөлмелерді бөліп тұратын қабырға 1 типтегі өртке төзімді және
бөлмелерге газ өткізілмеуі керек.
А категориялы бөлмелерде жеңіл лақтырылатын қоршау конструкция
қарастырылады. Еден антистатик жабынымен және ұшқын басқыш материалмен
қапталынады, жер деңгейінен 0,15 м кем болмау керек. Терезенің конструкциясы
ұшқын басатын материалдан дайындалады, ал есік өртке төзімді болу керек.
Газ толтырушы станцияда резервуарлар жер үсті, жер асты, көмілген болып
орналастырылады. Жер асты орналастырылған резервуарлардың ара қашықтығы
үлкен резервуардың диаметрінің жартысына тең болу керек, бірақ 1 м кем болмау
керек.
Жер үсті резервуарлары топтастырылып орналастырылады. Жер үсті
топтастырылып
орналастырылған
резервуарлардың
максималды
жалпы
сыйымдылығы кесте 1 көрсетілген.
Кесте 1 – Резервуарлардың максималды жалпы сыйымдылығы
Қойма көлемі, м
3
Топтастырып орналасқан
резервуарлардың жалпы сыйымдылығы,
м
3
2000 дейін
1000
2000-8000
2000
Кесте 2 – Резервуар арасындағы ара қашықтық
Резервуарлардың жалпы сыйымдылығы,
м
3
Жер үсті резервуарлардың ара
қашықтығы, м
200-ге дейін
5
200-700
10
700-2000
20
Сұйытылған газдың кусталық базалары. Газды жер үсті және жер асты
сақтауға арналған резервуар. Кусталық базалар және газ толтыру станциялар – бұл
тұрақты сұйытылған газды сақтау, құю қоймасы. Кусталық базалар белгілі бір
аймақты (облыс, аймақты, республиканы) сұйытылған газбен қамтамасыз етеді.
Сонымен қатар сұйытылған газды кішігірім газ толтырушы станция тасымалдай
алады.
Кусталық базалар мынандай ұйымдастыру құрлымдарынан тұрады:
1. Сұйытылған газды құю – төгу цехы;
2. Толтыру цехы;
3. Механикалық-жөндеу цехы;
4. Энергосумен қамту қызметі;
4.1. Байланыс қызметі;
4.2. Транспорт қызметінің негізгі жұмысы;
4.3. Автоматтандыру қызметі;
4.4. Химиялық лаборатория;
4.5. Құрылыс-жөндеу қызметі;
4.6. Құтқару қызметінің негізгі жұмысы.
№№1-12(58-69), қаңтар-желтоқсан, январь-декабрь, January-December, 2015 ISSN 2307-020X
Elorda ġylymi habaršysy – Naučnyj vestnik stolicy – Scientific messenger of the capital
______________________________________________________________
54
Сұйытылған газды құю – төгу цехы. Сұйытылған газды құю – төгу цехының
арналуы темір жол цистерналарынан сұйытылған газды қабылдау, резервуар
паркінен құйып алу, сұйытылған газды резервуар паркінен толтыру паркте сақтау.
Цехтың жұмысына темір жол эстакадаларына құйып төгу, компрессорлы –
сорғыш бөлімшелері, сұйытылған газды паркте сақтау қоймалары кіреді.
Толтыру цехы. Мұнда сұйытылған газды баллондарға және автоцистерналарға
құю, тұтынушыларға жіберу, баллондарды жөндеу және автомашиналарды газ
баллондармен қамтамасыз ету жұмыстары кіреді.
Толтыру цехтарына толтыру бөлімшелері, баллондардан буланбаған қалдық
газдарды төгу бөлімшелерінен және газдарды дегазизациялау, баллондарды жөндеу,
автоцистерналарды және автомашиналарға газ баллондармен колонка арқылы газды
толтырумен жабдықталады.
Достарыңызбен бөлісу: |