№№1-12(81-92), қаңтар-желтоқсан, январь-декабрь, January-December, 2016



Pdf көрінісі
бет10/18
Дата03.03.2017
өлшемі4,95 Mb.
#5593
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   18

Әдебиеттер 
1 Әбдікәрімова Т.М. Бастауыш сыныпта мәтін арқылы тіл дамытудың ғылыми 
негіздері мен оқыту әдістемесі. – Алматы, 2002. 
2  Әрінова  Б.  Қазақ  әдебиетін  оқыту  әдістемесінің  ғылым  ретінде  қалыптасуы 
мен дамуы. – Алматы: Жазушы, 2004. 
3 Байтұрсынов А. Тіл тағлымы. – Алматы, 1992. – 102 б. 
4  Білім.  Образование.  Ғылыми-педагогикалық  журнал.  –  2003.  –  №3;  С. 
Серімбетова. Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту. 
5  Жазыбаева  М.,  Рахметова  С.,  Асқарбаева  А.  Бастауыш  оқудың  тиімділігін 
арттыру. – Алматы, 1968. 
6  «Бастауыш  мектеп»  журналы.  –  1999.  –  №2.  Оқушылардың  жазба  тілін 
дамыту әдісі.  
7 «Бастауыш мектеп» журналы. – 1999. – №4. 
8. «Бастауыш мектеп» журналы. – 2000. – №1. – Тіл дамыту әдістемесі. 
9. «Бастауыш мектеп» журналы. – 2003. – №3. – Мазмұндама; №9. – Шығарма. 
 

№№1-12(81-92), қаңтар-желтоқсан, январь-декабрь, January-December, 2016              ISSN 2307-0188 
Ġylym ža̋ne bìlìm ġasyry – Vek nauki i obrazovaniâ – Science and education century 
___________________________________________________________________ 
 
 
87 
«ЗЕРТТЕУШІ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-БІЛІМ БЕРУ ОРТАЛЫҒЫ 
ҰЙЫМДАСТЫРҒАН «БАЛАЛАР БАҚШАСЫ ҚЫЗМЕТКЕРІНІҢ ҮЗДІК 
ӘДІСТЕМЕЛІК ЖҰМЫСЫ» АТТЫ ҒЫЛЫМИ, ҒЫЛЫМИ-ӘДІСТЕМЕЛІК 
ЖӘНЕ ӘДІСТЕМЕЛІК ЖҰМЫСТАР КОНКУРСЫНА ТҮСКЕН ЖҰМЫСТАР 
 
ИСКАКОВА Кымбат Канатовна, 
ЕСЕНБЕКОВА Эльмира Мараловна, 
ЖУАСПАЕВА Балнұр Жанатқызы, 
«Ақбота» балабақшасының тәрбиешілері, Шеңгелді ауылы, 
Қапшағай қаласы, Алматы облысы, Қазақстан Республикасы 
 
БАЛАБАҚША ЖАСЫНДАҒЫ БАЛАЛАРДЫҢ БОЙЫНДАҒЫ ҚАБІЛЕТТЕРІ 
МЕН ДАРЫНДЫЛЫҚТАРЫН АЙҚЫНДАУ 
 
Кіріспе.  Біздің  зерттеу  жұмысымызда  қарастырылып  отырған  тақырыбымыз 
қазіргі педагогика мен психологиядағы ең өзекті мәселелердің бірі болып табылады. 
Ол  –  дарындылық,  данышпандық  туралы,  адамның  ақылдық  қабілеттерінің  дамуы 
туралы  тақырыбы.  Ал,  ең  бастысы  –  осы  қабілеттерге  баланың  шығармашылық 
әлеуетінің  дамуы  қандай  ықпал  етеді,  қиялды  психологиялық  тұрғыдан  дұрыс 
дамытып және рухани мен мәдениеттілік деңгейін байытып ойлау үрдістерін сапалы 
жақсартуға  қалайша  болады  екені.  Біз  ақыл  мен  шығармашылық  қаншама  тығыз 
байланыста болатындығын қарастырамыз. 
Қазіргі  әдебиеттерде  осы  тақырыпқа  байланысты  көптеген  жариялымдар, 
мақалалар  кездеседі.  Бірақ  олардың  бәрі  қазіргі  кездегі  дарынды  балалардың  ата-
анасы  мен  мұғалімдерде  пайда  болатын  психологиялық  проблемаларының 
теңізіндегі бір тамшы сияқты. 
Қазіргі  оқушылардың  есіне  сақтайтын  ақпараты  көптігі  соншалық,  олардың 
тұрақты емес психикасы мұндай жүктемені ала жүрмейді, сондықтан эмоционалдық 
олқылық,  жабырқаңқылық  пайда  болады.  Мұндай  жағдайда  қамқорлық  көзқарасын 
талап  ететін  шығармашылық  әлеуетінің  дамуы  туралы  сөз  жоқ,  білім  сапасы  мен 
санына үзіліссіз жүгіру пайда болады. 
Осыған  орай  дарындылық  мәселесін  зерттеуге  көптеген  ғылыми  еңбектер 
жазылған: проблеманың философиялық жасаудың бастауы Әл-Фараби, Аристотель, 
Гельвеций, Дидро, Локк, Платонның еңбектері, қазіргі философтар Т.И. Артемьева, 
Ж.М.  Әбділдин,  К.А.  Әбішев,  Б.М.  Кедров,  П.В.  Копниннің  еңбектерінде 
практикалық  іс-әрекеттегі,  дарындылықтың  даму  проблемалары  зерттелген,  А. 
Дистервег, Я.А. Коменский, И.Г. Песталоцци, Ж.Ж. Руссо, Абай, К.Д. Ушинский, Ы. 
Алтынсарин дарындылықтың педагогикалық аспектілерін қарастырған. 
Қазақстан  Республикасында  бұл  проблемамен  айналысып,  өзінің  ғылыми 
үлесін қосқандар:  К.Ж. Аганина, К.М. Арынғазин, Н.А. Завалко, Н.П. Ким, Ж.Ж. 
Наурызбай, Ж.А. Макатова. 
Сонымен  қатар  белгілі  психолог,  психология  ғылымдарының  докторы  Н. 
Лейтестің  ғылыми  еңбектерін  атап  өткіміз  келеді.  Оның  дарынды  балалардың 
психикасын  зерттеу  бойынша  еңбектері  орыс  психологиясында  беделді  орынды 
алып  отыр.  Бастауыш  сынып  оқушыларында  шығармашылық  даму  психологиялық 
ұстанымдарын  Н.Н.  Поддьяков,  Д.Н.  Узнадзе,  А.В.  Запорожец,  А.  Матюшкин 
ұсынды. 
В.А.  Моляко  теоретик  ретінде  үлкен  жұмыс  атқарды,  ол  шығармашылық 
психологиясының  мәселелерін  терең  зерттеп,  дарындылықты  зерттеуге  ыңғай 

№№1-12(81-92), қаңтар-желтоқсан, январь-декабрь, January-December, 2016              ISSN 2307-0188 
Ġylym ža̋ne bìlìm ġasyry – Vek nauki i obrazovaniâ – Science and education century 
___________________________________________________________________ 
 
 
88 
табуын  жасасты,  ол  осы  психологиялық  құбылыстың  толық  құрылымын 
құрастырды. 
Батыс психологтары Дж. Гилфорд, Э. Де Боно, Дж. Галлаир, Дж. Рензулли, П. 
Торренс  өз  психологиялық  үлгілерін  жасады,  бірақ  бұл  авторлардың  еңбектеріне 
қолымыз  жете  алмай  біз  Б.М.  Теплов,  С.Л.  Рубинштейн  сияқты  қазақ  және  орыс 
ғалымдардын еңбектеріне сүйене отырдық. 
Данышпан  мен  дарынды  адамдардың  физиологиясы  саласындағы  қызықты 
зерттеулерді  профессор  В.П.  Эфроимсон  жүргізді,  кез  келген  құбылыстың 
механикасын  білу  барысында  байқалған  нәрсенің  бір  түрі  туралы  нақты  айтуға 
болады.  Сондай-ақ,  Ю.З.  Гильбухтың  зерттеу  жұмысын  атап  өткіміз  келеді,  ол  бір 
топ ғалымдармен баланың дербестігін көрсету үшін көп мүмкіндік беретін оқытудың 
дифференциалдық жүйесін жасады. 
Тақырыптың  көкейкестілігі  мен  зерттеудің  қажеттілігі  жай  балалардан  гөрі 
дарынды  балалармен  басқа  тұрғыда  жұмыс  істеу  керек,  олар  өз  қабілеттерін 
жоғалтпау үшін оларды тез арада дамыту қажет. 
Балалардың  дарындылығы  мәселелерінің  өзектілігін  П.В.  Тюленев  өте  нақты 
айтқан:  «...осы  сұрақты  шешу  барысы  баланың  болашағына,  отбасының  бақытына 
байланысты.  Баланың  ата-анасы  шындықты  білгісі  келеді  және  оны  жасыруға 
қарамастан оны білу керек». 
Зерттеудің 
мақсатында 
психологиялық 
үрдіс 
ретінде 
қиялдың 
ынталандыруын мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылық белсенділігінің 
дамуына ықпал етуін анықтау. 
Зерттеудің  міндеттері:  қабілеттердің  ұғымын  ашу,  дарындылықтың  ұғымын 
ашу,  балалар  дарындылығы  туралы  бірнеше  жұмыстарды  қарастыру,  осы  мәселе 
бойынша өз пікірімізді анықтау. 
Зерттеудің  нысаны:  мектеп  жасына  дейінгі  балалардың  дарындылығы  мен 
қабілеттігі. 
Зерттеудің  пәні:  педагогика  мен  психологиядағы  мектеп  жасына  дейінгі 
балалардың дарындылық пен қабілеттіктің зерттелуі. 
Зерттеу  болжамы.  Мектеп  жасына  дейінгі  балалардың  дарындылығы  мен 
қабілеттігі  түрлі  әдістер  мен  жолдар  арқылы  шыңдалса,  шығармашылық 
белсенділігін  дамытуға  бағытталған  шаралар  тиісті  деңгейде  жүргізілсе, 
шығармашыл ойлай білетін дарынды және қабілетті тұлға дамыған болар еді. 
Зерттеудің  ғылыми  жаңалығы  мен  практикалық  маңыздылығы.  Ойын  – 
пән  ортасында  субъекттің  әрекетін  ұйымдастыру  технологиясы  жоспарланды  және 
қабылданды,  ол  келесі  кезеңдермен  беріледі:  дайындық,  репродуктивті  іздеу, 
шығармашылық ізденіс, талдау. Пән қоршауы ретіндегі оқу – пән ортасы, ол баланы 
ойын әрекетіне әкеледі және оның жеке потенциалын дамытады. 
Зерттеудің теориялық және әдіснамалық негіздері: 
- жеке әрекет жасауы жеке адамның өздігінен танылуына жағдай жасайды; 
- жүйелі жағдай жасау, бұл педагогикалық құбылысты бір-бірімен байланысты 
және  бір-бірімен  келіскен  бүтін  жүйені  құрастыратын  диалектикалы  жинақты 
қарастырады; 
- әлеуметтік қатынастағы теорияны қарастырады. 
Қабілеттілік  және  дарындылық  ұғымдардың  мәні.  Мектепке  дейінгі 
балалық  шақ  –  баланың  адамгершілік  кейпінің  қалыптасу  кезеңі.  Осы  шақта  әрбір 
тұлғаның  адамгершілік  негіздері,  яғни  өмірге  деген  көзқарасы,  сенімі,  іс-қимылы, 
бүкіл адамзат баласына тән адами қасиеттері мен сан түрлі дағдылары сатылап дами 
бастайды. 

№№1-12(81-92), қаңтар-желтоқсан, январь-декабрь, January-December, 2016              ISSN 2307-0188 
Ġylym ža̋ne bìlìm ġasyry – Vek nauki i obrazovaniâ – Science and education century 
___________________________________________________________________ 
 
 
89 
«Ел  болам  десең  –  бесігіңді  түзе»,  -  деген  Мұхтар  Әуезовтың  осы  бір  айтқан 
сөзі, біздің ұрпағымыздың ертеңгі болашағына жөн сілтеп, балабақша табалдырығын 
аттаған  бүлдіршіндердің  қабілет-дарындылықтарын  айқындап,  жақсы  етіп 
тәрбиелеп, өсіруге деген әр тәрбиеші-педагогтердің талпынысын талап ететіндей. 
Сондықтан қолға алған осы жұмысымыздың тақырыбына арқау болып отырған 
балабақша  жасындағы  балалардың  бойындағы  қабілеттері  мен  дарындылықтарын 
айқындау мәселесі өз алдына күрделі бір мәселе. 
Балалармен  оқыту  іс-әрекеттерін  ұйымдастырудың  өзіндік  ерекшеліктері 
болады.  Көбінесе,  бұл  саладағы  бүлдіршіндерге  әр  түрлі  қызықты  да  қимылды, 
дидактикалық,  сюжеттік  ойындар  ұсынылады.  Осы  әдіс-тәсілдер,  бала  бойындағы 
қабілет пен дарындылықтың байқалуына көп жағдайда зор мүмкіндік бере алады. 
Абай  атамыздың  даналыққа  толы  қара  сөздерінің  бірі  жетінші  қара  сөзінде, 
бала бойындағы қабілеттілікке байланысты мынадай пікір айтқан: «Жас бала анадан 
туылғанда  екі  түрлі  мінезбен  туылады.  Бірі  –  ішсем,  жесем,  ұйықтасам  деп  келеді. 
Бұларың тәннің құмары, бұлар болмаса, тән жанға қонақ үй бола алмайды, һәм өзі 
өспейді, таппайды. Ал, келесі бірі – білсем екен деп, не көрсе соған талпынып, жалт-
жұлт  еткен  болса  оған  қызығып,  аузына  салып,  сырнай-керней  болса,  даусына 
ұмтылып, одан ер жеткен соң ит үрсе де, мал шуласа да тұра жүгіріп, «ол немене?», 
«бұл  не?»  деп,  «ол  неге  үйтеді?»,  «бұл  неге  бүйтеді?»  деп,  көз  көрген,  құлақ 
естігеннің бәрін сұрап, тыныштық таппайды. Мұның бәрі жан құмары, білсем екен, 
көрсем екен, үйренсем екен дегені». 
Жалпы,  қабілет  ұғымы  –  адамның  өз  бейімділігі  арқылы,  шығармашылық  іс 
істеу арқылы қалыптасатын қасиет. «Қабілеттің ойдағыдай дамуы үшін адамда тиісті 
білім  жүйесі,  икемділік  пен  дағды  болуы  шарт.  Қабілеттің  дамуына  нышандар 
(адамның  туыстан  берілетін  анатомиялық-физиологиялық  белгісі)  белгілі  орын 
алады. 
Нышан  – қабілеттік бастапқы табиғи негізі ретінде мүмкіншілігін қамтамасыз 
ететін  қабілеттің  жоғарғы  түрін  дарындылық  деп  атайды.  Қабілеттің  өте  сирек 
кездесетін  ең  жоғарғы  түрі  данышпандық  деген  ұғыммен  белгіленеді.  Қабілеттің 
қандай  түрі  болмасын  өлшеусіз  ерен  еңбектен  туындайды.  «Маңдай  тер 
төгілмейінше, ешқандай қабілет өз мәніне ие болмайды»,  - деп көрсеткен қазақтың 
тұңғыш  психологы,  академик  Төлеген  Тәжібаев  та  қабілет,  дарындылық 
қасиеттерінің көрінуіне, еңбек іс-әрекет арқау бола алатынын атап айтқандай. 
Бала  бойындағы  осы  бір  қасиеттердің  бар,  не  жоғын  анықтап,  тіпті  бар 
екендігін айқындау үшін ең алдымен олардың еңбектерін  бақылаудан бастау керек. 
Әрі,  сонымен  қатар  балаларға  берілген  тәлім-тәрбие  мен  тәрбиешінің  оларға  деген 
қарым-қатынасы да зор рөл атқарады. 
Психология  саласында  көптеген  еңбектер  жазған  адам  Өтейбойдақ 
Тілеуқабылұлы адамның қабілетін дамыту үшін көптеген  тау, тас, жер-су және мал 
мен аңдардың аттарын дәл білу қажеттігіне үлкен мән береді. 
Есте  сақтау  қабілетінің  ойдағыдай  дамуына  себеп  болатын  қасиеттің  бірі  – 
зейінділік.  Оның  пікірінше  саналы  іс-әрекет  зейінсіз  іске  аспайды.  Ал  зейіннің 
қалыптасуы адамның мақсатты қызығуынан туындайды. 
Ғұлама өзінің «Шипагерлік баян» атты идеялар жинағында адамның жеке дара 
ерекшеліктерінің  болатындығына  да  арнайы  тоқталып,  адам  баласының  дүниеге 
келген  сәтінде:  «Ақылы  асқан  дана,  талғамы  биік  кемеңгер,  енді  бірі  ел  ішінде 
береке  бірлігін  сақтап  жауынан  қорғану  үшін  қол  сайлаған  батыр,  білікті,  білгішті 
ақылғойлар құрамағы шарт болмақ», - деп көрсеткен. 
Ө.  Тілеуқабылұлы  жеке  адам  қасиетгері  жөнінде  кейбір  ойларын  айта  келіп, 
адам  баласынан  ұстамдылықты,  аз  сөйлеп,  көп  тыңдауды,  іскер  де  ісмер  болуды 

№№1-12(81-92), қаңтар-желтоқсан, январь-декабрь, January-December, 2016              ISSN 2307-0188 
Ġylym ža̋ne bìlìm ġasyry – Vek nauki i obrazovaniâ – Science and education century 
___________________________________________________________________ 
 
 
90 
талап  етеді.  Ол  адамның  жақсы  мінездерінің  қатарына  батырлықты,  батылдықты 
жатқызады.  Ғұлама  ғалым  ешнәрсеге  қызықпайтын  енжар  адамның  ешкімге 
шапағаты болмайды, ол да бір мал да бір деп, олардың адресіне қатты сын айтады. 
Адам  өмірге  келген  соң,  белсенді  өмір  сүруге,  сегіз  қырлы  бір  сырлы  болуға 
ұмтылуы  тиіс  деген  тұжырым  аталмыш  еңбектің  өн  бойынан  аз  кездеспейтіндігін 
алға тартқан. 
Ал,  осы  мәселе  төңірегінде  француз  материалистерінің  бірі  Жан-Жак  Руссо 
баланың  табиғатпен  байланыста  жетілетінін  жақтады.  Оның  пікірінше,  баланың 
ынтасы, қызығушылығы ең алдымен қоршаған ортаға бағытталады. 
Келесі  бір  кемеңгер  ағылшын  философы  және  педагог  Джон  Локк  «Тәрбие 
туралы  ойлар»  атты  еңбегінде  тәрбиеге  көзқарасын  айқындай  келе,  баланың  туа 
пайда  болатын  сапасын  жоққа  шығарды.  Ол  баланы  «Таза  тақтаға»  теңеді,  оған 
жазуға  да,  сызуға  да  болады,  деп  балаға  дер  кезінде  дұрыс  жетілуіне,  қабілет  пен 
дарындылығын  нақты  көрсету  үшін  тәрбиенің  күшін  пайдалануды  тиімді  екенін 
айтқан. 
Көптеген психолог, зерттеушілердің пайымдауынша, қабілеттің шырқау шегі – 
дарындылық,  данышпандық.  Мұндағы  дарындылық  –  іс  барысында  үлгі  боларлық, 
жетілген,  қоғамдық  мәні  бар  қабілеттілік.  Ал,  данышпандық  оған қоса  кемеңгерлік 
ұғымдары  –  белгілі  бір  шығармашылық  саласында  айрықша  өзгерістер  тудыру 
болып  табылады.  Бұған  қоса  орыс  педагогтарының  бірі,  ғалым  Б.М.  Теплов: 
«Қабілеттің айқын көзге түскен бір түрі қызметтің бір саласында дарынды болуына 
дәлел болып саналмаса, қабілеттің қандай болсын бір түрінің нашарлығына қарай ол 
адам белгілі әрекетке жарамсыз деген пікірге келе алмаймыз. 
Жас шақта сөзге олақ болғанымен, үлкейе келе, ірі ақын, жазушы болуы, жас 
шақта  көрген  нәрсесі  есінде  шала  сақталатын  адамның  кейін  суретші  болуы  әбден 
мүмкін.  Егер  бір  қызмет  үшін  лайықты  басқа  қабілеттері  осы  қызметпен  жақсы 
жетілсе,  оның  нашар  қабілеттерінің  демде  жақсарып  кетуіне  мүмкіндік  туады. 
Соның  нәтижесінде  бұнда  соңғы  қабілеттер  түзіліп,  бастапқыдағы  шалалықтары 
білінбей кетеді. 
Адам  неғұрлым  талантты,  дарынды  болған  сайын,  ол  өзінің  еңбегін, 
шығармашылық  тапқырлығын  үстей  береді,  сөйтіп  оның  еңбегі  жігерлі  еңбек 
болады... Талант – «бұл жұмыс процесінің өзін», еңбек сүюшілік, еңбекке бейімділік 
және қабілет әрбір таланттылықтың ең басты құрамасы болады...», - деп түсіндірген. 
Орыстың  тағы  бір  ойшылы,  революцияшыл-демократ  В.Г.  Белинский  болса, 
өзінің  өткен  ғасырдың  40-жылдары  жазған  «Балалар  кітаптары  туралы»  еңбегінде 
жеке  дара  қасиет  баладағы  болатын  табиғи  мүмкіншіліктер  және  ерекшеліктермен 
байланысты  болуға,  солармен  санасуға  тиіс  деді.  Яғни,  ол  дарындылық  пен 
қабілеттің дұрыс тәрбиемен ұштасу керек екенін түсіндірді. 
Және  ұлы  орыс  педагогтарының  бірі  К.Д.  Ушинский  әрбір  баланы  қоғамға 
пайда келтіретін, өзінің пайдалы еңбегінің жемісін көретін азамат болып өсуі үшін, 
ең  әуелі  бала  бойынан  оның  ерекшеліктеріне  көңіл  аударуды,  тәрбие  беру 
барысында көруге болатындығын мәлімдеді. 
«Дарындылық» ұғымы «сый» («дар») деген сөзден шыққан, дамудың қолайлы 
ішкі  алғышарттарын  білдіреді.  Бұл  ұғымға  педагогикалық  энциклопедияда 
төмендегіше  анықтама  берілген:  «Дарындылық  –  белгілі  бір  іс-әрекет  саласында 
ерекше жетістікке жеткізетін адам қабілеті дамуының жоғарғы деңгейі». 
Дарындылық,  жеке  қабілеттілікті  дамыту,  интеллектуалдық,  шығармашылық 
мәселесіне  педагогтар,  психологтар,  әдіскерлердің  көптеген  еңбектері  арналған. 
Көне  замандағы  Антик  дәуірдің  өзінде-ақ  ойшылдар  мен  педагогтар  балалардың 

№№1-12(81-92), қаңтар-желтоқсан, январь-декабрь, January-December, 2016              ISSN 2307-0188 
Ġylym ža̋ne bìlìm ġasyry – Vek nauki i obrazovaniâ – Science and education century 
___________________________________________________________________ 
 
 
91 
өзіндік  ой-тұжырымын  жасау  оны  дамыту  үшін  репродуктивті  және  эвристикалық 
әдістер дарындылық мәселелеріне көңіл бөлінген. 
«Қабілеттілік  деп  белгілі  бір  іс-әрекетте  ең  тәуір  нәтижеге  жетуге  мүмкіндік 
беретін адамның жеке-дара психологиялық ерекшеліктерін айтылады». Қабілеттілік 
жалпы  қабілет  және  арнайы  қабілет  болып  бөлінеді.  Қазіргі  кезде  дарынды 
балалардың ерекшеліктері мен бейімділігін және мінез-кұлкын сипаттайтын бірнеше 
тізімдер  бар.  Мысалы,  әлемге  әйгілі  Б.  Кларктың  кітабында  дәл  осындай  бес  тізім 
бар. Олар баланың ойлау, шығармашылық қабілеттерін және өнер саласындағы (ән, 
би, драма т.б.) қабілетін сипаттайды. 
Қабілеттілік пен дарындылық мәселесі Орта Азия мен Қазақстан ойшылдарын 
да  толғандырған  мәселе  болып  тұр.  Мысалы,  Әл-Фараби  «Бақытқа  жету  трактаты» 
еңбегінде этикалық мәселелермен қатар, адам қабілеттілігіне білім беруде түрлі озық 
әдіс-тәсілдерді  қолдану  жолдарына  көңіл  бөлді.  Дарындылықты  анықтау  –  өте 
күрделі  процесс.  Ол  психологиялық  және  педагогикалық  шаралар  арқылы  жеке 
тұлғаның болашақтағы табыстарын үздіксіз бақылау мақсатында жүргізіледі. 
Негізінен,  дарындылық  теориясының  негізі  Ресей  психологтарының 
еңбектерінде көрініс тапқан. Л. Выготский, Б.Г. Ананьев, В.А. Крутецкий, Н. Лейтес, 
В. Теплов психологиялық тұжырымдары дарындылыққа интегралдық жеке тәрбиесі 
ретінде  жүйелі  көзқарас  тууына  негіз  болды,  адам  қабілеттілігінің  құрылымдық 
бөліктерін анықтауға мүмкіндік берді. 
Ресей  психологтары  дарындылық  жайлы  төмендегідей  анықтама  береді: 
«Дарындылық  –  психиканың  жүйелі,  өмір  бойы  дамитын  касиеті.  Ол  басқа 
адамдармен салыстырғанда іс-әрекеттің бір немесе бірнеше түрінде  адамдардың  ең 
жоғары нәтижеге жету мүмкіндігін анықтайды» (Бурминский Г.В., Матюшкин А.М., 
Слуцкий  В.М.).  К.Л.  Рубинштейннің,  Б.М.  Тепловтың  еңбектерінде  қабілеттік, 
дарындылық, талант ұғымы бір негізге топтастырылады. Олар іс-әрекеттің нәтижелі 
болу себептерін талдай келе, қабілеттілік – баланың талабы күшті болып, іс-әрекетті 
атқаруға  қалыптасуы,  іс-әрекеттің  нәтижелілігін  анықтайтын  және  бір  адамнан 
екінші  адамның  ерекшелігін  көрсететін  даралық-психологиялық  ерекшелігі  деп 
таниды. 
Ал, арнайы дарындылыққа мынадай анықтама береді: дарындылық іс-әрекеттің 
белгілі  бір  түрі  бойынша  қалыптасқан  қабілеттілік.  Мұнда  бірнеше  қабілет  өзара 
үйлесіп  келеді. Және жалпы  дарындылық  бірнеше  іс-әрекетке  деген  қабілеттіліктің 
бейімділігі  дейді.  Осы  идеяларды  дамыта  келе  В.Д.  Шадриков  дарындылықты 
қабілеттердің іс-әрекеттегі толық көрінісі екендігін айтады. 
1972 жылы АҚШ-тағы Білім комитеті дарындылық жайлы мынадай анықтама 
берген:  дарынды  және  талантты  бала  деп  іс-әрекеттің  мынадай  өрістерінің  бір 
немесе  бірнеше  түрінде  ерекше,  күшті  қабілет  көрсете  алатын,  жоғары  жетістікке 
жете  алатын  бала  аталады.  Іс-әрекеттер  аясы:  интеллектуалдық  (біліктілік); 
академиялық;  шығармашылық  немесе  продуктивтік  ойлау;  қарым-қатынас  және 
озаттық; суретшілік; психологиялық. 
Өз  кезінде,  американдық  педагог  Дж.  Рензулли  дарындылыққа  мынадай 
түсініктеме  берді:  «Дарындылық  –  үш  сипаттаманың  үйлесуінің  нәтижесі:  орта 
деңгейден  арттыратын  интеллектуалдық  қабілеттілік,  шығармашылық  тәсіл  және 
тапсырма  орындауға  жоғары  себеппен  және  табандылықпен  қызығу  ерекшелік 
ересек жастағы дарынды балаларға тән. Дегенмен, ересек адамдардың дарындылығы 
бала кезіндегі көрген тәрбиесіне, тәжірибесіне байланысты». 
Ресей  психологтары  дарындылық  жайлы  төмендегідей  анықтама  береді: 
«Дарындылық  –  психиканың  жүйелі,  өмір  бойы  дамитын  қасиеті.  Ол  басқа 
адамдармен салыстырғанда іс-әрекеттің бір немесе бірнеше түрінде  адамдардың  ең 

№№1-12(81-92), қаңтар-желтоқсан, январь-декабрь, January-December, 2016              ISSN 2307-0188 
Ġylym ža̋ne bìlìm ġasyry – Vek nauki i obrazovaniâ – Science and education century 
___________________________________________________________________ 
 
 
92 
жоғары нәтижеге жету мүмкіндігін анықтайды» (Бурминский Г.В., Матюшкин А.М., 
Слуцкий  В.М.).  Дарындылық  жайлы  айтылған  пікірлер  өзіндік  ерекшеліктеріне 
қарамастан, бұл феноменнің негізінде адамға іс-әрекеттің бір немесе бірнеше түрінде 
жоғары нәтижеге жетуге мүмкіндік беретін қабілеттер жатыр. 
Джонефер  Рензулли  деген  американдық  маманның  пайымдауы  бойынша 
дарындылық үш түрге бөлінеді: 
1. Туа біткен қабілет. 
2. Мотивация, қызығу себептеріне байланысты. 
3. Жұмбақ құбылысты шешуге тырысу. 
Қабілет  пен  дарындылық  жайлы  ой-пікірлерді  әрі  карай  өрбіте  отырып,  Б.Г. 
Ананьев  қабілеттер  мен  білім,  білік  жиынтығы  ғана  емес,  оларды  қолдана  білудегі 
дербестік,  саналылық,  шығармашылық  деген  пікір  айтады.  Бала  бойындағы 
дарындылық  деген  сияқты  ерекше  қабілетті  зерттеген  Н.С.  Лейтес  қабілетке  «іс-
әрекеттің белгілі бір түрінде жетістіктерге жеткізетін психологиялық жағдай» деген 
анықтама  береді.  Ақыл-ой  қабілетінің  алғышарттары  белсенділік  және  өзін-өзі 
реттеу деген қорытынды жасайды. 
XX  ғасырдың  бас  кезінде  Қазақстанда  педагогикалық  теория  негіздерінің 
қалыптасуына ат салысқан көрнекті қайраткерлер Ж. Аймауытов, Ш. Құдайбердиев, 
А.  Байтұрсынов,  М.  Дулатов,  М.  Жұмабаевтың  педагогикалық  мұраларында  білім 
беру үрдісінде балалардың қызығуы мен біліктілігін қалыптастыру мәселесін ескеру 
керектігі баса айтылған. 
Міржақып  Дулатов  қазақ  арасында  көбіне  көзге  түспей,  түссе  де  еленбей 
жүрген ғылым-білімге, өнерге зерек, дарынды балаларды оқытып, тәрбиелеудің мәні 
жайында сөз ете келіп, дарындылықтың кейбір психологиялық астарына үңіледі. 
М. Дулатов: «Туысында қанша зеректік болса да ғылымсыз, тәрбиесіз кемеліне 
жетпейді.  Кімде-кім  өзінің  табиғатында  не  нәрсеге  шеберлік  танытып,  барлығын 
сезіп, өз жолына түссе ғана, сөзге айнытпай сала білсе, жақсы жазушы да адамның 
ішкі  сырын,  мінезін,  әдетін  бұлжытпай  көрсете  біледі,  оқығанда  –  көріп  тұрғандай 
боласың...», - деп жазған. 
Ш.  Уәлиханов  тәрбиеге  үлкен  маңыз  бере  отырып,  адам  қабілетінің  дамуына 
оның табиғи бейімділігінің мәні зор екендігін алға тартады. 
Бүгінгі  таңда  дарынды  балалар  мәселесін  зерттеуге  қатысты  философиялық, 
психологиялық,  педагогикалық,  әдістемелік  әдебиеттерде  маңызды  ой-пікірлер 
жинақталған.  Бұл  мәселенің  түп  тамыры  ғасырлар  тереңінде  жатыр.  Адамның 
психологиялық  ерекшеліктері  жөніндегі  идеялар,  оның  ішінде  қабілеттілік  туралы 
ойлар  сонау  ертедегі  грек  философтарының  еңбектерінде,  қайта  өрлеу  дәуірі 
ғалымдарының  және  алдыңғы  қатарлы  әр  елдің  озық  ойлы  педагогтарының 
еңбектерінде кездеседі. 
Ерте  дәуірде  адам  психикасы  танымдық  құбылыстың  ішіндегі  танып  білуге, 
ұғынуға  өте  қиын  мәселелердің  бірі  болғандықтан,  жекелеген  адамдардың  табиғи 
ерекшелігі  мен  оларда  ерекше  табиғи  13  қабілеттіліктің  болуы  құдіреті  күшті 
құдайдың жаратқаны деп есептеген. Платонның пікірінше, ақын туындылары өзінің 
өнерлілігі мен білімінен емес, құдайдың кұдіретінен, оның белгілеуінен. 
Платон  өз  еңбектерінде:  «...  поэт  творит  не  от  искусства  и  знания,  а 
божественного  предопределения  и  одержимости»,  -  деп  жазады.  Бұл  пікірді 
Демокрит те қолдаған. 
XIV  ғасыр  ойшылдары  қабілеттілік,  дарындылық  тек  өнер  адамдарында  ғана 
байқалады  деп  есептеген.  Үкімет  қызметкерлеріне,  әскери  адамдарға,  ғалымдарға 
қатысты  дарындылық  қабілетін  жат  санаған.  Дегенмен,  бұл  ойды  жоққа  шығаруға 
әрекет  жасағандар  да  болды.  Аристотель  көркем  өнер  туындысының 

№№1-12(81-92), қаңтар-желтоқсан, январь-декабрь, January-December, 2016              ISSN 2307-0188 
Ġylym ža̋ne bìlìm ġasyry – Vek nauki i obrazovaniâ – Science and education century 
___________________________________________________________________ 
 
 
93 
интеллектуалдық іс-әрекетпен байланысты екендігін де айтады. 
Грек  философтары  дарындылықты  құдайдың  құдіретінен  дей  келе,  оны 
дамытуда білім мен тәрбие берудің маңызын жоққа шығармайды. Ұрпақтың ақыл-ой 
тәрбиесіне негізделген тәрбие теориясында айналасындағы дүниені шынайы ақиқат 
тұрғыда  танып-білуін  қамтамасыз  етуі  мен  қоғамға,  адамдарға  дұрыс  қарым-
қатынасын  қалыптастыруды  қарастырады.  Бұл  идеялар  Платон,  Аристотель, 
Гераклит,  Гиппократ,  Демокрит,  Плутарх,  Квинтиллан  еңбектерінде  одан  әрі  дами 
түсті. 
Қайта  өрлеу  дәуірінде  дарындылық  табиғатын  танып  білу  мәселесімен 
испандық  дәрігер  Хуан  Уарте  айналысты.  Х.  Уартенің  пікірінше,  талант  адам 
табиғатына  байланысты,  дегенмен,  оның  дамуына  тәрбие  мен  еңбек  қажет.  Ол 
таланттылық  мәселесімен  айналысатын  мемлекеттік  жүйе  құру  жөнінде  пікір 
қозғаған  және  жас  жеткіншектердің  қабілеттіліктерін  дамыту  үшін  арнайы  жұмыс 
жүргізу керектігі, сондай-ақ мұндай жұмысты ақылы мен білімі жоғары ұлы адамдар 
жүргізу керек деп есептеді. 
Жалпы,  дарындылық  үш  бағытта  анықталады:  интелектуалды  дарындылық, 
шығармашылық дарындылық, лидерлік дарындылық. 
Интелектуалды  дарындылық  баланың  ойының  ұшқырлығымен  ерекше  есте 
сақтау  қабілетімен,  байқағыштығымен  айқындалады.  Ал,  шығармашылық 
дарындылык  баланың  өз  қызығушылығы,  өмірлік  позициясымен  айкындалады. 
Академиялық дарындылық негізгі оқыту процесінің сәтті аяқталуымен анықталады. 
Мұны  ашып  көрсету  үшін  қол  жеткен  жетістіктердің  стандартталған  тесттерін 
қолдануға болады. 
Әлеуметтік  дарындылық  болса,  күрделі  көп  аспектілік  құбылыс  ретінде 
қарастырылады.  Мұның  мәні  көбінесе  қарым-қатынас  жасалып,  тілдесу  негізінде 
ашылады.  Мұндай  дарындылықты  ашып  көрсету  үшін  әлеуметтік  компетенция 
шкалалары, әлеуметтік шкалалары, лидердің қабілеттерін көрсетуге арналған тесттер 
сияқты  әлеуметтік  даму  ерекшеліктері  мен  деңгейін  бағалауда  стандартталған 
әдістер қолданылады. 
Қабілеттілік  бірден  қажет  емес,  олар  өмір  сүру  барысында  дамып  отырады. 
Қабілет дәрежесі әр адамда әр түрлі деңгейде болады. Бала бойындағы жалпы және 
арнайы  қабілеттердің  алғышарттары  нышан  болып  табылады.  Қабілет  әрекеттің 
белгілі  бір  түрімен  айналысуға  мүмкіндік  беретін  бейімділікте  байқалады. 
«Бейімділік  адамның  әрекетпен  айналаға  бетбұрысы,  оған  көңіл  қошы  (көңілінің 
аууы), оянып келе жатқан қабілеттердің алғашқы белгісі», - деп жазады академик Т. 
Тәжібаев. 
«Бейімділік  пен  қабілеттің  соншалықты  тығыз  байланыстылығы  кейде  тіпті 
бір-бірінен  ажырату  қиындығын  туғызады.  Дегенмен  бейімділік  ұмтылу,  ал 
қабілеттер – мүмкіндіктер», - дейді көрнекті психолог Н.С. Лейтес. 
Дарынды  балалармен  жұмыстағы  басты  міндет  –  олардың  танымдық, 
эмоцияналдық,  таңғажайып  әрі  өте  сирек  құбылыстарын  тану  қажеттілігін 
қанағаттандыру болып табылады. 
Қабілеттер  мен  дарындылықтың  даму  проблемасының  талдау  барысы  көпше 
түрде осы ұғымдарға қойылған мазмұнымен анықталады. 
Қабілеттер 
мен 
дарындылық 
ұғымдарын 
анықтауындағы 
маңызды 
қиыншылықтары  осы  терминдердің  жалпы  қабылданған  және  тұрмыстық 
түсінушілігімен  байланысты.  Егер  біз  түсіндірме  сөздіктерін  қарасақ,  онда  біз 
«қабілетті»,  «дарынды»,  «талантты»  деген  терминдері  синонимдер  сияқты 
қолданатынын  және  қабілеттердің  көрсетілген  деңгейін  бейнелейтінін  көреміз.  Бұл 
жерде «талантты» деген ұғым адамның табиғатпен берілген сипаттарды көрсетеді. В. 

№№1-12(81-92), қаңтар-желтоқсан, январь-декабрь, January-December, 2016              ISSN 2307-0188 
Ġylym ža̋ne bìlìm ġasyry – Vek nauki i obrazovaniâ – Science and education century 
___________________________________________________________________ 
 
 
94 
Дальдің түсіндірме сөздігінде «Способный», яғни «Қабілетті» деген сөзі «Бірдеңеге 
жарамды немесе епті, қолайлы» деп анықталады. 
Күнделікті  ауызекі  сөзде  «Қабілет»  деген  атауды  жиі  колданамыз.  Мәселен, 
мұғалім  оқушысына  мінездеме  бере  отырып,  осы  баланың  математика  пәніне 
кабілеті  күшті  екенін  айтады.  Мектепте  оқушыларға  түрлі  коғамдық  жұмыстар 
жүктелгенде  де  олардың  кейбіреулерінің  ұйымдастырғыштық,  екіншісінің 
музыкалық, үшіншісінің суретшілік қабілеті еске алынып, бұған ерекше мән беріліп 
отырылады. 
Бұл мысалдар әр адамның әрекетінің бір түріне жарамдылығын көрсететін дара 
ерекшелігі болатынын байқатады. Мұндай ерекшеліктер іс-әрекетті орындау үстінде, 
әсіресе, оның нәтижесінен жақсы көрініп отырады. Мәселен, біреу қолына алған ісін 
бұрқыратып тез бітіріп тастайды және оны өте нәтижелі  етіп шығарады. Ал екінші 
біреу  өте  баяу  кимылдап  әрі  істі  сапасыз  етіп  орындайды.  Бұл  мысалда  да  бірінші 
адамның іске кабілеттілігі екіншіге қарағанда әлдеқайда жоғары екендігі көрініп тұр. 
Қандай  да  болмасын  бірер  нәрсеге  қабілеті  жоқ  адам  болмайды.  Ол  біреуде 
күшті,  біреуде  шамалы  болып  келуі  мүмкін.  Тәжірибе  мен  парасат  адамдардың 
қабілет саласында тең емес екенін дәлелдейді. 
Қабілеттіліктің  өлшемі  –  белгілі  бір  істің  нәтижелі  болып  орындалуында. 
Қабілет  адамның  іс-әрекетінің  белгілі  бір  түріне,  өнер  саласының  біріне 
жарамдылығын  жақсы  көрсете  алады.  Белгілі  бір  істі  үздік  орындауға  мүмкіндік 
беретін  адамның  әр  түрлі  жеке  қасиеттерінің  (музыкалық  саңылау,  түстерді  жақсы 
ажырата  алу,  қолдың  икемділігі  т.б.)  қиысып  келуін,  яғни  адам  қасиеттерінің 
синтезін қабілет деп атайды. 
Қабілеттің  дамуы  оны  қажет  ететін  қызмет  саласында  және  әрекетке  үйрену 
үстінде көрініп отырады. 
Қабілет  негізінен  екіге  бөлінеді.  Адамның  ақыл-ой  өзгешеліктерінің  жеке 
касиеттерін  көрсететін  кез  келген  адамнан  табылатын  кабілет  жалпы  қабілет  деп 
аталады.  Ақылдың  орамдылығы  мен  сыншылдығы,  материалды  еске  тез  қалдыра 
алу, зейінділік пен бақылағыштық, зеректік пен тапқырлық т.б. осы секілді ақыл-ой 
әрекетінде көріністің өзгешеліктері жалпы қабілет болып табылады. 
Іс-әрекеттің  жеке  салаларында  ғана  көрініп,  оның  нәтижелі  орындалуына 
мүмкіндік  беретін  қабілетті  арнаулы  қабілет  деп  атайды.  Бұған  суретшінің, 
музыканттың,  актердің,  спортшының,  математик-ғалымның,  ақын-жазушының 
қабілеттерін  жатқызуға  болады.  Соңғы  кездері  кейбір  зерттеушілер  қабілеттің 
үшінші  түрі  деп  практикалық  іске  қабілеттілікті  айтып  жүр.  Бұған 
ұйымдастырғыштык, 
педагогтық, 
конструктивті-техникалық 
қабілеттерді 
жатқызады. Қабілеттердің осы түрлері іс-әрекеттің басты салаларына (ғылым, өнер, 
практика) орайлас бөлінеді. 
Ф.  Энгельс  айтып  отырған  Орта  ғасырдағы  «қайта  гүлдену»  (дұрысы  «қайта 
өрлеу») ХХ ғасырдың  бас кезінде қазақ қоғамында да белең алған еді. Осы кездегі 
тарихи аренаға жан-жақты қабілетті адамдар Ш. Құдайбердиев, А. Байтұрсынов, С. 
Досмұхамедов, М. Дулатов, Ж. Аймауытов, М. Шоқаев, М. Жұмабаев, т.б. шыққаны 
белгілі. 
Адам қабілеттерінің жан-жақты жетілуі еңбектің ескі бөлінісін, яғни ой еңбегі 
мен  дене  еңбегі  болып  бөлінуін,  сөйтіп  адамның  белгілі  бір  кәсіпке  немесе 
мамандыққа таңылып қоюын бірте-бірте жоюды көздейді. 
Әрине, бұдан еңбектің түрлі салалары жойылып кетеді деген мағына тумайды. 
Еңбектің сан алуан түрлерінің ұштасуы адамның дене күшінің де, рухани күшінің де 
дамуына себепші болады, адамның білімі, шеберлігі, іс-әрекеттің түрлі саласындағы 
айрықша дамыған тәжірибе мен білім икемі дұрыс ұштасқанда ғана ғылым, техника, 

№№1-12(81-92), қаңтар-желтоқсан, январь-декабрь, January-December, 2016              ISSN 2307-0188 
Ġylym ža̋ne bìlìm ġasyry – Vek nauki i obrazovaniâ – Science and education century 
___________________________________________________________________ 
 
 
95 
әдебиет  пен  өнер  саласында  адамның  қабілеті  мен  дарыны,  таланты  дамып,  оның 
ойдағыдай өрістей түсуіне кең мүмкіндіктер жасалады. 
Дарынды  адамдарды  ғылым  саласынан  да  көптеп  кездестіреміз.  Мәселен, 
қазіргі  аттары  әйгілі  математик  С.  Мергелян  16  жасында  университеттің  бірден 
екінші  курсына  қабылданды.  Ол  жиырма  жасында  ғылым  докторы  атағын  алды. 
Академик  Л.  Ландау  орта  мектепті  13  жасында  үздік  бітіріп,  он  төрт  жасында 
университеттің  екінші  курсына  түседі.  Мұндай  мысалдарды  көптеп  келтіре  беруге 
болады. 
Қабілет  адамнан  әрекеттің  бір  түрімен  айналысуға  мүмкіндік  беретін 
бейімділікте  байқалады.  Бейімділік  пен  кабілет  көп  жағдайларда  бірге  болады. 
Өйткені,  адамның  бір  нәрсеге  қабілеттілігі  оның  бейімділігіне  орай  қалыптасады. 
Бейімділік  –  адамның  белгілі  бір  әрекетпен  айналысуға  бет  бұрысы,  оған  көңілі 
аууы,  оянып  келе  жатқан  қабілеттің  алғашқы  белгісі.  Сонымен  қатар,  бейімділік 
әрекеттің  бір  саласына  (сурет,  музыка  т.б.)  әуестенушілікті  көрсетеді.  Бейімділікті 
балада қандай да бір нышанның барлығын хабарлайтын белгі деуге де болады. 
Балалық  кезде  ерекше  көзге  түсетін  бейімділіктер  оның  келешек  қабілетінің 
көрсеткіші  болып  та  табылады.  Мәселен,  екі-үш  жасар  баланың  музыка  үніне 
құлағының  елеңдеуі,  онда  музыкалык  қабілетке  байланысты  табиғи  негіздің  бар 
екендігін  көрсетеді.  Жас  балаларда  әрекеттің  әр  түріне  байланысты  бейімділік  жиі 
ұшырайды. 
Нағыз  бейімділіктен  алдамшы,  шүбәлі  бейімділікті  айырған  дұрыс.  Нағыз 
бейімділік  адамның  әрекетке  тек  құштарлығы  ғана  емес,  оны  нәтижелі  етіп 
орындауында.  Мәселен,  осындай  бала  сабақ  үлгерімінде  қатарындағы  баладан  көп 
ілгері  озып  кетіп  отырады.  Ал,  бейімділіктің  алдамшы  түрінде  адам  іске  катты 
әуестенгенмен  сол  салада  жақсы  нәтижеге  ие  бола  алмайды.  Оның мүмкіндігі  орта 
дәрежеде ғана болады. Жалған бейімділік, көбінесе, үлкендердің сендіруінен немесе 
баланың  өзін  осылай  сезінуден  тууы  ықтимал.  Мәселен,  кейбір  интеллигенттік 
отбасыларының  ішінен  балаларына:  «Сен  келешек  дарынсың,  сенен  үлкен  ғалым, 
суретші, әнші т.б. шығайын деп тұр», - деп айтатындар кездеседі. 
Расында  да,  үш-төрт  жастағы  балалардың  әп-әдемі  етіп  тақпақ  айтпайтыны, 
дөңгеленіп  билемейтіні,  әсем  дене  қимылдарын  жасамайтыны  кемде-кем.  Осыған 
мәз  болған  ата-ана  баласының  бейімділігін  дамыта  түсу  үшін  шарқ  ұрып,  зыр 
жүгірері  сөзсіз.  Мәселен,  алты  жасар  бір  бала  үйіне  келген  адамдарға  тарихи-
философиялық терминдерді көп білуімен таң қалдырған. Бұған баланың оқытушысы 
да,  шешесі  де  мәз  екен.  Бірақ,  әлгі  баладан  оң  қолың  қайсы,  сол  қолың  қайсы  деп 
сұрағанда,  ол  жауап  бере  алмай  қиналған.  Бала  өзі  ерекше  еңбек  етпейтін  болса, 
әрекеттің сол саласында үздік нәтиже көрсете алмайтын болады, онда тек алдамшы 
бейімділіктің болғанын көрсетеді. 
Нағыз  бейімділікте  әрекетке  адамның  бар  сезім-еркі  жұмыла  талпынады. 
Мұндай  бейімділік  адам  нышандарының  қабілетке  ауысуына  қолайлы  жағдай 
жасайды. 
Бала  айналасындағы  нәрселерді  танып  білуде  өзі  белсенділік  көрсетпейінше, 
оны дұрыс ұғына алмайды. Бала қабілетінің дамуы үшін оның белсенділігі аса кажет. 
Іс-әрекетсіз  оны  меңгеруге  бағытталған  белсенді  қимыл-қозғалыссыз  қабілеттің 
дамуы  мүмкін  емес.  Бұл  жерде  ескеретін  бір  нәрсе  мынау:  нышан  оқу-тәрбие 
жұмысын  жүргізу  үшін  зор  мүмкіндік  тудырады.  Нышанды  балалар  бір  нәрсені 
үйренуге оңтайлы келеді. Мектепке дейінгі кезеңде балалардың нышандары көбінесе 
ойын  үстінде  көрінетіндіктен,  олар  кей  жағдайларда  адамның  назарына  түспей 
қалуы  да  мүмкін.  Сондықтан  да  әрбір  ата-ана  бұған  ерекше  көңіл  бөліп  отырғаны 
абзал. 

№№1-12(81-92), қаңтар-желтоқсан, январь-декабрь, January-December, 2016              ISSN 2307-0188 
Ġylym ža̋ne bìlìm ġasyry – Vek nauki i obrazovaniâ – Science and education century 
___________________________________________________________________ 
 
 
96 
«Алуан-алуан жүйрік бар, әліне қарай шабатын» дегендей, адамдардың кабілет 
саласындағы  дара  айырмашылықтары  да,  сан  алуан  болып  келеді.  Мәселен,  біреу 
іске  күшті  жігермен,  қатты  мейіріммен  кіріседі.  Мұндай  адам  жұмысты  сапалы 
орындай  алады.  Енді  біреу,  керісінше,  сол  істі  әрі  баяу,  сапасын  төмен  етіп 
орындайды. 
Қабілетті  адамдардың  бірі  –  зеректілігімен,  екіншілері  байқағыштығымен, 
үшіншілері  материалды  еске  сақтағыштығымен  ерекше  көзге  түседі.  Бұл  айтылған 
қасиеттер кейде бір адамның басында да, тоғыса береді. Қандай болмасын әрекетті 
сапалы  етіп  орындау  үшін  қабілеттің  бір  ғана  түріне  сүйенуге  болмайды.  Бір 
әрекеттің  өзін  орындау  үшін  кейде  бірнеше  қабілеттің  жиынтығы  керек  болады. 
Мәселен,  мұғалімге  ұйымдастырғыштық  қабілетпен  қатар,  бақылағыштық,  ақыл-ой 
ерекшелектерінің  белсенділігімен  қатар,  сөйлеу  шеберлігі,  зейін  қойғыштық  т.б. 
қажет болады. 
Адам қабілетін аз, көп деп сан жағынан өлшеудің ғылымға қажеттілігі шамалы. 
Жас шақта сөзге олақ адамдардың есейе келе ірі ақын, жазушы болғандары, көрген 
нәрсесін  есінде  жөнді  сақтай  алмайтын  адамдардың  кейіннен  талантты  суретші 
болып шыққандары да бар. Мәселен, ескі заманның аса көрнекті шешені Демосфен 
бала кезінде тұтықпа, кекеш бола тұрса да, өзін ерекше жаттықтырудың арқасында 
қабілетінің кемістігін жойып, аты-шулы шешен деген атаққа ие болған. 
Зор талант иелерінің арасында да қабілеттері өте кеш дамыған адамдар аз емес. 
Мәселен,  В.  Скотт  бірінші  романын  43  жасында,  орыс  жазушысы  С.  Аксаков 
алғашкы кітабын 56 жасында жазған. 40 жасында сауатын ашып, 73 жасында ғылым 
докторы  болған  ғалым  Е.К.  Гусеваның  өмірі  де  осы  айтылғанға  жақсы  дәлел.  Осы 
адамдардың  жас  шағында  да  қабілеттері  болғанмен  оның  лаулап  жануына  жағдай 
тумаған.  Көздегеніне  жетемін  деген  сенімнің  күштілігі,  қайрат-жігерлерінің 
молдығы, осы адамдардың қай-қайсысына да, тән қасиеттер болып саналады. 
Адам  психикасының  басты  бір  ерекшелігі:  бір  қасиеттің  орнын  екінші  бір 
қасиетпен  толтыра,  яғни  адамның  өзінде  жетіспеген  бірер  қабілетті  басқа 
қабілеттермен  алмастыра  алатындығы.  Орыс  ғалымы  О.  Скороходованың  құлағы 
естіп, көзі көрмесе де, өлшеусіз жаттығып, үйренудің нәтижесінде зор қабілетке ие 
болғандығы  осы  айтылганға  айқын  дәлел.  Сөйтіп,  адамның  белгілі  бір  әрекетпен 
шұғылдануына  оның  бейімділігі,  қызығуы  және  басқа  қабілеттері  демеу  берсе,  ол 
ерік-жігері күшті еңбек сүйгіш адам болса, жеке бір қабілеттің жеткіліксіздігі оның 
іс-әрекетті  ойдағыдай  орындауына  бөгет  бола  алмайды.  Қабілеттіліктің  даму  шегі 
жоқ. 
Адам қабілетінің әр қилы болып келуі сигнал жүйелерінің ерекшеліктеріне де 
байланысты.  Жүйке  әрекетінің  жеке  көріністерінде  сигнал  жүйелерінің  бір-бірінен 
басым  келуін  И.П.  Павлов  адамға  тән  жүйке  қызметінің  үш  түрлі  типі  болады  деп 
тұжырымдады.  Егер  адамның  жүйке  әрекетінде  бірінші  сигнал  жүйесінің  жұмысы 
басым болса, оны «суретші тип», ал екінші сигнал жүйесінің жұмысы басым болса, 
«ойшыл тип» деп атауды ұйғарды. «Суретші тип» қабылдау мен естің бейнелігі және 
ашықтығымен  (мұндай  типке  суретшілер  мен  музыканттар  кіреді,  қиялдың 
байлығымен  сипатталса,  «ойшыл  тип»  абстрактылық,  ойлаудың  басымдылығынан 
(бұған философтар, математиктер жатады) көрінеді. 
И.П.  Павлов  сигнал  жүйелерінің  типтік  ерекшеліктері  психикалық  әрекеттің 
кез келген түрінен байқалады және олар өмірде бір-біріне ауысып, өзгеріп отырады, 
осы  типтердің  кез  келгенінің  негізінде  қабілетті  жан-жақты  дамытып  отыруға 
болады деді. 
Жалпы  алғанда  дарындылықты  келесі  компоненттерімен  жүйе  ретінде 
қарастыруға  болады:  биофизиологиялық,  анатомиялық-физиологиялық  нышандар; 

№№1-12(81-92), қаңтар-желтоқсан, январь-декабрь, January-December, 2016              ISSN 2307-0188 
Ġylym ža̋ne bìlìm ġasyry – Vek nauki i obrazovaniâ – Science and education century 
___________________________________________________________________ 
 
 
97 
жоғарғы  сезімділікпен  сипатталатын  сезімдік-перцептивтік  топтар;  жаңа 
проблемаларды  шешу  және  жаңа  жағдаяттарды  бағалауға  мүмкіндік  беретін 
интеллекталдық  және  ойлау  мүмкіндіктері;  ұзақ  доминаттық  бағдарлау  және 
олардың  жасанды  қолдауын  анықтайтын  эмоционалдық-қайраттық  құрылымдар; 
жаңа бейнелер тиімділігінің жоғарғы деңгейі, қиял және басқалары. 
А.М.  Матюшкин  көптеген  зерттеушілердің  еңбектеріне  сүйеніп  (Н.С.  Лейтес, 
В.М.  Теплов,  В.А.  Крутецкий,  Е.И.  Игнатьев,  Э.А.  Голубьева,  В.М.  Русалов,  Й.В. 
Равич-Щербо, А.В. Запорожец, Н.Н. Поддъяков, А.В. Брушлинский, Т.В. Кудрявцев, 
Дж.  Берлайн,  Я.А.  Понамарев  және  т.б.)  шығармашылық  дарындылыктың 
синтетикалық  кұрылымын  жасады  және  оның  ішіне  төмендегілерді  кіргізді: 
танымдық  мотивацияның  бастапқы  рөлі;  проблеманы  қою  және  шешімі  мен 
жаңалықты  табуындағы  көрсетілетін  зерттеулік  шығармашылық  белсенділігі; 
басқаларға  ұқсамайтын  шешімдеріне  жету  мүмкіндіктері;  болжау  мен  бұрынырақ 
біліп қоюдың мүмкіндіктері. 
Сонымен  қатар  А.М.  Матюшкин  дарындылық,  таланттықты  шығармашылық 
іс-әрекетінің  ерекшеліктерімен,  шығармашылықтың  көрсетуімен,  «шығармашылық 
адамның»  жұмыс  істеуімен  байланыстыру  қажет  екенін  ұстанымдық  түрде 
белгілеуін маңызды деп есептейді. 
Бір  жағынан,  көптеген  аса  көрнекті  адамдар  балалық  кезінде  бірегей 
қабілеттерімен  жарқыраған.  Кибернетиканың  қалаушысы  ІІ.  Вииер  өзінің 
өмірбаяндық кітабының осылайша  «Бұрыңғы вундеркинд» деген  атауын қойды (ол 
он екі жасында университетке түсіп, он төрт жасында алғашқы ғылыми дәрежесіне 
ие  болды).  Он  бес  жасында  француз  академиясының  атақты  пікірін  алған  Виктор 
Гюго вундеркинд болып табылған. А. Грибоедов пен И. Мечниковті де вундеркинд 
деп  атауға  болады:  Грибоедов  он  бір  жасында  Мәскеу  университетіне  түсіп,  ал  он 
бес жасында философия факультетінің екі бөлімін тәмамдаған (филология және заң 
бөлімдері). 
И.  Мечников  та  табиғатқа  сүйіспеншілігі  балалық  шағынан  пайда  болған, 
оқуды  бастамай  ол  ботаникадан  шығармаларды  жазып  және  өз  бауырларына  және 
басқа  балаларға  «дәріс  оқып»,  ерте  кезде  микроскопты  меңгере  алып,  гимназияда 
оқып жүрген кезінде шетелдік ғылыми журналдарында өз мақалаларын жариялаған. 
«Бұрыңғы вундеркинд» деп өткендегі ұлы адамдарды ғана емес, сонымен қатар 
біздің  тамаша  замандастарымызды  да  атап  өтуге  болады.  Ресейдің  Дубна 
қаласындағы ғылыми орталығының атақты жетекшісі академик Н. Боголюбов он екі 
жасында орта мектепті бітірді. Қазіргі заманның ірі математиктерінің бірі, академик 
Н.  Виноградов  «Үш  жасымда  жазу  мен  оқуды  өзім  үйрендім»  деп  еске  алады. 
Сонымен, 
ерте 
уақытта 
ақылдық 
қабілеттердің 
жоғарылауы 
шынайы 
дарындылықтың нышаны болуы мүмкін. 
Бірақ,  басқа жағынан,  баланың аса көрнекті ақылдық  көрінісі  уақытша болуы 
мүмкін.  Жас  ерекшелігінің  даму  барысында  интеллектің  қасиеттерін  байыту  мен 
бекітуге  қоса,  олардың  жаңа  деңгейге  жоғарылауымен  кейбір  балалық 
мүмкіндіктердің жойылуы мен шектелуі пайда болады. 
Мектеп жасына дейінгі балалардың дарындылығы дегеніміз неде? Ол келешек 
таланттың  жарқырауын  немесе  оқыту  іс-әрекетіне  жақсы  дайындылығын  қалай 
анықтауға болады? Қабілеттіліктің ерекшелігін қалай қарастыруға және балаға оны 
әрі  қарай  қалайша  дамытуға  болады?  Осындай  және  басқа  да  көптеген  сұрақтарға 
жауаптарды табуға жұмысымызды арнаймыз. 
Мектеп  жасына  дейінгі  балалардың  ерекшеліктерінің  кейбіреулері  келесі 
жылдары  жоққа  ұшырайды,  басқалары  көпше  түрде  өз  мағынасын  өзгертеді.  Осы 
кезде  кейбір  балаларда  жас  ерекшелігіне  сай  мінезінің  бірін  көрсетудің  әр  түрлі 

№№1-12(81-92), қаңтар-желтоқсан, январь-декабрь, January-December, 2016              ISSN 2307-0188 
Ġylym ža̋ne bìlìm ġasyry – Vek nauki i obrazovaniâ – Science and education century 
___________________________________________________________________ 
 
 
98 
дәрежесін  есептеу  қажет.  Қарастырылған  ерекшеліктер  балалардың  танымдық 
мүмкіндітеріне  ықпал  ететіні  күмәнсіз  және  жалпы  дамуының  жолын  әрі  қарай 
анықтайды. 
Қоршаған ортаға ықпал жасауға жоғарғы түсінгіштілігі, меңгеруге  бейімділігі 
болашақта  да  ақылдық  абыройымен  сипатталатын  интеллекттің  өте  маңызды  жағы 
болып табылады. 
Балалық шағындағы көрінетін қабілеттер түрінің нақты мағынасын бағалауын, 
сонымен  қатар  оның  әрі  қарай  дамуын  алдын  ала  қарастыру  өте  қиын.  Кейбір 
сабақтардағы бастапқы табысы үшін жеткілікті болатын баланың қабілеттерін анық 
көрсететіні  нақты,  әлеуметтік  маңызды  жетістіктерге  жол  ашпайтыны  жиірек 
кездеседі. 
Алайда,  қабілеттердің  ерте  пайда  болатын  түрлері  ата-аналарды  немқұрайлы 
қалдыра  алмайды,  өйткені  олар  шынайы  дарындылықтың  алғышарттарын 
көрсетулері мүмкін. 
Осындай  балаларды  жақсы  түсіну  үшін  балалар  психикасының  жас 
ерекшеліктерін  ескеру  және  білу  қажет.  Ақылдық  күштерінің  екпінді  жоғарылауы 
барлық  балаларда  есейгенше  байқауға  болады.  Өмірге  келген  дәрменсіз,  ешнәрсені 
айыра алмайтын балада аз жылдар бойы үлкендердің жетекшілігімен және көмегімен 
болады,  біріншіден,  ақылдың  күрделі  қасиеттері,  көптеген  дағдылары,  көп  бейнелі 
сезімдері қалыптасады... 
Психиканы байыту барысы дереулік темпімен жүреді, мұндайға баланың үлкен 
болған  жасында  қолы  жетпейді.  Балалық  шақ  –  өзінің  мүмкіндігі  бойынша 
кайталанбас  даму  кезеңі.  Осы  қабілеттер  өсу  жас  ерекшелік  шарттары  туралы, 
әсіресе  жүйке  жүйесінің  күші  секілді  маңызды  компонент  туралы  айту  керек  (ол 
туралы жүйке жүйесіне ұзақ немесе интенсивті жүктемені көтеру қабілеті бойынша 
есептейді). 
Балалар  (жасы  аздау  болса,  онда  неғурлым  көбірек  деңгейде)  салыстырмалы 
әлсіздігімен,  шағын  төзімділігімен,  жүйке  жүйесінің  әлсіреуімен  сипатталады. 
Арнайы  зерттеулердің  көрсеткіштері  бойынша  бұл  жас  ерекшелігіне  катысты 
әлсіздік  тек  кемшілік  қана  емес  (кішігірім  әрекет  күшті  реакцияны  тудыртатын 
жағдайлар),  ол  сонымен  қатар  абырой,  баланың  әсерленгіштігін,  түйсіктерінің 
пысықтығын анықтайды. 
Жылдар  бойы  әртүрлі  деңгейде  әртүрлі  балаларда  жүйке  жүйесі  бекітіледі, 
сонымен қатар балалардың анықталған түсінгіштігі де төмендейді. 
Бала  өскен  жағдайда  бала  психикасының  кейбір  құнды  ерекшеліктерінің 
мүмкіндіктері жоғарылайды, шектеледі, сондай-ақ жоғалады. 
Алайда,  үлкендермен  салыстырғанда  балардың  жүйке  жүйесінің  қасиеттері, 
бүкіл жан дүниесінің ұйымдастырылуы мүлдем басқаша. Мұны білу өте маңызды! 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет