Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Н.Ә.Назарбаев. Тарих толқынында., Алматы, 1999 жыл.
2. М.Жолдасбекұлы, Қ.Салғараұлы, А.Сейдімбек. Елтұтқа, Астана, 2001 жыл.
3. Сыр өңірі тарихы.Алматы , 1998 жыл, 64-бет.
4. Тірегісің, шежіресі, тілісің, даңқты жерлесіміз. Қазалы айғағы,2006 жыл, 06-қазан
5. Жалаңтөс баһадүр. Егемен Қазақстан. 2004 жыл, 03-қазан.
6. Әмір Жалаңтөс баһадүр. Ана тілі , 03-қаңтар 2006 жыл.
7. Ташкент мұрағатына жеткен құжат.Сыр бойы. 2006 жыл, 15 тамыз
8. Халқымыздың таусылмайтын жырысың. Қазалы айғағы,2006 жыл, 06-қазан.
9. Жалаңтөс баһадүр Тұранның тұғыры. Халық газеті,2005 жыл, 03-ақпан.
10. Жалаңтөс баһадүр. Сыр бойы, 1993 жыл, 33-қыркүйек.
11. Тұран жолбарысы. Сыр бойы, 2006 жыл, 28 қыркүйек.
12. Алты Алаштың ардағы. Сыр бойы, 2001 жыл, 14-сәуір.
Резюме
Жалантос был героем, акимом, военным руководителем. В статье описывается, что он в Средней
Азии является вдохновителем архитектурного искусства. Жалантос Бахадур в свое время являлся
искустным военноначальником и батыром одновременно. Жалантос, как и его отец правил одним
независимым государством, а также являлся военным руководителем в Бухаре и Самарканде. В статье
рассказывается о его вкладе в развитие школ в Самарканде, в особенности о постройке знаменитого
медресе «Ширдар». Поэтому, в настоящее время для независимого Казахстана данная тема очень
актуальна.
Summary
Zhalantos was a hero, Hakim and military leader. The article describes that he was the inspiration of
architectural art in Central Asia. Zhalantos Bahadur was a great general and also hero of that time.
Zhalantos, like his father, ruled one independent state, and served as a military leader in Bukhara and
Samarkand. The article tells us about his contribution to the development of schools in Samarkand, in
particular about the construction of well-known madrassa «Shirdar».This theme is very actual for
independent Kazakhstan.
ӘОК 94 (574)
МАҢҒЫСТАУ ӨҢІРІ ҚАЗАҚТАРЫНЫҢ ТАҒАМДАРЫ
Б.Н.Бегебаева, Атырау облыстық кадрлар біліктілігін арттыратын және қайта даярлайтын институты
Қазақ халқы қалыптасқаннан бері этностық даму барысында өзіндік ерешеліктерімен
сипатталатын қайталанбас төлтума этномәдениетті ддүниеге әкелді. [1]
Қазақ тағамы оның тұрмысы мен шаруашылық ерекшеліктерінің көрсеткіші іспеттес. Тағамдардың
негізгі түрлері малдың еті мен сүтінен жасалады. Жыл маусымына қарай тамақ құрамының өзгеріп
түрленуінің барлығы – натуралды шаруашылықтың көптеген белгілерін сақтаған көшпелілікке тән
қасиет.
ХІХ ғ. ортасына дейін Маңғыстау қазақтары жер шаруашылығымен жергілікті дәрежеде
айналыспағандықтан астықтан жасалатын тағамдар мұнда тым сирек кездесіп, жеміс пен көкініс
жоқтың қасы болды. Кейінен Ресеймен экономикалық қарым-қатнастың жандануына байланысты
Маңғыстау қазақтарында бұрын болмаған тамақтардың кейбір түрлері тарай бастады. Бірақ бұған да
ең алдымен ауқаттылардың ғана қолы жетті, ал бұқара халық бұрынғысынша мал шаруашылығының
азық – түлік өнімдерімен қанағат етті. Сөйтіп, төңкеріске дейінгі маңғыстау қазақтарының негізгі азығы
малдың еті мен сүтінен дайындалды.
Төрт түлік малдың сүті мен етінің тағамдық қасиеттері өте көп. Адам организміне қажетті
заттардың бәрі де бұл тағам түрлерінде жеткілікті болды.
39
«Қымыз - адамның қаны, ет - адамның жаны» дейді қазақ. «Сәбиінде жылқы етін жеп, сүтін
ішкен адам көкірек ауруға шалдықпайды» деп қарттар айтады. Қымыздың қасиеттері жайында да кең,
әрі тиянақты сипатталған еңбектер бар. Онда қымыздың құрамы мен адам организіміне қолайлы әсер
етуі жағынан, басқа шипалы суындарға қарағанда едәуір артықшылығы бар екендігі атап көрсетіледі.
Қазақ даласын көп шарлаған орыс ғалымдарының қазақ ауылдарында болып, олардың өмір
тұрмысымен таныстықанын Ү.Қыдыралин [2] еңбегінде айтылады. Ол қазақ арасындағы қымыздың
емдік қасиетін өте жоғары бағалап, оны әйелдің емшек сүтіне теңейді. Шынында да қыстан қалжырап,
тіпті құрқұлақ (цинга) ауруына шалдыққан адамдар да жаз шыға қымыз ішіп, даланың жұпар ауасын
жұтып, жайлаудан көңілі серігіп, жасарып қайтатын болған.
Маңғыстаудың табиғат жаңдайының қаталдығы жылқы малын көп ұстауға мүмкіндік бермеді.
Керісінше мұнда жылқы ұстаудың қиындығына қарамастан жылқы еті мен қымыздың маңызын өте
жоғары бағалағандығы басқа аудан қазақтарынан тіптен кем болмағандығы, мұнда қымыз ең сыйлы
қонақтарға беріліп, үлкен мереке, той-думандарда ішілетіндігін Маңғыстауды жете зерттеген біраз
ғалымдар дұрыс көрсеткен. Мұның өзі қазақтың ең сүйікті ұлттық сусыны –қымыздың құрметі – оның
мол болуына тілек білдіру мақсатымен жасалатын.
Маңғыстау қазақтары биені мамыр мен тамыз айларының аралығындағы екі айдай ғана
байлаған.
Қымыздың сапасы бие сүтінің қасиетіне, химиялық құрамына, баптап ашыту әдісіне
байланысты. Сондықтан да әр жердегі қымыздың өзіндің ерекшелігі бар. Маңғыстауда қымызды
сабада, кейде меске де ашытқан. Сондағы қазақ әйелінің кісіге сусын ұсынуының да әр кісіге арналған
әдемі ілтифаты болған. Сол қолына зерең, оң қолымен ожау көтеріп сусынның сылдырын сездірмей
ыдыстың шетін ала құяды, зереңді тым толтырмай, бір елідей ернеу қалдырады да ожауды қайыра
табақ ішіне іліп барып зереңді оң қолымен ұсыныады.
Маңғыстауда тұратын қазақтар түйені ежелден сүтті мал ретінде де ұстап келді. Маңғыстау
қазақтары сауатын інгендерді олардың тек сүттілігіне қарай іріктеді, әрі одан тұқым қалдыруға
тырысты. Осылай сұрыптаудың нәтижесінде түйенің, әсіресе аруана түйелерінің сүттілігін едәуір
арттырды. Айыр түйенің сүттілігі әдетте аруана түйеге қарағанда едәуір төмен келеді. Бірақ інгеннің
бағалы қасиеттерінің бірі, оның ұзақ сауылатындығы және сүтінің қою болып адамға жұғымдылығы.
Оның сүт беру кезеңі де өте ұзақ 15-18 айдай.
Түйе сүті дәмді, әрі өте қоректі. Оны сол күйінде пісіріп те, ашытып шұбат жасап та
пайдалануға болады. Бие сүті мен сиыр сүтіне қарағанда, түйе сүті едәуір майлы, белогы мен
минералдық заттары да көп.
Қазақтың ұлттық тағамдарының бірі – шұбат ауруға ем, сауға - қуат.Оның қымызбен бірдей
маңызы бар шипалы тағам. Қазақстанда сапалы шұбат дайындауда Маңғыстау өңірі ертеден бастап
күні бүгінге дейін ерекше аталып келеді.
Шұбаттың сапасы, оның ашытқы қорының сапасына байланысты. Ашытқы қор ретінде
бұрқырап ашыған спалы шұбатты алады. Оның бөтен иісі мен дәмі болмауы керек. Мұндай ашытқы
қорды саумалға күнделікті қосып тұрады. Түйені сауғаннан кейін сүтін сүзіп, 30-35 градусқа дейін
салқынтатады да, содан соң оны күбіге құйып, сүттің 1/ 5 бөлігіндей ашытқы қор қосады.
Түйені күніне 3-4 рет сауса, әр сауынның сүтін саумалға қосып, жақсылап пісіп сапырып
араластырады. Саумал 20-35 градус температурада 10-20 сағаттың ішінде ашиды, осыдан кейін оны
мейірді қандырып ішуге болады. Маңғыстау қазақтары түйе сүтінен ашытылған шұбатқа кейде қымыз
қосып сұйылтып ішетін. Шұбат үйге кірген қонаққа ерекше таңдаулы, сыпайы сусын ретінде
ұсынылады.
Атақты дәрігер Е.Оразақов[1] шұбатта тіршілікке бағалы элементтер басқа сүттерден мол
кездесетінін айта келіп, оның қай жағынан да құндылығын, адамға тамақтық жұғымдылығын, тіпті
шипалық қасиетінің артықшылығын жоғары бағалайды.
Маңғыстау қазақтары сүттен неше түрлі тағам әзірлеуді, оларды шірітпей сақтау жолдарын
жақсы білген. Мәселен, сүтті тосаптап тұз салып, қарында, бүйенде сақтау, мәйекпен ұйытылған
сүттен қайнатып алынған қызыл ірімшікті, айранмен ірітілген сүттен алынған ақ ірімшікті бабына
келтіріп кептіріп сақатау. Ірімшік суынан қайнатылған тосапты (сарысу) бүйенге, ішекке құйып сақтау
немесе кептіріп сақтау, іріткі қайнатып содан алынған құрт пен қатықтан жасалған тұзды сүзбе құртты
бабтап кептіру, тұздалған шикі қатықты арнайы жасалған тұлыпқа құйып сүзбе жасау, сары майды
тұздап қарында сақтау сияқты тәсілдерді айтуға болады.
Мыңдаған жылға созылған нағыз көшпелі тұрмыстағы өмір талабы мен тәжірибесі де бұл
тағамдарды ұзақ уақыт сақтай білудің амалдарын үйреткен. Кейбір мысалдарды келтіре кетсек сары
ірімшік сүтті мәйекпен ұйыту арқылы жасалады. Мәйек дегеніміз: туғаннан кейін екі, үш ішінде
отықпай тұрып сойылған қозының ұлтабары. Мұндай ұлтабарда сары уыздан басқа ештеңе де
болмайды. Егер ұлтабарда уыз аз болса, сауған сары уыздан үстемелеп құяды. Мәйектің ішекпен
40
түйіскен жерін таза жіппен шалып байлап, артығын кесіп тастайды да, оның сыртына тұз сеуіп,
көлеңкеде кептіреді. Осылай бапталып дайындалған мәйекті ұйытқы ретінде пайдаланған.
Қой сүтінен сары ірімшік жақсы жасалады. Сүтті түбіне май жағылған қазанға сүзіп
құяды.Негізгі шарты, бұл кезде тек қан жылым болуы керек, егер тым салқын болса, онда жылыту
керек. Қазандағы бапталған сүтке жылы сумен жуылған мәйектің үлпершек жағы батырылады. Содан
соң қазанның қақпағын жауып, үстін ас үй орамалдарымен тұмшалап жабыңқырайды.Бір,екі сағаттан
соң сүттің ұйыған,ұйымағанан байқап қарап, ұйыған болса мәйекті сорғытып алып, көлеңке жерге
іледі де (ол келесі ге де жарайды) қазанды ошаққа қояды. Қайнаған кезде ірімшіктің тым бөлшектеніп
кетпеуі үшін бауырдай ұйыған сүтті ортасынан төртке бөледі. Бұдан соң қазан астына аздап от жағып,
ұзақ қайнатылады. Суы суала келе ұйыған сүт сап-сары ірімшікке айналады. Суыған кезде ірімшікті
өреге жайып, дегдіген соң дорбаға салып кептіреді.Бабында кепкен сары ірімшік ұзақ сақтауға
төзіммді келеді.
Ақ ірімшікті сүтті айранмен іріту арқылы жасайды. Бұны да сары ірімшік сияқты қайнатып
пісіреді, қазаннан сүзіліп алынады да ши үстіне жайып кептіріледі.Мұндай ірімшіктердің қай түрі
болсын жылдың қай мезгілінде болсын негізінен шай жемі ретінде пайдаланылады.
Ұлттық тағамдардың бірі құрт. Ол ашыған іріткіден жасалады. Осы қазақ құртының қадір-
қасиетін, оның қалай жасалатынын сұрап білген дәмін татып көргендер – «нағыз кереметтің өзі екен»
деп бұрын соңды таңданушылар өте көп болған.
Бұл тағамды алыс жолға шыққан көшпелі қазаққа жесе тамақ, суға езіп ішсе сусын болатын
тағамдық та, сусындық та қасиеті мол болды. Оны дайындау көктемнің наурыз айынан бастап мамыр
айына дейін созылады.
Құртты – ашыған айраннан да, шұбаттан да жеке-жеке тіпті кейде оларды араластырып та
жасай береді. Ол үшін әбден суынан арылтып қайнатып қоюландрылған соң қазанды түсіріп, құртты
қапқа құйып сүзіп салқындатады. Содан кейін одан әртүрлі құрттар жасалады да шиге немесе басқа
ыдысқа жайылып шуаққа кептіріледі. Кепкен құртты қапқа салып қанша сақтаса да өзінің тағамдық
қасиетін жоймайды. Әдетте құртты қысты күні пайдаланады.
Қазақ халқының сүйікті тағамдарының бірі – ет. Қазақ еттен де түрлі тағамдар жасады. Етті
суға пісіріпте, майға қуырып та жейді. Еттің көп желінетін кезі қыстың күні. Ол үшін шамасы келген
жанұя өз әліне қарай соғым сояды. Соғым еті қысты күні бұзылмайтындықтан тұздамай жастай жейтін.
Ал жазға дейін сақталатын жал-жая, қазы – қарта сияқты мүшелеріне ғана аздап тұз сипап, ыстап
кептіріледі. Жазғы ыстықта ет көпке шыдамайтындықтан мал сирек сойылады. Тек қонақ келгенде
ғана көбінесе қой сойылатын. Тіпті қадірлі қонақ болса – құлын немесе тай да соятын. Көп қонақ
келсе бие сойылған.
Қазы жасау үшін соғымға сойылған семіз жылқының екі жақ қабырғасын етегімен қоса бөлек
сөгіп алып, тоңазытып екі-екі қабырғадан тіледі. Бір жылқыдан 12-14 қазы немесе 6-7 қос қазы
шығады. Қазақтың ұлттық тағамдарының ең нәрлісі де, жұғымдылығы мен дәмділік жағынан ең асылы
да қазы. Қымыз бен шұбат сияқты қазы да денеге қуат, дертке шипа болатын астың бірі. Шұжық
жасағанда ет пен майды бірге турайды да оған тұз, жуа, бұрыш қосып әбден араластырып бүйенге
салады да ыстап сүрлейді.
Ертеден келе жатқан дәстүр бойынша ет бір табақтан қолмен желінеді, бұл кешегі көшпенділік
тұрмыстан қалған салт. Сол кездегі көшпелі экономикалық жағдай, ыдыс-аяқ тапшылығын осылай
етуге мәжбүр еткен.
Маңғыстау қазақтарының тағам пісіру мәдениетінде өте көне әдіспен пісірілетіндерінің де аз
болмағаны мәселен, құйқалақ, көмбе, борша көму, көмбеқарын, сірне, тасқуырдақ, тасқорықтық,
тасқа басу,жаубүйрек, тағы сол сияқты тағамдар.
Бұлар негізінен адамның көп қатысуынсыз өздігінен оттың қоламтасында ұзақ жатып дәмді
болып пісетін. Қақтаған борша, саба-саба қымыз, бүйен-бүйен тортасынан айырмаған май, іркіт, сүр
ет, балқаймақ, ірімшік, шұжық, бұжы, жент, жылма, сарсу, сүзбе, құрт, быламық, ботқа, төңкерме
шелпек нан, таба нан, бауырсақ, күлше, қарынбүрме, мипалау, шұбат , кеспе және басқа сан алуан
тағамдар қазақ дастарханының сәнін келтіргені хақ. Бұл тағамдардың бірде-бірі адам организіміне
жұғымсыз деп танылған емес, қайта аса пайдалы қасиеттері ғылыми тұрғыдан дәлелденіп отыр.
Жоғарыда аталған қазақтың ұлттық тағамдарының әрқайсысының өзіндік жасалу
заңдылықтары бар. Әсіресе ет пен сүт тағамдарын ұқсатуда біздің халқымыз нешетүрлі шебер
тәсілдерді қолдана білді. Жалпы алғанда ежелгі қазақтың еті мен сүт тағамдарының қажеттілігі қазірде
де кеміген жоқ, қайта оның түр-түрі көбейп отыр.
Маңғыстау қазақтары өз жеріндегі аздаған егіншіліктен түсетін астық түгелдей нанмен
қамтамасыз ете алмады. Сондықтан астық Орал облысының Ойыл жәрменкесінен, Хиуа, Астрахань,
Петровск, Баку, Красноводск және Гурьев қалаларынан әкелінген. Егіншілікпен айналысатындар
немесе көршілерінен алатындар тары, арпа, бидай, жүгері дәндерін қуырып келіге түю немесе
дирменге тартып ұн жасау арқылы т.б. түрлі астық астық тағамдарын да жасай білген. Маңғыстау
41
қазақтары нан илегенде кейде оған қымыз қосатын, оның нәтижесінде нан жылдам күмпиіп көтеріледі
де дәмді болып пісетін. Бидай, тарыдан көже жасайтын, оған сүт қатып ашытып та ішетін. Сүт
қоспаған қатықсыз «қара көже» кедейлердің сусыны саналған.
Шәй ішуді маңғыстаулықтар кеш үйренгенімен оған тез қызыққандығы сондай шәйға сүт қосып
ішумен бірге кейде қымыз қосып та ішетін болған. Қымыз қосылған шай адамның шөлін тез
қандырған. Қонаққа сүт құйып шай беру маңғыстаулықтардың бірінші кезектегі құрметі болған.
Ұлттық тағамдарымыздың түрлерінде олардың дайындау технологиясында халқымыздың өткен
өмір, тұрмыс жағдайларына байланысты ғасырлар бойы қалыптасқан өзіне тән ерекшеліктері бар.
Олардың көпшілігі осы уақытқа дейін халық дәстүрі ретінде сақталып келеді.
Маңғыстау қазақтары – ежелгі тайпалардан сақталған материалдық мәдениеттің мұрагерлері
ретінде ұлттық дәстүрді кеңінен сақтап келеді.
Пайдаланған әдебиеттер:
1. Мәдени мұра және тарихи сананы жаңарту. «Рухани –ғылыми мұра»тақырыбындағы
республикалық ғылыми-теориялық конференция тезистер жинағы Алматы 2008,43 б.
2. Қыдыралин Ү. Маңғыстау қазақтарының мәдениеті мен тұрмысы. Ақтау - 1995 жыл, 143 б.
3. Оразақов Е. Туған жерім түбегім. «Жұлдыз», 1972. №3, 191 б.
Резюме
В статье описываются особенности национальных блюд казахов Мангистау. Показано, что виды
блюд и особенности их приготовления определяются веками существующего образа жизни и быта
местного населения.
Summary
In the article it is described the peculiarity of the Mangystau regional national dishes. Types of dishes
and their cooking define by the manners of the life and by the way life of aboriginal inhabitants that
existence by centuries.
ӘОК 951-959 (574,5)
ХІХ ҒАСЫРДЫҢ ЕКІНШІ ЖАРТЫСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ОҢТҮСТІГІНДЕГІ ПАТШАЛЫҚ
РЕСЕЙДІҢ САЯСИ ЭКСПАНСИЯСЫ
Ө.Қожақұлы, тарих ғылымдарының кандидаты, доцент
Алғаш рет Ресей патшалығымен келіссөз жүргізуді Әлім хан бастаған еді. Ол Ресей
патшалығын Қоқан хандығына елшілік жіберуді сұрады. Осыған сәйкес Ресей Әлім хан атына елшілік
жібереді. Бірақ орыс елшілігі Түркістанға жеткенде Әлімханның өлтірілгенін және таққа Омар ханның
отырғанын естиді. Бірақ Түркістан бегі елшілікті көндіреді. Сонымен 1810 жылы Қоқанға орыс елшілігі
келеді. Омар хан оларды қуана қарсы алып, Санкт – Петербургке өз елшілерін де жібереді. Бірақ
Петропавл қаласында Қоқан елшісі өлтіріледі. Бұл 1812 жылы болған оқиға еді. 1813 жылы орыс
үкіметі Филип Назаровқа бұл инцидентті жөндеуге тапсырма береді. Сол жылы Назаров Қоқанға
барып, 1814 жылы жақсы хабармен Ресейге оралады [1].
Мұхаммед Әли хан (1822 – 1841) билігі кезінде Ресейге бірнеше қоқан елшілері жіберіледі.
Мұрағат құжаттарына сенсек, 1825 жылы Ташкент басшысы «батыс Сібір генерал – губернаторына
императорға хат жолдаған елшілігін өткізбегені» туралы айтады [2]. 1830 жылы Қоқан хандығына
Хорунжий Потанин барады. Ол 1830 жылы Ресей сарайында болған елшілермен бірге сапар шеккен еді
[3].
1831 ж. Ташкент басшысы Мұхаммед Әли ханға Санкт – Петербургке елші жіберуді кеңес етеді
[4] және Ресейден екі кен инженерін «Қытай әскерімен соғысуға» бірнеше артиллерия қаруы мен
тәжірибелі офицерлер сұрайды [5]. Бірақ елшілік қабылданбайды. Себебі Ресей патшалығы Қытай
үкіметімен жан – жалға барғысы келмейді. Осыған байланысты орыс – қоқан қатынастары
шиеленіседі. 1834 ж. көктемде Ташкент Күшбегісі мен Сұлтан Саржан Қасымов Ресейге бағынышты
қазақтарға шабуыл жасайды. Сөйтіп 1834 ж. Сібір корпусының штаб басшысы генерал – майор
Броневский басқарған орыс карательді отряды құрылады. Бұл отряд 1834 ж. 28 маусымда Қоқан
қамалы Ұлытауды қоршап 110 жылқыны және 5 қарулы Ташкенттікті қамауға алады. Бір тұтқынды
қамалға жіберіп, сөзсіз берілуді талап етеді. Бірақ жауап алмаған орыс әскері бір сағаттан соң 6
қарудан тұратын батареядан оқ атады. Атыс екі сағатқа созылады. Қамал міз қақпаған қалпында тұра
береді. Сонда шабуылға екі жаяу ротасы сапқа тұрғызылады. Қорыққан қамал қорғаушылары берілуге
келіседі. Горнизон тұтқындалып қамал орыс әскерінің басшылығына өтеді.
42
Мұхаммед Әли хан мәселенің қиындығын түсініп 1841 ж. Ресей мен достық қатынас орнату
мақсатымен Мұхаммед Халил Сахиб – Задені елші етіп жібереді. Патша үкіметі елшінің барлық
өтінішіне оң жауап қайтарады. Бірақ елшілікте талқыланған мәселелер орындалмайды. Осыған
байланысты Қоқан ханы Мұхаммед Әли хан тақтан бас тартып, орнына інісі Сұлтан Махмудты
отырғызады. 1841 ж. Сұлтан Махмуд өзінің таққа отырғанын хабарлап Ресей императорына хат
жолдайды [6]. 1842 ж. сәуірде Бұхар Әмірі Насрулла Қоқанды жаулап алады да, Сұлтан Махмуд ханды,
Мұхаммед Әли мен басқа да хан тұқымдарын өлтіреді. Қоқан елшісі оқиғадан хабардар болған соң, өз
өміріне қауіп төнгенін біліп Семей қаласында қалады.
Сонымен қатар 1844 ж. Омбыға, 1847 және 1851 жылдары Петропавлға барған Қоқан елшілері
жөнінде мұрағат материалдары сақталған.
1852 ж. Генерал Перовский Қоқан қамалы Ақмешітке шабуылы сәтсіз болады. 1853 ж. Қоқан
елшілігі Ресейге жіберіледі, ол Омбыға 1853 ж. 17 маусымда жетеді. Осы кезде орыс генералдары
Ақмешітке шабуыл шабуыл жасауға дайындалып жатқан болатын. Мұрағат материалдарына сүйенсек,
20 күндік қоршаудан кейін 1853 ж. 28 шілде де Ақмешіт қамалы алынады. Орыс офицерлерін
Қоқандықтар күшті қорғайды. Гарнизондағы 400 адамның 74 – і ғана тұтқынға алынады, оның
жартысы қатты жараланған. Бізде (орыстар - Ө.Қ.) 9 төменгі шен офицері өлді, 46 – обер – офицер
мен солдаттар жараланды [7]. Сонымен қоса Батыришкиннің айтуы бойынша «қоршау кезінде тағы 10
адам өліп, 20 жараланған» деген [8].
Сонда орыс әскерінен 19 адам өліп 20 жараланды. Ақмешіт қамалының есімі Перовский
фортына өзгертілді. Ақмешітті қоршау кезінде орыс әскері Жөлек қамалына да шабуыл
ұйымдастырады. Бірақ алдын ала хабардар болған Қоқан әскері қашып кетеді. Қамал қабырғаларын
орыс әскері қиратып, ішкі құрылысты жағып жібереді. Осы оқиғалардан кейін орыс – қоқан қарым –
қатынастары тынышталады.
Жалпы алғанда Ресей патшалығының саясаты Қоқан хандығының бірнеше қамалын жаулап
алуға бағытталды. Сондықтан достық елшілерін ресми түрде қабылдағысы келмеді.
1859 ж. 19 қаңтардағы Батыс Сібір генерал – губернаторының жазбаларында «Шу өзенінің
жоғарғы ағысын басып алу» айтылды. Бұл мәселе оның алдында да император Николай І кезінде
талқыланған еді. Оны талқылауға бұрынғы әскер министрі князь Долгоруков, граф Перовский мен
генерал Г.Госфорт қатысты. Нәтижесінде Тоқмақ, Пішкек, Әулие ата, Созақ, Шығыс Түркістан
қамалдарын жаулау мақсат етілді. Осылай Оңтүстік Сызық Батыс Сібірді Орынбор сызығымен түйістіру
көзделді. Билікке жаңа Қоқан ханы Мәлі – бектің келуін білген орыс үкіметі мақсатты тез іске асыруды
жоспарлады. Ал орындауды 1861 ж. кейін қалдыруға болмайтынын айтты [9].
«Жазбада» 1859 ж. 24 қаңтар император қатысуымен тағы да талқыланды. Г.Гасфорттың
«жоспары» мақұлданады. Сөйтіп «ерекше оқиға» болмаса, жоспарды 1860 жылдан қалдырмай
орындау керектігі шешілді [10].
Малля – хан шекара мәселесіне көп мән берді. Ол өз әскеріне орыстар мен қақтығысқа
түспеуге бұйрық етті [11].
Қоқан ханы Ресеймен достық қатынас орнатуды жоспарлады. Осы мақсатпен ол 1859 ж.
көктемде елшілік жіберуді жоспарлады. Бірақ орыс генералдары оған мүмкіндік бермеді. Оған дәлел
Орынбор генерал – губернаторы Қоқан елшілігін фортында ұстай тұруға бұйрық берді [12].
Қарулы қақтығыстар басталды. 1860 ж. 8 шілде де Қоқандықтар 3000 адаммымен Қастекке
шабуыл ұйымдастырады. Бірақ орыс әскері алдын ала хабарланып қойылып, Қоқандықтарды күтіп
алады. Нәтижесінде Қоқандықтар көп шығынннан кейін шегінуге мәжбүр болады [13].
1860 ж. 23 тамызда орыс әскері екі колонналық отрядпен Тоқмаққа аттанады. 26 тамызда
колонна қамалға жақындаған кезде, полковник Цимерман Қоқандықтарға қамалды беруді талап етеді.
Бірақ жауап берілмеген соң қорғанға 5 мортирка мен бір қару қойылады. Кешкі сағат алтыда оқ атып,
атыс бір сағатқа созылады. Осы уақытта жарылатын 50 снаряд атылады. Кешке таман Хаккули
комендант бастаған Тоқмақ горнизоны беріледі. Ал 1860ж. 27 тамызда орыс әскері қамалды бұзады
[14].
1860 ж. 23 тамызда орыс әскері полковник Цимерманның басқаруымен Пішпекке шабуылға
дайындалады. Таңертең Қоқандықтар оларды тауып алып қамал қаруларынан оқ жаудыртады.
Сағат 5-те батареядан жауапты оқ атылып, атыс кешке дейін созылады. 2және 3 қыркүйекте
атыс болады. 1860 ж. 4 қыркүйекте Пішкек бекінісінен 627 адам мен 38 жасөспірім шығып беріледі.
Қоқандықтарда 20 адам өліп, 50 адам жараланады. Орыс әскері бұл кезде 954 снаряд пен бірнеше
ракета және 12869 патрон құртып үлгіреді. Ол адам шығынына келетін болсақ, бір адам өледі, бір
төменгі шен офицер есінен айырылады [15]. Кейін Қамал бұзылып күлге айналады. Пшкекті алғанв
үшін полковник Циммерманға генерал-мойор шені беріледі [16].
1861 ж. 21 маусымда Санкт-Петербургте Ресей императорының өзі қатысқан ерекше
комитеттің жабық жиналысы өтеді. Онда орыс әскерінің Орта Азиядағы әрекеті талқыланады. Қоқан
хандығы бойынша Ресей саяси және стратегиялық жағынан бұрынғы шекараны дұрыс емес екені анық
43
болады. Шекараны алға жылжыту анықталады. Бірақ орыс әскерінің Қоқан хандығына одан әрі ене
түсуін комитет қолдамайды. Сондықтан егер Қоқан ханы келіссөз жүргізуге келген жағдайда Сібір
корпусының командирі бейбітшілік келісімін жасауға тиісті болды [17].
Бұған қарамастан 1862 ж. 20 қаңтарда 15 сағаттық блокададан және ұзақ шайқастан кейін
Қоқан қамалы Дін-қорған орыс әскерімен алынып, келесі күні бұзады [18]. 1862 ж. 6 мамырда орыс
әскері еш қарсылықсыз Ақсу, Піштөбе, Шалдабар қамалдарын жаулайды [19].
Қоқан хандығындағы ішкі қайшылықты пайдаланып орыс әскері 1863 ж. 25 мамырда еш
қарсылықсыз Түркістанға еніп, 30 мамырда Созақты алады. 8 шілдеде Шолақ-қорған өз ниетімен орыс
бодандығын мойындайды. Және бестамғалы қазақтарының бір бөлігін Ресей империясы құрамына
кіргенін жариялайды. Осыдан кейін отряд еш қарсылықсыз Жөлекке оралады [20].
1864 ж. шілдеде Орынбор мен Сібір корпустарындағы әскери қимылдарды біріктіру
мақсатымен генерал – майор М.Г.Черняевке Шу өзенімен Жаңақорған бекінісіне дейінгі аймақта
бағындыру тапсырылды. Сол жылы орыс әскері Түркістанды жаулайды.
Исхакхан Тура Ибраттың «Тарих – и Фаргана» атты тарихи жазбаларында бұдан сегіз ғасыр
бұрын Қожа Ахмет Яссауи Түркістан орыс әскерімен 1281 (1864) Хижра жылында алынатынын айтқан
болатын. Осы көріпкелділікке байланысты Түркістан мен Әулиеата орыс әскерімен жауланып, Ресей
иелігіне көшеді [21].
Жазбада айтылғандай, Қоқандықтар Түркістанды азат етуге тырысқанымен ол сәтсіз
аяқталады. Осы 1864 ж. орыс әскері Шымкентті жаулап Ташкентке таяп қалады.
1864 ж. 28 желтоқсандағы генерал Черняев хабарламасына сенсек Шымкент қаласына
Ташкент билеушілерінің Әбдірахмен -бек келеді. Ол Қоқан мыңбасшысы Али -Кулиға наразылық
білдіреді. Ташкентте наразылар саны көбейе түседі. Ташкент қазақтары орыс иелігіндегі қалаларға
көше бастайды. Осыған байланысты генерал Черняев қалада төңкеріс болған жағдайда не істеу керек
екендігі жайында сұрап, әскер министіріне хат жолдайды [22].
1865 ж. 3 ақпандағы жауапта былай делінеді: «Жоғарғы мәртебелі император көмек
жібермейінше еш қадамға бармауда және Ташкент тұрғындарымен байланысқа түспеуді бұйырады.
Бірақ, ыңғайы келгенде көмек берілетіні туралы сендіруді өтінеді» [23].
Бірақ оқиғалар басқа сипатта өрбиді. М.Г.Черняевтің сөзіне қарағанда : Ниязбек
тұтқындалғаннан кейін Ташкенте шабуыл жасалатыны анықталып қалған болатын. Сондықтан
Ташкент горнизонының тіеклей ықпалымен Ташкентті кейін ығыстырып бізге тәуелді етуге тырыстым»
дейді [24].
Осы мақсатпен генерал Черняев Ниязбекті тұтқындағаннан кейін Ташкентті сумен қамтамасыз
етіп тұрған Шыршық өзенінің екі саласын қаладан тыс жерге бұрып жібереді. Ташкент тұрғындары
Ресейге бағынуға келісетіні жөнінде ресми емес болса да айтады. Сөйтіп, 1865 ж. 7 мамырда
Ниязбекте горнизон қалдырып калған әскерімен Ташкенттен 8 шақырым жерге бекінеді.
1865 ж. 8 мамырда қаланың солтүстік –шығыс жағында рекогносцировка жасалынады. Генерал
Черняев пен Ташкент тұрғындары арасындағы келісімге сәйкес, Черняев жағындағы Ташкенттіктер
Қоқан горнизондарын қарусыздандырып, қала қақпасын ашып беруге тиісті болды. Бірақ сол күні
Қоқаннан Ташкентке 6 мың әскерімен, 40 қару- орудиясымен Аликул келеді. Сөйтіп сатқындықтың
алдын алады. 3 мамырда басталған орыс әскерімен Ташкент қорғаушылары арасында шайқас
басталады. Қоқандықтар жағында 300 адам өледі, патша әскер жағынан 135 төменгі шен офицер және
25 адам өледі, ал 7 обер офицер жараланады [25].
Сөйтіп 15 маусым күні Ташкент, оның айналасы алынады. 17 маусым 1865 ж. қала
ақсақалдары мен құрметті тұрғындары Черняев алдында басын иіп, тәуелділігін мойындайды.
Достарыңызбен бөлісу: |