2.4.Бастауыш мектепте білім берудегі педагогикалық инновация Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңында «Білім беру жүйесінің басты міндеті- ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау; оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» - деп білім беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттері көзделген. Бұл міндеттерді шешуде, әрбір орта мектептің бастауыш сатысында білім беруде оқу-тәрбие үрдісін жаңа технологияларға сай ұйымдастыру әрбір мұғалімнің күнделікті ізденісі арқылы, барлық жаңалықтар мен қайта құру өзгерістерге батыл жол ашарлық жаңа практикаға, жаңа қарым-қатынасқа өту қажеттігі туындайды.
Жеке тұлғаны жан-жақты дамыту шеңберінде білім берудің мақсаты мен мәнінің өзгеруі «білім беру технологиясы» деп аталатын жаңа ұғымның пайда болуына ықпал етті. Бұл ұғымның мәнін білім беру үдерісін өзгеше дамытатын жүйе деп түсінуге болады, онда білім алушылардың іс-әрекеті жетекші фактор болып табылып, оқыту мұғалім мен білім алушының субьектаралық өзара әрекетін қарастыратын және олардың мүмкіндіктерін қамтамасыз ететін рефлексиялық басқару ретінде көрінеді.
Бастауыш мектепте қазіргі педагогикалық технологияларды пайдаланудың тиімділігі оқушылардың білімін арттыруда, іс-әрекетін дұрыс ұйымдастыра алуымен байланысты. Педагогикалық іс-әрекеттің қыр-сырын әртүрлі салада қарастырған ауқымды зерттеу еңбектері баршылық. Мәселен, қазіргі педагогикалық технологияларды пайдалануда оқушы білімін арттыру, қызығушылығын қалыптастыру, бастауыш мектеп оқу үдерісінің тиімділігін арттыру мәселелері қазақстандық ғалымдар - Н. Д. Хмель, С. А. Ұзақбаева, Л. К. Керімов, Б. Әбдікәрімұлы, М. А. Құдайқұлов, А. Е. Әбілқасымова, М. Ж. Жадрина, Г. Ж. Меңлібекова, Б. С. Имандосова және т.б. еңбектерінде қарастырған.
Оқу-тәрбие үдерісін жетілдіру мақсатында педагогикалық технологияларды ұсынған Н.П.Гузиктің, В.М. Монаховтың, Ф. Шаталовтың, Т.Галиевтың, Л.Бектұрғановалардың еңбектері және т.б. ғылыми тұрғыдан практикалық мәні зор еңбектері біздің зерттеу жұмысымызда басшылыққа алынды. Қазіргі кезде білім беру саласында болып жатқан ауқымды өзгерістер түрлі ынталы бастамалар мен түрлендірулерге кеңінен жол ашуда. Осы тұрғыдан алғанда, ұрпақ тәрбиесімен айналысатын әлеуметтік- педагогикалық қызметтің тиімділігін арттыру, оны жаңа сапада ұйымдастыру қызметтігі туындайды. Бұл үшін мұғалімдердің инновациялық іс- әрекеттің ғылыми – педагогикалық негіздерін меңгеруі мақсат етіледі. Ал жаңа технология пайдалану міндетті деңгейдегі білімді қалыптастыра отыра мүмкіндік деңгейіне жеткізеді. Сондықтан мұғалімнің біліктілігін көтеру мен шығармашылық педагогикалық әрекетін ұйымдастыруда қазіргі педагогикалық технологияларды меңгерудің маңызы зор.
«Инновация» ұғымын қарастырсақ, ғалымдардың көбі оған әр түрлі анықтамалар берген. Мысалы,Э. Роджерс инновацияны былайша түсіндіреді: « Инновация- нақтылы бір адамға жаңа болып табылатын идея». Майлс « Инновация- арнайы жаңа өзгеріс. Біз одан жүйелі міндеттеріміздің жүзеге асуын, шешімдерін күтеміз» дейді. Ендеше «инновация» ұғымы – педагогикалық сөздік қорына ежелден енген термин . Ол кейбір ғалымдардың еңбектерінде «жаңа», «жаңалық енгізу» деп көрсетілсе, кейбіреулер оны «өзгеріс» деген терминмен анықтайды.
Инновация термині қазірде білім берудің теориясы мен тәжірибесінде кеңінен қолданылып жүр. Бірақ, ғалымдарбұл терминніңнақтылы анықтамасы белгілі бір категория ретінде берілмеген. Берілетін анықтамалардың көпшілігі бұл ұғымды кеңінен таныта алмайды. Инновацияны «білім беру жүйесіндегі жаңалық енгізу» деп айтсақ, оның мағынасын тарылтқан болар едік.
«Инновация» ұғымы ең бірінші XIX ғасырда мәданиеттанушылардың зерттеуінен пайда болды, яғни, бір мәдениет түрлерін екінші ел мәдениетіне енгізу дегенді білдіреді және бұл ұғым этнографияда әлі сақталған.
Инновация латыншадан аударғанда жаңа, жаңалық, жаңарту дегенді білдіреді екен . Яғни, С.Ожегов сөздігіне сүйенсек, инновация бірінші рет шыққан, жасалған жуық арада пайда болған, бұрынғының орнын басатын, алғаш ашылған, бұрыннан таныс емес енгізілген жаңалық болып шығады.
«Инновация» ұғымын әр елде әр түрлі түсінген, кейбір мемлекеттерде (АҚШ, Индерланды) бұл термин кең тараған, ал Арабия, Жапония тәріздес мемлекеттерде кезіктіру мүмкін емес. Сондықтан әр елде бұл құбылыс-қа қандай көз қарас қалыптасқанын анықтау мақсатымен ғылымы- педагогикалық, техникалық, саяси әдебиеттер мен баспа беттерін зерттей келе, Ресейде, шетелдерде, ТМД елдерінде, Қазақстанда «инновация» ұғымына көптеген анықтамалар берілгенін көреміз.
Ресейде «инновация» ұғымына өте күдікпен қарағаны мәлім. Мәселен, XIX-XX ғасыр басындағы бірде – бір білім реформаларында бұл термин кездеспейді. Негізінде реформа жүзеге асқан , яғни, инновациялық үрдіс өткен , бірақ «инновация» термині еш жерде аталмайды.
Ал Америка ғалымдары Биль және Болен педагогикалық инновацияны «құрамына материалдық өзгеруіне ғана емес, сол материалды қолданудағы көзқарастардың кешенді өзгеруін білдіретін үлкен өзгеріс» деп түсінеді.
Қазақстан мемлекетінде «инновация» ұғымын пайдалану соңғы жеті жылдың енші-сінде. Ең алғаш «инновация» ұғымына қазақ тілінде анықтама берген ғалым Н.Нұрахметов. Ол «Инновация, инновациялық үрдіс деп отырғанымыз- білім беру мекемелерінің жаңалықтарды жасау, меңгеру, қолдану және таратуға байланысты бір бөлек қызметі» деп жазады. Ал инновация негізінен құраушы ұғымдардың: «инновация», «нововедение», «новшество», «новое» т.б. қазақша аудармаларын жасаған Ы.Алтынсарин атындағы білім мәселелерін ғылыми зерттеу институтының әдіскері Қ.Құдайбергенова болып табылады. Ол өз еңбектерінде инновацияны» нақты қойылған мақсатқа сай салынған жаңа нәтиже деп есептеп, төмендегідей аудармалар жасаған: «инновация» - жаңарту, «нововедение» - енген жаңалық, «новое» - жаңа, « новшество» - жаңалық, «инновациялық процесс» - жаңарту үрдісі.
«Инновация» сөзі - қазіргі уақытта барлық өндіріс, медицина, техника салаларында өте жиі қолданылып жүрген термин. Қазір «жаңа, өзгеру, жаңаша» деген мағынаны білдіреді және дәл қазіргі жаңа заманға да « жаңа, жаңаша өзгерудің» мазмұны терең және анық екендігі белгілі.Бұл әдістеменің негізінде үйренушінің дербес қабілеті, белсенділігін қалыптастыру, оқыту материалдарын өзінше пайдалану ар-қылы танымдық белсенділігін арттыру алға шығады. Мұның ерекшеліктері негізінен мыналар:
-үйренушінің белсенділік іс- әрекетін дамыту;
-оқыту мен үйретудің өзара үйлесімдігін қалыптастыру;
-мұнда үйренушінің дербес қабілетін дамытуға көмек беру;
-үйренушінің танымдық үрдіске белсенді қатысуын анықтау мүмкіндігі;
-көрнекілік құралдарын көбірек пайдалану арқылы сезімін жоғарлату.
Жаңа педагогикалық технологияның негізгі үлгілерін ғалымдардың еңбектеріне талдау жасай отырып, мұғалімнің оқушымен жекелей қарым-қатынасына негізделген оқытудың жаңа технологияларын бағыттарына қарай жіктеп төмендегідей топтастыруға болады. «Педагогикалық технология оқушының өз бетімен жасайтын оқу –танымдық қызыметінің құрылымы мен мазмұнын анықтайтын оқу- тәрбие процесінің жобасына негізделуі қажет» делінген шарт мазмұнын (оқу материалын) тек орта қабілеті бар оқушыға арналған ақпарат көзі болудан оқушының өз бетімен белсенді жұмыс жасап, дамуына жол ашатын оқу құралына айналуын қажет етеді.
Бастауыш сынып мұғалімінің инновациялық іс-әрекеті құрылымын қарас-тырған кезде, "инновация" және "педагогикалық іс-әрекет" деген негізгі түсініктердің мәнінің мағынасын талдауды қолдану керек деген ғалымдардың (В.А.Сластенин, Л.С.Подымова) ой-пікіріне қосыламыз. Белгілі зерттеушілердің (А.А.Бодалев, Ф.Н.Гоноболин, В.А.Кан-Калик, С.В.Кондратьева, Н.В.Кузин және т.б.) еңбектерінде педагогикалық іс-әрекеттің құрылымы туралы түсінік жан-жақты қарастырылған. Олар мұндай қасиеттерге жатқызатындары: жалпы және кәсіби мәдениет, педагогикалық бағдарлылық, моральдық қасиеттер, ди-дактикалық қасиеттер, ерік қасиеттсрі. Сөйлеу қабілеттері, ұйымдастырушы-лық, коммуникативтік, педагогикалық елестету.
Бұл ғалымдардың еңбектерінде іскерліктің екі үлкен тобы жіктелгені көрсетілген: операциялық және жеке бас. Бірінші топ білім беру үрдісіне жататын болса, екінші балалармен, ата-аналармен, мектеп оқушысымен нәтижелі қарым-қатынас құруға қажетті әлеуметтің және жеке бас іскерліктері жатады.
И.Ф.Исаева, И.М.Шиянова, А.И.Мищенконың зерттеулерінде инновация-лық іс-әрекеттің құрылымында іс-әрекеттің жеке бас және операциялық аспектілердің өзара байланысы қарастырылады.
Инновациялық іс-әрекет сонымен қатар, жаңашылдықты іздеп шешугедайын болу қасиетімен де тығыз байланысты.
Ал іс-әрекеттің "негізгі құрастырушысы" ретіндс Б.Ф.Ломов мыналарды бөліп көрсетеді: мотивті, мақсатты, жоспарлауды, күнделікті мағлұматтарды өңдеуді, оперативті бейнелеуді, шешім қабылдауды, іс-әрекеттерді, қорытын-дыны тексеру және әрекеттерді түзету.
Біздің ойымызша, жалпы іс-әрекеттің осы құралы бастауыш сынып мұғалімдерінің инновациялық іс-әрекетіне тән. Автордың айтуы бойынша, мұғалімнің инновациялық іс-әрекетінің диагностикасында ескерілетін бірнеше ережелер қатары бар:
1. Өз қызметін және әріптестерінің қызметін оның жоғарыда сөз болғандай тиімділігін бірізді талаптар бойынша жан-жақты бағалауға үйрету.
2. Ұжымдық істі ұжымдық талдау жасауға, өз жұмысының өзіндік талдауына үйрету маңызды.
3. Өзінің кәсіби қасиеттерін өзіндік бағалау мен өзіндік тануға көшу, өзіне және басқаға талап қоя білуге үйрету.
4. Мұғалімдердің инновациялық қызметін бағалау белгілеріне сүйеніп, педагогикалық кызметті сараптау бағалауға тарту.
Осы жұмыстардың барлығында диагностика өзіндік мақсат емес, педагогикалық қалыптасудың алғы шарттары мен шығармашылықпен еңбек ететін мұғалімдерді тәрбиелеу тәсілдері. Инновациялық іс-әрекет — педагогикалық еңбектің өнімділігін сапалы өзгертетін оқыту мен тәрбиелеудің жаңа үлгілері мен әдістерін құру үрдісі. Педагогтың инновациялық іс-әрекеті келесі белгілермен сипатталады:
♦ өзінің жеке касиеттерін есепке ала отырып, басқалардың инновациялық тәжірибесін өзгерту, жетілдіру, қабылдау қабілеті;
♦ жаңа ғылыми идеялар мен басқалардың тәжірибесінен хабардар бола отырып, өз жұмысының нәтижесін ұғыну қажеттілігінен;
♦ жаңа ғылыми зерттеулер, олардың әдістемелік жүзегс асуын үздіксіз тәжірибеге енгізумен;
♦ педагогикалық инновацияның жаңа әдістері мен тәсілдерін өз бетінше жасаумен;
♦ педагогикалық кертартпалықпен, догмамен, артта қалушылықпен белсенді күрес жүргізумен.
Айтылғандарды есепке алғанда, педагогтың өнімді инновациялық іс-әрекетінің көрсеткіштері мыналар:
♦ педагогикалық еңбектің тиімділігі;
♦ оқу-тәрбие үрдісіне қатысушылардың педагогикалық талаптары мен бағыттарының бірлігі;
♦ жеке тұлғаның шығармашылық тұлғасының қалыптасуы;
♦ мұғалім беделінің өсуі;
♦ оқушылардың істі талдау әдіс-тәсіліне, диалектикалық ойларға үйренуі;
♦ оқу және тәрбие үрдісінде зерттеу тәсілінің педагогикалық қызмет үлгісіндегі ашылулары.
Педагогтың инновациялық іс-әрекетін сараптау бағасы В.К.Криллов, М.Р.Львов, Н.В.Путилин, А.А.Талмачев және т.б. көрсеткен белгілері негізінде жүзеге асады. Мұнда методологиялық мәдениет кіреді, оның құрамында мы-налар кездеседі, дейді зерттеушілер: қазіргі білім берудегі философиялық білім; негізгі ұғым жайлы педагогика ғылымы мен осы түсініктердің озара қатынасы
жайлы педагогикалық терминология; педагогикалық ақпаратты қолдану, өңдеу, алу әдістерін меңгеру; педагогикалық құбылыстың диагностикалық тәсілі (ди-алектикалық ойлау); педагогикалық үрдіс пен құбылыстарға, өзінің педагоги-калық тәжірибесін баяндауға жүйелі амал жасау; педагогикалық қызмет жайлы, тұлға мен ұжым құрылымы жайлы білімі; оқу-тәрбис құбылысындағы, үрдісіндегі факторлар мен шарттарды, қозғаушы күштерді, қарама-қайшылықтарды табу, талдау, баяндау қабілеттілігі; педагогикалық жаңашылық салдары: баланың жеке тұлғасын, оның өзіндік көңіл-күйін, денсаулығын, белсенділігін дамыту, мұғаліммен ынтымақтастығын нығайтатын жаңа педагогикалық бағыттар.
Қазіргі кезде әрбір қоғам мамандарының алдына қойған талаптарына сәйкес "маман моделін" маман профессиограммасын жасау міндеті — жұртшы-лықтың назарын өзіне аударуда.
Бұл міндетті шешуге байланысты ғылыми зерттеулер жүргізіп жүрген ғалымдар, педагогтар, психологтар бар (Н.В.Кузьмина, Ф.Н.Гоноболин, В.А.Сластснин, А.И.Щербаков, Н.А.Сорокин). В.А.Сластениннің пікірі бойынша, мұғалім профессиограммасы мыналарды қамтиды:
1) қоғамның саяси сапалары;
2) әлеуметтік-психологиялық, этикалық-педагогикалық және ұстаздың жеке басының сапалары;
психологиялық және педагогикалық даярлық
мамандық бойынша даярлық;
5) пән бойынша даярлық.
Бұл сапалар мұғалімдік қызметке қойылатын жалпы талаптардан туады.
Инновациялық іс-әрекет моделін қалыптастыруда Л.Н.Подымова өзінің ғылыми-зерттеу жұмысында отандық және шетел педагогикалық, исихологиялық, әдістемелік негіздерін оқып үйренудегі мынадай көзқарастарды ұсынады: аксиологиялық, рефлексті-қызметтік, жүйелі-қызметтік, әлеуметтік-психологиялық, жеке-шығармашылық. Антор мұғалім моделін жасауда жалпы инноватика жайлы (Б.Мор, Э.Роджерс, И.Шумпетер) білімге сүйену, моделдің технологиялық блогын құрауда жаңалықтың өмір сүру циклін, оның сатыларын (талдау, жоспарлау, даярлау, қолдану) жаңалық енгізудің пайда болуы, меңгерілуі (диффузия мен рутинизация) сияқты құбылыстарды басшылыққа алыну керек деп көрсетеді.
А.Николс ұсынған жаңалық енгізудің модел инновацияның үш турлі кезеңін даярлық, жоспарлау, жаңалықты енгізуді қамтиды.
Инновацияның мазмұндық құрылымына кіретіндер — білім беру-тәрбие-леу үрдісінде, оқу-тәрбие жұмысын және оларды меңгеріп алу, зерттеу, мектептегі оқу-тәрбие үрдісіне енгізу.
Болашақ ұстаздың инновациялық іс-әрекеті төрт түрлі өлшеммен сипапалады:
♦ инновациялық іс-әрекеттің қажеттілігін сезінуі;
♦ оқу үрдісіне жаңалық енгізуде шығармашалықпен қызмет етуге даярлы-ғының болуы;
♦ енгізілетін жаңалықтардың бағытының дұрыстығына тиімді нәтиже әкелетініне сенімді болуы;
♦ белгілі проблеманы шешудегі қолданылатын инновациялық іс-әрекетті толық өзіне қабылдап, оны енгізе білуі.
Бастауыш сынып мұғалімінің инновациялық іс-әрекетін ғалымдар былай сипаттайды:
1. Инновациялық іс-әрекеттің негізгі міндеттері:
♦ жаңалықты тұтастай және жекелеген кезеңдерінің нәтижелерін болжау;
♦ жаңалықтың жетімсіз жақтарын анықтап, оны енгізуді ұйымдастыру кезінде толықтыру мақсатын көздеу;
♦ жаңалықтарды басқа жаңалыктармен салыстырып, олардың тиімдісін тандап алу, мәні мен зерттелуін анықтау;
♦ жаңалық енгізілетін ұйымның инновациялық қабілетін бағалау.
Бүл міндетті шешу үшін (зерттеу проблемасы бойынша) мынадай косымша міндеттер шешілуі қажет:
♦ арнайы әдістемелік әдебиеттерді, қосымша газет-журнал материалдары-нан, жекелеген әдіскерлер еңбектерінен инновациялық іс-әрекет түрлерімен танысып, оларға талдау жасау, қолданылу мүмкіндіктерін айқындау;
♦ өз іс-әрекетіне үнемі әдістемелік талдау жасап отыру.
1.Болашақ маманның косіби педагогикалық функциялары: конструктивтік, ұйымдастырушылық, қарым-катынастық, дамытушылық, ақпараттық, зерттеушілік.
Бүл функцияларды іске асыруда мұғалім іс-әрекетінің түрлері бөлініп корсетілген:
♦ өзінің және оқушының іс-әрекеті жоспарлауда оны дамыту мен қалып-тастыру үрдісінде құрылымдық тұрғыда іске асыру іс-әрекетінің міндеттерін шешу үшін, мұғалім оқу-тәрбие жұмысының бастауыш білім берудегі білім мазмұны мен кезеңдерінің әдістемесінің бірлігін сақтау;
♦ оқушы іс-әрекетінің құрылысын жоспарлау және оған педагогикалық жетекшілік жасау;
♦ негізделген инновациялық іс-әрекеттерді тандау, анықтау;
♦ ұжымдағы оқушылардың жеке бас ерекшеліктеріне сәйкес тапсырма-ларды ұйымдастыруы қажет.
Бұл құрылымдық тұрғыны іске асыруда мұғалім ғылымның, әдістеменің соңғы жаңалыктарын, инноваииялық іс-әрекетті пайдаланып құрылған сабақтар жүйесін жасайды. Сабақтың әр кезеңін шығармашылықпен өткізіп, оқушы іс-әрекетін ұйымдастыруда инновациялық іс-әрекетті тиімді қолдану жоспарын жасайды.
Ұйымдастырушылық іс-әрекет міндеттерін шешу үшін:
♦ оқушы мен мұғалім арасындағы қарым-қатынасты ұйымдастыру;
♦ оқушының оқудағы психологиялық және практикалық даярлығын ұйымдастыруға жағдай жасау;
♦ оқушыларды әртүрлі оқу-тәрбие жұмыстарына баулу;
♦ шығармашылықтарын дамытуға бағытталған жұмыстарды ұйымдастыру;
♦ сабақты тыңдауға, білімді қабылдауға оқушыларды дайындай білуі. Қарым-қатынас тұрғысындағы әрекетті іске асыру:
♦ оқушы мен мұғалім арасында іскер қарым-қатынас орнықтыру;
♦ оқу үрдісіндегі ұжымдағы оқушылар қарым-қатынасын жақсарту. Дамытушы тұрғыдағы іске асыру қызметі:
♦ инновациялық іс-әрекетті оқушының жас өспірім физиологиясына, педагогикалық-психологиялық ерекшелігіне сәйкес қолдану;
♦ оқу үрдісіне оқушының ақыл-ой еңбегін ұйымдастыру;
♦ оқу үрдісінде педагогикалық жағдаят тудыру арқылы, оқушының өздігінен ойлауымен оқылатын шындық болмыс арасындағы байланысты білу;
♦ оқушының білімге қызығушылығын арттыру;
♦ алдыңғы қатарлы озық тәжірибелердің оқушы білімін дамытушы әдіс-тәсілдерін қолдану.
Акпараттық функцияны іске асыру қызметі:
♦ оқу материалдарын еркін меңгеріп, оны жеткізе білу әдістемесі мен тәсілдерін қолдана білу;
♦ пән мазмұнына ғылыми-дидактикалық талдау енгізу;
♦ оқытуда жаңа технологиялар элементтерін қолдану. Зерттеу функциясы қызметін іске асыруда:
♦ проблема бойынша зерттеу жұмысын жүргізу;
♦ педагогикалық қызмет түрлерін қайта күру мен бағалау;
♦ инновациялық іс-әрекетті тиімді пайдалану мақсатында оқып үйрену. Біз ғалымдардың мұғалімнің инновациялық іс-әрекетін нәтижелі атқаруға
Мұғалімнің жеке бас қасиеттері ерекше орын алады деген пікірлсріне қосыламыз. Мұндай жеке бас қасиеттеріне авторлардың көбі білімді, дағды мен іскерлікті және жеке бас сапаларды жатқызады. Жұмысымызда жеке бас қасиеттерінің әр көрсеткіштеріне жете тоқтап, талқылауды жөн көрдік.
Білім сферасына біз идеологиялық әдістемелік, психология-педагогикалық және ақпараттық мағлұматтарды жатқыздық.
Идеологиялық мағлұматтарга: қоғам дамуының тенденцияларын айқындау, бастауыш білім беруді жетілдіру, философиялық, педагогикалық-психологиялық көзқарастарының болуын жатқыздық.
Психология-педагогикалық көрсеткішке: педагогикалық этика, инновациялық іс-әрекетті меңгеруге мұғалімнің психологиялық даярлығын, жаңалыққа сенімінің болуы, қолданылған талпынысының болуы, педагогикадан, психологиядан, әдістсмелік пәндерден білімінің болуы, инновациялық іс-әрекет өлшемдерін, алдыңгы қатарлы озық тәжірибе туралы білімінің болуын жатқыздық.
Ақпараттық білімге: инновациялық іс-әрекет туралы ақпарат материалдарын жинақтауды, мұғалімнің монографиялық, периодикалық, анықтамалық әдебиеттермен жұмыс жүргізе білуін жатқыздық.
Өз зерттеуімізде мұғалімнің жеке бас қасиетінің негізгі мамандыққа тон мынадай іскерлік түрлері қалыптасуы қажет деген ойға келіп отырмыз:
♦ бастауыш сыныптарда қолданылатын жаңашыл әдістемелерді анықтау іскерлігі;
♦ әр оқушының жеке басының қабілетін есепке алу іскерлігі;
♦ оқушылардың таным қабілетін, өздігінен білімін, іскерлігі мен дағдысын жстілдіру іскерлігі;
♦ жаңашыл одістемелердің мүмкіндігін мақсатксрлікпен пайдалана білу ісксрлігі.
Мүгалім қызметіндс осындай білім іскерлік пен дагдыны қалыптастыру жүйесін қолдану, оның косіби шебсрлігін қамтамасыз стсді.
Сонымсн инновациялық іс-орекстті зерттеген ғалымдардың пікірлсрін бір жүйегс кслтірс отырып, біз мынадай қорытындыға кслдік: инновациялық іс-орскст дсгеніміз, мүғалімнің жаңашыл идеяларды, жацашыл одіс-тосілдерді оқу-торбис үрдісіндс оз косіби тожірибссіне, мектеп жагдайына, балалардың білім дорсжесіндс байланысты снгізуіп айтамыз.
Инновациялық іс-әрекетті жүзеге асыру әрекетінің реті — жаңа білім беру бағдарламаларынан, әдіс-тәсілдсрімен танысып, талдау; оларды өз жүмысында қолдану туралы шешім қабылдау; жаңашыл әдіс-тәсілдерді оз еңбегіндс қолдану мақсаттарын белгілеу; эксперименталды жұмыстың кезсндсрін жоспарлау; болашак, қиыншылықтарды болжау; жаңашыл әдіс-тәсілдерді, идсяларды псдагогикалық үрдіске енгізу; инновациялық іс-әрекеттің нәтижесін қорытындылап, бағалау,талдау.