Педагогтың зерттеушілік іскерлігі. Педогогқа зерттеушілік іскерлік педогогқа ғылыми жұмыстармен айналысып, зерттеулер жүргізіп, ғылыми-теориялық,практикалық материалдарды мектеп бағдарламасына енгізе алуы үшін қажет. Ол үшін педогог өз ісіне белсене, шын ынтасымен кірісіп, өз пәні бойынша көптеген ғылыми материалдармен танысып, өзіде эксперименттер жасау керек.
Педагогтың жобалау (проективтік) іскерлігі.Педогогтың жобалау іскерлігін меңгеруі оқу-тәрбие жұмыстарын жаңа түрде жобалау, оларды іске асыратын тәсілдерді анықтап, оған оқушының, ата-ананың белсене қатысуын бақылауы үшін маңызды.
Педагогтың рефлексивтік іскерлігі.Бұл іскерлікті меңгерген педогог өз іс-әрекеттерін бақылап, бағалап,талдап, басқалармен салыстыру арқылы ненің дұрыс, ненің бұрыс екенін анықтап, ой елегінен өткізе алады.
Орындаған:Байсан Әсел 2\2 Орындаған:Байсан Әсел 2\2 4-тапсырма Рефлексия(лат. сөзінен аударғанда reflexio – өткенге сүйену, артқа көз жүгірту) – толғану, өзін-өзі байқау, өзінөзі тану, өзін-өзі бағалау. Сондықтан адамның өзін-өзі түсінуі, өзін басқалардың қалай қабылдайтыны жай-лы өзін талдап бағалауы рефлексия деп аталады. Рефлексияның атқаратын қызметтері төмендегідей жіктеледі:
тұлғаның эмоциялық көңіл-күй жағдайын рефлексиялауы;
тұлғаның оқу материалы мазмұнын рефлексиялауы;
тұлғаның коммуникативтік байланыстардың себеп-салдарын рефлексиялауы;
тұлғаның ұйымдастырушылық, басқарушылық қабілеттерін рефлексиялауы.
Педагогикалық рефлексия – мұғалімнің өз іс-әрекет мазмұны мен құрылымын жетілдіру үшін өз тәжірибесін тереңдете зерттеп талдауы. Педагогикалық рефлексияның психологиялық ерекшеліктерін А.А.Бизяева жан-жақты зерделей келе оны мұғалімнің өз іс-әрекетін жетілдіру үдерісін зерттей алу қабілеті деп анықтап, рефлексияны дамыту тәсілдерін, рефлексиялық практикумдарын ұсынады. Мұғалімнің педагогикалық рефлексия негіздерін меңгеруі оның кәсіби іс-әрекеттерінің мақсат және міндеттерімен байланысты өзін-өзі дамытуға, өзін-өзі тәрбиелеуге негізделеді. Сонымен, рефлексиялық үдерісте сыртқы талаптардың адамның өзіне қоятын ішкі талаптарға айналуы қажет екен, себебі өзін-өзі ба-ғалау адам дамуының ішкі факторына жатады. Өзін-өзі бағалау қажет-тілігі – жеке тұлға дамуының негізгі формасы болып табылады.