№1 (37) 017 бас редактор



Pdf көрінісі
бет22/104
Дата28.10.2022
өлшемі4,34 Mb.
#46041
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   104
Байланысты:
ұлттық материал

ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ
жыраулар мен жыршылар, әншілер мен 
күйшілер театрларды алмастырғандықтан, 
ондай өнерпаздардың үнемі елдің назарында 
болуы өз-өзінен түсінікті. Міне, осындай ел-
жұртқа қадірлі адамдардың «сегіз қырлы, 
бір сырлы» болуы, өнерпаздықтарымен қоса 
мерген, қамшыгер, қылышкер, балуан, шабан-
доз, және ең маңыздысы отаншыл, адал, 
әділ болуы жас ұрпаққа, ел шетіне жау тисе 
шеттерінен сарбаздарға айналып шыға келетін 
ер-азаматтарға таптырмас үлгі, тәрбие көзі 
болды. Соның нәтижесі ретінде, сол кезеңдегі 
қоғамда елін-жерін қорғау, өзінің ар-намысына 
дақ түсірмеу, екі сөйлемеу – ұлы рухани-
адамгершілік құндылықтарға айналған.
Шалкиіз Тіленшіұлының, Асан Бармақ ұлы-
ның, Қазтуған Сүйінішұлының (XV ғасыр), 
Доспанбет жыраудың (XVI ғасыр), Марғасқа 
жыраудың, Жиембет Бортоғашұлының (XVII 
ғасыр), Бұқар жырау Қалқаманұлының 
(1668-1781), 
Ақтамберді 
Сарыұлының 
(1675-1763), Үмбетей жыраудың (1706-
1775), Махамбет Өтемісұлының (1802-1846) 
ұлттық-тәуелсіздік-отаншылдық күрес мұ-
рат тарын тұтастандырған жауынгерлік қа-
һар мандық 
жырларындағы 
атақонысқа 
арнал ған бейнелі өрнектері, адамгершілік-
имандылық тәлім-тәрбие, азаматтық ұстаным 
заңдылықтары туралы ойлары – болашақ 
отан қорғаушылардың ұлттық-отаншылдық, 
рухани-адамгершілік тәрбиесінің таптырмас 
құралы болып табылады.
Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев: «Мәндік 
және көркем екі әлемнің шығармашылық 
тұлғалары ретінде олар біздің жаңа қазақ 
тарихына терең мазмұн әкелді. Олар тарихтың, 
уақыт ағынындағы біздің мәдениетіміздің 
ерекше тұлғалары» [7, 177] деп баға берген 
ұлтымыздың ұлы ойшыл-ағартушылары 
Ш.Уәлиханов, А.Құнанбаев, Ш.Құдайбердиев, 
Ы.Алтынсарин, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов, 
А.Байтұрсыновтардың рухани-адамгершілік 
құн дылықтар туралы көзқарастарында адам-
ға деген қайырымдылық, мейрімділік, ар, 
ұят, абырой, парыз т.б. асыл қасиеттер үнемі 
дәріптелініп келген. Олардың қалдырып 
кеткен құнды ой пікірлері болашақ офицер-
лерді тәрбиелеудің теориялық негіздері, 
теоретикалық-әдістемелік бастауы бола алады.
Қазақ халқының ұлттық сана-сезімінің ояну 
дәуірінің жаршысы, өзінің бүкіл қоғамдық-
саяси, ағартушылық қызметін қазақ даласын 
жайлаған қараңғылық пен надандыққа, 
діни фанатизмге қарсы күреске арнаған 
Ш.Уәлиханов туған халқының санасындағы 
«намыс», «әділдік», «парыз», «білімге ұмтылу-
шылық» сияқты басты жалпыадами рухани-
адамгершілік құндылықтарды жаңғыртып, 
патшалық Ресейдің басқыншылық саясаты 
мен ішкі алауыздыққа қарсы тұрғызуға күш 
салды [8, 313-316].
«Бір Аллаға сыйынып, кел балалар оқылық...» 
деп үндеу тастаған Ы.Алтынсарин (1841-
1889) қазақ мектептерін қалыптастырудың 
қордалы мәселелерімен қатар халық ағарту 
ісінің рухани-имандылық негіздерін қалап, 
өз еңбектерінде Қазаққа тән бауырмалдылық, 
әдептілік, әділдік, қанағатшылдық, жомарт-
тық, сақилық, тазалық, сабырлылық, зейінді-
лік, білімге құштарлық сияқты рухани-
адамгершіліктің негізгі қағидаларына зор 
маңыз бере отырып, адамгершілік тәрбиесінің 
моральдік бастауларын көрсетіп берді [9].
Абай Құнанбаевтың (1845-1904) мұра-
ла ры мәңгілік адами проблемаларды, 
гуманизм идеяларын өзгеше пайымдауымен 
ерекшеленді. Абай философиясында руха-
ни лық категориясы адам болудың әмбебап 
өлшемі және жеке адам мәдениеті ретінде 
негізделеді. Ұлтымыздың ұлы ойшылы 
руханилық адамның өзіне деген сенімін 
нығайта, әлеуметтік енжарлық пен қауымның 
тығырыққа тірелуін жоя, рухани күштер 
жеке және қоғамдық сананы адамгершіліктік 
құндылықтарға, ал жеке адамды жасампаз 
әрекет пен қоғамдық игілікке қызмет етуге 
бұра алады деген ой айтқан. Абайдың 
руханилыққа негізделген философиялық ойы 
адам болмысының гуманистік сұлбасы мен 
оның дүние туралы түсінігінің аксиологиялық 
өлшемін көрсетуге тырысатын қазіргі 
философиялық парадигмамен үндес екенін 
ерекше атап өту керек [10, 218].
Өзінің «Ғылым таппай мақтанба...» деп 


23


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   104




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет