№1 (37) 017 бас редактор



Pdf көрінісі
бет27/104
Дата28.10.2022
өлшемі4,34 Mb.
#46041
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   104
Байланысты:
ұлттық материал

Key words: nation, national education, Saka, Huns, Great Turkish Kaganate, independent 
Kazakhstan.
Ұлт болып қалыптасудан бастап әр ұлттың 
өзіне тән ұлттық құндылықтары дамып, қа-
лып тасып, тарихи даму үдерісіне енеді. Біз 
ұлттық тәрбиенің дамып қалыптасуына ке-
ле тін болсақ алғашқы даму үдерісі сақ, ғұн 
дәуірінен бастау алатынын зерделейміз. Көш-
пен ділердің тарихына зер салатын болсақ 
Күлтегін, Тоныкөк, Ер Едіге, ел намысын қол-
дан бермеген Жалаңтөс, Қарасай, Қабанбай
Бөгенбай, Наурызбай т.б. баһадүр батырлардың 
ерен ерлігі ұлттық тәрбиенің биік шыңы деп 
бағалаймыз.
«Ұлттық тәрбие беру – әр адамзаттың өз 
Отанына деген саналы қатынасын, мемлекеттік 
тілді, мемлекет құрушы ұлттың мәдениетін 
меңгеруді, мемлекеттің ұлттық бірлігін ны-
ғай ту қажеттілігін түсінуді қалыптастыру. 
Сонымен бірге тәуелсіз Қазақстанның жетіс-
тіктеріне мақтанып, ұлттық рухты күшейтуге, 
азаматтық борыш, перзенттік парыз ұғым да-


27
ТАРИХ ТАҒЫЛЫМЫ
рын дұрыс қалыптастырып бағыттауға, бола-
шақ мамандардың кәсіби жауапкершілігін 
дамы туға ықпал ету [1].
Қазақ халқының ұлттық тәрбиесі өмір бо-
йы жалғасатын біртұтас үздіксіз үрдіс ретінде, 
адамның этнос субъектісі ретінде этностық 
құндылықтарды, этноәлеуметтік рөлдерді жә-
не халқының салт дәстүрінде шоғырланған 
этностық нормаларды меңгерту, этностық өзін-
дік санасын оятып, өз ұлтына, тіліне, тарихына, 
мәдениетіне деген мақтаныш сезімін және 
бас қа ұлт өкілдеріне сыйластық, түсіністік 
сезімін қалыптастыруды көздейді», деп атап 
көрсеткендей ұлттық рухы күшті тұлғаны 
дамытып қалыптастыруға бағытталады [2].
Ұлттық тәрбиенің дамуы мен қалыптасу 
та ри хынына тоқталатын болсақ белгілі ғалым 
С.Қалиев оны шартты түрде сегіз дәуірге бөліп 
қарастырады:
1.Алғашқы қауымдық құрылыс кезiндегi 
тәрбие;
2.Сақтар мен ғұндардың жауынгерлiк 
тәрбиесi;
3.Ұлы Түрiк қағанаты кезiндегi тәлiм-
тәрбие;
4.Араб Шығыс мәдениетi, орта ғасыр ой-
шыл дарының тәлiмгерлiк ойпiкiрлерi;
5.Қазақ хандығы кезiндегi ұлттық тәлiм-
тәрбие көрiнiстерi (жыраулар поэзиясындағы 
тәлiмдiк ойлар);
6.Қазақстанның Ресейге қосылу кезiндегi 
ұлт-азаттық қозғалысы мен ағартушылық-де-
мок ратиялық бағыттағы тәлiм-тәрбие;
7.Кеңестiк дәуiрдегi ғылыми-педагогика-
ның қалыптасуы;
8.Тәуелсiз Қазақстандағы ұлттық тәлiм-
тәрбиенiң өркен жаюы [3].
Жоғарыда көрсетілген әр кезеңнің дамуына 
сәйкес ұлттық тәлім-тәрбиенің де өзіндік 
қа лыптасу ерекшеліктері болғаны белгілі. 
Ғалымдардың зерттеуі бойынша алғашқы­
қауымдық­ құрылыс­ кезiндегi тәрбиеде адам-
дардың еңбекке деген қатынасын ерек ше 
бағалауға болады. Келесі сақтар­ мен­ ғұн-
дардың­ жауынгерлiк­ тәрбиесi­ ұлы даладағы 
ерен ерліктер, жауынгерлік салттар мен 
дәс түрлердің ерекше дамыған тұсы екенің 
көреміз. Ұлы Түрiк қағанаты кезiндегi тәлiм-
тәрбие ұрпақтың бойындағы қайраттылық
жігерлілік ұстанымдары басым болғаны айқын 
аңғарылады.
Ұлттық ерлік дәстүрінің тарихи маңызды-
лығын зерттеген профессор С.Т.Иманбаева 
ұлттық тәрбиенің негізінде оқушыларға 
пат риоттық тәрбие берудің жолдарына, 
әсіресе қазақ халқының көшпелі тіршілігіне 
байланысты жан-жақты талдау жасау бары-
сында ерлік тәрбиесіне:
-әр кезеңдегі батырлық, ерлік істер болашақ 
ұрпақты тәрбиелеуде тәрбиенің негізгі құралы 
болып саналған;
-ерлік, даңқтың, ұлы жеңістің белгісі ретін-
де туға деген құрмет пен сүйіспеншілік аса 
жоғары болған;
-тарихи әндер, әсіресе әскери әндерге деген 
құрмет және сол арқылы халықтың патриоттық 
рухын көтеріп отырған;
-батырлар, ерлер ұстаған қару-жарақтар 
киелі саналған, ұрпақтан-ұрпаққа елі мен 
жерін қорғау үшін және сол жерді болашақ 
ұрпағына аманаттау үшін мұра ретінде беріліп 
отырған;
-көшпелі өмір тіршілігіне байланысты 
ба тыр лар мінген аттарына аса құрметпен 
қарағаны туралы зерделеуі бүгінгі ұрпақ 
тәрбиесіне өзіндік ықпалы бар екеніне 
тоқталады [4].
Бүгінгі келе жатқан ұрпақты ұлттық дәстүр-
лер арқылы тәрбиелеуде тұлғаның бойында 
ерлік рухты қалыптастыруды, бабалар аманат-
таған ұлан байтақ елінің тәуелсіздігі үшін 
кү ре сетін ұрпақты қалыптастыруға толық 
жағдай бар екенін көреміз.
VI-VIII ғ.ғ. ескерткiштер: түркi көсемi Бiлге 
қаған, Күлтегiн батыр мен ақылгөй Тоныкөк 
құрметiне қойылған құлпытастар, IV-IX 
ғасырдағы көне түркі ескерткіштері – Орхон 
жазба ескерткіші – Күлтегін, Білге қаған, 
Тоныкөк жазбалары.
Түркі халқының батыры Күлтегін туралы: 
«Сәби кезінде ертоқым оның бесігі, жауынгер 
кезінде ертоқым оның отырар тағы болды. 
Оның ойыны да, өмірі де соғыс өнерін үйрену-
мен өтті. Елтеріс қағанның алғырлығы, еліне 


28


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   104




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет