1. Адамгершілік, еңбек тәрбиесі


Экологиялық, экономикалық тәрбие негіздері



бет3/3
Дата10.02.2023
өлшемі23,24 Kb.
#66966
1   2   3
Байланысты:
3-ТАПСЫРМА БЕЙБІТХАН

3.Экологиялық, экономикалық тәрбие негіздері
Қазіргі кезде Қазақстанның білім беру жүйесінде экономикалық ойлауды қалыптастырудық маңызды факторы ретінде, мемлекеттік саяси экономикалық білім мен тәрбие ісі ерекше бағыт алып отыр. Мамандар мектеп тәжірибесінде экономикалық білім дағдыларды ұжымдағы экономикалық білім мен тәрбие беру ісінің жиынтығы деп қарап, оны отбасында шаруашылық-тұрмыстық, қоғамдық пайдалы істегі, күнделікті қарым-қатынастағы жұмыстардың тәжірибелік нәтижесі, олардың рухани экономикалық сүраныстарын жан-жақты қамтамасыз етуге бағытталған іс-әрекет деп түсінуге болады. Тәрбие жұмысы тәжірибесі мен шаруашылық саласында экономикалық білім, экономикалық тәрбие, экономикалық мәдениет деген ұғым жиі кездеседі. Экономикалық білім, басқа білім түрлері сияқты, белгілі бір білім жүйесін игеру, экономикалық есептеуде іскерлік пен дағдыны қалыптастыруда, өндірістегі іс-әрекет экономикасын талдауда меңгеріледі. Экономикалық тәрбие адам бойында тәртіптілік, ұжымшылдық, ыңыластылық, ұқыптылық, іскерлік, еңбектегі шығармашылық, т.б. қасиеттерді дарытуға бағытталған.
Экономикалық тәрбие - жас жеткіншектерге әкономикалық қызмет, қоғамымыздық экономикалық заңдары туралы дұрыс түсінік беру. Осының негізінде өндірістік экономикалық қызметте, материалдық өндірістен тысқары экономикалық қатынаста, күнделікті өмірде жеке адамның санасын қалыптастыру.
Мектептегі экономикалық білім мен тәрбиенің міндеттері:
• Оқушыларды қоғамның даму заңдылықтарымен, өндіріс экономикасымен таныстыру.
• Басқаруға тән - ұқыптылық, іскерлік, ықыластылық, тәртіптілік, т.б. қасиеттерді дағдыландыру.
• Экономикалықесеп,талдаужасаудағдыларынаүйрету, еңбекті ғылым негіздерімен байланыстыра білу.
3. Жас жеткіншектерге экономикалық тәрбие берудің белгілі жүйесі:
• Экономикалық тәрбие мектепте оқу пәндерін, ғылым негізгісін оқып үйренуде сонымен қатар, оқушылардың қызығуына қарай енгізілген факультативтік сабақтарда беріледі;
• Еңбек сабағы процесінде;
• Экономикалық тәрбие қоғамдық пайдалы және өнімді еңбек барысында іске асады;
• Экономикалық тәрбие сыныптан және мектептен тыс сабақтарда беріледі;
• Экономикалық тәрбие отбасында қалыптасады.
Қоғамдық пайдалы және өнімді еңбекті экономикаға пайда келтіретіндей етіп ұйымдастыру үшін жоспарлау, еңбекті нормалау, оны механикаландыру, пайдасы мен нөтижесін есепке алу жұмыстары жүргізіледі. Оқушылардың экономика саласында жұмыс істеуі, олардың өз еңбегінің сипатын талдауы арқылы бала экономикалық мәселені түсінуге көмектесетін тәжірибе жинайды, адамгершілігін қалыптастырады, экономикаға деген сенімін арттырады. Қоғамға пайда келтіретін жұмыс істегенде оқушылар бір-бірімен, ересектермен қарым-қатынасқа түсіп, еңбек құралдарын, жиһаздарды күтіп ұстайды. Сонымен, экономиканы тану, іс-әрекет, қарым-қатынас оқушылардың экономикалық санасын қалыптастыратын механизмдер.
Экономикалық заңдылықтар туралы білімдерді игеру
Экономикалық санаға нарықтық экономиканың негізгі заңдары туралы білімдер енеді. Олар: өндірістің тиімділігін көтеру, оның бөліктерін қайта құру, өндірістегі қатынастарды жетілдіру, басқару жүйесін және шаруашылықты жүргізу әдістерін жетілдіру. Экономика - тұтас құбылыс, сондьщтан барлық халық ппіруашылығының тиімділігі (пайдасы) оның әрбір өндірістік бөлігінің тиімділігіне байланысты. Экономикалық білімдер негіздерімен қаруландыру үшін белгілі бір циклдар бойынша әңгіме өткізуге болады: "Тұрмыстағы экономика", "Біздің айналадағы экономика". Экономика туралы ауызша журнал шығару, радиодан хабар ұйымдастыру, мерекелер, кештер, экскурсиялар, экономика мен халық шаруашылығы саласындағы өзгерістер туралы оқушылардың түсініктерін кеңейтеді.
Мектеп радиоторабы арқылы экономикалық білімдерді жүйелі түрде насихаттауға болады. "Зауытқа кірер жерде", "Құнттылықты сақтап тұрған күзетшілермен кездесу" сияқты хабарлар жалпы мүлікті ұқыпты ұстаудың маңызын ашады.
Өндірістегі экономикалық қатынастарға белсене қатынаса алатындай еңбектің жаңа түрлері мен әдістерін тез білуге мүмкіндік беретін біліктіліктермен қаруландыру. Мектеп оқушыларының биология, химия пәндері бойынша ауыл шаруашылығында жүргізетін тәжірибесінде тұқымның ең жақсы сорттарын пайдаланып тықайтқыштарды дұрыс қолдануға, өсімдіктерді қоректендіруге, нәтижені көруге үйренеді. Оқушылар өндірістік бригадада ауыл шаруашылығы бойынша тәжірибе жүргізеді. Республикамыздың әр түрлі аймақтарында топырақтың құрамы және ауа райы ескеріліп, тәжірибе жасау үшін берілген учаскеде мәдени өсімдіктер өсіріледі. Өсімдіктерді өсіріп, мол өнім алу үшін агротехникалық ережелерді жақсы білу керек.
Бастауыш сыныптардың оқу бағдарламасындағы оқушылардың экологиялық іскерлік дағдысын қалыптастыруға бағытталған жұмыс түрлері: өсімдіктердің даму кезеңіне фенологиялық бақылау жүргізу, мектеп және қоғамдық мүлікті ұқыптылықпен күту, тұрмыста электроэнергияны, газды, суды үнемді пайдалану. Орта және жоғары сыныптар оқушыларын кең көлемде экологиялық біліммен қаруландыру қажет.
Қазіргі жағдайда өндіріс табиғатқа күшті әсер етуші фактор болып отыр. Осыған орай табиғатты ұтымды пайдаланудық ғылыми білімге негізделетінін оқушылардың түсінуі керек. Өндірістік іс-әрекеттің нәтижесінде ортада әр түрлі өзгерістер болып жатыр.
Экологиялық тәрбие жұмыстарының түрлері:
1. Ауыл мектептерінің оқу-тәжірибе алақын бағалы ағаштар тұқымының көшеттерін өсіріп, көгалдандыруға пайдалану.
2. Мектеп оқушылары мемлекеттік орман шаруашылығына үнемі көмек көрсетіп отырады. Олардың негізгі атқаратын жұмыстарының түрлері: көшет материалдарын өсіру, ағаштар отырғызу, оларды күту, өрттен, ұрылардан қорғау, орман-тоғай зиянды жәндіктермен күресу.
- дәрі өсімдіктерін дайындау, жидек, саңырау-құлақ, т.б. жемістерді жинау;
- пайдалы жануарларды қорғау және есебін алып отыру;
- фенологиялық бақылау жүргізу.
3. Оқушылар ауылшаруашылық тәжірибе жұмысымен айналысады. Тәжірибе жұмысы биология, химия мұғалімдерінің, жергілікті ғалымдарының басшылығымен жүргізіледі.
4. Оқушылар табиғатқа зиян келтіретін адамдармен күреседі, қорықтағы ережені бұзушыларды анықтайды, химиялық улы заттарды, минералдық тықайтқыштарды сақтау және қолдану ережелерін бұзушыларды әшкерлейді.
5. Экологиялық тәрбиеге айланысты мектепте жаппай шаралар ұйымдастырылады. Олар: кештер, дәрістер, баяндамалар, т.б.
6. Жалпы білім беретін мектептерде экологиялық білім мен тәрбие әр түрлі сыныптардағы оқу пәндерінің мазмұны, қоғамға пайдалы жұмыс және өндірістік еңбек арқылы іске асырылады.
Экологиялық қоғамның мақсаты: қоғам мүшелерін өздері тұрған аймақтың табиғатын қорғауға, күтуге тәрбиелеу, зерттеу жұмысына тарту, зерттеуді жүргізудің әдістері мен тәсілдеріне үйрету, мектепті экологиялық жұмыстың орталығына айналдыру.
Қоғам мүшелері мектептегі жастар ұйымымен ынтымақтасып, тұрғылықты жерде экологиялық штабтар құрады, жорықтар, саяхаттар ұйымдастырады. Экологиялық деректерді, ғылыми мағлұматтарды білім және тәрбие процесінде пайдалану мұғалімнің білімділігіне, педагогикалық шеберлігіне, жоғары мәдениеттілігіне байланысты.
Экологиялық тәрбие оқушылардың - табиғатқа жаңаша көзқарасын қалыптастырып, әр түрлі нысандарда жүргізіліп, жеке тұлғаның эмоциялық сезімдік әлемін қалыптастыруға бағытталып, адамгершілік, жауапкершілік қасиеттерін жетілдіреді.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет