24. Көркемдік және жарнамалық графика бағыты Көркемдік графика немесе жарнамалық-графикалық кескін жасау және редакциялау үшін, мысалы, баспа өнімдерін, жарнама безендіру, фотосуреттерді бояу және өңдеу, мультфильмдер, бейне сабақтар, компьютерлік ойындар жасау үшін қолданылады
Жарнамалық графика (көркемдік графиканың бөлігі) – теледидар пайда болғаннан кейін танымал бола бастады. Қазір компьютердің көмегімен жарнамалық роликтер, мультфильмдер, компьютерлік ойындар, видеодәрістер мен видеопрезентациялар жасалады.
Көркем және жарнамалық графика көбінесе теледидардың арқасында танымал болды. Компьютердің көмегімен жарнамалық роликтер, мультфильмдер, компьютерлік ойындар, бейне сабақтар, бейне презентациялар жасалады. Осы мақсаттарға арналған графикалық пакеттер жылдамдық пен жад үшін компьютердің үлкен ресурстарын қажет етеді. Бұл графикалық пакеттердің айрықша ерекшелігі-нақты кескіндер мен "қозғалмалы суреттер"жасау мүмкіндігі. Үш өлшемді объектілердің суреттерін алу, олардың айналуы, жуықтауы, жойылуы, деформациясы есептеудің үлкен көлемімен байланысты. Жарық көзінің орналасуына, көлеңкелердің орналасуына, бетінің құрылымына байланысты объектінің жарықтандыруын беру оптика заңдарын ескеретін есептеулерді қажет етеді.
25. Безендірмелік графика бағыты Безендірмелік графика. Компьютерде графикалық редакторлар көмегімен сурет салу;
ГРАФИКАЛЫҚ РЕДАКТОР (Графический редактор; graphics editor) -графикалық кескіндермен жұмыс істеуге мүмкіндік беретін әрі оларды түзетуге, толықтыруга арналған программа; графикалық ақпаратты редакциялайтын программа;
дисплей бетінде граффикалық кескіңдер салу процесін автоматтандыруға арналған программа;
графикалық кескіндерді, көріністерді, суреттерді, сол сияқты мультипликацияны құруға арналған құралдармен қамтамасыз ететін программалық комплекс. Графикалық редактор дисплей экранында әр түрлі түспен қалам, тышқан жөне т.б. көмегімен сурет салады. Сондай-ақ редактор дайындалған кескіндерді сақтау, принтермен, жадпен жұмысты ыңғайлау және т.б. жұмыстарды ұйымдастыруды қамтамасыз етеді.