3. Adobe PhotoShop редакторының интерфейсі Adobe Photoshop - суреттерді, мәтіндерді өзгертуге, түрлендіруге, сақтауға арналған ең танымалы графикалық бағдарлама болып табылады. Adobe Photoshop графикалық бағдарламасы түстер палитрасымен жұмыс істеуге, суреттерді еңгізуге және шығаруға, контурларын ерекшелеуге, түс тандауға, сурет фильтрін тандауға, өлшемі мен кеңейтілімін өзгертуге, суреттерді түстендіруге және басып шығаруға мүмкіндік береді
CMYK (Cyan, Magenta, Yellow, Key(Black). CMYK – көгілдір, қарақошқыл, сары, кілт немесе қара түсті белгілейді. Бояудың бұл төрт түсі «оффсетты баспа» деген дəәстүрлі баспа әдісінде қолданылады. Алғашқы үш түске (көгілдір, қарақошқыл, сары) қараны қосатын болсақ, нəәтижесінде пайда болатын спектрде түстерді араластыра аламыз. CMYK түс араластыру жүйесі химиялық пигменттерге тəәуелді бола отырып, қажетті түсті шығарады.
ИНТЕРФЕЙСТІ ТҮСІНДІРУ
Adobe Photoshop программасы мынандай терезе элементтерінен тұрады: тақырып жолы, меню қатары, құралдар параметрлерінің тақтасы, құралдар тақтасы, палитра, қалып –күй қатары.
Adobe Photoshop терезесінде жаңа құжат құру үшін Файл→Новый командасын орындап ашылған сұхбат терезеде Имя өрісіне құжаттың аты жазылады да, Ширина, Высота өрістерінде құжат парағының ені мен ұзындығы енгізіледі де ОК батырмасы шертіледі. Ал құжатты сақтау үшін Файл→Сохранить командасын орындау керек.
Adobe Photoshop бағдарламасында 51 құрал орналасқан, осы құралдар негізгі жұмысты атқарады. Құралдар параметрлерінің тақтасында әрбір таңдалған құралды баптаудың барлық өзгерісі көрсетіледі.
Adobe Photoshop бағдарламасында түстер моделін өзгерту үшін Изображение Режим командасын орындап ашылған тізімнен өзімізге қажетті моделді таңдаймыз. Бейненің масштабын өзгерту үшін Менюжолынан Изображение→Размер изображения командасын орындап ашылған сұхбат терезеге бейненің ені мен ұзындығының өлшемдерін беріп ОК батырмасын шерту керек.
ФОТОШОП МҮМКІНДІКТЕРІ
1) Content-aware Fill - толықтай автоматтандырылған суреттерді "Жамау" құралы. Қысқаша айтқанда, бұл құрал сізге суреттерді өзгертуге немесе жаңа сурет тудыруға мүмкіндік береді.
2) Puppet warp құралы - қолданушылардың көптен күтіп жүрген жаңалығы, ол Adobe Photoshop CS5 нұсқасынан бастап енгізілді. Бұл құрал қаңқа секілді пішін құрып, түйіндерді объектіге жалғап, объектілерді бұруға, өзгертуге мүмкіндік береді.
3) Mixer Brush Tool. Фотошоп жаққыштарының бірін таңдап, сары жəәне қызыл түсті сызық сызып алыңыз. Жаққыштардың ішінен Mixer
Brush құралын таңдап, сызылған сызықтардың үстінен бірнеше рет жүргізіп, екі түсті араластыруға кірісіңіз. Соңында үшінші сурет нәтижеге жетесіз.
Adobe Photoshop дегеніміз не?
Adobe Photoshop бағдарламасы - графиканы редакциялау үшін жасалған, Adobe Systems Inc. тарапынан өңделген және таратылған.
Пиксель - растр суреттерде бір нүкте болып саналады.
Resolution - бір дюймдағы пиксельдердің (нүкте) саны (ppi/dpi)
Түс тəртіптемелері
Фотошоптың RGB түс тәртіптемесі - RGB моделін қолданып, əрбір пиксельдің 0-ден
(қара) 255-ке (ақ) дейінгі интенсивті мағынасын суреттегі əәрбір RGB компонентіне иемдейді.
CMYK – көгілдір, қарақошқыл, сары немесе қара түсті белгілейді. Бұл төрт түс «оффсетты баспа» деген дəстүрлі баспа əдісінде қолданылады.
Content Aware Fill - толықтай автоматтандырылған суреттерді Жамау" құралы.
Puppet Warp құралы - қолданушылардың көптен күткен жаңалығы,
Adobe Photoshop CS5 нұсқасынан бастап енгізілді.
Mixer Brush Tool -бұл құрал цифрлық суретшілерге өте ыңғайлы жəәне олардың жұмысын жеңілдетеді.