1. Adobe PhotoShop редакторына түсінік


Машиналық графиканы қолдану аясы



бет35/39
Дата20.12.2022
өлшемі276,05 Kb.
#58392
түріБағдарламасы
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   39
Байланысты:
ком гр сессия

40. Машиналық графиканы қолдану аясы
Машиналық графика (Машинная графика; computer graphics) — адам әрекеттерінің нәтижесі ретінде қарастырылатын, компьютер көмегімен кұрастырылған екі өлшемді графикалық кескіндердің негізінде қолданбалы мәселелерді шешуге арналған программалық және техникалық құралдардың жиынтығы; компьютер экранында мәтінге жатпайтын графикалық объектілерді бейнелеу. Компьютерлік графикаға графикалық объектілерді құрастыру, енгізу, сақтау, бейнелеу, диаграммалар мен графиктер жасау, оларды қайталап көрсету, экранға шығару, түрлендіру және түзету тәсілдері мен амалдары жиыны жатады. Машиналық графика пайдаланушының компьютермен әрекеттестігінің ең тиімді үлгісінің бірі. Ол ақпаратты графикалық еңгізу-шығару құрылғыларымен жабдықталған графикалық терминалдар мен дербес компьютердің пайда болуының арқасында жобалауды, математикалық модельдеуді, мәліметтер талдауды автоматтандыруда кеңінен қолданыла бастады.
AutoCAD - әлемдегі ең танымал автоматтандырылған жобалау жүйесі. Оның көмегімен екі өлшемді және үш өлшемді жобарардың тнрлері құралады. AutoCAD графикалық жүйесінде: графикалық аймақпен аспаптар тақтасын қолдануды, тетіктерді сызбада бейнелеудi, орындалу және өңдеу бұйрықтарын қолдануды, тетіктің жазық сызбасын орындау және оның үш өлшемді моделін құруды, блоктарды құруды, үш өлшемді беттер мен денелерді салу және өңдеуді, сызба файлдерін пішімдеп, оларды принтерде немесе плоттерде шығаруды.
AutoCAD жүйесінде конструкторлық құжаттардың графикалық бөлігін автоматтандырып дайындау негізінде: AutoCAD жүйесінде үш өлшемді обьектіні құру, енгізу, координаталарды пайдалану (ПСК), каркасты модельдеу, кеңістікте модельдер құру және редактірлеу, обьектінің қатты денелі моделін құру, визуализациялауды пайдаланып үш өлшемді обьектілердің фото реалистік кескінін құру, стандартты примитивтермен жұмыс істеу қарастырылған.
AutoCAD жүйесінің редактірлеу бұйрықтары сызбаға түрлі өзгерістер енгізуге мүмкіндік береді. Жаңа қабаттарды құрып және қабаттарды қолдануға болады. Түрлі себептерге байланысты сызбада өзгерістер енгізу қажет болғанда, объектіні қайта сызудың орнына оның көшірмесін жасауға болады. Егер жаңа объектілерге орын қажет болса, онда сызбаның толық фрагментін алып басқа жаққа көшіруге болады. Тетіктердің сызбаларын және олардың үш өлшемді модельдерін автоматты түрде дайындауды, редактірлеуды және безендіруды, сонымен қатар сызбалар мен блоктардың жиынтығын жасау және олардың қатты көшірмесін дайындау карастырылған.
AutoCAD жүйесінде әр бір графикалық объектіні сызғанда, өзімен байланысқан белгімен бір қасиетке ие болады. Қабаттары құрылғанда олардың қасиеттері түсі, сызықтардың түрлері және қалыңдығы анықталады. Орындалған сызбаны редактірлеу, безендіру, таңдау және орындау тәсілдері, өлшемдер стилін таңдау және қою қарастырылады.
Сызба сызу кезінде сурет бұйрығын қолданады. Сызбаға қажетті түрін, сызықтың көлбеулігінің бұрышын және сызбаның масштабын таңдау қажет болады.
Изометриялық сызулар – дегеніміз көлемдік объектінің жазықтықта бейнеленуі. Зертханалық жұмыстағы берілген - изометриялық сызбаны салып үйрену, презентациялық суреттің кескіндеуде қолданылуын, кеңістіктегі геометриялық объектінің жалпы көрінісін береді.
Үш өлшемді объектінің көрсетуімен, тор мен байламның изометриялық стилі екі өлшемді суретті салуға көмектеседі. Изометрия үш өлшемді объектінің жазықтықтағы кескіні, яғни көлемнің бейнесі, оның үш өлшемді моделі емес. Үш өлшемнің бейнесі X, Y, Z өстері бойынша салынады.
Изометриялық сызбаның қалай орындау керектігі, яғни, кеңістік суреттері болып келетін, объектінің үш өлшемді көрінісін көрсетеді. Изометриялық прекциялар сызғанда эллипс сызу мен өлшемдерді қою кезінде изометриялық сызудың құрылысы сипатталынады.
Классикалық изометриялық кубтың үш шекарасы көрсетілген – сол, оң және жоғарғы. Изометриялық режимді қосқан кезде суреттің айқасатын жібі әрқашанда сол шекараның бағытымен сәйкес келеді.
Блок – есімі берілетін құрамды примитив. Блокқа кез-келген көлемде кез келген объект байланыстырылады, олар осы және басқа сызбада бірнеше мәрте қолдану мақсатымен мәліметтер қоймасында сақталады.
3D модельдеуде объекті массасы, салмағы және т.б. анықтаудың қажеті болмайды. Үш өлшемді объектілерді сызғанда тек тонирлеу және бояу қажет болады. Беттік модельдеу картографияда жердің топографиялық моделін жасағанда қолданылады. Үш өлшемді объектілерді редактірлеу қарастырылған.
AutoCAD бағдарламасының алғашқы нұсқасын американың Autodesk фирмасы XX ғасырдың 80-жылдары шығарды. Бағдарлама бірден өзіндік дайындауы мен қолданушыға ыңғайлығымен өзіне назар аудартты. Жүйенің үнемі дамуы, ескертулер есебі, басқа фирмалардың жаңа өнімдерінен байланысуы (бірінші болып Microsoft) AutoCAD бағдарламасын бағдарламалық қамсыздандыру нарығының әлемдік басшысы етті. AutoCAD жүйесі қондырылатын дербес компьютер белгілі бір талаптарды қанағаттандыруы керек. Мұндай талаптарға сай болу үшін 500 МГц процессорлік Pentium III-тен жоғары болатын компьютер, 256 Мбайт оперативтік жады, 2 Гбайт винчестер (қатты диск), винчестор бағдарламалык қамсыздандыру үшін 350 Мбайт, жұмыс жасау кезіңде құрылатын уақытша файлдар үшін 250 Мбайт бос болуы қажет. Сонымен қатар компьютерде операциялық жүйелердің бірі қондырылуы керек.
Бағдарламаны іске қосу үшін жұмыс үстелінде орналасқан жарлығын меңзердің сол жақ батырмасымен екі рет шерту қажет. Бағдарламаны іске қосудың тағы да бір жолы Іске қосу Бағдарламалар — AutoCAD бұйрық жолдарын орындау арқылы жүреді. AutoCAD бағдарламасы толықтай жүктелгеннен кейін жұмысты бастау (Start up) сүқбаттасу терезесі пайда болады. Бұл терезеде керекті жұмыс режимін таңдауға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   39




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет