1. Алмалы салмалы протездер жіктемесі


Жұмсақ төсемді толық алмалы-салмалы протездерді дайындау әдісі



бет19/62
Дата17.11.2023
өлшемі186,8 Kb.
#124277
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   62
42.Жұмсақ төсемді толық алмалы-салмалы протездерді дайындау әдісі. Жұмсақ төсемді толык алмалы-салмалы протездерді дайындау туралы шешім кабылдаған сон, дайындаудың алғашкы уш клиникалык-зертханалық кезеңі ең карапайым әдіспен өткізіледі. Тіс құрылымын ауыз қуысында тексерген соң тіс технигі модельде балауыз астарын болашак протез шекарасы бойына калындығы 1,8 2,00 мм. етіп дайындайды. Одан кейін балауыз астар алынып, бөлек койылады. Тістер орнатылған ғаныш үлгі кюветаға дәстүрлі әдістемемен ғанышталады. Бұдан кейін кю ветаны ашып, балауызды кайнатып шығарады. Модельді оқшаулайтын лакпен өңдейді. Содан соң модельге астарын салады, целлофанмен жабады да пластмасса камырды илеп салады. Нығыздағалнан соң кюветаны ашып, балауыз астарды қайнатып шығарады. нығыздалған пластмасса бетін жұмсақ төсеме материал кешенінен жасалған адгезивпен өндейді, 2-3 минуттан кейін жұмсак пластмасса табақшасын немесе силикон материа лын пластмассанын тапталған бетіне салады. Одан кейін кюветаның екі бөлігін қосады, нығыздайды, полимерлеу нұсқаулығына сәйкес буға полимерлейді. Полимерленгеннен кейін протезді өңдеп, эластикалық төсемдердің арнайы фрезасымен тегістейді.Жұмсақ төсемелерi бар алмалы-салмалы протездер белгілі икемделу қасиетіне ие. Күшті шайнау жүктемесі түскенде жұмсақ төсемнің созылмалылығын арттыратын қосымша қалыңдықты әзірлеу қажет. Мұндай қалыңдықтың созылмалылығы жеткілікті және протез астын ауыртпайды. Ауырсыну әкелмейтіндіктен, алмалы-салмалы протез ге үйрену тез және тиімді.Қазақстандық ғалым, м.ғ.к. Р.С.Рузуддинов Госсил (Ресей), Фуджи (Жапония), Мукопрен (Германия) жұмсақ төсемдердің физикалық-механикалық, клиникалық технологиялык касиеттерін зерттеді. Ол толык алмалы-салмалы протездің неғұрлым жақсы бекитіндерін анықтады. Акрилаттарға төзімсіздікті ортопедиялык емдегенде жұмсақ төсемше 84,2% жағымды әсер көрсетті. Шырышты қабаттың ауруларын емде генде 60 пайыз жағдайда емдік әсер көрсетті.Барлық зерделенген материал жеткілікті физикалык-механикалық қасиеттерге ие болды және олар пайдаланудың 2-3 жылында сақталды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   62




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет