1. Алмалы салмалы протездер жіктемесі


Жақ сүйектерінің орталық арақатынасын анықтау



бет17/62
Дата17.11.2023
өлшемі186,8 Kb.
#124277
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   62
Байланысты:
1. Àëìàëû ñàëìàëû ïðîòåçäåð æ³êòåìåñ³

39.Жақ сүйектерінің орталық арақатынасын анықтау. Орталық қатынасын анықтау. Мүлде тіссіз науқастарда протездегенде орталық окклюзияны емес, жақ сүйектерін арақатынасын анықтайды, себебі бұл кезеңде тістер қатары емес, окклюзиялы балауыз біліктері орын алады. Жақ сүйектері орталық арақатынасын анықтау дегеніміз төменгі жақ сүйегінің жоғарыға қатысты орнын үш өзара перпендикуляр жазықтықта анықтау. Ең алдымен жоғарғы жақтың білігіне есептейміз. Жоғарғы жақтың білігінің фронтальді бөлігінің биіктігі 1 -1, 5 см, ені 3 -4 мм, ал бүйір жақтағы біліктің биіктігі 5 -7 мм, ені 10 -12 мм болады. Ауыз қуысына шақтаған кезде ең алдымен вестибулярлы доғаға мән береміз, егер ерін алдыға шығып тұрса артық жерін аламыз, ерін ішке кіріп тұрса балауызбен қосамыз. 2. Алдыңғы біліктің биіктігін тексереміз. Білік жоғарғы еріннен 2 -3 мм шығып тұру керек. 3. Протетикалық жазықтықты , ол үшін 2 сызығышты қолданамыз. 1 -ші сызығыш көз қарашық сызығымен қояды, ал 2 -ші сызғыш ауыз қуысындағы жоғарғы жақ біліктің окклюзиялық жазықтығына қояды , екі сызғыш біріне параллель болуы керек. Мақсаты біліктің алдыңғы бөлігінің биіктігін қалыптастыру. Білік беті қарашық және мұрын – құлақ сызықтары бойына параллель келген соң, оны тегістеп, құрылған протетикалық жазықтықты жетілдіреді. Ол үшін Найш аппаратын қолданған жөн.Біліктің бүйір бөлігінің биіктігін қалыптастыру үшін, құлақтың түйінен мұрын қанатына дейін кампер сызығын жүргіземіз. Тағы бір сызғышты білікті бүйір бөлігінің окклюзиялық жазықтықта орналастырып параллельдігін анықтаймыз. Төменгі жақ білігін шақтаймыз, вестибулярлы доғасын анықтаймыз. Жақтардың түйістіруін сұраймыз, физиологиялық тыныштық биіктігімен салыстырып, төменгі жақ білігінің биіктігін 2 -3 мм аламыз. Жоғарғы және төменгі білік бойымен 2 бүйір және 1 алдыңғы сызық сызып аламыз. Балауызды негізбен окклюзиялық білікті ауыз қуысынан шығарып жаңағы жүргізген сызық бойымен жоғарғы жақ білігіне кертпе жүргіземіз, ал төменгі жақ білігіне сызық бойымен қыздырылған балауызды жанастырамыз. Науқастың ауыз қуысына салып, сілекейін жұтынып барып жақтардың түйістіруін сұраймыз. Окклюзиялық биіктікті анықтаймыз


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   62




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет