1 аналитикалық БӨлім


ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ТІРШІЛІК ҚАУІПСІЗДІГІ



бет5/7
Дата19.04.2023
өлшемі0,59 Mb.
#84183
1   2   3   4   5   6   7
3 ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ТІРШІЛІК ҚАУІПСІЗДІГІ


Электрондық есептеуiш техниканың дамуы және кең қолданылуы өндiрiсте, басқаруда, байланыста, ғылыми зерттеулерде, бiлiм саласында, коммерциялық, қаржылық және өзге де адам қызметi сфераларында ғылыми-техникалық прогресстiң қазiргi кездегi маңызды бағыты болды. Баспасөзде, техникалық әдебиеттерде, кұнделiктi өмiрде ақпаратқа, оның таралуына , қауiпсiздiгiне және қорғауға көп көңiл бөлiнетiн болды.
Ақпарат қауiпсiздiгi –бұл ақпаратты өңдеушi жұйенiң берiлген уақыт аралығында мәлiметтердi жоғалтпай, сыртқа шығармай қойылған талапқа сай қажеттi орынға жетудi толығымен қамтамасыз етуi.
Ақпарат шығыны (утечка информации) - қандай да бiр құпияны : мемлекеттiк, әскери, қызметтiк, коммерциялық және т.б. ашу болып табылады.
Тек құпия ақпарат ғана қорғауға жатпайды. Сонымен қатар, құпия емес мәлiметтердi де қорғау қажет. Өйткенi, құпия емес мәлiметтердi жоғалтудың өзi құпия мәлiметтер шығынына ұшыратуы мұмкiн. Мәлiметтердi өңдеу жүйелерiнiң жұмыс жасау сферасы және масштабына қарай ақпаратты жоғалту не шығындау әртүрлi ауырлықтағы нәтижелерге алып келедi: күнәсiз әзiлден бастап өте үлкен экономикалық немесе саяси шығынға дейiн. Баспасөзде және техникалық әдебиеттерде дәл осы мәселелерге көптеген мысалдар келтiрiледi. Әсiресе мұндай үлкен қылмыстар банктiк және сауда құрылымдарына қызмет етушi автоматтандырылған жүйелерде кең етек алып отыр. Шет елдiк мәлiметтер бойынша компьютерлiк қылмыстар нәтижесiнде банктердiң көретiн шығыны жыл сайын 170 млн-нан 41 млрд. долларды құрайды екен.
Сонымен, қазiргi кезде көптеген адамдардың игiлiгi, бақ-берекесi және өмiрi ақпаратты өңдеушi компьютерлiк жұйелердiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуден және әртұрлi объектiлердi бақылап, басқарудан тәуелдi болуда. Мұндай объектiлерге телекоммуникация жұйелерi, банк жұйелерi, атом станциялары, ауа және жер асты транспортын бақылау жүйелерi, сол сияқты құпия және өте құпия ақпаратты өңдеу және сақтау жүйелерi жатады. Бұл жұйелер жақсы және қауiпсiз жұмыс жасау үшiн олардың қауiпсiздiгiн және тұтастығын қамтамасыз ету қажет.
Есептеуiш жүйелерiнiң қауiпсiздiгiне есептеуiш жұйелер құралдарына әсер ету арқылы жасалатын қауiп түрлерiн қарастырайық:

  1. Есептеуiш жүйелер жұмысына адамның араласуы. Бұл топқа есептеуiш жүйелер қауiпсiздiгiн бұзушы ұйымдастырушылық құралдар (ақпарат тасымалдаушы, ақпарат сақтаушы дискеттер, өзге де құрылғыларды ұрлау, жарамсыздандыру) және есептеуiш жүйелер программалық өнiмдерiне рұқсатсыз ену жатады. Мұндай қауiптi iс-шараларға қарсы қолданылатын тәсiлдер ұйымдастырушылық түрде (күзет қою, есептеуiш жүйелерiне ену режимiн белгiлеу) болады.

  2. Есептеуiш жүйелер жұмысына ақпаратты- техникалық араласу. Бұл сөз мағынасы есептеуiш жүйелер ақпараттың қауiпсiздiгiн және тұтастығын техникалық құралдар көмегiмен бұзу, мысалы: есептеуiш жүйелер құрылғыларынан электромагниттiк сәулелену арқылы ақпарат қабылдау, ақпарат жiберушi каналдарға электромагниттiк әсер ету, т. б. Мұндай қауiптерден сақтану үшiн ұйымдастырушылық шаралардан басқа, аппараттық (аппарат экранын сәулеленуден сақтау, ақпарат жiберушi каналдарды жасырын тыңдалудан сақтау) және программалық тәсiлдер қолданылады.

  3. Бағдарламалық өнiмдер көмегiмен есептеуiш жүйелер бағдарламалық компоненттерiне жоюшы әсер көрсету. Мұндай өнiмдердi бұзушы программалық өнiмдер деп атауға да болады. Оларға компьютерлiк вирустар, троян аттары, локальдық және глобальдық желiлердi пайдалану арқылы алыстағы жұйелерге ену өнiмдерi жатады. Мұндай шабуылдарға қарсы программалық және аппараттық қорғау жүйелерi қолданылады.

Ақпартты қорғаудың әдiстерiне бұрыннан келе жатқан :

  • енудi шектеу;

  • енудi анықтау;

  • енудi бөлу;

  • ақпаратты криптографиялық түрлендiру;

  • енудi бақылау және есепке алу;

  • заңдық шамалар жатады.

Ақпаратты өңдеу автоматтандырылғаннан кейiн оны өңдеудiң техникалық құралдары күрделiлендi. Физикалық тасымалдаушы құралдардың жаңа түрлерi пайда болды. Ақпарат көлемiнiң көбейуi, жинақталуы, пайдаланушылар санының арта түсуi және өзге де себептерден ақпаратқа әдейi ену ықтималдығы да арта түседi. Осыған байланысты есептеуiш жүйелерде ақпаратты қорғаудың жаңа түрлерi пайда болды:

  • функционалдық бақылау әдiстерi,

  • авариялық жағдайлардан ақпаратты қорғау;

  • аппаратураның iшкi құрылысына, байланыс желiсiне және басқару органдарына енудi бақылау әдiстерi;

  • ақпаратқа енудi бақылау және анықтау әдiстерi;

  • пайдаланушыларды, техникалық құралдарды, ақпарат тасымалдаушы және құжаттарды идентификациялау және аутентификациялау әдiстерi.

Ақпаратты қорғаудың негiзгi мағынасы ақпараттық объектiге ену тек бiр ғана «күзетiлушi өткел» арқылы жүзеге асырылады. Мұндағы, «күзетшiнiң» қызметiне пайдаланушының пароль кодын тану және оң нәтиже болған жағдайда оған ақпаратпен жұмыс жасауға рұқсат беру. Бұл процедуралар пайдаланушы жүйеге жұмыс жасау үшiн енген сайын қайталанып отырады. Сондықтан әрбiр жолы пароль терiп отырмау үшiн , берiлетiн парольдi арнайы физикалық тасымалдаушыда (кiлт, карта) сақтаған дұрыс.
Кез келген саладағы компьютермен, телекоммуникациялық құралдармен және өзге де ұйымдасытрушылық техникамен жұмыс жасайтын қызметкерлердің жұмысы барысында аталмыш құралдар денсаулыққа кері әсерін тигізетін физикалық факторлар көзі болып табылатыны баршаға мәлім.
Дербес компьютердің пайдаланушылары өзге сала мамандарына қарағанда нерв жүйесінің күйгелектігіне жиі ұшырайтыны дәлелденген.
Пайдаланушылардың денсаулық жағдайын төмендететін факторларға төмендегілер жатады:
- электромагниттік және электростатикалық өрістер;
- акустикалық шуыл;
- ауаның иондық құрамының өзгеруі;
- ғимарат микроклиматының параметрлерінің өзгеруі және өзге де факторлар.
Жоғарыда келтірілген денсаулыққа зиянды факторлардың алдын- алу үшін жұмыс берушілер келесі қадамдарды орындайды:

  • ескірген компьютерлік техниканы заманауи, сәулелену деңгейі төмен техникаға бірте-бірте ауыстыру;

  • санитарлық- гигиеналық талаптарды және қызметкерлердің жұмысын ұйымдастыру талаптарын қатаң орындау;

  • жұмыс орындарының жарықтандырылуына назар аудару;

  • жиһаз параметрлері мен ғимарат сипаттамаларына назар аудару;

  • ғимараттарда компьютер техникасы орналасатын орындарда қорғаныс жерге орнықтырулары болуын қадағалау.

Жоғары білімді маман «Өмір тіршілігі қауіпсіздігі ережелері» пәнінің негіздерін білуі қажет. «Өмір тіршілігі қауіпсіздігі ережелері» пәні адам өміріне қауіп төндіретін қауіп түрлер мен олардың пайда болу заңдылықтарын және тәсілдерін, олардан қорғану әдістері мен құрылғыларын қарастырады. Өндірістік ортаны жобалау барысында және еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету кезінде болашақ маман адам факторын ескеруі қажет.
Өмір тіршілігі қауіпсіздігі ережелері мәселелеріне барлық өмір сүру орталарында баса назар аударылуы бірнеше факторлармен түсіндірілуі мүмкін. Мысалы, өндірісте бақытсыздық жағдайларының ықтималдығының артуы.
Қазіргі уақытта еңбек ету шарттары да күрт өзгерген. Біріншіден, адамға жағымсыз кері әсер етеін санитарлық- гигиеналық факторлардың интенсивтілігінің артуы. Бірқатар өндірістерде акустикалық шуылдар интенсивтілігі артуда. Механизацияланған қол құралы, машиналардың бірқатары және механизмдер жоғары деңгейлі тітіркенулер туындатады.
Жағымсыз факторларды есепке алу жұмысшылар денсаулығын сақтау және тиімді қызмет жасауы үшін қажетті шарт болып табылады. Сыртқы ортаның жағымсыз физикалық және химиялық факторлары ұдайы өсіп отырады. Бұрынғы кездері қауіпсіз болатын иондық радиацияның фондық деңгейі заманауи технологиялар жағдайында өте қауіпті кәсіби аурулардың бірі- сәулелік ауруды туындатып отыр. Кейбір техникалық құрылғылардың жоғары жиілікті электромагниттік сәулеленуінің өте жоғары қуаты осы сәлеленуді қолдануға негізделген ұйымдастырушылық техникаларды адам денсаулығы үшін қауіпті болуда, психикалық және физиологиялық қалып- күйлерін өзгерту арқылы әсер етуде.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет