1. Анатомия пәніжәнемаңызы. Клиникадажәне медицина практикасында анатомия пәнініңмаңызы. Анатомиялықтексерістердіңшараларыжәнеәдістері. Адам анатомиясы


Зәрдің түзілу кезеңдері және шығарылу жолдары



бет143/202
Дата07.12.2022
өлшемі0,58 Mb.
#55509
1   ...   139   140   141   142   143   144   145   146   ...   202
Байланысты:
Анатомия сессия

134.Зәрдің түзілу кезеңдері және шығарылу жолдары.
Несептің түзілуі – бүйрек түтікшелерінің және қан капиллярлар шумағының арасындағы абсорбция,фильтрация,реабсорбция процестері арқылы жүреді.
Несептің түзілуі екі кезеңнен тұрады: біріншілікнесептің түзілуі және екіншілік несептің түзілуі. Біріншілік несептің түзілуі бүйрек түтікшелерінің бастапқы бөлігі –шумақ капсуласы немесе Шумлянский-Боумен капсуласында жүреді. Қанның құрамындағы заттар қан капиллярларынан шумақ капсуласының қуысына абсорбция және фильтрациялық жолдармен өтіп – біріншілік (алғашқы) несеп түзіледі (біріншілік несептің құрамы қан плазмасының құрамына ұқсас). Бүйрек түтікшелеріндегі біріншілік несептен су және кейбір қоректік заттар түтікшелерді сыртынан қоршап жатқан қан капиллярларына кері сіңіріледі де (реабсорбция), нәтижесінде екіншілік (ақырғы) несеп түзіледі.
Несептің түзілу реті мен жолын білу үшін алдымен бүйрек түтікшелері мен қантамырлар жүйесін жақсы білген жөн.
Бүйрек түтікшелерінің(tubuli renalis) үлестері:
1) Шумақ капсуласы (capsula glomeruli) немесе Шумлянский- Боумен капсуласы- бүйрек түтікшелерінің бастапқы бөлігі, қыртысты заттың бүктелген бөлігінде орналасады . Мұнда біріншілік несеп түзіледі.
Құрылысы:
-ұшы тұйықталған және пішіні бокал тәрізді басталады.
-екі табақшасы болады: висцеральді және париетальді.Висцералық табақша қан капилляр шумағымен тығыз жанасып орналасқан . Висцеральді және париетальді табақшалар аралығында абсорбциялау ,фильтрациялау арқылы заттар қан капиллярларынан капсула қуысына өтіп біріншілк несеп түзіледі. Осы екі табақшаның аралығында шумақ капсуласының қуысы (cavum capsulae glomeruli) болады.Шумақ капсуласының қуысы ары қарай проксимальді иректелген түтікшеге ашылады.
2) Проксимальді иректелген түтікше(tubuli renalis contortus proximalis)- қыртысты затта орналасқан. Екіншілік несептің түзілуі осында бастау алады.
3)Нефрон ілмегі(ansa nephroni) немесе Генле ілмегі- екіншілік несеп түзіледі.
3 бөлігі ажыратылады:
-төмендеген бөлігі(pars descendens)- Генле ілмегінің төмен бағытталған тік түтікшесі. Бұл бүйректің проксимальді иректелген түтікшесінің жалғасы.
-нефрон ілмегінің тізесі(genu ansae nephroni)-милы затта орналасқан.
-өрелемелі бөлігі(pars ascendens)- генле ілмегінің жоғары бағытталған тік түтікшесі.
4)Дистальді иректелген түтікше(tubulus renalis colligens distalis)- қыртысты затта орналасқан, генле ілмегінің өрелемелі бөлігінің жалғасы және екіншілік несептің түзілуіне қатысады.
5) Қосымша бөлік- Дистальді иректелген түтікше мен Бүйректің жинаушы түтікшелерін байланыстырады. қыртысты заттың тарамдалған бөлігінде орналасқан.Екіншілік несеп түзілуіне қатысады және несепті бүйректің жинаушы түтікшелеріне(tubuli renales colligens) жеткізеді.
6)Бүйректің жинаушы түтікшелері(tubuli renales colligens)- екіншілік несепті сыртқа шығаратын бүйрекшелік бөлім, тік бағытталған. Бұл түтікшенің жоғарғы шамалы бөлігі қыртысты затта және төменгі көп бөлігі милы затта орналасқан. Бүйректің жинаушы түтікшелері бүйректің бүртігі аймағынад бір-бірімен қосылып, тік бағытталған бүртіктік түтіктер түзеді.(ductus papillae)
7) Бүртіктік түтіктер(ductus papillae)-екіншілік несепті сыртқа шығаратын бүйрекшелік түтікше. Милы затта орналасқан. Бүйрек бүртігінің бетіне бүртіктік тесіктер(foramen papillae) арқылы ашылады.
8)Бүртіктік тесіктер(foramen papillae)- пирамиданың ұшының бірігуінен түзілген бүртіктерде орналасады. Осы тесіктерге байланысты торлы келеді; сондықтан тесіктер орналасқан жерді торлы алаң(area cribrosa) деп атайды. Бүртіктік тесіктер арқылы екіншілік несеп бүйректің кіші тостағаншарына(calyces renalis minores) өтеді.
Жалпы айтқанда бүйрек түтікшелері атқаратын қызметіне қарай 3 бөлемнен тұрады:
1) біріншілік несепті түзетін бөлім- Шумлянский-Боймен капсуласы.
2) екіншілік непті түзетін бөлім- бүйректің проксимальді иректелген түтукшесі, генле ілмегі, бүйректің дистальді иректелген түтікшесі, қосымша бөлік.
3)екіншілік несепті сыртқа шығаратын бүйрекшелік бөлімдер- бүйректің жинаушы түтікшесі, бүртіктік түтік, бүртіктік тесіктер.
Б) Бүйректің қантамырлар жүйесі
Біріншілік және екіншілік несптің түзілуі бүйректің қантамырлар мен түтікшелер арасында жүретін абсорбция, фильтрация, реабсорбция процестері арқылы жүреді. Сол себепті бүйректің қантамырларының да өзіндік ерекшеліктері бар.
Несептің түзілу ретіне сәйкес бүйректің артериясынан үлесшеаралық венаға дейін қарастырылады:
1) Бүйрек артериясы(a.renalis)
2)Сегменттік артериялар(aa.segmentales)
3)Үлесаралық артериялар(aa.interlobares)
4) Доғалық артериялар(aa.arcuatae)
5) Үлесшеаралық артериялар(aa.interlobulares)
6) Шумақтың әкелуші артериолары немесе әкелуші тамыр(arteriola glomerularis afferens)-үлесшеаралық артериядан басталып, шумақ капсуласынын ішіне өтеді де,бірінші реттегі қан капиллярын құрайды.
7) Бірінші реттегі қан капиллярлар шумағы немесе бүйрек денешігінің капилляр шумағы (glomerulus corpusculi renalis) -әкелуші артериоланың жалғасы. Шумлянский-Боумен капсуласында орналасқан.
8) Шумақтың әкетуші артериолары немесе әтелуші тамыр(arteriola glomerularis efferens)-екінші реттегі қан капиллярына тармақталады.
9) Екінші реттегі қан капияллярлары- әкетіш артериоланың жалғасы болып табылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   139   140   141   142   143   144   145   146   ...   202




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет