1. Анатомия пәніжәнемаңызы. Клиникадажәне медицина практикасында анатомия пәнініңмаңызы. Анатомиялықтексерістердіңшараларыжәнеәдістері. Адам анатомиясы


Көмей бұлшықеттері (кеңейткіштер, қысқыштар, дауыс саңылауын керетін бұлшықеттер)



бет123/202
Дата07.12.2022
өлшемі0,58 Mb.
#55509
1   ...   119   120   121   122   123   124   125   126   ...   202
Байланысты:
Анатомия сессия

117.Көмей бұлшықеттері (кеңейткіштер, қысқыштар, дауыс саңылауын керетін бұлшықеттер).
Көмей бұлшықеттері, musculi laryngis, атқаратын қызметіне қарай: дауыс санылауьін кеңейтетін, тарылтатын және дауыс байламын керетін бұлшықеттерге бөлінеді.
Дауыс саңылауын тарылтатын бұлшықеттер:
▼1. Латералді жүзік-ожаутәрізді бұлшықеті, т. cricoarytenoideus lateralis. Ол жүзіктәрізді шеміршектің доғасынан басталып, жоғары және артқа қарай өтіп, ожаутәрізді шеміршектің бұлшықеттік өсіндісіне, processus muscularis, барып бекиді. Қызметі: Бұлшықеттік өсіндіні алға және төмен тартып, дауыстык өсіндіні ішке қарай бұрып, дауыс саңылауын тарылтады.
▼2. Қалқаншаожаутәрізді бұлшықеті, т. thyroarytenoideus, қалқанша шеміршектің ішкі бетінен басталып, жоғары және артқа қарай бағыт алып, кіреберіс катпарының, plica vestibularis, терең кабаты арқылы өтіп, ожаутәрізді шеміршектің бұлшықеттік өсіндісіне барып бекиді. Қызметі: жиырылған кезде ожаутәрізді шеміршектің бұлшықеттік өсіндісі, processus muscularis, алға карай жылжып, дауыстық өсінділері бір-біріне жақындап, дауыс саңылауынын жарғақтық бөлігі тарылады.
▼3. Көлденең ожаутәрізді бұлшықеті, т. arytenoideus transversus, тақбұлшықет. Бұлшықет он және сол жақ ожаутәрізді шеміршегінің артқы бетінде көлденең орналасқан. Қызметі: дауыс саңылауының шеміршектік бөлігін тарылту.
▼4. Қиғаш ожаутәрізді бұлшықеті, т. arytenoideus obliguus, ол жоғарыда айтылған бұлшыкеттің бетінде беткей қиғаш бағытта қиылысып орналасқан жүп бұлшыкеттен тұрады. Бұлшықет ожау-көмей қақпашығы қатпарынын, plica aryepiglottica терең қабаты арқылы өтіп, ожау-көмей қақпашығы' бұлшықетіне, т. aryepiglotticus жалғасады. Қызметі: дауыс саңылауын тарылтып, көмей кірісін aditus laryngis, тарылтып, көмей қақпашығын төмен тартады.
Дауыс саңылауын кеңейтетін бұлшықеттер:
▼1. Артқы жүзік-ожау тәрізді бүлшықеті, т. cricoarytenoideusposterior. Бұлшықет жүзіктәрізді шеміршек табақшасының артқы бетінен басталып, латералді және жоғары өтіп, ожаутәрізді шеміршектің бұлшыкеттік өсіндісіне, processus muscularis, бекиді. Қызметі: жиырылған кезде ожаутәрізді шеміршектің бұлшықеттік өсінді, processus muscularis, артқа және медиалді бұрылып, дауыс өсінді, processus vocalis, латералді бұрылып, дауыс саңылауын кеңейтеді.
▼2. Қалқаншакөмей қақпашығы бұлшықеті, т. thyroepiglotticus, ол қалқанша-көмей қакпашығы байламының, lig thyroepiglotticum, бүйір қапталында орналасқан. Бұлшықет калқанша шеміршектің ішкі бетінен басталып, көмей қакпашығының бүйір қапталына барып бекиді. Қызметі: көмейдің кіретін тесігін кенейтіп ашу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   119   120   121   122   123   124   125   126   ...   202




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет