34.Буындардыңқұрылысы. Буындардың буын пішініне, қозғалыс біліктеріне, қызметтеріне байланысты жіктелуі. Буындарды бірнеше принцип бойынша жіктейміз: 1. Буындық беттерінің саны бойынша; 2. Буын бетінің пішіні бойынша; 3. Қозғалыс білігіне байланысты; 4. Қызметі бойынша.
Буындық беттерінің саны бойынша:
1. Тек екі буындық беті болса – қарапайым буын (саусақаралық буындар).
2. Екіден көп буындасқан беті бар – күрделі буын (шынта буыны).
3. Буынды 2 камераға бөлетін буынішіндегі шеміршегі бар – кешенді буын. Егер шеміршегі диск пішінді болса(шықшыт буыны), камераға толық бөлінеді; егер шеміршек жарты ай тәрізді мениек пішінді болса(тізе буыны), камераға толық бөлінбейді.
4. Бірлесе қызмет атқаратын, бірақ бір-бірінен бөлек орналасқан буын – үйлесімді буын(екі шықшыт буындары, проксималды жне дисталды кәрі - жілік буындары, т.б.).
Қозғалыс білігіне байланысты:
Бір білікті. Бұндай буындарда қимыл бір біліктің айналасында жүреді. Оныңөзі фронтальді және вертикальді біліктер болып бөлінеді:
Фронтальді білік айналасында- бүгілу және жазылу қимылдары болады.
Вертикальді білік айналасында- айналдыру қимылы жүреді.
Бір білікті буындар бет пішініне байланысты:
Цилиндрге ұқсас (articulatio cylindrica) – Буындасқан сүйектердіңұзын білігіне параллель білікті айнала қозғалуды қамтамасыз етеді, яғни айналғыш буын. Оларға: ауыз-білік, кәрі жілік-шынтақ проксимальді және дистальді буындар жатады.
Шығыр тәрізді (ginglimus) – Буындасқан беттердегі бағыттаушы жүлегелер мен бүйірге қарай ығысуды болдырмай, бір білікті айнала қозғауға көмектеседі. Бунақаралық және винт тәрізді буындар (articulatio trochlearis) жатады. Фронтальді білік айналасында қимылдайды.
Екі білікті. Қимыл екі білік айналасында жүреді. Фронтальді және сагитальді білік йналасында жүреді. Олар бес қимыл кезінде қимылдайды: бүгілу, әкелу, жазылу, әкету, айналдыру.
Екі білікті буындар пішініне байланысты:
Эллипс тәрізді (articulatio ellipsoidea) – Біріне бірі перпендикулярлы екі горизонталды білікті айнала қозғалуды қамтамасыз етеді: 1. Фронталды білікті айнала – бүгу және жазу; 2. Сагиталды білікті айнала – әкелу және әкету. Ауыз-шүйде, кәрі жілік-білезік буындары мысал бола алады.
Айдаршықты буын (articulation bycondylaris) – Дөңгелек өсінді түріндегі дөңес буын басы бар, пішіні эллипске жақынырақ – айдаршық (condylus) деп аталады. Оған басқа сүйектің буындасқан бетіндегі ойысы сәйкес келеді. Мысалы: тізе буыны және ауыз – шүйде буыны.
Ертоқым тәрізді (articulatio sellaris) – Бірініңүстіне бірі отырған екі ертоқым тәрізді буындасқан беттерден құрылған, біреуі екіншісініңұзына бойымен және көлденеңқозғалады. Бас бармақтардың, білезік-алақан, төс бұғана буындарын мысал ретінде айта аламыз.
Көп білікті. Үш білік айналасында жүреді жәнеде алты қимыл көлемі бар.
Көп білікті буындар пішініне байлнысты:
Шар тәрізді (articulatio spheriodea) – Буындық беттерінің бірі дөңес, шар тәрізді пішінді буын басын, ал басқасы тиісінше ойыс буын тілігін түзеді. Бір біліктен екінші білікке шеңбер бойынша ауысқан айналма қозғалыс жасалады.Нағыз шар тәрізді буындарда қосалқы байламдар аз, яғни бұл олардыңқозғалыс еркіндігін көрсетеді. Мәселен: иық буыны және де тостағанша тәрізді ұршық буыны жатады.
Жалпақ буын (articulatio plana) – Оларда қозғалыс үш біліктің айналасында жасалады, буынды беттерінің аудандарының айырмасы аз болуына байланысты қозғалыс көлемі де аз. Буын беті аудандары сәйкестігі, капсуланың жалғамамен бекуі және таю қимылдары тән.
Сонымен қатар білік санына тәуелді емес, көлемі шектеулі буындар да бар. Олар бізде қатаң буындар - амфиартоздар деп аталады. Қысқа, қатты тартылған буын қапшығы және өте мықты созылмайтын қосалқы аппараты, яғни қысқа мықтаушы байламдары бар. Оған: аяқұшы және сегізкөз буындарын жатқызамыз.