1. Анатомия пәніжәнемаңызы. Клиникадажәне медицина практикасында анатомия пәнініңмаңызы. Анатомиялықтексерістердіңшараларыжәнеәдістері. Адам анатомиясы



бет77/202
Дата07.12.2022
өлшемі0,58 Mb.
#55509
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   202
Байланысты:
Анатомия сессия

68) Қолтықтық шұңқыр, қабырғалары.
Қолтық шұңқыры, fossa axillaris, қолтық аумағында, кеуде мен иықтың аралығында орналасқан. Қолды сыртқа және жоғары қарай алшақтатып көтерген жағдайда, бұл шұңқыр айқын байқалады. Қолтық шұңқырының алдыңғы қабырғасы: қатпарланған тері мен кеуденің үлкен бұлшықетімен шектелсе, артқы қабырғасы: арқаның тым жалпақ бұлшықеті мен үлкен жұмыр бұлшықеті арқылы шектелген. Жоғарғы қабырғасы, қолтық шұңқырының фасциялық қабықшасымен шектелген. Қолтық шұңқырының жоғарғы қабырғасын, кескен жағдайда бұл шұңқыр қолтық қуысына ұласады.
Қолтық қуысы, cavum axillaris, ол қолтық шұңқырының тікелей жалғасы болып саналады. Бұл шұңқырдың сыртқы пішіні, төртбұрышты пирамида тәрізденіп келген негізі, төбесі ажыратылады. Қолтық қуысының 4 қабырғасы ажыратылады:

  1. Алдыңғы қабырғасы: кеуденің үлкен, кіші бұлшықеттерінен;

  2. Медиалдік қабырғасы: кеуденің алдыңғы тісшеленген бұлшықетінен;

  3. Артқы қабырғасы: жауырын астылық бұлшықеті, m. subscapularis мен үлкен жұмыр бұлшықетінен, m. teres major, және арқаның аса жазық бұлшықетінен, m. latissimus dorsi;

  4. Латералді қабырғасы: құстұмсық-иық бұлшықеті, m. coracobrachialis, мен иықтың екі басты бұлшықетінің қысқа басынан, caput brevis m. bicipitis braсhii, тұрады.

Қолтық қуысының артқы қабырғасы қан тамырлар мен нервтер өтетін: үш жақтылық және төрт жақтылық тесікті құрайды. Үш жақтылық тесік, foramen trilaterum. Бұл тесіктің жоғарғы, төменгі және латералді қабырғалары ажыратылады.

  1. Жоғарғы қабырғасы: жауырын астылық бұлшықеті, m. subscapularis мен кіші жұмыр бұлшықеттің, m. teres minor төменгі жиегінен тұрса;

  2. Төменгі қабырғасы: үлкен жұмыр бұлшықеттің, m. teres major жоғарғы жиегімен шектелген;

  3. Латералді қабырғасы: иықтық үш басты бұлшықетінің ұзын басынан, caput longum m. tricipitis brachii, тұрады.

Төрт жақтылық тесік, foramen quadrilaterum, үш жақтылық тесіктің латералді қапталында орналасқан. Бұл тесіктің төрт қабырғасы: жоғарғы, төменгі, латералді және медиалді қабырғалары ажыратылады.

    1. Жоғарғы қабырғасы: жауырын астылық бұлшықеті, m. subscapularis мен кіші жұмыр бұлшықеттің, m. teres minor; төменгі жиегінен;

    2. төменгі қабырғасы: үлкен жұмыр бұлшықетімен, m. teres major;

    3. медиалді қабырғасы: екі басты бұлшықеттің ұзын басы мен, caput longum m. tricipitis brachii, шектелген:

    4. латералді қабырғасы: тоқпан жіліктің хирургиялық мойнымен, collum chirurgicum шектелген.

Қолтық қуысының пайда болуы, мойын аумағынан иық белдеу, қол бұлшықеттерін қандандырылуға, нервтендірілуге бағытталған анатомиялық құрылымға тікелей байланысты. Сол себепті қолтық қуысының қан тамырлары мен нервтерінің және лимфа тамырларының топографиялық орналасуын анықтап, ауруды дәйекті түрде, хирургиялық тұрғыда дұрыс емдеу үшін: бұғана - кеуде, кеуделік және кеуде астылық үшбұрыштар ажыратылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   202




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет