1. Анатомия пәніжәнемаңызы. Клиникадажәне медицина практикасында анатомия пәнініңмаңызы. Анатомиялықтексерістердіңшараларыжәнеәдістері. Адам анатомиясы


Өкпенің құрылымдық-функционалді бірлігі



бет127/202
Дата07.12.2022
өлшемі0,58 Mb.
#55509
1   ...   123   124   125   126   127   128   129   130   ...   202
119.Өкпенің құрылымдық-функционалді бірлігі.
Өкпе, pulmo тыныс алу жүйесінің негізгі мүшесі. Ол кеуде қуысында, cavum thoracis, өкпеқаптың ішінде, pleura pulmonalis, орналасқан жұп мүше. Өкпенің сыртқы пішіні кесілген конустәрізді, екі өкпенің өкпе ұшы, apex pulmonis, және өкпе негізі, basis pulmonis, ажыратылады. Өкпе ұшы, apex pulmonis, алдынан қарағанда: І-кабырғадан 3- 4 см, немесе бұғана сүйегінен 2-3 см жоғары орналасады, артқы бетінен қарағанда, ол УІІ мойын омыртқаның көлденең өсіндісіне тұспалас орналасады. Өкпе негізі, basis pulmonis, жалпақ, көкетпен беттесіп орналасқан. Екі өкпенің дөңестеу келген қабырғалық беті, facies costalis, ойыстау келген төменгі көкеттік беті, facies diaphragmatica, және көкірекаралық беті, facies mediastinalis ажыратылады.
Ацинус acinus pulmonis-өкпенің құрылымдық-функционалді бірлігі.
Функциясы:сыртқы тыныс алу яғни сырттан келген ауаның газ алмасу процесі.
Морфологиялық құрылысы 2 құрылымнан тұрады:
1)альвеолалық ағаш; 2)қан капиллярлары.
Өкпенің түзілуі:
Әр өкпенің сегменттері немесе бронхөкпелік сегментінің терең қабаты өте ұсақ, қабырғалық бетінің көлемі 4 см-дей, өкпенің екінші реттегі бөлшектерінен, lobuli pulmonis secundarii, тұрады. Өкпенің бронхөкпелік сегментінің ұсақ бөлшектерінің сыртқы пішіні пирамидаға ұқсас, көлемі 4 см -дей өкпе паренхима тінінен тұрады. Өкпе бөліктерінің ұшы өкпе қақпасына, негізі сыртқа қарап орналасқан. Өкпе бөлшектерінің сыртқы беті, тыныс алу кезінде қозғалысын жеңілдету үшін дәнекер тіндермен және қантамыр торларымен шектелген. Өкпе бөлшектерінің, lobuli pulmones secundarii, меншікті бронхтарының диаметрі 1-мм шамасындай. Өкпе бөлшектерінің 8- реггік бронхыларында шеміршек тіндері сақталған, саны 800-дей ұсақ бөлшектік бронхтарға бөлінеді. Ұсак бөлшектік бронхтар, одан әрі өту жолы өте жіңішкелеу келген диаметрі 0,3-0,5 мм, саны 16- 18-дей, терең қабатында бронх бездері мен шеміршектік тіндері жок соңғы бронхшаларға, bronchioli terminalis, бөлінеді. Өкпенің басты бронхтарынан, bronchus principalis бастап, соңғы бронхшаларға дейінгі бронхтардың жиынтығы бронхиалды тармақ arbor bronchialis деп аталынады. Қызметі: тыныс алу кезінде ауаны өткізу
Өкпе бөлшектерінің, lobulus pulmonis secundarii, терең қабатындағы соңғы бронхшалар, brortchioli terminates, одан әрі екі-екіге тармақталынып, өту жолы өте жіңішкелеу келген, қабырғалары тыныс алу көпіршіктерінен тұратын бірнеше тыныс алу бронхшаларына, bronchioli respiratorii, бөлінеді. Одан әрі, тыныс алу бронхшалары сәуле бағытга орналасқан өкпенің көпіршіктер жолдарына ductuli alveolares, жалғасады. Көпіршіктер жолдары, одан әрі кеңейе, көпіршіктер қапшаларын, sacculi alveolares, құрап тұйықталады. Қабырғалары: бірқабатты эпителиймен қантамыр торларынан тұрады. Қызметі: тыныс алу қызметін реттеу.
Тыныс алу бронхшаларымен көпірш іктер жолдары және көпіршіктер қапшалары бір-бірімен күрделі өзара жалғасып, өкпенің көпіршіктер тармақтарын немесе өкпенің паренхимасын құрайды. Сырткы пішіні жүзімнің шоғырынаұқсас, өкпенін анатомиялык-функционалдық бірлігі ацинусты немесе arbor alveolaris, кұрайды. Өкпенің ацинустарының жалпы саны 30 000 болса, көпіршіктердің саны 300-350 млн. Өкпенің беті, ауаны сыртқа шығарған кезде көлемі 35 м 2, ауаны жұтқан кездегі көлемі 100 м2 -тай. Өкпе ацинусында қан мен ауа арасында газ алмасу процесі жүреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   123   124   125   126   127   128   129   130   ...   202




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет