1)
Қандай-да бір шарттар жиынтығының жүзеге асырылуы нәтижесінде
оқиғаның пайда болу мүмкіндігінің дәрежесін сипаттайтын сан-
ықтималдық
2)
Белгілі бір шарттар жиынтығының жүзеге асырылуы нәтижесінде пайда
болуы немесе пайда болмауы мүмкін оқиға- кездейсоқ оқиға
3)
Биологиялық нысандарды табиғи және эксперименттік зерттеулерді
жоспарлау және олардың нәтижелерін талдау ережелері жөніндегі білімдер
жүйесі-биостатистика
4)
Қоғамдағы құбылыстарды, процестерді сандық және сапалық жағынан
тығыз байланыстыра отырып қай жерде және қай уақытта болғанын
зерттейтін қоғамдық ғылымның бір саласы-статистика
5)
Жиынтықтағы әрбір нысанға тән белгілі бір сапаны сипаттайтын
деректер-сапалық деректер
6)
Мәндері санмен өрнектелген айнымалылар-сандық деректер
7)
Деректердің бұл түрін өлшеуге немесе мәндері бойынша реттеуге
болмайды-номинальды немесе категориальды деректер
8)
Деректер қиылыспайтын категорияларға жатады және реттеледі. Бұл
түрдегі деректермен арифметикалық амалдар орындауға болмайды- реттік,
(ординальды рангілік)
9)
Деректер тек қана белгілі бір анықталған сандық мәндер қабылдайды
және арасында аралық мән болмайды-дискретті сандық деректер
10) Деректер берілген диапазондағы кез келген сандық мәнді қабылдайды-
үздіксіз сандық деректер
11) Дискретті немесе категориальды деректер үшін-1)бағаналы диаграмма,
айналма диаграмма, сегменттелген бағаналы, нүктелік график,
жиіліктер полигоны.
12) Үздіксіз деректер үшін-1) гистограмма, жапырақты сабақша
диаграмма, мұртты жәшік диаграммасы.
Достарыңызбен бөлісу: |