1. Арнайы ептіліктерді дамытуға бағдарланған



Дата23.02.2022
өлшемі14,72 Kb.
#26239
Байланысты:
Документ Microsoft Word


Қазіргі таңда адамдар мен психологиялық жұмыстың топтық формаларын көрсету үшін «әлеуметтік-психологиялық тренингі (ӘПТ)» терминің қолданады. Әдебиеттерде ӘПТ түрлі анықтамалары бар. Емельянов Ю.Н. ӘПТ үйренуге деген қабілеттерді дамыту және іс-әрекеттің кез-келген күрделі түрлерін меңгеруге деген әдістердіңтобы ретінде анықтайды. Л.А.Петровский жұмыстарында әлеуметтік-психологиялық тренинг топтық контексте интенсивті үйрету процесінде психологиялық әсер етудің формасы ретінде анықтайды. ӘПТ тәсілдерімен шешілетін міндеттер, тренингтің алуан түрлі формаларын анықтайды. Барлық алуан түрлі формаларды 2 классқа бөлуге болады:

1. Арнайы ептіліктерді дамытуға бағдарланған;

2. Қарым-қатынас жағдайларын-өз-өзін және қарым-қатынастағы сергін, топтық ситуацияны толығымен адекватты талдау тәжірибесін тереңдетуге мақсатталған.

Осы аталған анықтамалардың негізінде ӘПТ бірінші негізгі мақсаты – қарым-қатынас сферасында компетентілікті жоғарлату.

ӘПТ жалпы мақсаты келесі міндеттермен нақтыланады. Қарым-қатынастағы компетенттіліктің факторлары (В. Л. Захаров, Ю. Ю. Хрящева):

1. Тұлға психологиясы, қарым-қатынас топтары аумағында білімдерді меңгеру;

2. Қарым-қатынас ептіліктері және дағдыларын меңгеру;

3. Сәтті қарым-қатынасқа қажетті ұстанымды дамыту және қалыптастыруды коррекциялау;

4. Өзін және басқаларды адекватты және толық бағалай алу қабілеттерін дамыту;

5. Адамдар арасында қалыптасатын өзара қарым-қатынасты қабылдау және бағлау қабілеттерін дамыту;

6. Тұлға қатынасы жүйесін коррекциялау және дамыту.

Сонымен ӘПТ бірінші аспектісі – қарым-қатынас компетенттілігін дамытуға деген бағыттылық.

ӘПТ – қарым-қатынастағы компетенттілікті дамыту мақсатында топтық психологиялық жұмыстың белсенді әдістерін қолдануға бағдарланған практикалық психологияның облысы болып табылады.

ӘПТ базалық әдістері – топтық пікір-талас, түрлі модификация және мазмұндағы рөлдік ойындар. ӘПТ адам саны 7-ден 15-ке дейін, сабақтың жалпы жалғасымы бірнеше күннен бірнеше айға дейін. Қатысушылардың кездесуі күнделікті немесе сирек болады. Мсыалы, аптасына бір-үш рет. Әрбір жеке кездесу бір жарым, үш сағат және одан да жоғары. Екі-үш күн үздіксіз жұмыс істеудегі топтық марафонды да көрсетуге болады.

ӘПТ мақсаты:

4. Психологиялық білімдерді меңгеру;

5. Қарым-қатынас сферасында ептілік және дағдыны қалыптастыру;

6. Сәтті қарым-қатынасқа қажетті ұстанымды қалыптастыру және дамыту, коррекциялау;



7. Өзін және басқаларды адекватты және толық тану қабілеттілігін дамыту;

8. Тұлға қатынасы жүйесін коррекциялау және дамыту.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет