1. Асқорыту оның маңызы. Асқорыту жүйесінің қызметі. Ас қорыту типтері. Ас қорыту, оның маңызы


Химус құрамыдағы ферменттер-қоректі заттарды қалдықтарын ыдыратады



бет7/20
Дата13.12.2022
өлшемі2,35 Mb.
#56882
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   20
Байланысты:
3 РК. Физиология жауап)

Химус құрамыдағы ферменттер-қоректі заттарды қалдықтарын ыдыратады

  • Химус қоюланып-нәжіс пайда болады

  • Көптеген микроорганизмдер бар: клетчатканы ыдырататынын; Белоктарды шірітетін

  • Сүт қышқылын пайда болдыратын- ашыту процесті күшейтеді –микробтар. Сүт тағамдары көп.

  • Белоктардың шіру процесінде пайда болатын-индол,фенол, скатол, крезол- улы заттар-бауырда-зиянсыз қосылыстарға айналады

  • Тоқ ішектің микрофлорасы витамин, К- -түзеді

    7 Ас қорыту жолының түрлі бөлімдерінде заттардың сіңірілуі



    8. зат алмасу туралы түсінік. Ассимиляция және диссимиляция үрдістері
    Заттар мен энергия алмасуы – заттар мен энергияның адам организмінде өзгеруі жүретін физикалық, химиялық және физиологиялық үрдістердің жиынтығы.
    Зат алмасуының 4 кезеңі бар:

    1. Қоректік заттардың ішек-қарындағы гидролизі – қоректік заттардың ферменттік ыдырауы.

    2. Гидролиз өнімдерінің қанға және лимфаға сіңуі.

    3. Қоректік заттар мен О2жасушаларға тасымалдануы – заттар мен энергияның жасуша ішілік алмасуы.

    4. Заттар алмасуының соңғы өнімдерінің сыртқа шығарылуы.

    Заттар мен энергия алмасуында өзара байланысты екі үрдіс ажыратылады: анаболизм (ассимиляция) және катаболизм (диссимиляция).
    Ассимиляция деп жай заттардан күрделі қосылыстардың түзілу реакцияларының жиынтығын айтамыз. Бұл реакциялар энергияны қажет етеді. Пластикалық алмасу нәтижесінде жасушалардың құрамы жаңарады. Анаболизм, биосинтез немесе конструктивті метаболизм, клетканың қор заттары және құрылымдық элементтерінің биосинтез реакцияларының жиынтығы. Анаболизм кезінде клеткалық заттардың қарапайым молекулалардан синтезі энергия жұтылуымен жүзеге асады. Анаболизм жолында ең алдымен клетканың негізгі компоненттері, одан кейін полимерлі макромолекулалар синтезделеді. Ал диссимиляцияда күрделі заттар ыдырап энергия бөлінеді. Бөлінген энергия ағзаның тіршілігін сақтап, ой және дене еңбектерін орындаға жұмсалады.Катаболизм (грекше katabole – сыртқа шығару, ыдырау), организмде тіршілік әрекеті процесінде пайдаланылған энергияны босата отырып, қажетсіз заттарды денеден сыртқа шығарып тастау. Клетка мен тінде болатын тотығу процесі ферменттерінің қатысуымен үздіксіз жүретін құбылыс. Ондағы белок, май, көмірсу сияқты күрделі органикалық заттар тотығу әсерінен ыдырайды. Осы процестен пайда болған энергия тіршіліктің қажетіне жұмсалады.
    9. Негізгі алмасу дегеніміз не?
    Жұмсалған энергия мөлшері айналадағы температураға, істелген жұмыстың ішілген астың түріне, оның мөлшері мен құрамына денедегі зат алмасу қарқынына байланысты.
    Негізгі алмасу – тіршілікке қажетті ең төменгі энергия алмасуы.
    Негізгі алмасуды стандартты жағдайларда анықтайды:

    1. аш қарында, ас қабылдаған соң 12-14 сағаттан кейін. Өйткені, ас ішкен кезде ас қорыту ағзаларының қызметін қамтамасыз ету үшін адамға қосымша энергия жұмсауға тәулігіне 500-ккалдай керек.

    2. дене еттері босаңсыған, толық тыныштық күйде. Қимылдаған кезде дене еттері жиырылады да, энергия жұмсалады.

    3. комфортты температурада – 18-22оС. Сыртқы ауа температурасы төмен болса, оны жылыту үшін көбірек жұмсалады.

    Негізгі алмасц деңгейі адамның бойына, жасыны, салмағына, жынысына байланысты.
    Ересек адам үшін негізгі алмасудың орташа мәні 1 ккал/кг/сағ тең.
    Салмағы 70 кг, бойы 165-170, жасы 35-16 ересек ер адам үшін негізгі алмасудың мәні = 1700 ккал/тәул
    Әйелдер үшін = 1500 ккал/тәул. Ал бала энегияны ересек адамға қарағанда көбірек жұмсайды. 20-40жас аралығында негізгі алмасу деңгейі көп өзгермейді, бірақ жас ұлғайған сайын біртіндеп төмендей түседі. 80жастағы қартта негізгі алмасу бұдан да төмен. Эндокриндік ауруларға, гипертиреозаға шалдыққан адамда зат алмасу қарқыны өте жоғары, осының себебінен адам жүдеу келеді, энегия да көп ысырап болады. Ер адамға қарағанда әйелде заттар алмасу қарқыны 10% төмен. Негізгі алмасу адамның көңіл-күйіне қарай өзгеріп отырады.

    10. Жұмыс алмасу. Атқаратын жұмыс (кәсіп) сипатына, жасқа байланысты организмнің энергия алмасуы.


    Негізгі алмасу деңгейі адамның салмағына, бойына, жасына, жынысына байланысты. Жұмсалған энергия мөлшері салмаққа байланысты болғандықтан ол адамның 1 кг салмағына жұмсалатын энергиямен белгіленеді. Орта бойлы (170 см) 25-40 жастағы адам бір сағат ішінде салмағының әрбір килограмына 1 ккал (4,2 кДж) энергия жұмсайды. Салмағы 70 кг ер адам тәулігіне денесінен 1700 ккал (7117 кДж) энергия бөләп шығарады. Бұл нормалдық энергия мөлшері адамның тіршілігін сақтауға қажет ағзалар қызметіне жұмсалады. Бала энергияны ересек адамнан әлдеқайда көп жұмсайды. 20-40 жас аралығында негізгі алмасу деңгейі көп өзгермейді, бірақ жас ұлғайған сайын біртіндеп төмендей түседі. 80 жастағы қартта негізгі алмасу бұдан да төмен. Эндокриндік ауруларға, әсіресе гипертиреозға шалдыққан адамда зат алмасу қарқыны өте жоғары, осыған орай адам жүдеу келеді, энергия да көп ысырап болады. Ер адамға қарағанда әйелде зат алмасу қарқыны 10% төмен. Дененің қимыл-әрекетіне, оның ауыр-жеңілдігіне қарай энергия бірде көп, бірде аз жұмсалады. Ой еңбегімен айналысқан адамдарда энергия шығыны негізгі алмасу мөлшерінен 2-3%-тей ғана басым. Эмоция әсерінен энергия негізгі алмасудан 10-19% жоғары болуы мүмкін. Адам денесіне түсетін ауыртпалықты біртіндеп күшейтсе, энергия шығыны да ауыртпалық салмағына қарай әр дәрежеде көбейіп отырады. Мәселен, зат алмасу барысында адам жоғарыда көрсетілгендей, сағатына орта есеппен 1 кг салмаққа 1 ккал (4,2 кДж) энергия жұмсалса, жай отырғанда ол 1,5 ккал (6,3 кДж), жеңіл жұмыс істелген кезде (кеңсе қызметкерлері, тігіншілер, мұғалімдер) 1,8-2,5 ккал (7,5-10,5 кДж) энергия жұмсайды. Жай жүріп қызмет атқарғандар (лаборанттар, дәрігерлер, кітап түптеушілер) 2,8-3,2 ккал (11,8-13,4 кДж), ал жұмыста жеңіл-желпі қимыл жасайтындар (металлистер, сылаушылар, ағаш ұсталары) сылаушылар, ағаш ұсталары) 3,2-4,0 ккал (13,4-16,8 кДж) және ауыр қара жұмыс істейтіндер 5,075 ккал (21,0-31,5 кДж) энергия жұмсайды. Ересек адамда жұмсалған энергия кәсіп мөлшеріне қарай бес топқа бөлінеді.

    Топ

    Кәсіп түрі

    Энергия шығыны, ккал/тәул

    1



    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   20




    ©emirsaba.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет