Құрылыс ерекшілігі:
1-Эритроцит- ядросыз,органелалары болмайтын,гемаглобині бар,қызыл түсті
құрылымдар.Қызметіне келер болсақ, тыныс алу-құрамында
темір молекуласы
болатын гемоглабин ақуызының көмегі арқылы оттегі мен көмір қышқыл газдарын
тасымалдауға қатысады.Транспорттық-аминқышқылдармен токсиндерді сонымен
қатар бірсыпыра дәрі-дәрмектерді жұтып яғни адсорбциялап
тасымалдайды.Тіршілік ұзақтығына келер болсам эритроциттер 100-120 тәулік бойы
циркуляцияға ұшырап жоғарыда айтылған қызметтерді атқарады.
2-Лимфоцит-осылай аталуы олардың тек
қана қанда емес, лимфада да тұрақты
кездесетіне байланысты. Пішіні дөңгелек болып келеді.
Қызметі: Иммундық реакцияларға қатысады. Қызметіне байланысты үш түрге
жіктеледі:
В, Т және 0-дік лимфоциттер. Олар бінеше белгілермен ерекшелінеді. Қандағы
мөлшер санымен, бетіндегі рецепторларымен, иммундық
реакция атқару ролімен,
шығу тегімен, өмірінің ұзақтығымен, лимфоидтық мүшелерде орналасу ретімен.
3-Моноцит- дөңгелек пішінді болып келетін, плазмолеммасы
жасушаны
ынталандыратын хемотаксистік сигналдарды қабылдайтын рецепторлармен
жабдықталған. Ядросы ірі болып келеді. Бірнеше қызмет атқарады:
фагацитоздық,қорғаныш, санитарлық ,регулярлық секілді.
4-Гранулоцит -цитоплазмасында арнайы түйіршіктері болады. Ядросы
сегменттелген, митоздық бөлінуге және одан әрі дифференциялануға қаблетсіз.
5-Тромбоцит- Жасуша цитоплазмасының ядросыз бөлігі,түссіз,ұсақ.
Пішіні
домалақ және сопақша немесе ұршық тәрізді болып келеді.Диаметрі-2-4 мкм.
Қызметі: қан ұюға және серотонин метаболизміне қатысады. Тіршілік ұзақтығы- 9-
10 тәулік болады
Достарыңызбен бөлісу: