1. Атауы: Аксолотльдің бауыры Бояуы: Гематоксилин-эозин. Х 400


Бояуы: гематоксилин-пикрин қышқылы. х 100. Бояу ерекшеліктері



бет57/69
Дата19.09.2023
өлшемі371,61 Kb.
#108435
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   69
Байланысты:
1. Атауы Аксолотльдің бауыры Бояуы Гематоксилин-эозин. Х 400-emirsaba.org

Бояуы: гематоксилин-пикрин қышқылы. х 100.
Бояу ерекшеліктері: Жұмыртқа қабығы үш қабаттан тұрады: плазмалемма,
жылтырақ зона, фолликулдық жасушалар.Жылтырақ зона гликопротеидтер
мен ГАГ-тардан тұратын, плазмадемма сыртындағы қабат.Оның
қалыптасуына овоцит,фолликулдық жасушалар қатысады.Фолликулды
жасушалар сәулелі тәж деп аталатын, қорғаныштық, трофикалық қызмет
атқарады.Цитоплазмада белок синтездеуші, гольджи кешені жақсы дамыған,
қоректік макромолекулалары бар.Ядро-жасушаның барлық тіршілік әрекетін
бақылап отыратын орталық бөлігі.Мұндай болуы құрамында генетикалық
аппарат болуына байланысты.
Бұл препаратта кәдімгі сопақ пішінді оқшауланған жасушалар интенсивті
қызғылт түсті біртекті цитоплазма. Жасушаның ортасында ұзартылған сопақ
пішінді жасуша ядросы орналасқан.
Бұл препаратта негіздік бояғыш гематоксилин , ал қышқылдық бояғыш –
пикрин қышқылы ол гистологиялық құрылымдарды қызғылт түске бояйды.
Бақа жұмыртқасының анимальдік бөлігі меланин салдарынан қара қоңыр
түске ие.Ал вегетативті бөлігі пигментсіз болған үшін сары-ақшыл болады.
Құрылысы: 1-аналық жыныс жасушасының қабығы;
2 -цитоплазмадағы саруыз қосындылары;
3 –ядро.





Қызметі: 

ұрықтану

полиспермияны алдын алу

ұрық дамуының алғашқы сатыларын қамтамасыз ету
Орналасуы: Бақаның аналық жыныс безіндегі аналық жыныс жасушасы
Анықтама: Адамның аналық жыныс жасушасының диамтері 130 мкм
құрайды. Цитолеммаға жылтыр немесе мөлдір қабық қоршап және
фолликулярлы жасушалар бекініп тұрады. Ядросында хромосомалар саны
гаплоидты, жыныс хромосамасы Х-хромосомадан, және ядрошықтан,
кариолеммадан тұрады. Цитоплазмасында белок синтездеуші аппараттар
(ЭПТ, рибосома) және Гольджи жиынтығы жақсы дамыған.
Митохондрияның саны өте аз, олар саруыз қосындысының синтезі жүретін
ядро жанында, жасуша орталығы болмайды. Гольджи жиынтығы дамудың
ерте сатысында ядро жанында орналасады, ал жасуша жетілген кезде шеткері
аймағында орналасады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   69




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет