1 Аты – жөні (толық) Ибрагимов Нурлыбек Ерболатович



бет2/2
Дата06.03.2023
өлшемі33,05 Kb.
#71919
1   2
Байланысты:
Қарқын тәсілі арқылы дарынды балалармен білім шыңына жету

Әдебиетке шолу


Кіріспе 1. Ү.Б.Жексенбаева «Балалар дарындылығын диагностикалау».
Алматы.2005ж.
2. М.Жұмабаев «Педагогика». Алматы. 1993ж.
Зерттеу әдістері
3. «Дарын» журналының жинақтамалары.
Нәтижелер
4. «Қазақстан мектебі» журналының жинақтамалары.2007-2009ж.ж.
Қорытынды
5. «Математикаі» журналының жинақтамасы.2009ж.


Зерттеу әдістері


Егер де олимпиадаға дайындайтын курстар мен әдістемелік­нұсқаулар арқылы мұғалімдер тәжірибе алмасып отырса, мұғалім шығармашылық ізденіс жолында жүрсе, мұғалім олимпиадаға дайындықтың дұрыс жолын таңдап алып, оңтайлы нәтижелерге қол жеткізер еді. Олимпиадаға дайындық бағытындағы мұғалімнің әдістемесінің мақсаты мен міндеттерінің дұрыс құрылуының арқасында оқушы пән бойынша терең білім алып, жоғары нәтижеге жетері сөзсіз. Осы орайда өз тәжірибемнің негізінде оң нәтижеге қол жеткізу үшін, мектеп бағдарламасының біліміне сүйене отырып,математика пәнін тереңдете оқытып, олимпиадаға дайындау. Әр сынып оқушысының жас ерекшелігін ескеріп, әр түрлі деңгейдегі олимпиадалық, регаталық есептер, логикалық тапсырмаларды жинақтаймын. Мақсаты: Оқушылардың қарқын тәсілі арқылы логикалық ой­өрісін, шығармашылық қасиеттерін аша отырып, өз бетінше жұмыс жасауға, тапқырлыққа, математика оқу бағдарламасын терең меңгеруге жасалған. Міндеттері: Оқушыларға қарқын тәсілі арқылы олимпиадаға дайындық кезінде математика пәні бойынша терең білім беру;


Нәтижелер


«Логикалық ойлау – логикалық сөйлеудің негізі, ал мұны –
логикалық сөйлеуді ұстаз дамытуға тиіс», деп көрсетті К.Д.Ушинский.
Қарқын - кейбір оқушылар басқаларына қарағанда жылдам жұмыс істейді. Қосымша тапсырмаларды көп күш жұмсауды талап ететін оқушылар үшін қолдануға болады.
Қарқын тәсілі арқылы дарынды оқушылармен оқулықтың А, В деңгейлерін ауызша талдап өту С деңгейіндегі есептерді шығарту және қосымша олимпиада, регата логикалық тапсырмалармен жұмыстанып жоғарғы нәтижеге жету. Әлеуметтік желінің дамыған заманында сабақтан тыс уақытта оқушыларға материалдарды интернеттен жүктеп ватсап арқылы жіберу және ютуб каналдарынан күрделі тапсырмалардың шығарылу жолдарын видео роликтан қарап өз өздерін дамытып нәтиже көрсету.


Қорытынды


Ұлы ақын Абай өмірдің мәні байлық пен мансапта емес, мәдениет пен әдептілікте, білім мен ғылымда екенін түсіндіре келіп, «Тегінде адам баласы бір-бірінен ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озады. Онан басқа нәрселермен оздым ғой демектің бәрі де — ақымактық» деп адамның ең негізгі артықшылығы тәрбиесі мен білімінде екенін айтады.
Абайдың жетінші қара сөзінде дарынды балаға берген алтын ережесінде: «Жас бала анадан туғанда екі түрлі мінезбен туады. Біреу – «ішсем, жесем, ұйықтасам» деп тұрады, екіншісі – «көрсем, білсем, үйренсем» деп, көзі көрген, құлағы естігеннің бәрін сұрап, тыныштық көрмейді.» деген екен.
Оқушының өзіне деген сенімін арттырып және іс-әрекетін демеп, қабілетін дамытып, оның ары қарай дамуына бағыт-бағдар бере білу-ерекше қиын іс. Алайда әр баланың жеке қабілетін танып, оны сол бағытта жетелеу — ұстаз парызы. Бұл бағытта атқарылатын жұмыстар өте көп.
Баяндамамды қарқын тәсілі арқылы дарынды балалармен білім шыңына жету үшін инемен құдық қазғандай еңбектену керек екенін жеткізгім келеді.


Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:


1. Ү.Б.Жексенбаева «Балалар дарындылығын диагностикалау». Алматы.2005ж.
2. М.Жұмабаев «Педагогика». Алматы. 1993ж.
3. «Дарын» журналының жинақтамалары.
4. «Қазақстан мектебі» журналының жинақтамалары.2007-2009ж.ж.
5. «Математикаі» журналының жинақтамасы.2009ж.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет